Жүру барысын алдын ала үйлестіру
Ортаңғы кезең
Соңы(бекіту)
|
Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері.
Жаңа тақырып.
«Ойын ережелері мен ерекшеліктері»,
Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек С. Аманжолов
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
• Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қостаушы
• Тұздық
• Атсырау
Тоғызқұмалқ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз - тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Ойынның шығу тарихы. Бейнеролик
Шахмат — ақыл-ой өрісті дамытатын үстел спорт ойыны. Шахмат сөзінің мағынасы парсы тілінен аударғанда патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады.
Шахматтың шығу тарихы. Бейнеролик
Ережесі
Ережесі өте қарапайым. Шахматқа тек екі ойыншы қатысады. Содан шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойнатылады. Ойын басталмай тұрып екі қарсыласқа өз иеліктеріне әрқайсысына қарама-қарсы түстес он алты ақ немесе қара тас бөлініп беріледі. Тастарды жеке жіктеп қарастыратын болсақ: бір патша (♔,♚), бір уәзір (♕,♛), екі тура (♖,♜), екі піл (♗,♝), екі ат (♘, ♞) және сегіз пешка (♙,♟). Ойынның басты мақсаты қарсыласының тастарын шақ келтірмей, патшаға мат қою.
Сергіту сәті.
Шахмат ойынын ойнау
Қорытынды.
Сұрақ жауап айдары.
1. Шахмат ойынында қанша түрлі тас бар? (Пешкі, піл, ат, тура, уәзір, патша)
2. Ми жұмысына арналған қазақтың ұттық спорт түрін атаңыз? (Тоғызқұмалақ)
3. Шахмат ойынында қандай тас және қай жағдайда басқа тасқа айнала алады? (Пешка. Жаудың төріне шыққанда)
4. Шахмат тақтасында неше тор көз бар? (64)
5. Билярд ойынында шарды ұратын таяқ қалай аталады? (Кии)
6.Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше тас, неше отау, неше қазан болады? (162 тас, 18 отау, 2 қазан)
7. Шахмат ойынының үш бөлігін атаңыз? (Дебют, миттельшпиль, эндшпиль)
8. Шахмат ойынының тұмар белгісінде қандай фигура бейнеленген? (Ат)
|
Дөңгелене отырып, тақтаға шыққан бейнелер арқылы амандасады
Өлең жолдарын қайталайды
Тоғызқұмалақ ойынын іс жүзінде ойнап көру.
Ойын шарттарын сақтай отырып тәжірибие жасап, ойнап көру.
|
Интербелсенді тақта
https://www.youtube.com/watch?v=r_qCxczwwCs
https://www.youtube.com/watch?v=zswCMQtxI60
|