Iii деңгей мұғалімінің 2018-2019 жылдың жұмыс есебі Мұғалімнің әдістемелік жұмыс тақырыбы



Дата08.02.2022
өлшемі17,63 Kb.
#120198
түріСабақ

III деңгей мұғалімінің 2018-2019 жылдың жұмыс есебі

Мұғалімнің әдістемелік жұмыс тақырыбы: «Жаңа технологияларды қолдана отырып оқушылардың еркін сөйлеуге қабілетін дамыту»
Мақсаты: сабақ барысында жаңа технологияларын қолдану арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
Міндеті:

  • күнделікті сабақта жаңа ақпараттық технологиялардың жетістіктерін қолдану;

  • сабақта қолданылатын әдіс тәсілдерді жетілдіру;

Жұмыс барысы
Мен Байжакашова Роза Ахметжанқызы М.В.Ломоносов атындағы орта мектеп-лицейінің 1 санатты ағылшын тілі пәні мұғалімімін, еңбек өтілімім – 12 жыл.
2018-2019 оқу жылында мен 7 «Б» сыныбына 3-ші жылы сынып жетекші ретінде жұмыс жасадым және бастауыш сыныптарда 2Б, 2В және де 3А, 3Ә, 3Б, 3В, 3Г, орта буын бойынша 6Б, 7 Ә, 7Б, сыныптарына ағылшын тілінен сабақ бердім. Сосын ағалшын тілі мұғалімі жұмыстан босатылуына себебі маған 1Ж, 1 Д, 1Е бастауыш сыныптары қосылды.
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық жаңартылған түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады.
Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Жаңа технологиялар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Олар оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
2018-2019 оқу жылында өткізілген жұмыстар мен іс-шаралар:
« Тіл-рухани қазына бастауы» атты тілдер айлығының өткізілуі барысында «Brain ring» тақырыбында 6 Б сыныбында сыныптан тыс шс-шараны өткіздім.
«Space and Earth» тақырыбында ашық сабақ 7 «Б» сыныбына өткізілді.
«Сараланған әдістерің сабаққа даярлау» аталған мұғалімдерге арналған мекткпшілік семинарда шебер сыныпты өткіздім.
Ағылышн тілі апталығында «The magic garden of the poor» 7 Б сыныбында ашық сабақты өткіздім.
«Қазақстан ұстазы»Сертификат №73362 Досан Айтолқын 7сынып
ӘБ отырысында « Ағылшын тілі сабағында оқушының танымдық белсенділігін арттыру»баяндама.
Тамыздық конференцияда «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі)»тақырыбында баяндама.
Педоқуда баяндама «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі) тақырыбында баяндаманы
«Nio.kz»Сертификат №73374-2018ж интернет-олимпиада Ещанова Жанайгуль 3 орын

Нәтижелілігі: сабақта қолданылатын стратегиялар мен тәсілдер қоржыны толығуда және мемлекеттік бағдарламаның орындалуы тиімді жолдармен жүзеге асуда. Яғни, оқушылардың пәнге қызығушылықтарының артуы және білім сапалары мен бақылау жұмыстарының нәтижелері айтарлықтай жақсаруы болып табылады.
Қаулылардың орындалуы туралы ақпарат
Болашақта қысқа, орта, ұзақ мерзімді жоспардың тиімділігін жетілдіруді көздеймін:

  1. Мемлекеттік бағдарламаға сай ұзақ мерзімді жоспар құру.

  2. Бағалау критерийлерін жүзеге асыратын орта мерзімді жоспарлар құру.

  3. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жетістіктері қолданылып түрлендірілген және Чиксентмихайидің «Өзіндік мақсат» теориясы жүзеге асатын деңгейлік тапсырмалары мен жұмыс түрлері бар қысқа мерзімді жоспарларды құру.

Бұндай жоспарлар мен бағалау критерийлері бар сабақтар оқу мен оқытудың сапасын арттырады және оқушылардың өздігінен оқуына ықпал жасайды деп ойлаймын.
Мұғалім: Байжакашова Р.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет