Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептегі мұҒалім шығармашылығының РӨЛІ



бет2/4
Дата06.01.2023
өлшемі5,26 Mb.
#165063
1   2   3   4

Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «шағын жинақты мектептерді дамыту проблемасы» басым бағыттардың бірі болып белгіленген [3]. Сонымен қатар, аталған құжатта ШЖМ-ның материалдық-техникалық базасын жақсарту, ШЖМ-ны мамандармен қамтамасыз ету, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіби жағынан жетілдіруді желілік жүйе арқылы іске асыру, қашықтықтан оқыту бағдарламасын енгізу т.б. мәселелер қарастырылған. 

  • Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «шағын жинақты мектептерді дамыту проблемасы» басым бағыттардың бірі болып белгіленген [3]. Сонымен қатар, аталған құжатта ШЖМ-ның материалдық-техникалық базасын жақсарту, ШЖМ-ны мамандармен қамтамасыз ету, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіби жағынан жетілдіруді желілік жүйе арқылы іске асыру, қашықтықтан оқыту бағдарламасын енгізу т.б. мәселелер қарастырылған. 
  • Осы орайда шағын жинақты мектеп өзінің білім беру әрекетінде келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:
  • - білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру;
  • - бір пәндік және бір тақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқыту сабақтарын ұйымдастыру;
  • - біріктірілген сыныптар үшін сабақ кестесін икемді етіп құрастыру;
  • - даралап және саралап оқыту;
  • - оқу үдерісінің технологиясы мен мазмұнының икемділігін және вариативтілігін жүзеге асыру;
  • - білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту;
  • - тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мәдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескеру;
  • - оқушылардың оқу барысындағы бір-біріне өзара көмектесуі және ынтымақтастығы.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 75 тармағын [3] жүзеге асыру нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жанында Республикалық шағын мектептерді дамытудың орталығы (РШЖМДО) құрылды. Бірнеше жылдар бойы РШЖМДО шағын мектептердегі (ШЖМ) педагогикалық процесті жетілдіру және ондағы ғылыми-әдістемелікпен қамтамасыз ету жақтарын анықтау мәселесі бойынша зерттеулер жүргізді. Алғаш рет ШЖМ-ге арналған оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК), ШЖМ-ді дамыту тұжырымдамасының жобасы және ШЖМ-дің қызметтік ережесі дайындалды. Орталық қызметкерлері 17 оқу-әдістемелік құралдарын жасап шығарды [4].

  • Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 75 тармағын [3] жүзеге асыру нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жанында Республикалық шағын мектептерді дамытудың орталығы (РШЖМДО) құрылды. Бірнеше жылдар бойы РШЖМДО шағын мектептердегі (ШЖМ) педагогикалық процесті жетілдіру және ондағы ғылыми-әдістемелікпен қамтамасыз ету жақтарын анықтау мәселесі бойынша зерттеулер жүргізді. Алғаш рет ШЖМ-ге арналған оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК), ШЖМ-ді дамыту тұжырымдамасының жобасы және ШЖМ-дің қызметтік ережесі дайындалды. Орталық қызметкерлері 17 оқу-әдістемелік құралдарын жасап шығарды [4].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет