Білім беру жїйесіндегі јдістемелік ќызметтіѕ ролі, бїгінгі кїн талабына сјйкестігі


Әдістемелік кеңестің жұмысын жоспарлауға қойылатын талаптар



бет15/28
Дата08.02.2022
өлшемі310 Kb.
#122480
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
мектептегі әдістемелік жұмыс Полатова А

Әдістемелік кеңестің жұмысын жоспарлауға қойылатын талаптар:

Әдістемелік кеңесті өткізудің әр мектепте әртүрлі жүйесі қалыптасады. Әдістемелік кеңес тапсырыстарын жоспарлауға мектептің әлеуметтік-педагогикалық және әдістемелік проблемаларын енгізу есепке алынады. Мектептің әдістемелік тақырыбына көңіл аударылады. Әдістемелік кеңес отырыстарының тақырыптарын жоспарлағанда келесі мәселелер қамтылады: өзектілік, практикалық қажеттілігі, ғылымилығы және жаңашылдығы.


Әдістемелік кеңес тақырыптарының өзектілігі оқушылар мен мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық диагностикасының жағдайына негізделеді. Өзектілік - әдістемелік мәселелердің осы күнгі деңгейдегі шешімі әдістемелік кеңес отырысының тақырыбы бүгінгі күн талабына сай және мектептің өзекті мәселелерін қамтуы керек.
Таңдалған тақырып ғылыми талаптарға сәйкес болуы керек. Күн тәртібінде қаралып отырған мәселелердің ғылыми-теориялық деңгейі технологиялық-педагогикалық ғылымның жетістіктері қаншалықты таныстығын көрсетеді. Мектеп практикасында нұсқаулықтардың ғылыми негізделуі өз орнын алуы тиіс.
Тақырыпты таңдағанда ұжымның бұрыннан жинақтаған тәжірибесін ескеру керек. Көбінесе әдістемелік кеңестің отырысында қаралатын мәселелер қайталанып жатады. Жоспарлаудың міндеті-бүкіл процесске дамытушы сипат беру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет