«Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны «Сауат ашу», «Обучение грамоте», «Қазақ тілі» (Т1), «Русский язык» (Я1), «Әдебиеттік оқу», «Литературное чтение», оқыту орыс тілінде емес сыныптарда «Орыс тілі» (Я2), оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда «Қазақ тілі» (Т2), «Ағылшын тілі» оқу пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге асыру болып табылады. Коммуникативтік дағдыларды ортақ тақырыптарды оқыту барысында қалыптастыру қажет. Коммуникативтік тәсіл білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатын кӛздейді, яғни мәтіндерді түсіну және оларға рефлексия жасау қабілетін дамытуға, олардың мазмұнын ӛз мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалануға, білімдерін және мүмкіндіктерін арттыруға, қоғам ӛміріне белсенді қатысуға бағытталған.