13
Тәлім алушылардың ашу-ызаға толы сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету;
Рефлексивті механизмді белсендіру;
Бүгін біз, өзіңізге және айналадағыларыңызға зиянкестік жасамай ғана ашу-
ызаны қалай игеріге болатындығы туралы талдау жасаймыз.
«Көрме» жаттығуы
Мақсаты:
адам өзінің жан дүниесіндегі жағымсыз энергиялармен (ашу-ыза,
агрессия, көре алмаушылық, табалау, қызғаныш және т.б.) жұмыс жасай білуі.
Ыңғайлы отырып, денеңді бос күйде ұстап, 3-4
рет терең тыныс алып,
көзіңді
жұм. Көз алдыңа кішігірім көрмеде жүрмін деп елестет.
Саған жаманшылық
ойлаған,
сені бір кездері ренжіткен, сенің ашуыңды
келтіретін адамдардың
суреттері сол көрмеде тізіліп тұр.
Осы көрмеде жүре тұрып, осы портреттерді жан-жағынан қара.
Солардың кез-
келген өзіңнің қандай жағдайда болғаныңды елестет.
Ашуыңды келтірген осы адамға өз сезіміңді тежемей, бәрін айтып салған сәттерді
елестет. Қазір ойыңа ол туралы не келді, бәрін де бүкпей барынша жеткіз.
Сезімдеріңе бой алдырған кезде сәтте қандай әрекетке
барушы едің соны көз
алдыңа келтіріп, іс-әрекетіңді тежеме, осы адамға не істегің келеді, ойша бәрін
жаса.
Егер жаттығуды жасап бітірсең, басыңды изе. 3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді
аш.
Достарыңызбен бөлісу: