Білім беру ҧйымдарындар/н Бақылау нысандары
ӘДН 2020-2021 оку жылы
Қажет болған жағдайда білім алушылардың біліміне бақылау кесінділерін жүргізуге жол беріледі. Сабаққа қатысу, бақылау және талдау жӛніндегі басшылықКарантиндік және шектеу шаралары кезеңінде оқыту жағдайында сабақты бақылау және талдау әрбір білім беру ҧйымының жағдайына қарай жҥргізіледі. Барлық жағдайларда сабақты бақылау және талдау жҥзеге асырыла бермейді. Сабақты бақылау – білім алушылардың жұмысын, олардың жетістіктерін, білім алушылардың эмоционалдық және психологиялық кӛңіл-күйін, оқыту әдістемесін, білім беру үдерісін ұйымдастыруды бақылауға мүмкіндік беретін рәсім. Бақылаудың мақсаты-деректерді жинау, талдау негізінде сабақтың тиімділігін бағалау екенін есте ұстаған жӛн. Бақылау нәтижесіндегі жазбаларда мұғалімдер туралы ойлар немесе пікірлер болмауы тиіс. Сабақты бақылау парақтары сабаққа қатысу мақсатына байланысты жасалады (қосымша 3). Сабаққа қатысу мақсаты мониторинг. Келесі критерийлерге назар аудару ұсынылады: сабақтың оқу мақсаттарына сәйкес келуі: сабақта мҧғалімнің формативті бағалау ӛткізуі; педагогтың кері байланысты жҥзеге асыруы; педагогтың білім алушыларды оқыту процесіне тартуы; оқыту процесінде сараланған тәсілдерді қолдануы; сабақта сандық білім беру ресурстарын қолданудың тиімділігі; - белсенді әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолдану және басқа. Барлық сабақтардан кейін қатысқан сабақтарға бірлесіп талқылау жүргізу ұсынылады. Бақылаушы сабақта ӛткізетін уақыт аралығы әртүрлі болуы мүмкін – сабақ бойы, сабақтың жартысы немесе сабақтың аз бӛлігі ғана. Ең бастысы, сабақты таңдап алған уақыт аралығында оқу бағдарламасы шеңберінде оқу мақсатын іске асыру бойынша нақты қорытынды жасауға мүмкіндік болуы тиіс. Сабаққа барған кезде сыпайылықпен, қолайлы және жайлы орта қалыптастыра білу керек. Егер сабақты бақылауды жоспарлаған болсаңыз, онда уақытында келіп, сіздің келуіңіздің негізгі мақсатын түсіндіру, сабаққа кедергі жасамау маңызды. Сабақ кезінде сынып бӛлмесі мүмкіндік берсе және егер бұл оқу процесіне кедергі келтірмесе, онда сыныпта жүруге болады. жүктеу/скачать 1,52 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |