Білім беру министрлігі жауапты редакторы М. Б



бет2/4
Дата25.01.2017
өлшемі2,44 Mb.
#7711
1   2   3   4

20

(мәселен, о дыбысы: даңғой, жан ғой, байқалған ғой (Абай) түрінде немесе өзара мыс, өлең, денең, елең-селең (Абай) түрінде ғана ұйқасады. Мұның өзі бұларды жартылай ашық дауыстылар деп қарауды қажет етеді. Түркі тілдері фонетикасын салыстырмалы-тарихи түрғыдан қарастыратын соңғы бір іргелі еңбекте де бұлар жартылай ашық түрінде танылған [53].

4. Дауыстылардың жіктелу таблицасы

Жақтың қатысына

Ашық

Жартылай ашык

Қысаң

Тілдің

қатысына


Жуан Жіңішке

а

ә


е

о

е


ұ

ү


у

ы

і и


























Еріннің қатысына

езулік

еріндік

езулік

 

ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ АЙТЫЛУЫ МЕН



ЖАЗЫЛУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Дауысты фонемаларға тән басты ерекшелік, белгі-қасиеттердің, олардың фонемалық мәнінің айқын, тұрақты көрінетін орны — бір буынды түбір. Ал көп буынды сөздерде дыбыстардың бір-біріне азды-көпті әсері болады да, дауыстылардың фонемалық қасиеті әлсірей түседі. Мүны еріндік дауыстылардың тек бірінші буында ғана жазылуынан керуге болады: өлең, өнер, ұры, ұзын, оқы, осы, үкі, үсі сияқты. Сөздерді жазылуындай (екінші буындағы езуліктерді сақтап) айту естіген құлаққа ерсілеу болғанмен, мағынасын түсінуге кедергі бола алмайды. Сөздің бас буынында тұрған дауыстылардың таңбасы (и, у, я, ю-дан басқалары) әр уақытта сол дауысты фонемаға сәйкес келеді.

1. Қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамында кездесетін а фонемасы барынша ашық, жуан. Ал езулік қасиеті ы, і фонемала-рына қарағанда әлсіздеу. Бұл фонема сөздің барлық буындарында айтыла да, жазыла береді. Жеке тұрып сөз (одағай), қосымша да (ат-а; сан-а, ойн-а, балам-а, бар-а, бас-а) болады. Сөз ішінде тек жуан дауыстылармен қатар тұрады. Алғашқы буынның бірі жіңішке болып, екіншісі а әрпі болса (кітап, ділда, ләззат, қазір, қадір, қажет, қасиет, кабілет) айтуда ол не ә не а мен ә-нің аралығынан

21

айтылады (бұлай айту кейінгі кезде өріс алып келеді). Дұрысы, әрине ә.



А фонемасы —еріндіктерден кейін жазылып қана, қоймай, айтыла да беретін (буаз, буғақ, болат, құла, қора, құра, қола, доға, дода, дұға, ора, ұра, ұна) бірден бір езулік дыбыс. Бұған оның барынша ашықтығы (жақтың кең ашылуы) мүмкіндік береді. Дегенмен, алғашқы буындағы еріндіктің әнтек әсері болады. Бұл әсер, әсіресе екі еріндік дыбыстың арасында айтылғанда айқынырақ байқалады: бұзау, бұлау, бұрау, құрау, құлау, тұсау, орау, сұрау, ұнау, ұзау) сөздердің соңындағы у — дауыссыз).

Орыс тілінің а фонемасы екпін түсіп тұрған кезде қазақ тіліндегі а-ға жуық айтылады: бал, бар, зал, класс квас, май, стаж, старт, шар, штаб, штамп. Ал акт, адрес, армия, бак, базис, газ, галстук, кадр, катер, рак, ранк, танк, трактор, факт, фактор, факел, шкаф сияқты сөздерде (кейбір к, г, е, и) дыбыстардың әсерінен) ауызекі айтуда ә-ге жуықтап кететіні байқалады. Дұрысы а фонемасын анық айтуға тырысу керек. Қалған жағдайда екпінсіз а әлсіреп (ә, е, и, ы дыбыстарына жуықтап) он шақты түрде (аллофон) айтылады. Мұны тілімізге ертеректе енген барқыт (бархат), бәтеңке (ботинка), облыс (область), самаурын (самовар), кәрзеңке (корзинка) сияқты сөздер де аңғартады. Қазіргі қазақ тілінде норма болып саналатын анкет, газет, контор, координат, минут, секунд, пар, фанер, цифр сияқты сөздердің сонындағы а-ның түсіп қалуының бір себебі осы екпінсіз а-ның әлсіреп айтылуынан деуге болады.

Қазақ тіліндегі шын мәніндегі ашық фонемалар — а және ә. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы — біріншісі жуан, екіншісі жіңішке, яғни а тілдің кейін шегінуінен, ә ілгері жылжуынан жасалады. Ал еріннің қатысы жағынан да бүл екеуі бір-біріне жуық.

“Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде” [16, 7]: ә, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң сездердің бірінші буындарында жазылады делінген. Қазақтың байырғы сөздерінде бұл әріптер әрқашан өздері таңбалап тұрған фонеманы бейнелейтіні жоғарыда ескертілді.

Ә фонемасының қазақ тілінде сирек кездесуінің (онда да, көбіне бірінші буында кездесуінің) басты себебі — оның қазақ тіліне басқа күншығыс тілдерінен келген сөздермен байланысты болуы керек. Проф. Н. В. Юшманов, проф. Е. Д. Поливанов т. б. мамандардың

22

пікірі бойынша ә фонемасы сол күншығыс тілдерінің әсерінен пайда болса керек. Бұл пікірдің жаны бар. Өйткені һар, һаріф т. б. сөздердегі һ фонемасы біздің тілімізде нольге айналады. Осынын, салдарынан һа тізбегі ә фонемасын тудырған болу керек” [19, 107]. Осындай көзқарас қазақ тіл білімінде әбден қалыптасқан. Алайда түркі тілдерінің дыбыс жүйесін тыңғылықты қарастырған соңғы бір сүбелі монографияда алдымен осы ә фонемасынын. көнеден келе жатқаны дәлелденген [53, 18—23]. Ал “қазақ тілінде сирек кездеседі” деу де жазуға негізделген біржақты пікір. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде көген (реестр) көрген 67 мың сөз бар десек, соның 19 проценті дауыстылардан басталады. Сонын, ішінде ә әрпінен басталатын сөздердің саны — 870.Бұл жағынан а (4440 сөз) е (2249) болмаса, қалған дауыстылар бір-біріне қарайлас (18, 21). Орфографияға сәйкес ә әрпі барлығы 2,5 мыңдай сөздің бірінші буынында кездеседі. Осының өзі-ақ оның кірме еместігін

байқатады.

“Қазақ тілінін орфографиялық сөздігінің” соңғы 3-басылуында (1988) екінші буынында ә жазылатын сөздердін, қатары молая түскен: әзәзіл, дүбәра, дүдәмал, дімкәс, еммәт (кіт), көкнәр, күләбі, кәләпара, күләпсан, күлдәрі, күмән, күнә, кінә, кінәз, мәмпәси, мүкәммал, мүләйім, мүсәпір, мәрмәр, мүһәзин (діни), мүшәйра, нәмәрт, пірәдар, сірә, тәбәрік, тәнәпіс (кіт.), іңгә, іңкәл (диал.) іңкәр т. б. Екі сездің үшінші буынында кездеседі. Бісміллә (пісміллә) және кәнизәк. Бұл, әрине, жазуда. Халық тілінде ә-нің өрісі әлдеқайда кең. “Әдеби тіліміздің, тұңғыш кескін-кейпін нұсқалаған шебер де, оның жаңа дәуір талабына лайық биік бел-белестерге көтерілуіне қозғау салған пәрменді күш те — халық тілі” [27, 3]. Халық тілі халықтың ауызекі тілі (орысша народный язык, народная речь) “әр өлкенің жергілікті қазағының тіліне тән диалектілік белгілер мен құбылыстардың жиынтығын, баскаша айтқанда, халық диалектілері мен говорларын білдіретін, ауызекі тілді білдіретін, бірақ ауызекі тіл болғанда да оның тек жергілікті нұсқасын, жергілікті формасын ғана білдіретін үғым деп түсінген дүрыс” [27, 4].

Бұл дәйексөздер (цитаталар) С. Омарбеков пен Н. Жүнісовтін, “Ауызекі тіліміздін, дыбыс жүйесі” деп аталатын оқу құралынан алынып отыр. Қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесін, әдеби айту нормаларын дұрыс

23

пайымдау үшін бұл еңбектің маңызы зор. Алда біз мұ-|

ны АТДЖ деп қолданамыз.

АТДЖ: “Әсіресе а мен ә дауыстыларының бірінің

орнына бірінің қолданылуы — говорларымызға тамы-

рын кең жайған құбылыс. Мұндай дыбыстық құбылыс-

тың ең жиі байқалатын жері —қазақ топырағының

оңтүстік өңірі. Әсіресе оны біз Орта Азия республикала-

рының ішкі қоныстары мен соған іргелес жатқан аты-

раптың қазағының тілінен молынан ұшыратамыз”. [27,

32—33],— дейді де, отыз тоғыз сөз алып, онын аталған

өңірде, онымен керші өзбек, қарақалпақ тілдерінде,

сондай-ақ қазақтың кепшілік говорында және әдеби ті-

лінде айту нұсқаларымен салыстырады. М ә с е л е н:



тәләп тәләп тэләп талап талап; қәйт қақ

қәйт қайт, қайт; кәйер қаёркәйерқайер

(кай қай жер; іләж илож-иләж ылаж ылаж;

әсілі асли асыл асыл; кәте хато қәте қа-

та (қате қате, кәуіп хавф қәуип қауып қа-

уып (орф, қауіп), кәтер хатар кәтер қатер — қа-)

тер т. б.

Әдеби тілде жуан айтылатын сөздер оңтүстік өңірде жіңішкере түсетіні басы ашық мәселе. Неге олай дегенге берер жауабымыз: “Жіңішке ә-нің оңтүстік говорларымызда да, сондай-ақ өзбек, қарақалпақ тілінде де көбіне-көп араб-парсы кірмелерінің бойына тән дыбыс екендігінен” [27, 34]. Ә дыбысының кірмелігін мойында-масақ та, араб-парсы тілдерінің ықпалын елемеуге болмас. Оның үстіне жіңішкеліктің нәзіктікпен астасып жататынын да ескерген жөн болар. (Жалпы қазак тілінде жуан буынды сөздердің үлесі басым). АТДЖ: “оңтустік өңірден тыс қазақ елі тараған өзге территорияның әр жерінен жазылып алынған дыбыс құрамына ә дауыстысы тән деген сөздердің” [27, 35] тағы да қырық шақтысын атайды. Олардың ішінде әбіржі (абыржы), жән (жан), жәуінгер (жауынгер), тіләзәр (тілазар), кәтер (қатер), кәйер (қай жер) т. б. бар.

“Бұл жағдайлардан жуан а-ның ә-мен алмасуы байқалған жердің бәрінде оны өзге тіл ықпалы деп қарай беруге болмайтыны оңай үғынылады. Кей сөздердегі ә-нің төркіні бөгде тілдік ықпалдан бөлегірек сияқты. Мұндайлардың кейбіреуі — тілімізде әріден келе жатқан көне белгі, енді біреулері дыбыстардың позициялық өзгерістерінен тіліміздің өз ішінде бертін келе туған белгілер болуы да мүмкін. Олардың географиясындағы шашырандылык бізді

24

осыған мегзейді. Әрі ә-нің некен-саяқ болса да тіліміздегі байырғы лексиканың құрамында кездесетіні және бар. М ы с а л ы: әке, кәрі, әлі, жәй, әкіреңде, шәш, шәрша, шәніш, шәйна, әттең, жәйлау және әне т. б.” [27, 36].

АТДЖ-ға сонша шұқшиюымыздың себебі ә-ге байланысты пікірдің біздің ойымызбен үндестігінде болып отыр. Кітап осы фонеманың түркі тілдерінде қолданылу жай-күйінен хабардар етеді. Қазақ тілінде оның қағажу көріп жүргенін де айтады: “Алфавит құрамында арнаулы ә әрпі бар біздің тіліміздің жазу жүйесінде осы

дыбыстың еленбей калатыны көп. Мәселен: шәй,шәш, жәй, шәрша, жәйлі дегендерді айтылуы жіңішке бола тұрса да, емле тәртібінде шаш, шай, жай, шарша,жайлы деп жазатын ретіміз бар. Сол сияқты: Күләндә,Кәмилә, Жәмилә, Әлимә, Сәбира сынды кісі аттарының соңғы дыбысын оларға жалғанатын септіктердің табиға-

тына сүйеніп жуан етіп жазамыз. Айтылуына келсек, осы кісі есімдерінің соңғы дыбысының ә екені кәміл.

Оның үстіне осы арадағы адам есімдеріне дәл барыстан өзге септіктердің айтылуда жуан жалғануының өзі екіталай. Жәмиләдан ба, әлде Жәмиләдән ба?— бұл арасы соншалық айкын емес” [27, 37]. Жазудың жетегінде кетіп, ә-ден кез жазып қалған жұрттың көбі осылай түсіне бермейтіні аян.

Алайда автордың өз тұжырымына аса сенімді еместігін де ескеру керек. Ол барыс септікке байланысты бір белең берсе, көп ұзамай: “Ә-нің соншалық айқын айтылмай, құлақка дүдәмал естілуі — көбіне сөздін, соңғы буынына тән кұбылыс. Екпінді буын болуына қарамастан, әңгіме етіліп отырған дауыстының осылайша соңғы буында көмескіленуі біздіңше жінішке ә-нің қазак тілінде сөздің кейінгі буындарына тән дыбыс еместігінде. Бұдан сөздің алғашқы буынынан өзге буындарындағы а мен ә дауыстыларынын. біздің тілімізде әлі еркін дифференцияланып үлгірмегені аңғарылады. Әдеби тіліміздегі күман күмән, Күлаш Куләш деген тәрізді екі ұштылықтың байқалуы да, біздіңше, осындай себепке байланысты [27, 44]. Міне, алдында ғана Жәмиләдан ба, Жәмиләдән ба?— деп, отырған автор Күләштәрға ма, Күләштерге ме?— деудің орнына, айтылуы да, жазылуы да қалыптасқан күмән сөзінің екінші буынындағы ә-ге көппен бірге күдіктене қарайтын сияқты және соны заңдастырудан да кет әрі емес. Бізге мұның себебі

25

түсінікті де; ережеміз бұл әріпті бірінші бүында ғана жаздыртып әдеттендірген жоқ па.



Сонымен а және ә артикуляциялық (жақ ерін) жақтан жуық фонемалар. Олардың арасыңдағы алмасулардың көп сыры осында жатса керек (Диалектіде ә-нін а-ға алмасуы да ұшырайды). Бұның кейбір сөздің орфограммасына (жазылуына) салқыны тиіп келеді Осы уақытқа деиін үш рет басылған орфографиялық сөздіктен де мұның ізін аңғаруға болады.

Сөздіктің бірінші басылымынан бері абжауқын, абжылан, абиыр, (әбүйір, абұйыр, әбиір емес), аждаһа, ажуа (әжуа емес) аруақ, асылы (дұрысы, шыны), дайым, жадыгөй, жай,(жәй емес), лаж, шай (шәй емес), шайнек, шаһар, шаш (шәш емес)

болып жазылып келеді. Солай бола тұрса да баспасөзде, көркем шығармада әлі күнге дейін бас буындағы а-ның орнына ә жазылып кететіні бар. Бұл да болса халық тілшщ жаны сірі екенін аңғартады. Тіпті халык тілінде ә-нің үшінші буында да айтылатыны құпия емес Мәселен: мүбәдә (мүбада), мүбәрәк (мүбарак) тәкәппәр (такаппар) т. б.

Е, ы, і фонемалары езулік, қысаңдығы және тілде қолданылуы жағынан бір-біріне ұқсайды. Қалған екеуінен ы тек жуандығымен ерекшеленеді. Ал е фонемасы-

26

ның алдынан әнтек й айтылады. Ә. Жүнісбеков е-нің й және і дыбыстарының қосындысынан (йі) тұратынын (й—40, і — 60 процент болатынын) экспериментті жолмен анықтағаны жоғарыда айтылды. Шынында да тілде: әне әні, әсте әсті, бәйге бәйгі, бәтеңке бәтіңке, бәтес бәтіс, ерегісу ерегесу, ешкім ішкім, ештеңе іштеңе, кәне кәні, міне міні, шеңбірек шеңберек, ілгешек ілгішек түрінде айту, тіпті жазу (бұлардың алдыңғысы орфографиялық норма) кездеседі. Мұның өзі е мен і-нің бір-біріне үқсастығын анғартады.



Е, ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады, бірақ олар ылғи да е, ы, і болып дыбыстала бермейді.

Бұлардың еріндіктермен (соның ішінде дауыссыз у-мен де) қатар тұрып айтылу мүмкіндіктері жоққа тән. Өзен, өлең, өнер, осы, орын, оқы, ұлы, ұғым, ұзын, үлкен, түйе, түлкі, жүрек, өмір, құрық, мазмұны, бұлбұлы, дәстүрі, ауыл, бауыр, жауын, әуе, әуен, әуес, дәуір сияқты сөздердін, құрамындағы е, ы, і дыбыс емес, тек әріп. Айтуда олар ө, ұ, ү түрінде болады. Соңы ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге -у жұрнағы жалғанады да, ы — ұ-ға, і ү-ге айналады, жазуда бір-ақ әріппен (у) танбаланады, алжы алжұу, (жазылуы алжу), жылжы жылжұу, жылы жылұу, сырғы сырғұу, тепші тепшүу, терші тершүу. Еріндік дауыссыз у-дың алдында келген е аздап еріндік болып айтылады: біреу, екеу, бесеу, жетеу, кернеу, бермеу, келмеу, сермеу, ермеу, білмеу. Езулік дауыстылардың еріндіктермен қатар айтылуы, айтылмауы олардың ашық (а, ә), қысандығымен (е, ы, і) байланысты.

Қысан, ы, і фонемалары көп буынды сөздерде кейде көмескі естіледі. Орфоэпиялык, сөздіктерде олар тіпті түсіріліп (шартты белгімен) жазылады: дәр'гер, қат'-нас, тәж'рибе, аң'зақ, ад'раңдау, аз'рак, бад'рак, ед'-реңдеу, и'рім, кеш'рім, қас'рет. Тіпті л, р дыбыстарының алдынан келгенде сөздің лексикалық мағынасына нұқсан келмесе, олар жазылмайды: лақ, лаң, ләм, леген, лекер, лес, лай, лайық, лас, рас, рет, разы, рай, рақат, рақмет, рең, рәсуә, рәсім, рәт.

Жалғанатын қосымша дауысты болса, немесе дауыстыдан басталса, кейбір сөздердің екінші буынындағы ы, і мүлде (айтуда да, жазуда да) түсіп қалады: халық халқы, қарын — қарны, қалып қалпы, ырық



27

ырқы, қырық қырқы, айыр — айрық, сарық — сарқыл — сарқады, ерін — ерні, ерік — еркі, кейіп —- кейпі, ірік іркіп — іркеді, қырық — қырқып қырқады. Бұл қасиет е фонемасында жоқ.

Еріндік о, ө фонемалары бір-бірінен тек жуан (о), жіңішкелігімен (ө) ғана ажырайды. Бұл екеуінің де алдынан әнтек у (бірінде жуан, бірінде жіңішке) айтылады. Тілде о, ө-нің ү,ұ (көбіне диалектіде) түрінде кездесуі бұлардың айтылуы жағынан жуықтығын көрсетеді: домала дұмала, оян ұян, қош құш, қолдану құлдану, сұра — сора, мұқал — моқалу, сорақы — сұрақы, үлгер үлгір (айтылуы үлгөр үлгүр), төңірек төңерек, үме өме, көсу күсу, шүберек шөберек, сөйтіп — сүйтіп, өйтіп үйтіп, бөгелек бүгелек, бүлдірге бүлдіргі [27, 24—30].

Ал жақтың қатысы жағынан бұлар, дұрысы қысаң дауыстыларға жуық. Кейбір себептермен (жоғарыда айтылуы) бұлар жартылай ашықтарға жатқызылды.

Еріндік о фонемасының өзге фонемалардан ерекшелігі бұл байырғы сөздердің бірінші буынында ғана айтылады және жазылады. Тек -қор, -қой, -ғой қосымшалары түрінде келгенде ғана екінші, үшінші буындарда айтыла да, жазыла да береді: даңғой, даңққой, есепқор, еңбеққор, бейнетқор, шайқор, сәнқой, әуесқой.

Ал орыс тілінен енген сөздерде о-ға негізінен екпін түседі де, көрші дауыссыз дыбыстардың әуенімен ол (буын талғамай) төрт-бес түрлі айтылады. Қейде қазақ тіліндегі байырғы о-ға жуық (вагон, забой, анеқдот, кино, анод, порт, том, тон), бірде о мен ө-нің арасынан, кейде ө-ге жуық (ноль, роль, толь) дыбысталады. Екпін түспеген жағдайда о әрпі екпінсіз а дыбысы болады: атом, автор, коммунизм, совет, социализм, роман.

Орыстың о әрпінің қазақ тілінде қалай дыбысталатынына мысал: божы (вожжи), облыс (область), нөмір (номер), көпене (копна), бәтеңке (ботинка), бөкебай (пуховый), кәмпит (конфета), кәрзеңке (корзинка) т. б.



Ө фонемасының жазудағы тақбасы ө және е әріптері. Ө әрпі (маймөңке, кастрөл, ләмбөк сияқты бірер сөзде болмаса) бірінші буында ғана жазылады. Тек қосымша -көй, -гөй түрінде екінші, үшінші буындарда айтыла да, жазыла да береді: ақылгөй, батагәй, данагөй, дәмегей, жәдігөй, қаскөй.

Ө фонемасы еріндік , ү) буындардан кейін айтылады. Жазуда ол е әрпімен таңбаланады: өзен, өрен, көбелек, үзеңгі, үлкен, дөңгелек, төртеу, үшеу, күрес, маскүнем, қаскүнем, күзен, үстеу.

28


Еріндік ұ,ү фонемалары да бір-бірінен жуан, жіңішкелігімен ажырайды. Жазуда ұ фонемасы ы әрпімен де таңбаланады. Екінші буында ұ әрпі бұлбұл, мазмұн, мақұл, мақұлық, мағлұмат, марқұм сияқты сөздерде жазылады. Қалған жағдайда бірінші буындағы о, ұ еріндіктерінен кейін ұ дыбысының орнына ы әрпі жазылады: орын, оқы, отын, оныншы, обыр, жолы,қойшы, қозы, құрық, құлық, бұрым, мұрын, ұры, қоры, жоры, осы,ұсын.

Ү фонемасы да бірінші буында у әрпімен таңбаланады да, қалған буындарда (тек дәстүр, дүлдүл, мәжбүр, мәшһүр, әңгүдік, әшмүшке, сәйгүлік сияқтылар болмаса) і түрінде жазылады; өнім, өкім, өсім, өтініш, үміт, үлгі, күлкі, көрік, түлік, үйіріл, үгітіл.

¥, ү де кейбір көп буынды сөздерде көмескілеу айтылады да ы, і сияқты орфоэпиялық сөздіктерде түсіріліп (ерекше белгімен) жазылады: бүр'су, жұд'рық, жой'лу, жұм'лу, көб'рек, көк'рек күж'рей, түк'рік, құд' рет, өк'ніш, түң'лу.

Сондай-ақ, сөз басында р дыбысының алдында бірер сөзде түсіріліп жазылады: ру, рух, рүқсат, Рүстем. Дауыстыдан басталатын қосымша қосылғанда кейбір сөздердіқ екінші буынындағы ұ, ү (жазуда ы, і) түсіп қалады: орын орна—орны, мойын мойны, көңіл көңлім, бүйір бүйірі, бөрік бөркі, тұрық тұрқы, сұрық сұрқы, қорық; — қорқып — қорқады, бұйыр бұйрық, бүрік бүркеді бүркіп, үрік үрке үркіп, ұрыс — ұрсып — ұрсады.

Қазақ говорларында у-нің ұ, о-ның, ө болып айтылуы сирек те болса ұшырайды екен. Мысалы: ұбырлы-шұбырлы, ұйма-жұйма және өтен. Әдеби тілде: үбірлі-шүбірлі, үйме-жүйме және отан [27, 31—32]. Мұнын, сонғысы жергілікті тілде өкімет-үкімет деген сияқты, өзіндік мағынаға ие болған, яғни үй, баспана деген мәнде

қолданылады.



И фонемасы да орыс тілі арқылы енген сөздердін, құрамында ғана кездеседі: институт, университет, магазин, спутник, мина, филолог, билет т. б.

У фонемасы да тек орыс тілі арқылы енген сөздерде ғана айтылады: университет, ультра, учаске, уран, туннель, турбина, турнир, туризм, туфли, сувенир, сумка,

29

пункт, пульт, прокуратура, пропуск, процедура, институт т. б.



И мен у-дың артикуляциясы дауыссыз й мен ұ-ға ұқсас. Айырмасы дауысты и мен у тоннан жасалады да, ауа еркін шығады, булар буын талғамайды.

Қазақ тілінде и, у фонемаларының болмағанын орыс тілінен ертеректе енген сөздерден көруге болады: орыс (рус). қамыт (хамут), доға (дуга), бөкебай (пуховый), бөтелке (бутылка), көшір (кучер), сот (суд), шөген (чугун), үтік (утюк), жәшік (ящик), жеребе (жребий), кәзекей (казакин), кір (гиря), резеңке (резинка), сәтен (сатин), кәрзеңке (корзинка).

КЕЙБІР ӘРІПТЕРДІҢ ДЫБЫСТЫҚ БЕЙНЕСІ

Әріп — дыбыстың шартты таңбасы. Дыбыс пен әріптің арақатынасын дұрыс түсініп, бірінен бірін ажырата білудің маңызы зор. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер мен оқулықтарда и, у, ю, е

әріптерін дыбыстармен шатастыру кездеседі. Қазіргі қазақ тексінде кездесетін бұл әріптердің дыбыстық бейнесі мынадай болады.

И әрпі. 1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездескенде:

а) ый: қи, ми, жи, қиқым, қират, қисық, тиын, жыми:

ә) ій: ки, киім, ти, тиін, тершиді, шғни, шілти би;

б) ұй: мұқит, тұңғиық, оқи, бұлти, бұрти, сұрқия;

в) үй: түкси, үси, өсиет, дүние, түрти, үрпи, көнти.

2. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздердің құрамында: жалаң дауысты и институт, университет.

У әрпі. 1 Байырғы сөздерде:

а) ұу:у, бу, су, жуан, оқу, алу, ысу, суын, уық, уыс;

ә) үу: күлу, жүру, келу, ілу, тілу, жүргізу, білдіргізу;

б) жалан үнді дауыссыз: тау, бау, жау, дәулет, ауыл, сэуле, ойнау, ойлау.



2. Орыс тілінен енген сөздерде тек жалаң дауысты фонема: университет, уран, укол, учаске, автобус, спутник, турнир.

Ю әрпі. 1. Тіліміздегі байырғы сөздердід құрамында:

а) йұу: қою, жою,қараю, ою, қартаю, тою, баю, аю

30

ә) йүу: үю, сүю, кею, серею, күю, түртию, есею, еңкею;



б) и әрпінен кейін тұрып:

ұу: қию, жию, бұлтию, бұртию, тарбию;

үу: кию, тию, түртию, делдию, кіртию;

3. Орыс тілінен енген сөздерде:

а) сөздің басында және дауысты дыбыстардан кейін — йу: юбилей, юмор, юрис, каюта;

ә) дауыссыздардан (жіңішке) сон, — у; люстра, сюжет, бюст, бюджет.бюро, брошюра, рюмка, люк, маникюр, тюлень, полюс.



Я әрпі негізінен йа: ая, боя, қоян, мая, сая, қарая, аян, январь, ядро, маяк, ясли, якорь, яхта, сондай-ақ и әрпінен кейін келіп, а: қия, мия, сия, сұрқия, тиянақты, студия, комедия.

ДАУЫССЫЗДАР (КОНСОНАНТИЗМДЕР)

Тілімізде дауыстыларға қарағанда дауыссыз фонемалар әлдеқайда көп. Оқулықтарда бұлардың саны 25, енді біреулерінде 26 болып келеді. “Қазіргі қазақ тілі” (Лексика, фонетика) оқулығы: “Қазіргі қазақ тілінде мынадай 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, һ, ф, х, ц, ч, щ, қ, ң — дейді (241-бет). Алайда бұларды топтастырған кезде (қатаңдардың құрамына) 26-болып щ әрпі еніп кеткен (256-бет). Қазақ тілінде 26 дауыссыз бар деушілер осы щ әрпін дыбыспен шатастырып жүр. Дұрысы щ дыбыс емес, әріп. Ол — созылыңқы (немесе қос) ш дыбысының таңбасы.

Сонымен қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз фонема бар. Ал орыс тілінде мұның саны — 37. Олай болатыны, орыс тілінде дауыссыздардың жуан және жіңішке болып келуінде фонематикалық қасиет бар және олардың дауыстыларға ықпалы күшті болады. Алайда бұл фонематикалық қасиет орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздерде байқалмайды, сондықтан олар бас-басына (жуан, жіңішке боп) фонема бола алмайды.

Азын-аулақ ерекшеліктерді ескермегенде, қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар — он бес: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, р, п, с, т, ш.

Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар - бесеу: ғ, ң, ц, у, һ.



31

Қазақ тілінде бұрын болмаған, орыс тілінен енге дауыссыздар да бесеу: в, ф, х, ц, ч.

Дауыссыз фонемалар акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай үшке жіктеледі.

1. Дауыстың (салдардың деуге де болады) қатысына қарай дауыссыздар әдетте үшке бөлінеді:

а) үнділер: л, м, н, ң, р, й, у;

ә) ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з;

б) қатаңдар: п, ф, к, ң, х, ш, с, х, һ, ц, ч;

Ұяңдар мен қатаңдар үнсіздер делінеді.

Алфавит тәртібін жақсы білген жағдайда дауыссыздардың бұлай жіктелуін есте сақтау қиындық тудырмайды. Алғашқы 10 әріптің үшеуі (а, ә, е) дауыстылардың, қалған жетеуі ұяңдардың таңбасы болып шығады. Жеті ұяңның жеті қатаң сыңарын жақсы білу керек. Яғни

б в г ғ д ж з

п,ф к қ т ш с

Үнділер — жетеу. Үш жерде жеті — 21. Қалған дыбыс (х, һ, ц, ч) қатаңдардың қатарынан орын алады.

Бұлардың бір-бірінен айырмасы дауыстың және салдырдың қатысу дәрежесіне байланысты. Сонда үнділерде дауыс (тон) басым да, салдыр аз; ұяңдарда керісінше, салдыр басым да дауыс аз болады. Ал қатаң дауыссыз тек салдырдан жасалады (яғни оларға дауыс қатыспайды).

Дауыссыздарға дауыстың катысу дәрежесін білудің маңызы зор. Осыны білгенде ғана бала-ға, қыз-ға, ат-қа, ас-қа дегендерге неге қосымша ғ, қ түрінде жалғанады, ақ ешкі, қара қой айтуда неге ағешкі, қарағой болып кетеді дейтін сұрақтарға нақты жауап беруге болады.

2. Дауыссыздарды айтылу (ауанын, шығу) жолына қарай да үш топқа бөлуге болады.

а) Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г,қ, ц, ч, м, н, ң;

ә) Ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, з, ш, ж, х, ғ, һ, л, й, у;

б) Діріл дауыссыз — р.

Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де, содан соң шұғыл кайта жалғасады. Ал ызындарды айтканда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауанын жолын барынша тарылтады, бірақ ауа біржола үзілмейді, сыздыктап,

32

сүзіліп шығады. Діріл дауыссыз (р) тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады.

3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен үш топқа бөлінеді:

а) ерін (лабиаль) фонемалары: п, б, ф, в, м, у;

ә) тіл (лингваль) фонемелары: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,г,қ,ғ,х,ң,н,л,р,й;

б) көмей (фарингаль) фонемасы — һ.

Ерін фонемалары іштей еріндік (п, б, м, у) және ерін мен тіс (ф, в) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда екі ерін біріне-бірі жабысып (п, б, м) немесе дөңгелене жуысып (у) тұрса, ерін мен тіс дыбыстарында астыңғы ерін үстіңгі (күрек) тіске жуысады.

Дауыссыз фонемалардың көпшілігі тілдің тікелей атысуымен жасалады. Тіл фонемалары үшке бөлінеді:

а) тіл алды: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н, л, р;

ә) тіл ортасы: й;

б) тіл арты: г, ғ, к, қ, ң, х.

Тіл фонемаларын тіл-тіс, тіл ұшы, т. б. түрде бөлу шырайды [3; 15]. Бірақ олай бөлу есте сақтауды қиыіндатады және оның практикалық мәні де аз.

Дауыссыздардың жасалуына дыбыстау мүшелерінің катысын (артикуляциясын) білудін. маңызы зор. Мұны білмейінше, дыбыстардың артикуляциялық жақтан өзгеруін түсіну де, түсіндіру де мүмкін емес. Мәселен, қан, қон сөздерінің соңындағы “ дыбысы қосымша жалғайған кезде кейде н (айтылуы қанға, қоңған) кейде м (айтылуы қаммен, қомбады) болып өзгеруі тек артикуляциямен байланысты.

ДАУЫССЫЗДАРДЫҢ АЙТЫЛУЫ МЕН

ЖАЗЫЛУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

а) Үнсіздер

Б, п фонемалары астынғы еріннің үстіңгі ерінге нық тиіп, тез ажырап кетуінен жасалады. Бұлардың бір-бірінен басты айырмашылығы дауыс алғашқысына (б) аздап қатысады да, екіншісіне (п) қатыспайды. Бүлардың тілде қолданылуында да кейбір ерекшеліктер бар. Атап айтқанда, б фонемасы сөздің басында (6258 сөз, қ, т-дан кейін үшінші орында), ортасында акти қолда-нылады да, сөз соңында кездеспейді. Соңғы позицияда

33

6 жазылғанмен (араб, гардероб, куб, клуб, ромб, прораб, штаб) оның айтылуы п болады. Сондықтан да бұл сөздерге жалғанатын қосымша қатаңнан (арабқа, клубта, штабпен, штабсыз) басталады, Ал п фонемасы сөздің барлық позициясында ұшырай береді. Тілімізде п-дан басталатын (991) сөздердің дені кірме болып ке леді.

Сөз басында б мен п айтуда, тіпті жазуда да (орфографиялық сөздікте) кейде жарысып жүреді: байым - пайым, балуан палуан, барабар парапар, батсайы-патсайы, бәле-пәле, бұйда-пида, палай-балау, пәтуа-бәтуа, пейіл-бейіл, пенде-бенде т,б.

“Әдеби тілімізде болсын, говорларымызда болсын қатаң п дауыссызы байырғы қолтума сөздерімізде оқтатекте болмаса, әдетте көп қолданыла бермейді. Бүған дейінгі диалектологиялық мәлімет жинаған қазақ говорлары арасында бұл қүбылыстың (ұяң б-нын. қатан, п-ға ауысуының) біршама жиірек байқалатын жері — Өзбекстан, Тәжікстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан республикаларының, территориясы мен осы республикаларға шектес аймақта тұратын қазақтардың тілі” [27,123].

Артикуляциялық жақтан үқсастығының арқасында б, п және м фонемалары қосымшалар мен шылаулардың бас позициясында бірін-бірі үнемі алмастырып отырады. М ы с а л ы: -бын//,-пын//-мын, -мыз// -быз//-пыз, -мен//, бен//,-пен, -ма//-ба//па т. б.

Сөздің басқы, соңғы позицияларында бұл екі фонема көрші дыбыстардын, әсерінен бірімен-бірі алмасып отырады: Ақпала (ақ бала), Сәтпай (сәт бай), көпполду (көп болды), қабы, (қап-ы), қабады (қап-ады), көбжасар (көп жасар), көбеді (кәп еді) т. б. Мұның үстіне п кейде у-ға айналып кетеді: тауып (тап-ып), жауып (жап-ып), теуіп (теп-іп), сеуіп (сеп-іп).

Ф,в фонемалары орыс тілі арқылы енген сөздерде ғана кездеседі. Бұларды айтқан кезде астыңғы ерін үстіңгі тістерге жуысады да, араларында ауа өтетіндей ғана саңылау қалады.

Қатаң ф сөздің барлық позициясында кездеседі, “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне” енген сөздердін, 328-і осы ф әрпінен басталады.



В сөздін. басында (180 сөзде), ортасында кездеседі де, соңында жазылғанда (актив, архив, кузов, пристав, пассив, предиактив, реактив, устав т. б, сондай-ақ фамилияларда кездесетін - ов, ев) ф

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет