Сабақтың тақырыбы мерзімі Мақсаты Белсенді әдіс-тәсілдер Оқу нәтижелері



Дата23.05.2017
өлшемі296,74 Kb.
#16637
түріСабақ
Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­__________Таңатаров Ж.Ж. ___________Сарғожаева А.А

4 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Ақылбаева Жүрсінайдың математика пәні бойынша орта мерзімді сабақ жоспары.



ІІ тарау. «Өрнектер. Формулалар».

Сыныбы: 5 «а»; 5 «ә»



Сабақтың тақырыбы

мерзімі

Мақсаты

Белсенді әдіс-тәсілдер

Оқу нәтижелері

Сыныптағы өзара әрекеттестік

Бағалау ОүБ

Ресурстар

1.Санды өрнектер. әріпті өрнектер.

1.10.2013ж

Санды өрнектер мен әріпті өрнектермен танысады. Әріптің мәнін өрнектегі орнына қоя білу, өрнектің мәнін таба білу және өрнектерді мәндері бойынша салыстыра білу.

СТО, топтық әдіс, жаңа әдіс-тәсілдер, АКТ қолдану.

Оқушылар санды өрнектер, әріпті өрнектер туралы айтады. Қосу мен көбейтудің ауытырымдылық, терімділік қасиеттері туралы түсінеді, есеп шығаруда қолдана біледі. Қосудың, көбейтудің қасиеттерін пайдаланып өрнектердің мәнін тиімді тәсілмен табады. Өрнектерді ықшамдай алады.

Топтар бірін –бірі тыңдайды, бақылайды, оқулықпен жұмыс жасайды. Өздерін – өздері тексереді, топтар өздері шығарған есептің шығарылу жолын түсіндіріп, дәлелдейді.

Формативті бағалау, сыни тұрғыдан пікір айтып бағалау.

Интерактивті тақта, «Білім ағашы» бетшесі, мұғалімге арналған нұсқаулық, стикер, смайлик.

2. Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.

13.09/17.09.2013 ж

Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектегі қосылғыштардың (көбейткіштердің) орындарын ауыстыру арқылы топтап жаза және ықшамдай білу. Берілген есептің өрнегін құрастыра білу және қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдалану.

Әр топтқа жеке-жеке тапсырма-лар беріледі. Қосудың ауыстырымдылық, терімділік, көбейтудің ауыстырмдылық, терімділік қасиеттері. Оқушылар алдымен әріпті өрнекпен жазып, соңынан сандармен ауыстырып әр топ ереже шығарып қорытындылай-ды. Постермен қорғап, түсіндіреді.

3. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.

20.09.2013ж

Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдай білуге үйрету. Берілген есептің шығарылу өрнегін құрастыра білу және көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып өрнекті ықшамдап, оның мәнін таба білу.

Көбейтудің қосуға, азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін әріпті өрнек арқылы жазып көрсетіп, ережені сол өрнектің оқылуы ретінде қорытндылайды. Шығарған ережелерін оқулықпен салыстырады.

4. Теңдеу

7,9.10.2013ж

Бастауыш сыныптағы теңдеу туралы түсініктерін еске түсіреді, белгісізді табуды айтады. Теңдеудің белгісіз компонентерін табу арқылы теңдеуді шеше білу, шешуін жаза білу және оның түбірінің дұрыс табылғандығын тексере білу және теңдеу құру арқылы мәселе есептерді шығара білу.

Теңдеудегі белгісіз айнымалыны табуды үйренеді. Теңдуді шешу жолын түсіндіреді және оқулықпен өз ойларын салыстырады. Мәселе есептердің берілуіне байланысты теңдеу құрастырады.

Теңдеудегі белгісіз айнымалыны таба алады және оның түбірінің дұрыс табылғандығын тексере алады.

Теңдеудің шығарылу жолын түсіндіріп, дәлелдейді.

Топтық бағалау, сыни тұрғыдан пікір айтып бағалау.

Бағалау бетшелері, мұғалімге арналған нұсқаулық, стикер.

5. Формулалар.

11.10.2013ж

Әртүрлі формулалармен танысады, оларды пайдаланып есептеуге үйренеді. Шаршының, төртбұрыштың, үшбұрыштың периметрін, ауданын формлларды пайдаланып таба білу.

Оқушылар формулалармен танысады, өздері білетін формулалар туралы айтады. Формулаға қарап ереже құрастырады. Кітаптағы ережемен өз ойларын салыстырады.

Геометриялық фигуралардың ауданын, периметрін, көлемін формулаларды пайдаланып таба алады. Сонымен бірге жүрілген жолды да, заттың құнын да формула арқылы есептейді.

Есептердің берілуіне байланысты формулалар пайдаланып, есептерді шығарады, түсіндіреді.

6. Тарауды қайталау.

26,28.10/2013ж

Өтілген тақырыптарды қайталау барысында жіберілген қателіктерді қаншалықты жөндегенін анықтау, тақырыптар бойынша қаншалықты түсінік алғандарын нақтылау, бір-бірінен алған тәжірибелерін талқылап, бір-біріне деген сенімдерін арттыру. Достық қарым-қатынас орнату.

Тест, бақылау жұмыстары

Өткен тақырыптарды қорытыдылайды, сол тақырыптар бойынша алған білімдері бағаланады.

Математикалық тілде дұрыс жазып, математикалық терминдерді дұрыс қолдана білу.

Жиынтық бағалау.

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­__________Таңатаров Ж.Ж. ___________Сарғожаева А.А

4 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Ақылбаева Жүрсінайдың математика пәні бойынша орта мерзімді сабақ жоспары.

ІІ тарау. Натурал сандардың бөлінгіштігі.

Сыныбы: 5 «а»; 5 «ә»



Сабақтың тақырыбы

мерзімі

Мақсаты

Белсенді әдіс-тәсілдер

Оқу нәтижелері

Сыныптағы өзара әрекеттестік

Бағалау ОүБ

Ресурстар

2.1. Натурал санның бөлгіші. Натурал санның еселігі. Жай сандар, құрама сандар.

29.10.2013ж

Берілген натурал санның бөлгіші, еселігі туралы ұғымды түсінеді, ережені өздері шығарып айтады. Жай сандар мен құрама сандардың бөлгіштерін еске түсіреді. Берілген натурал санға қалдықсыз бөлінетін натурал сан сол санның еселігі болатынын және 1 санын кез келген санның бөлгіші болатынын білу. Жай сандар мен құрама сандарды ажырата білу. Жай сандар кестесін пайдалана біледі.

Сыни тұрғыдан ойлайды, АТК қолдану, топтық әдіс. Натурал сандарды естеріне түсіреді, жай сандар, құрама сандарды ажырата алады. Берілген натурал сандарға қалдықсыз бөлінетін сан сол санның еселігі болатынына мысалдар келтіреді. Ережені өздері шығарып, оқулықпен салыстырады.

Оқушылар натурал сандардың бөлінгіштігі туралы айтады. Натурал сандардың еселіктерін тауып біледі. Жай сандар мен құрама сандарды ажыратады және жай сандар кестесін пайдалана біледі. 2,5,10-ға және 3-ке, 9-ға бөлінетін натурал сандарды таба біледі. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктейді және жай сандардың көбейтіндісі түрінде жаза алады. ЕҮОБ пен ЕКОЕ таба біледі. Ереже құрастырады. Оқулықтағы ережемен өздернің ойларын салыстырады. Топішілік диалог жүреді. Математикалық тілде сөйлеу мәдениеті артады. Тыңдау мәдениеті қалыптасады.

Топтар бірін-бірі тыңдайды, бақылайды, оқулықпен жұмыс жасайды. Өздерін-өздері тексереді. Топпен жұмыс жасайды. Топтар өздері шығарған есептердің шығару жолдарын дәлелдеп, түсіндіреді. Тақырыпқа байланысты есептерді шығарады.


Форматвті бағалау, сыни ұрғыдан пікір айтып бағалау


АТК, «Білім ағашы» бетшесі, мұғалімге арналған нұсқаулық, стикер, смайликтер



2.2. Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі.

01.11.13ж

Қосындының, көбейтіндінің, айырманың берілген санға бөлінгіштігін анықтай білу. Ережесін мысалдар көрсету арқылы шығарып айту.




2.3. Натурал сандардың 2, 5, 10-ға бөлінгіштік белгілері.

12.11.2013ж

Жұп, тақ цифрларды ажырата біледі. Санның соңғы цифрына қарап, оның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетіндігін ажырата біледі.

Оқушылар жазылуы жұп ифрлармен аяқталатын сандардың жұп сандар және жазылуы тақ цифрлармен аяталатын сандардың тақ сан сандар деп аталатынын біледі, Жұп сандардың 2-ге, 0 мен 5 пен аяқталатын сандардың 5-ке, 0 мен аяқталатын сандардың 10-ға бөлінетіндігін мысалдар келтіріу арқылы түсіндіріп, ереже шығарады және оқулықпен салыстырады.

2.4. 9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері.

14.11.2013ж

Берілген санның цифрларының қосындысына қарап оның 3-ке, 9-ға бөлінетіндігін ажырата біледі, ережені өздері құрастырып айтады.

Мысалдар келтіру арқылы берілген санның цифрларының қосындысын тауып, шыққан қосындыны 3-ке, 9-ға бөліп қарайды, егер бөлінетін болса сол санның өзі де осы сандарға бөлінетіндіктеріне ереже шығарып айтады.

2.6. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу.

19.11.2013ж

Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей білуді үйренеді және құрама сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза білуге дағдыланады.

Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеп көрсетеді және құрама сандарды жай сандардың көбейтінділері түрінде жазып ереже шығарып айтады, салыстырады.

2.7. Ең үлкен ортақ бөлгіш.

21.11.2013ж

Ең үлкен ортақ бөлгіш, өзара жай сандар туралы түсінік алады. Берілген құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей отырып, олардың ең үлкен ортақ бөлгішін табуды үйренеді, ережені өздері шығарып айтады.

24 және 40 сандарының бөлгіштерін тауып жазып, олардың ішінен ортақ бөлгіштерін іріктейді. Сондағы 8 саны берілген 24 және 40 сандарының ЕҮОБ екенін тауып айтады. Ережені басқаша мысалдар арқылы шығарып айтады.

2.8. Ең кіші ортақ еселік.

25.11.2013ж

Ең кіші ортақ еселік туралы түсінік алады, ең кіші ортақ еселікті табуды үйренеді.

Оқушылар 2 және 3 сандарының еселіктерін жазып, кесте толтырады. Еселіктердің арасынан 2-ге де, 3ке де еселік сандарды бояп, олардың ішінен ең кішісін табады. Осының нәтижесінжде ЕКОЕ табу ережесін шығарып айтады.

Тарауды қайталау.

03.04.12/2013ж

Осы тарауды қайталау барысында өз түсініктерін тексереді. Қорытынды жасауға үйренеді. Достық қарым-қатынастары артады.

Тест, бақылау жұмыстары

Осы тарауды қорытындылады.

Математикалық тілде сөйлеп, дұрыс жазуға дағдыланады.

Жиынтық бағалау

Мұғаімге арналған нұсқаулық. Дидактикалық материалдар

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­__________Таңатаров Ж.Ж. ___________Сарғожаева А.А

4 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Ақылбаева Жүрсінайдың математика пәні бойынша орта мерзімді сабақ жоспары.

ІІІ тарау. Жай бөлшектер.

Сыныбы: 5 «а»; 5 «ә»



Сабақтың тақырыбы

мерзімі

Мақсаты

Белсенді әдіс-тәсілдер

Оқу нәтижелері

Сыныптағы өзара әрекеттестік

Бағалау ОүБ

Ресурстар

Үлестер. Жай бөлшектер.

05.12.2013ж

Жай бөлшек, үлес, алым, бөлім туралы түсінік алады. Екі натурал санның бөліндісін жай бөлшек түрінде жаза білуге және натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға үйренеді.

Топтық әдіс, жаңа әдіс-тәсілдер, АКТ қолдану, постер

Жай бөлшектер, үлестер туралы түсініктерін айтады. Жай бөлшектерді жазуды көрсетеді. Жай бөлшектердің қасиеттерін түсінеді. Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырата біледі. Аралас сандар туралы түсінік алады. Бұрыс бөлшекті аралас санға, аралас санды бұрыс бөлшек-ке айналдырып жаза алады.

Топтар бірін-бірі тыңдайды, бақылайды, бірін-біріне көмектеседі, оқулықпен жұмыс жасайды. Өздерін-өздері тексереді. Топпен жұмыс жасайды. Топтар өздері шығарған есептердің шығару жолдарын дәлелдеп, түсіндіреді.

Формативті бағалау, сыни тұрғыдан пікір айтып бағалау, топтық бағалау



АКТ, «Білім ағашы», стикер, смайликтер, бағалау парақшалары, А-3, маркерлер, оқулық

Жай бөлшектердің негізгі қасиеті. Жай бөлшектеді қысқарту.

06.12.2013ж

Жай бөлшектің негізгі қасиетін білу. Жай бөлшекті қысқарта білуге дағдылану. Алымы мен бөлімі өзара жай сандар болатын бөлшектің қысқартылмайтын жай бөлшек екенін біледі.

Оқушылар бөлшектің алымында бөлімін де бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде, оған тең бөлшек шығатындығын айтады. Бөлшекті қысқартуға болатын ең үлкен сан – оның алымы мен бөлімінің ең үлкен ортақ бөлгіші екендігін түсіндіреді. Бөлшектерді қысқартудың 3-тәсілін мысалдар арқылы көрсетеді. Ереже шығарып, оқулықпен салыстырады.

Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Аралас сандар.

10.12.2013ж

Дұрыс бөлшектеді, бұрыс бөлшектерді ажырата білуге үйренеді. Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жаза білуге үйренеді.

Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшекке ереже шығарып айтады, оқулықпен салыстырады. Қайсысы 1-ден кіші, қайсысы 1-ден үлкен екендігін түсіндіреді.

Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру.

11.12.2013ж

Аралас сан туралы түсінік алады. Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде, аралас санды бұрыс бөлшек түрінде және натурал санды аралас сан түрінде жаза білуге үйренеді.

Оқушылар аралас санға түсінік береді, ереже құрастырады. Бұрыс бөлшекті естеріне түсіреді. Осы бұрыс бөлшекті аралас сан, аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазу жолдарын айтады. Ереже құрастырып, ойларын оқулықпен салыстырады.

Координаталық сәулені, координаталық сәуле бойынан бөлшектерді кескіндей біледі. Жай бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімін таба алады және оларды алымдары, бөлімдеріне қарап, аралас сандарды салыстыра алады.


Формативті бағалау, сыни тұрғыдан пікір айтып бағалау, топтық бағалау



АКТ, «Білім ағашы», стикер, смайликтер, бағалау парақшалары, А-3, маркерлер, оқулық

Координаталық сәуле. Жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу.

13.12.2013ж

Координаталық сәуле, бірлік кесінді, санақ басы туралы түсінік алады. Жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндей алады және нүктені координатасымен жаза біледі.

Оқушылар Ох сәулесін сызып, оның бойынан 10 см кесіндіні алып, кесіндінің ұшына 1 санын сәйкестендіріп жазады. Осы кесінді бойынан 1/10; 3/10 ... бөлшектерін кескіндеп, оны әріптермен белгілеп жазады. Осы сәуледен санақ басын, бірлік кесіндіні айтады, ереже құрастырады. Координаталық сәулені, бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеуді көрсетіп, ереже құрастырады.

Жай бөлшекті ең кіші ортақ бөлімге келтіру.

20.12.2013ж

Ең кіші ортақ бөлімді табуды үйренеді. Толықтауыш көбейткіш туралы түсінік алады. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіре білуге дағдыланады.

Ең кіші ортақ бөлімді табуды, толықтауыш көбейткішті айтады. Бөлімдер әртүрлі бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін не жасау керектігін айтады, ереже құрастырады. Өз болжамдарын оқулықпен салыстырады.

Жай бөлшектерді салыстыру.

24.12.2013ж

Бөлімдері бірдей бөлшектерді олардың алымдары бойынша, алымдары бірдей бөлшектерді олардың бөлімдері бйынша салыстыра білуге үйренеді. Бөлімдері де, алымдары да әртүрлі бөлшектерді салыстыра білуге дағдыланады. Координаталық сәуле бойындағы кескіндері бойынша бөлшектерді салыстыра білуді үйренеді.

Оқушылар тең бөлшектер, бөлімдері бірдей бөлшектер, алымдары бірдей бөлшектерді салыстыруды айтады. Координаталық сәуле бойында орналасқан бөлшектерді салыстыруды түсіндіреді. Алымдары да, бөлімдері де әртүрлі бөлшектерді, аралас сандарды салыстыруды түсіндіріп, ереже құрастырады. Өз ойларын оқулықпен салыстырады.

Тарауды қорытындылау

26.12/13ж

Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексереді

Бақылау, тест жұмыстары

Осы тарау бойынша білімдерін қорытындылайды.




Жиынтық бағалау

Тест тапсырмалары, дидактикалық материалдар

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­__________Таңатаров Ж.Ж. ___________Сарғожаева А.А

4 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Ақылбаева Жүрсінайдың математика пәні бойынша орта мерзімді сабақ жоспары.



ІV тарау. Жай бөлшектерге амалдар қолдану. Сыныбы: 5 «а»; 5 «ә»

Сабақтың тақырыбы

мерзімі

Мақсаты

Белсенді әдіс-тәсілдер

Оқу нәтижелері

Сыныптағы өзара әрекеттестік

Бағалау ОүБ

Ресурстар

Жай бөлшектерді қосу және азайту

28.12.2013ж

Бөлімдері бірдей, бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосуды білу. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін естеріне түсіріп, жай бөлшектерді қосуда және өрнектерді ықшамдауда қолдана білу.

Әр топқа тақырыпты түсіндіру бөлініп беріледі. Топтық әдіс. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу, бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу, бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту, бөлімдері әртүрлі бөлшектерді азайту. Осы тапсырмаларға ереже шығарып, оқулықпен салыстырады.

Оқушылар жай бөлшектерді қосуды, азайтуды айтады. Мұнда бөлшектердің бөлімдері әртүрлі болса ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек екендігін түсінеді. Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдалану керектігін біледі. Аралас сандарды қосу мен азайту жай бөлшектерге амалдар қолданумен байланысты,

Топтар бірін-бірі тыңдайды, бақылайды, бірін-біріне көмектеседі, оқулықпен жұмыс жасайды. Өздерін-өздері тексереді. Топпен жұмыс жасайды. Топтар өздері шығарған есептердің шығару жолдарын

Формативті бағалау, сыни тұрғыдан пікір айтып бағалау, топтық бағалау.



АКТ, «Білім ағашы», стикер, смайликтер, бағалау парақшалары, А-3, маркерлер, оқулық

Аралас сандарды қосу.

11.01.2014ж

Аралас сандарды қосуды үйрету, натурал санмен аралас санды қосуды, жай бөлшекпен аралас санды қосуды ұғыну.

Аралас сандарды қосу ережесін айтады, мысалдар келтіреді. Натурал санмен аралас санды қосуды түсіндіреді.

Аралас сандарды азайту.

15.01.2014ж

Аралас сандарды азайтуды үйрету, натурал санна аралас санды, аралас саннан натурал санды азайтуды үйрену.

Аралас сандарды азайтуды, натурал саннан аралас санды азайтуды, аралас саннан натурал санды азайтуды айтады, ережесін шығарып, оқулықпен салыстырады.

Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту.

22.01.2014ж

Жай бөлшектерді көбейтуді, бөлшек пен аралас санды көбейтуді және натурал санмен бөлшекті көбейтуді үйрену. Жай бөлшектерді көбейтуде көбейту амалының қасиеттерін пайдалан білуге дағдылану.

Көбейту кестесін еске түсіреді. Жай бөлшектерді көбейту ережесін айта білуге жаттығады. Натурал санды бөлшекке көбейте білуге дағдыланады, жай бөлшектерді көбейтуде көбейту амалының қасиеттерін пайдалана біледі.

яғни соған ұқсас шығарылатындығын ұғады. Жай бөлшектерді көбейтуді, бөлуді, жай бөлшектермен аралас санды, натурал санды көбейту мен бөлуді орындай алады.

Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу.

25.01.2014ж

Жай бөлшектерді бөлу амалын орындай білу. Бөлу мен көбейту амалдарын ажырата білуге дағдылану.

Жай бөлшектерді бөлу амалын орындай біледі, жай бөлшектерді бөлу ережесін айтады.

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу.

05.02.2014ж

Санның бөлігін таба білу. Осы тақырып «Жай бөлшектерді көбейту» тақырыбымен байланысты екенін түсіну.

Санның бөлігін таба білуді үйренеді, санның бөлігін табу ережесін айтады.

Берілген санның бөлігін, бөлігі бойынша санды таба алады.

Тарауды қайталау.

13.02.2014ж

Өткен тақырыптар бойынша білімін тексереді.

Тест, бақылау

Осы тарау бойынша білімдерін қорытындылайды

Тарау бойынша берілген есептерді өз беттерінше шығарады.

Жиынтық бағалау

Тест тапсырмалары

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­__________Таңатаров Ж.Ж. ___________Сарғожаева А.А

4 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Ақылбаева Жүрсінайдың математика пәні бойынша орта мерзімді сабақ жоспары.

V тарау. Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді қосу және азайту.Сыныбы: 5 «а»; 5 «ә»

Сабақтың тақырыбы

мерзімі

Мақсаты

Белсенді әдіс-тәсілдер

Оқу нәтижелері

Сыныптағы өзара әрекеттестік

Бағалау ОүБ

Ресурстар

Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу.

28.12.2013ж

Ондық бөлшектің жай бөлшектен айырмашылығын білу. Ондық бөлшектерді оқып және оқылуы бойынша жаза білу. Бөлімінде 2 немесе 5 сандарынан басқа жай көбейткіштер болмайтын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жаза білу.

Топ мүшелері тақырыпты өз бетінше оқып түсінеді. Тақырып бойынша түсінгендерін айтады, тақтаға немесе А3-ға жазып көрсетеді.

Ондық бөлшектерді оқиды, жазады. Ондық бөлшекпен жай бөлшектің айырмашылығы мен ұқсастығын салыстырады. Бөлімдері 2 немесе 5 сандарынан басқа жай көбейткіштер болмайтын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жаза біледі. Берілген ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде жазады. Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді кескіндейді және кескінделген нүктенің координатасын жаза біледі. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе орналасуы бойынша және разрядтары бойынша салыстыра біледі.

Топтар бірін-бірі тыңдайды, бақылайды, бірін-біріне көмектеседі, оқулықпен жұмыс жасайды. Өздерін-өздері тексереді. Топпен жұмыс жасайды. Топтар өздері шығарған есептердің шығару жолдарын түсіндіреді, тексереді.

Формативті бағалау, сыни тұрғыдан пікір айтып бағалау, топтық бағалау.



АКТ, «Білім ағашы», стикер, смайлик-тер, бағалау парақшалары, А-3, маркерлер, оқулық

Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.

11.01.2014ж

Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырып оқи және жаза білу. Берілген ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдыра білуге дағдыландыру.

Ондық бөлшектерді оқиды және соның жай бөлшек түрінде жазылуын айта отырып жазып түсіндіреді. Бірнеше мысалдар келтіреді.

Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді кескіндеу. Ондық бөлшекті салыстыру.

15.01.2014ж


Берілген ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей білу, координаталық сәуледе кескінделген нүктенің координатасын ондық бөлшек түрінде жаза білу. Берілген ондық бөлшекті оған тең бөлшекке түрлендіре білу. Координаталық сәуле бойында кескінделген ондық бөлшектерді салыстыра білу және ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыра білу

Координаталық сәулені ондық, жүздік үлестерге бөледі. Берілген ондық бөлшектерді координаталық сәулеге орналастырып, түсіндіреді. Координаталық сәуле бойындағы ондық бөлшектерді және ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыруды түсіндіреді.

Ондық бөлшектерді қосу және азайту.

22.01.2014ж

Ондық бөлшектерді қосу, азайту алгоритмдерін айта білуге және оны пайдалана білуге дағдыландыру. Ондық бөлшектерді қосуда тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдалана білуге дағдыландыру. Натурал саннан ондық бөлшекті азайтуды білу.

Ондық бөлшектерді қосу, азайту алгоритмін айта біледі және оны пайдалана біледі. Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін еске түсіріп ондық бөлшектерді қосуда қолданады. Натурал саннан ондық бөлшекті азайтуды түсінеді.

Ондық бөлшектерге қосу, азайту амалдарын қолданады. Оныдық бөлшектерді қосуы тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайланады.

Тарауды қайталау.

13.02.2014ж

Өткен тақырыптар бойынша білімін тексереді.

Бақылау


Осы тарау бойынша білімдерін қорытындылайды

Тарау бойынша берілген есептерді өз беттерінше шығарады.

Жиынтық бағалау

Тест тапсырмалары

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­__________Таңатаров Ж.Ж. ___________Сарғожаева А.А

4 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Ақылбаева Жүрсінайдың математика пәні бойынша орта мерзімді сабақ жоспары.

V тарау. Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу. Сыныбы: 5 «а»; 5 «ә»

Сабақтың тақырыбы

мерзімі

Мақсаты

Белсенді әдіс-тәсілдер

Оқу нәтижелері

Сыныптағы өзара әрекеттестік

Бағалау ОүБ

Ресурстар

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту.



28.12.2013ж

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту алгоритмін айта білуге үйрену және оны пайдалан білуге дағдыландыру. Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейтуді білу.

Топ мүшелері тақырыпты өз бетінше оқып түсінеді. Тақырып бойынша түсінгендерін айтады, тақтаға немесе А3-ға жазып көрсетеді.

Ондық бөлшектерді натурал санға, ондық бөлшектерді ондық бөлшекке көбейте, бөле біледі. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлгенде үтірдің қойылу жолын түсінеді. Ондық бөлшекті разрядтық бірліктерге көбейткенде, бөлгенде шыққан нәтижедегі өзгерістерді көріп, түсінеді.


Топтар бірін-бірі тыңдайды, бақылайды, бірін-біріне көмектеседі, оқулықпен жұмыс жасайды. Өздерін-өздері тексереді. Топпен жұмыс жасайды. Топтар өздері шығарған есептердің шығару жолдарын түсіндіреді, тексереді.

Формативті бағалау, сыни тұрғыдан пікір айтып бағалау, топтық бағалау.



АКТ, «Білім ағашы», стикер, смайлик-тер, бағалау парақшалары, А-3, маркерлер, оқулық

Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту.



11.01.2014ж

Ондық бөлшектерді көбейту алгоритмін айта білуге үйрету және қолдана білуге дағдыландыру.

Ондық бөлшектерді көбейту алгоритмін пайдаланып бірнеше мысалдар келтіреді және түсіндіреді.

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу.



15.01.2014ж


Ондық бөлшекті натурал санға бөлу алгоритмін түсінеді және есеп шығару барысында қолдануға дағдыланады.

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу алгоритмін пайдаланып бірнеше мысалдар келтіреді және түсіндіреді.

Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу.

22.01.2014ж

Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу алгоритмін түсініп айта білуге үйрету және оны есеп шығару барысында пайдалана білуге дағдыландыру.

Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу алгоритмін түсініп айтады, түсінгендерін пайдаланып бірнеше мысалдар келтіріп көрсетеді.

Ондық бөлшекті 10; 100; 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 ..... санына көбейту және бөлу.




Ондық бөлшектерді 0,1; 0,01; 0,001; ... разряд бірліктеріне көбейте білуге, бөле білуге және натурал санды үлестер разрядтық бірліктеріне бөле білуге үйрету.

Ондық бөлшектерді, натурал санды 0,1; 0,01; 0,001; ... разряд бірліктеріне көбейткенде, бөлгенде байқалатын өзгерістерді мысалдар келтіру арқылы көрсетеді.










Тарауды қайталау.

13.02.2014ж

Өткен тақырыптар бойынша білімін тексереді.

Бақылау


Осы тарау бойынша білімдерін қорытындылайды

Тарау бойынша берілген есептерді өз беттерінше шығарады.

Жиынтық бағалау

Тест тапсырмалары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет