Білім беру мазмұны - Білім беру мазмұны — оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі.
Білім мазмұнының түрлері
күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
Достарыңызбен бөлісу: |