«Керемет!» жаттығуы
(5–7 мин.)
Мақсаты:
педагогтардың өзіндік бағасын оңтайландыру, эмоциялық қысымды
түсіру.
Нұсқау:
қатысушылар екі шеңберге бөлінеді – ішкі және сыртқы, бір-біріне
беттесіп тұрады. Ішкі шеңберде тұрған қатысушлыра өздерінің жетістіктерін
айтулары керек, ал сыртқы шеңберде тұрғандар олардың жетістіктерін «Ой
қандай кереметсің – бір! Ой қандай кереметсің – екі!» және т.б. айта, саусақтарын
бүге, мадақтауы қажет. Сыртқы шеңберде тұрған қатысушылар бұйрық
(жүргізуші шапалақ соққанда) бойынша бір қадам оңға жылжып отырады да, бәрі
қайтадан қайталанады.
Содан соң, ішкі және сыртқы шеңбердегі қатысушылар орындарын ауыстырады,
әрбір қатысушы мақтаушы мен мақтанушының рөлінде болмайынша ойын
қайталанады.
Достарыңызбен бөлісу: |