Мектептегі әдістемелік жұмыс
Кіріспе
Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру төмендегі мәселелерді қамтиды: әдістемелік зерттеу, жаңа әлеуметтік сұранысты ескере отырып жұмыстардың бүгінгі жағдайын сараптау, қызметтің нақты мақсаты мен міндеттерін қоя білу, жұмыс мазмұнын, түрлері мен әдістерін, мақсатқа жету жолдарын, мұғалімге диагностикалық зерттеудің нәтижелері негізінде нақты әдістемелік көмек беру, оқушының қызығушылығын арттыру, жұмыстардың орындалуын тексеру, бағалаудың және сараптаудың нәтижелерін жоспарлай білу т.с.с.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың алгоритміне төмендегілер кіреді:
Оқу-әдістемелік және педагогикалық-ұйымдастыру құжаттарын дайындау;
Мектеп әкімшілігінің әдістемелік жұмыс жүйесінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді көтере білуі;
Әдістемелік кеңес және әдістемелік бірлестіктер қызметі;
Озат тәжірибелі мұғалімдерді анықтау және олардың тәжірибесін зерттеу, жинақтау және таратуды қамтамасыз ету;
Белгілі тақырыппен жұмыс жүргізетін шығармашылық топ құру және оның жұмысына көмек беру;
Таңдалған тақырып бойынша теориялық және әдістемелік семинарлар өткізу, өз білімін көтеруді ұйымдастыру;
Тәжірибелі мұғалімдер және оқушылардың жұмысын көрме немесе ашық түрде өтетін іс-шаралар арқылы көрсету;
Алынған мәліметтерді жинақтау және өңдеу (әртүрлі диагностикалық әдістер арқылы);
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге мектеп әкімшілігі және әдістемелік бірлестік тарапынан көмек беру;
Жұмыстың әр деңгейінің орындалуын қорытындылау және жаңа жұмыстарды жоспарлау;
Мектепішілік әдістемелік жұмыс жүйесінде әртүрлі әдістемелік іс-шаралар нәтижесінде оқу-тәрбие процесіне өзгерістер енгізу;
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді марапаттау, мектепте өзара көмектесу, бірлесіп жұмыс жасау, шығармашылық орта қалыптастыру;
Жас мұғалімнің кәсіптік деңгейін дамыту үшін әдістемелік көмек көрсету;
Достарыңызбен бөлісу: |