Білім беру ҧйымдарында



бет122/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

«Биология» оқу пәні


Биологиялық ғылымдар тірі организмдердің құрылымы мен функцияларын, олардың дамуы мен тіршілік ортасымен ӛзара қарымқатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы кӛзқарастар бойынша ӛмір – бұл ірі органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен заттармен алмасу нәтижесінде ӛз ӛмірін сақтап қалуға және ӛзін-ӛзі қалпына келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің ӛмір сүру процесі. «Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің кӛптүрлілігітуралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның ажырамас бӛлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:

  1. жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін ӛмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшылықтары ағзаларының кӛбеюі мен дамуы, экожүйе,

биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;

  1. экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;

  2. генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты ӛмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;

  3. оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу.

«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:

  1. 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

  2. 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 3) 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Оқу пәнінің мазмұны 4 бӛлімді қамтиды:

  1. тірі ағзалардың кӛптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;

  2. кӛбею, тұқым қуалаушылық, ӛзгергіштік. Эволюциялық даму;

  3. ағза мен қоршаған орта;

  4. қолданбалы кіріктірілген ғылымдар

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына жаңадан қосылған тақырыптар:

  • Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану;

  • Аэробты және анаэробты тыныс алу

  • Дүниежүзілік Тұқым қоры;

  • Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу;

  • Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын ӛнімдері;

Сонымен қатар жаңа бағдарламада терең меңгеруге арналған бірқатар тақырыптар берілген:

  • Ӛкпедегі газ алмасу және ұлпалық тыныс алу механизмдері;

  • Контрацепцияның маңызы;

  • Ағзалардың тірі қалу стратегиялары;

  • Түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсері.

Сабақтарды жоспарлау кезінде практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолданған дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет