Білім беру ҧйымдарында


Мектеп пен ата-аналар балалардың қоғамға қайшы әрекеттерден бас тарту мәдениетін тәрбиелеі тиіс



бет33/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

Мектеп пен ата-аналар балалардың қоғамға қайшы әрекеттерден бас тарту мәдениетін тәрбиелеі тиіс.
Инклюзивті мәдениет инклюзивті білім берудің маңызды құрамдас бӛлігі болып табылады және ӛзінің құрамына түрлілікке және ерекшеліктерге шыдамдылық құрметі құндылықтарын қабылдауды қамтиды. Форумдар, арнайы семинарлар, міндетті түрде әр түрлі кӛрнекіліктер, сонымен қатар ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар (бұдан әрі – ЕББҚ) табысты адамдар туралы презентациялар кӛрсете отырып («Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары – Серік Есматов, Шахан Жолдасбаев, Зульфия Раухатовна, сонымен қатар Пабло Пинед, Ника Вуйчиче, Стивен Хокинг және басқалар) ұйымдастыру білім алушылардың, ата-аналардың, педагогтердің бойында және жалпы қоғамда инклюзивті мәдениет қалыптастыру бойынша жұмыстардың неғұрлым тиімді түрлері болып табылады.
Директордың тәрбие ісі жӛнінен орынбасарына жұмыстың іс-шаралар жоспарына Дүниежүзілік диабетпен күрес күні, Дүниежүзілік мүгедектер күні, Халықаралық сирек кездесетін аурулар күні, Дүниежүзілік Даун синдромы бар адамдар күні, Дүниежүзілік аутизмі бар адамдар күні және т.б. «ерекше даталар» күнтізбесі әзірлемесін кіргізу ұсынылады. Білім алушылар ӛздіктерінен әр датаға қажетті тақырыптық материалдарды (атаулы датаның тарихы, оның белгісі, осы күн туралы статистикалық деректер мен қызықты фактілер, бұзылыстардың сипаттамасы және олардың пайда болу себептері, «ерекше» адамдардың ӛмірбаяны және олардың жетістіктері, осы ауруға байланысты ғылыми-кӛпшілік және әдістемелік әдебиеттер тізімі, Интернетресурстар, кӛркем фильмдер, кітаптар, денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау бойынша ұсыныстар және басқалар) іріктейді.
Инклюзивті мәдениетті инклюзивті білім беруді табысты іске асыру факторы ретінде ғана емес, сонымен қатар негізінен ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар тұлғалардың әлеуметтенуіне және жалпы қоғамның тұтастай ӛзгеруінің негізі ретінде қарау керек.
Бұл бағытта тәрбие жұмысын оңтайлы ұйымдастыру үшін Академия білім беру ҧйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру бойынша әдістемелік ҧсынымдар әзірледі, бҧл материалдар https://www.nao.kz. сайтында орналастырылған.
Білім алушылардың психикалық денсаулығы мен ӛмірлік дағдыларын қалыптастыруға, мектептердегі зорлық-зомбылыққа жол бермеу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алуға ерекше назар аудару қажет.
Ұсынылған материалдардың құндылығы олардың қазіргі жастар мен білім алушы жастардың арасында жиі кездесетін мәселелерді кӛрсетеді және түбегейлі шешуді қажет ететіндігінде. Бұл жасӛспірімдер арасындағы «буллинг», «кибербуллинг», психикалық денсаулықтың, репродуктивті денсаулықтың, ментальды денсаулықтың және т.б. бұзылуы. Бейнежазбалардың мазмұны, форматы мен ұзақтығы, қазақ және орыс тілдерінде қолжетімділігі, шынайы ӛмірдегі жағдаятттық мысалдар, кӛпаспектілігі бейнематериалдардың тартымды жақтары болып табылады. Бейнежазбалар білім беру процесінің барлық қатысушыларына: ұстаздарға, білім алушыларға және ата-аналарға, сонымен қатар білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтері мен мектептердің татуластыру қызметтеріне әдістемелік және практикалық кӛмек кӛрсетеді. Бұл бейнематериалдар 20202025 жылдарға арналған БҒДМБ мазмұнында ӛзекті болып табылады. Мұнда буллингтің жолын кесу, «тәуекел тобына» кіретін балаларды анықтау және оларға дер кезінде кӛмек кӛрсету мақсатында психологиялық қызмет кҥшейтіле тҥседі.
Девиантты мінез-қҧлық пен суицидке бейім, сонымен қатар зорлыққа ҧшыраған балалармен жҧмыс жасауға арналған («Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі (оралмандар балалары; мигранттарбалалары; ӛмірдің қиын жағдайын кӛрген балалар) әдістемелік ҧсынымдамасы Ы. Алтынсарин атындағы ҦБА сайтында орналастырылған https://www.nao.kz.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет