«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері Қазақстан тарихы бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.
«Қазақстан тарихы»оқу пәні бойынша оқу жҥктемесінің кӛлемі: 5- сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты; 5) 9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды. Білім мазмҧнын ҧйымдастырудағы ерекшеліктер:
5-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқыту – оқу мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау, оқытудың тиімді әдістерін анықтауды қажет етеді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6,7-сыныптарында «Қазақстан тарихы» пәні мазмҧнына «Ӛлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде әзірленген «Ӛлкетану» материалдарын оқыту:
білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға;
туған ӛлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;
туған ӛлкенің дәстүрлі қолӛнері, мәдени және әдеби мұралары мен ӛңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
туған ӛлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.
Ӛлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 12 сағат кӛлемінде оқытылады. Ӛлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарына енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бӛлімдер мен бӛлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бӛлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Ӛлкетану» материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.
Ӛлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері: Ӛлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Ӛлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат кӛзінің бірі. Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді
5-сыныпта: «Ӛлкенің тарихи ескерткіштері», «Ӛңірдің тарихи тұлғалары:
билер, батырлар, ақындар», «Туған ӛлкенің аңыз-ертегілері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды ата-бабалардың дәстүрін құрметтеуге, келешек ұрпақтардың тәжірибесін жалғастыруға, ӛнегелі жерлестерінің ӛмірін замандастарына үлгі етуге бағыттау ұсынылады.
5-сыныпта «Ӛлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер» тақырыбы бойынша тарихи мұраны жеткізудегі жәдігерлердің рӛлін сипаттау үшін мүмкіндігінше мұражай сабақтарын ӛткізу ұсынылады. Мұражайда ӛтетін сабақта білім алушылардың оқу материалдарын мұражайдағы бай қорды пайдалана отырып терең меңгертуге бағыттау ұсынылады.
Мұражай базасында ӛткізілген сабақтар білімалушылардың азаматтық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға, олардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-ӛрісін кеңейтуге, тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауға ықпал етеді.
6-сыныпта: «Топонимдер – ӛткен заманның куәгерлері», Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: ӛлкенің ұлттық қолӛнері», Туған ӛлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері» тақырыптары берілген. Ӛлкедегі жер-су атауларының тарихын, ұлттық қолданбалы ӛнері мен қолӛнерді, қазіргі кездегі ӛлкедегі атақты тұлғалардың ерлік істері мен еңбегі туралы білім беруде білім алушылардың ӛлкенің негізгі ерекшеліктерін анықтауға және терең түсінуіне ықпал ету ұсынылады.
Осы сыныпта білім алушылар «Бір ел-бір тағдыр» тақырыбы арқылы аймақтағы әр түрлі ұлттардың тарихы, салт-дәстүрімен танысады. Бұл білімалушыларды бірыңғай әлеуметтік ортаға біріктіруге ықпал етеді.
7-сыныпта: «Ӛлкенің туристік маршруттары», «Туған жердің Атымтай жомарттары», «Туған ӛлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын оқытуда білім алушыларға оқу мазмұнына сәйкес материалдарды анықтау, талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады.