Білім беру министрлігі жауапты редакторы М. Б


болып айтылъш, қосымша қатаңнан (архивке, архивтің, архивтен) басталады. Араб тілінен енген екі сөзде (фәни, саф) ф



бет3/4
Дата25.01.2017
өлшемі2,44 Mb.
1   2   3   4

34

болып айтылъш, қосымша қатаңнан (архивке, архивтің, архивтен) басталады. Араб тілінен енген екі сөзде (фәни, саф) ф әрпі

үшырайды.

Т, д фонемаларын айтқанда тілдің ұшы (немесе алды) үстіңгі күрек тіске жабысып, ауа жолын бөгейді де, тез ажырайды.

Т сөздің барлық шенінде айтыла да, жазыла да береді. Қазіргі қазақ тілінде т-дан басталатын сөздер — 6,5 мың (қ-дан кейін екінші орын алады),

Д фонемасы сөздің басында (2234), арасында қолданылады.

Жазуда сөздің соңында кездескенмен (аккорд, анод, катод, взвод, велосипед, вклад, завод, абжад, жад, кислород, карбид, рекорд) айтуда т болады да, қосымша қатаңнан (заводқа, заводта) басталады. Сөз басында д мен т (сөздіктерде) жарысып қолданыла береді: дерте терте, диірмен тиірмен, дозақ тозак,, дүлей —-түлей, дызылда тызылда, доп топ, дырылда ты-



рылда.

Қосымшалар мен шылаулардың бас позициясында да бұл екі фонема бірін-бірі алмастырып отырады (-дың// -тың, да//та, -дан//-тан, -дай//тай т. б.).



С, з фонемаларын айтқан кезде тілдің ұшы төменгі тіске тіреліп, ортасы аздап ой түседі. Ауа осы тесік арқылы өтіп, үстіңгі күрек тістердің арасынан сүзіліп шығады. Бұл екеуі де сөздің барлық позициясында айтылады. Әрине, с әлдеқайда белсенді. Ол 5527 сездін. басында қолданылса, з — 724 сөзде. С-ның бір ерекшелігі сөз соңындағы дауыссызды жатырқамайды: ал-са, ңара-са, жаз-са, жар-са, жау-са, т. б. Ұяң з орыс тілінде сөз соңында жазылғанмен, с болып айтылуы орфоэпиялық норма болып есептеледі. Қазақ тілінде орыс тілі арқылы енген сәздердің содындағы з айтылып: газ, гипноз, ,карниз, катализ, заказ, колхоз, майонез, протез, қосымша үяң, үнділерден басталады: газға, газды, совхозда, совхозбен, шлюзге.

Сөз ішінде с өзімен іргелес ш, ж дыбыстарыныд әсерінен ш болып ашшы (асшы), шешше (шеш-се), беш-



шелек (бес шелек), бешшыл (бес жыл); ал з өзінен

кейінгі с, ш, ж фонемаларынын. әсерінен с, ш, ж болып:



жасса (жазса), жүссом (жүз сом), ташша (тазша),

жашшы (жазшы), жашшықты (жаз шықты), жүжжыл

(жүз жыл) айтылады.

35

Ш, ж фонемаларын айтқанда тілдің ұшы аздап [с, з-ны айтқандағыдай) көтеріледі де, екі бүйірі жоғарғы тістерге тіреліп тілдің үстіңгі жағы екі жерден таңдайға жуықтайды. Сондықтан бұлар қос фокусты дауыссыздар делінеді. Өзімен қатар келген қатақ с-ны өзіне ұқсатуына негізгі себеп осы ерекшелігі. Мыс, ашша (ас-ша, ашса),қашша, қасша, қашса). Ш бір-ақ сөзде ұяңданады: ренжі (реніш-і).

Бұл екі фонема сөздің барлық деңгейінде (позициясында) айтылады, тек ж сөз соңында аз кездеседі: лаж, таж, талан-тараж, уәж сияқты бірер кірме сөз бен баж, быж, күж, қыж, қож, мыж, быж-тыж, шыж сияқты еліктеуіштер.

Орыс тілінде сөз соңында ж жазылғанмен ш болып айтылады. Қазақ тілінде орыс тілі арқылы енген сөздердің соңындағы ж айтылады: гараж, қорсаз, стаж, морж, тираж, тоннаж, фиксаж, экипаж, блиндаж, дубляж, зондаж, массаж, монтаж және оларға қосымша ұяңнан басталып) (стажды, стажға, гаражда, гараж-бен) жалғанады.



Ш фонемасы көрші дыбыстардың әсерінен өзгермейді. Ал ж көрші с, ш-нын, ықпалына ұшырайды: ташшол (тасжол)( бешшыл (бес жыл), лашшыз (лажсыз).

Әдеби тілде айтылатын с говорларда [27, 90—100] ш-мен алмастырылады: шамал (самал), шортан (сор-тан), ешек (есек), мышық (мысық), беш (бес), жетпіш (жетпіс) т._б



К, г фонемалары тілдін. артқы шенінің таңдайға тіреліп, тез ажырап кетуінен жасалады. Қатан, к дауыссыз сөздің барлық шенінде (5307 сөз) қолданылады, ал ұяң г-ден басталатын сөздер сөз басында аз ұшырайды (667 негізінен кірме сөздер), ортасында актив кездеседі де, соңында мүлде айтылмайды. Орыс тілінен енген сөз-дердің соңында г жазылғанмен (аншлаг, биолог, варяг, геолог, гонг, диалог, идеолог, монолог, педагог, округ, саркофаг, универмаг) айтуда к болады да, жалғанатын қосымша қатаңнан (педагогқа, педагогты, педагогпен) басталады. Қазақ тілінін байырғы сөздерінде бұл екі фонема (к, г) тек жіңішке дауыстылармен ғана қатар тұра алады.

Алайда қазіргі орфографиямыз мұны ара-түра елемей: гауһар, кастрөл, аллауакбар, хакім, хикая, тәкаппар, күнәкар, кәнизәгы, бундестагы, бурлагы варягы, верстагы, галстугы деп, га, ка, ақ, гы түрде жазуға қосады.

36

Жастар жағы жазылуындай айтып та жүр. Бүл әрине, тілге қиянат. Қазақ тілінің табиғи қалпын әсіресе к, г дыбыстарының болмысын айқындауда орыс тілінен ертеректе енген сөздер бұлтартпас индикатор (көрсеткіш) бола алады: бәтеңке ботинка, бөтелке бутылка, бөшке бочка, кәмпит конфета, көпене копна, кәрзеңке корзинка, резеңке резинка, т. б. Дауысты жетегіне көнбеген жағдайда к, г өзі еріп кетуге дайын: доға дуга, алаш калач, арындаш карандаш т. б. Тек кастрөл (кастрюля) ғана илікпей қалған. Бұл — орфография орашолақтығынын, көрінісі.



Орыс тілінен енген сөздерде бұлар жуан дауыстылармен де қатар тұра береді. Орыс тілінде де к, г тілдің, артына таман айтылады.

К фонемасы көрші дауысты, үнді және ұяң дыбыстардың әсерінен көбіне ұяңдап г болып айтылады: шелегі (шелек-і), керегі (керек-і), ойгелді (ой келді), карагөз (қара көз), керегеді (керек еді), көгелтірі (көк елтірі).

Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде” г әрпінен басталатын 421 сөз бар. Оның 361-і орыс тілі арқылы енген сөздер. Ал қалғандары (гауһар, гүл, гу-гу, гуле дегендерден басқалары) к әрпінде қайталанады: гуіл-де куілде, гүж-күж, гүжбан қүжбан, күж-күж, гүмбір күмбір, гүмп-күмп, гүр-күр, гүрс-күрс, гүрсіл күрсіл, гүріл күріл т. б.

Қазақ тілінде бұрын сөздер г-ден басталмаған. Тіпті гүл сөзі күл түрінде: Әйкүл (қазірғі Айгүл), Тойкүл, Қызылкүл, Сарыкүл, Балакүл, Данакүл, Дәнекүл, Айнакүл болып, к ұяңданбай айтылып келді.

Қатаң-үяң болып жұптасып келетін дауыссыздардың екі сыңары да не шүғыл (п-б, т-д, к-г), не ызың (ф-в, с-з, ш-ж) болып келеді.



Қ, ғ фонемаларының айтылу жолы бірдеи емес. Қатаң қ шүғылға, үяң ғ ызыңға жатады. Екеуінің жасалу орны бірдей. Айырмасы тілдің арты жұмсақ таңдайға қ-ны айтқан кезде нық тиіп, тез ажырайды да, ғ-да жуықтап тұрады, кішкене тіл дірілдеп тұрады.

Бүл екі фонема да жуан дауыстылармен ғана айтылады.



Қ фонемасы — қазақ тіліндегі ең актив фонема. Ол сөздің барлық позициясында тұра береді. Қазіргі қазақ тілі лексикасының 14 проценті (8402 сез) осы дыбыстан басталады [17, 21], Ал ғ сөз соңында мулдем кездеспейді, сөз басында 213 кірме сөзде,

37

ал сөз ортасында актив ұшырайды. Қ фонемасы к сияқты көрші дыбыстардың әсерінен ұяңданып (ғ) айтылуға бейім тұрады: қарағой (қара қой), сарығыз (сары қыз), ағала (ақ ала), ағүй (ақ үй), тарағы (тарақ-ы), құлағы (қүлақ-ы).

Қазақ тіліндегі дауыссыздардың бәрі дерлік дауыстылардың ыңғайына қарай жуан, жіңішке бола береді. Ал қ,ғ тек жуан, к, г тек жіңішке дауыстылармен ғана қатар тұра алады. Бұлар өзге дауыссыздардан неге ала бөтен ерекшеленеді?

Қазақ тілі фонетикасының бас оқулығы: "қ мен к бір фонеманың екі түрлі айтылуы (немесе жуанды, жіңішкелі варианты) деп қарау дұрыс емес: жуан дауыстылардың к-мен жапсарласып, жіңішке дауыстылардың к-мен жапсарласып келуі де, жасалу (артикуляциялық орын жағынан бұл екеуі әр қилы болып келуі де (қ тіл арты арқылы жасалады да, к — тіл ортасы арқылы жасалады) бұлардың екі түрлі фонема екенін дәлелдейді: ғ, г-нің де бір-біріне қарым-қатынасы осы тәрізді” [19, 128] — деп үйретеді. Өзге оқулықтар да осыны қағып алып, қайталаумен жүр. Мұның тамыры тереңде жатыр. Өткен ғасырда-ақ бұл төртеуі төрт түрлі таңбаланып, төрт дыбыс турінде танылған болатын. Оқулық соны заңдастырушы ғана деуге болады.

Бұл оғаштық фонологиялық танымның жетімсіздігі нен, сингармонизм заңының сырын жете түсінбеуден қалыптасқанын аңғару қиын емес. Дұрысы, қ мен к біп фонема да, ғ мен г бір фонема. Ә. Жүнісбеков өз еңбекітерінде [43, 52; 46, 42] бұған айрықша тоқталады. Қазақ тілінің дыбыстық құрамына арналған соңғы бір еңбекте [54] “Дауыссыздардың құрамы” (авторы Ә. ңісбеков) дейтін тақырыпта өзімізге тавыс к, қ, г, ғ, х, һ дыбыстары заңдастырылады: к мен қ,г мен ғ, жоғарыда айтылғандай бас-басына фонема бола алмайтыны дәлелденген, ал х мен һ тіліміздің табиғатымен үйлеспейтіні айтылып, дауыссыздардың қатарынан ығыстырылған.

Біз мұны қолдаймыз. Алайда жалпы оқушының дәл осылай қабылдауға дайын емесін ескеру керек. Сондықтан ескі жолмен жылжи отырып, соны сүрлеуден көз жазып қалмауға тырысамыз.



Хорыс тілі арқылы енген сөздердің құрамында ғана кездесетін фонема. Жасалуы жағынан ғ-ға ұқсас. Айырмашылығы ғ = үяң, х - қатаң, ал қатаң қ-дан айырмасы қ- шұғыл, х- ызың.

38

Ол сөздің басында (екі жүздей сөз) көбірек, ортасында (сахара, сахна, тахометр, шах, шахмат, шахта, механик, техника), соңында (цех, чех, феллах) аз кездеседі.



X әрпінін. араб-парсы тілдерінен енген біраз сөзде жазылуы дәстүрге айналды: хат, хабар, хал, халық, хан, асхана, хош, хұқық, хикая, хихмет, ахуал, махаббат, райхан, сахар, сахара, сахтиян. Алайда оның айтылуы жайындағы пікірлерде ала-қүлалық байқалады.

Тіліміздің орфоэпиялық нормасы көп жылдар бойы елеусіз қалып келді. Әлі күнге дейін бүған мектепте мән берілмейтіндігін студенттердің бәрі де мойындайды. Соның салдарынан сөздер мен сөз тіркестерін жазылуы бойынша айту қалыптасты.

50-жылдардың бас кезінде I. Кеңесбаев: “Орыс графикасы негізінде қазақтың әдеби тіліне в, ф, х, ч тәрізді фонемалар енді. Бұл дыбыстар қазақ тілінде бұрын болмаған дыбыстар” [19, 132] — деп жазды. Р. Сыздыкова "Не морфологиялық, не фонетикалық принципке сай келмесе де бірсыпыра сөздерде х әрпі жазылып

кеті: хат, хабар, халық, мұхит, сахна, хана…Бұл сөздердегі х әрпі сөздін. түбірін сақтау үшін, немесе естілуінше жазылып тұрған жоқ” [31, 7—11],— десе, арада он жыл өтпей жатып “х дыбысының

өзін айтқан жөн” [32, 74] — деп түзетті.Орфоэпиялық сөздіктеріміз де осылай түсінеді. Ә. Жүнісбеков мұны дауыссыздарға қоспайтыны жоғарыда айтылды. Ал жазу практикамызға көз салатын болсақ, қазіргі х әрпі кездесетін сөздер алғаш орыс графикасына көшкен кезде байырғы қ арқылы жазылғанын байқауға болады. Мәселен, 1941 жылы жазылған “Қазақ тілінің грамматикасында” алғашқы бетте-ақ “Хабарлы сөйлем” болып тұр (7,4).

Сондай-ақ орфоэпиялық сөздіктерде баиырғы сөздеріміздің құрамындағы б, п кей жағдайда в, ф дыбыстарына жуықтап айтылады дейтін пікір бар және солай етіп берген. Бұған, әрине, келісуге болмаиды.



Һ— бірден-бір көмейден айтылатын фонема. Бұл мынадай сөздерде жазылады: аһ, аһла, гауһар, еһ, еһе, еһеле, жауһар, жаһіл, жаһаннам, жаһат, жаһатта, жаһілік. каһар. каһарлан, қаһарман, мәшһүр, уһ, уһле, шаһар, жиһан, оһ, оһо.

Қарапайым сөйлеу тілінде һ көбінесе қ, к қатандарымен алмасып айтылады: ақылап-үкілеп (аһлап-уһлеп), қаһар — қақар, щаһар — шақар, кеиде тусіріліп те айтылады — мәшүр (мәшһүр,

39

шәр (шаһар). Һ туралы көзқарас жоғарыда айтылады|

Ц, ч фонемалары африкат (косынды) дауыссыздар делінеді.

Ц фонемасы т мен с элементтерінің жымдасқан ( жайқұлаққа олардың жігі сөзіле бермейтін) қосындысы болып келеді. Оны айтқанда тілдің ұшы астыңғы күрек тіске, алдыңғы жағы (усті) үстіңгі күрек тіске (не етіне) нық тиеді де, тез ажырап кетеді.

Бұл орыс тілінен енген сөздердің басында, ортасында мол кездеседі де, соңында (абзац, эрзац) сирек ұшырайды,



Ц үнемі жуан айтылады, көрші тұрған дауыстыларды жуандатып тұрады: цех, цирк, циркуль, цитата, цитрус, цифр. | Ч фонемасы т және ш элементтерінің кірігуінен құралған, алдымен тіл ұшының күрек тіске, одан соң тіл алдының таңдайға тиюінен жасалады, ч африкатымен айтылатын сөздер қазақ тілінде әзірше аз: чек, чекист, чемодан, чертеж, мачта, почта, путч, скетч, бұл әсіресе жалқы есімдерде жиірек кездеседі: Чапаев, Чехов, Чайковский, Петрович, Чкалов.

Ч дыбысын жиі қолдану тілімізде, негізінде, говорларға тән... Қазір Қазақстан жерінің Тарбағатайдан бастап Семей облысының оңтүстік, бүкіл Жетісу, Алатау өңіріне дейінгі аймағы, Каспий жағасындағы Маңғыстау түбегі мен Түрікменстан, ішінара Қарақалпақстан жерін мекендеуші қазақтардың тілінде африкат ч дыбысының осылайша спирант ш-нын орнына қолданылатындығы анықталып отыр” [27, 144]. Ч көбіне сөздің басында (анлаутта) айтылады: чал (шал), чапан (шапан), чыбық (шыбық), челек (шелек), чебер (шебер], чал (шал) т. б. Қысқасы, байырғы сөздерде ч дыбысын қолданбауға тырысу керек.

Үнсіз шүғыл дауыссыздар (б, п, к, қ, г, т, д) дауыстылардың қоршауында ызыңға бейімдеу дыбысталады: Абай, Ақан, апа, ақын, әке, егер, ата, әдеп т. б. Тіпті ақын, бақыт, Ақан сияқты сөздерде қ орыс тіліндегі х- ға жуықтап кетеді. Содан да болу керек жазуда да бахыт, Ахан болып кетіп жатады, яғни мүндай жағдайда шүғылдар босаңдау айтылуға тиіс. Оларды сөз басындағыдай етіп айту, тістеніп тұрған сияқты әсер етеді.



40

ҮНДІЛЕР

Үнді дауыссыздарда салдырдан үн басым болады да, олар (н-нан басқасы) дауыстылар сияқты өзге дыбыстардың әсерінен алмасуларға ұшырамайды.

М фонемасы артикуляциясы жағынан үян, б-мен үқсас. Тек м-да дауыс басым, ауа мұрын арқылы шығады. Үнді м сөздін, барлық позициясында актив қолданылады және өзге дыбыстардың ықпалынан өзгеріске түспейді. Сөз басында 2955 сөзде ұшырайды.

Н фонемасы тіл алдының, үстіңгі күрек тіске (не қызыл иекке) нық тиіп тез ажырауынан жасалады. Тіл ұшы төменгі күрек тіске тіреледі, не сәл жоғарырақ тұрады. Ауа мұрын қуысы арқылы шығады. Н сөздің барлық деңгейінде ұшырайды. Бұл фонемадан басталатын (788) сөздің дені өзге тілдерден енген сөздер. Н өзінен кейінгі көрші п, б, м еріндіктердің әсерінен м: Жампейіс (Жанпейіс), жамбады (жанбады), қаммен (қан-мен), және (қ, к, ғ, г-нің әсерінен ң: жаңға (жанға), кеңге (кенге), сәңқой (сәнқой) болып айтылады.

Ң фонемасын айтқанда тілдің арт жағы жүмсақ таңдаймен жымдасады да, тез ажырайды, ауа мұрын жолы арқылы шығады. Ауаның шығу жолына қарай м, н, ң мұрын жолды үнділер делінеді.

Ң сөз басында мүлдем кездеспейді, ал қалған позицияларда актив қолданылады, бірақ өзгеріске үшырамайды.

Л фонемасын айтқанда тілдің үш жағы үстінгі күрек тіс пен кызыл иекке тіреледі де, орта тұсы ой түсіп, арт жағы жұмсак таңдайға қарай көтеріліп кейін тартылады, тілдің екі бүйірі төмен түсіп ауанын өтуіне мүмкіндік береді. Мұны әдетте қос бүйір фонема дейді.

Л сөздің барлық позициясында ұшырайды және өзгеріске түспейді. Сөз басында (468) негізінен өзге тілдерден енген сөздерде кездеседі.

Қазақ тілінде сөз басында л-дың алдынан келетін қысаң ы, і дауыстылар орфографиялық ереже бойынша (сөз мағынасына нұксан келмейтін болған соң) түсіріліп жазылады. Мәселен: лағу, лаж, лазым, лай, лайық, лақ, лаң, лас, лау дегендер ы-дан, ләм, леген, лекер і-ден басталады да, өлен, жолдарында өз алдына буын құрап тұрады.



Бұл, ол, сол есімдіктері мен ал, бол, кел, қал, қыл, сал етістіктерінің құрамындағы л айтуда, жазуда түсіріліп те колданыла береді:

41

бұ, о, со, ап, боп, кеп, қапты, кепті.



Р фонемасы тіл ұшының альвеолға тиіп, ауаның қарқынымен дірілдеуінен пайда болады.

Бұл фонема сөздің ортасы мен соңында жиі кездеседі. Ал сөздің басында тек өзге тілдерден енген сөздерде ғана кездеседі.

Қазақ тілінде сөз р дыбысынан басталмаған. Сондықтан да өзге тілдердегі р-дан басталатын сөздердің алдынан дауысты дыбыстарды селбестіріп (протеза жасап) айтқан. Осы күнгі орыс (русс) осылай пайда болған. Қазіргі кезде тілімізде р әрпінен басталатын бес жуздей сөз бар. Оның дені орыс тілі арқылы енген сөздер. Оларды айтқанда (орыс тіліндегідей) р фонемасы сақталып айтылады. Ал тілімізге ертеректе енген араб- парсы сөздерінің көбісінің алдынан қысаң (ы, і, ү, ұ) дауыстылар селбесіп қана қоймай, жеке буын құрап (әсіресе өлеңде) тұрады: ы-рас, ы-разы, ы-рақым, і-ренжі, і-рең, і-рет, ұ-рұқсат, ү-рүстем, Ал олардың р-мен жазылуы — орфографиялық норма. “Рас десең, рас сөз мен айтайын”, “Лайла лай оймен тұнығыңды” дегеннің жазылуы мен айтылуына назар аударыңыз.

Й фонемасын айтқанда тілдің ұшы төменгі курек тіске, екі шеті бүйір тістерге тиеді де, ортасы жүмсақ таңдай мен қатты таңдайдың түйіскен тұсына карай көтеріледі.

Бұл фонема сөздің ортасы мен соңында көп ұшырайды. Сөз басында (йод, январь, ядро, янтарь, яхта, юбилей, юмор, юпитер, юрист сияқты) кірме сөздерде кездеседі.



У фонемасының айтылуы орыс тілінен енген дауысты у сияқты, Айырмасы үнді у-ды (сондай-ақ й) айтқанда ауа қарқындылау болады да, салдыр катысады, буын құрамайды.

Бұл фонеманың айтылу орны — сөздің ортасы мен соңы. Сөз басында ол а, ә фонемаларының алдында уа, уағда, уағыз, уай, уайым, уақиға, уақ, уақта, уақыт, уэде, уәкіл, уәлаят, уәж т. б. сияқты санаулы сөздерде ғана кездеседі.



Й және у фонемаларының өзге дауыссыздардан бір ерекшелігі бұлар дауыстыларға бейімдеу. Сондықтан да болар й дыбысын жарты дауысты түрінде қарау кездеседі [7, 19; 1]. А. Байтұрсыновта: “Жарты дауысты дыбыстар: й, у, л, р (6,12).

ІІІ Буын



БУЫННЫҢ СИПАТЫ

Біздін сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене единицалар (бөлшектер)—буындарға ажырайды. Сөздерді, буындарды жеке фонемаларға жіктеу лингвистикалық талдаудың нәтижесі деп қарау керек.

Жанып тұрған май (балауыз) шамға таяу отырып сөйлегенде, ол жалп-жалп етіп тұрады. Мұның өзі сөздің буын жігін аңғартады. Өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан (фонациялық) ауамен тікелей байланысты болады.

Буын - фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Фонетикалық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді.

1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз. Балаларға дегенде, дұрысы бір-ақ дауысты фонема (а) бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан (ба-ла-лар-ға) тұрады. Бір фоне-ма бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді.

2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келіп калады. Мәселен, ат-ты-лар-ға, дейтін төрт буынды сөздің 1-буы-ны (ат)— түбір, 2-буыны (ты) сын есім тудыратын жұрнақ. 3-буыны (-лар)— көптік жалғау, ал 4-буыны (-ға)-~- септік жалғау. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну керек. Буында мағына болуы міндетті емес: ба-ла-ла-ры-на, а-ты-ңа, ке-лі-сі-мі-міз, жар-қы-рай-ды т. б.

3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды (мәселен, ба-ла-ла-ры-мыз-ды, а-на-ла-ры-мыз-ға, қа-на-ғат-тан-дыр-май-ды), не жіңішке буынды (жі-лін-шік-те-рі-не, бөл-ті-рік-те-рін, кү-мі-сі-міз-ді, сән-ден-ді-ріп, бе-ре-ке-лі) болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны:



43

мұғалім, қабілет, қажет, педагог, методика, параллелипед т. б. Буынның жуан, жіңішкелігі казақ тілінде дауыстыларға байланысты.

4. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ, буындар да екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать), кінәз (князь), үстел (стол). Сондықтан да байырғы сөздерді Смаил, Сқақ, Рза, Сланов, Рсалды түрінде жазу тіліміздің табиғатына сай келмейді. Ертеректе енген үстел (стол) осының айғағы. Ал Октябрь революциясынан бергі жерде орыс тілі арқылы енген сөздер (буындар) екі, тіпті үш дауыссыздан да бастала береді: стиль, спорт, станция, студент, процент, транспорт, спринт, стратегия, структурализм т. б. Бұларды осылай және айту — әдеби норма.

Сондай-ақ тіліміздегі байырғы сөздердің (буындардың) соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзінде негізінен еліктеуіш сөздер: былқ, жалп, күңк, күмп, бырт. Мұндай жағдайда қос дауыссыздың алдыңғысы міндетті түрде үнді, соңғысы қатаң дыбыс болады. Ал орыс тілінен енген сөздер (буындар), екі, тіпті үш дауыссызға еркін аяқтала береді: акт, кадр, спорт, пункт, текст, спектр, цилиндр, министр т. б.

5. Қазақ тілінде басқы (сөздің басындағы) буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, калған жағдайда (екінші, үшінші...) буындар дауыстыдан басталмайды.

Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынадай болып келеді:

1) бір дыбысты: а-та, ә-же, а-па, і-ні, а-ла, а-са, о-қы, а, ә, е, о, о-тыр. Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі;

2) екі дыбысты: ба-ла, қа-ла-да, та-за-ла, жа-ға, ой-на, та-за;

3) үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, акт, бөл-шек- тер, тас-тақ;

4) төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт, жылт, кадр, такт, порт.

Тіліміздегі байырғы сөздердің дыбыстық құрамы осы төрт дыбыстан аспайды, Ал орыс тілі аркылы енген сөздерде буын бес, тіпті алты дыбысты да бола алады:

5) бес дыбысты: пункт, спорт, текст, скетч, старг фланг, трест, спирт, стенд;

44

БУЫННЫҢ ТҮРЛЕРІ



6) алты дыбысты: спектр, спринт.

Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ. Жұбанов алтыға ( 3, 164), Н. Сауранбаев төртке [29, 46], С. Кеңесбаев үшке [19, 141] бөледі. Соңғы бөліс (ашық, тұйық, бітеу) барлық оқулықта жүр.

Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді.

Есте дұрыс сақтау үшін буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А, дауыссыздарды В әріптерімен таңбалап, буынның, түрлерін, оның дыбыстық құрамын былай өрнектеп көрсетуге болады.

1. Ашық буын — жеке дауыстыдан тұратын немесе

дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын. Мұның дыбыстық құрамы:

1) А: а, ә; а-на, ә-же, е-не, о-қы, ө-ре, ұ-зақ, ү-кі, ы-дыс;

2) ВА,: ба-ла-сы, бі-лі-мі, де, не, же-лі, та, те, да-ла;

3) ВВА: ста-нок, ста-кан, сти-мул, гра-нат, гра-фа, пра-во, пла-кат;

4) ВВВА: стра-тег, стра-тегия, стра-тификация, стра- тостат, стра-тосфера.



2. Тұйық буын — соңы дауыссызға аяқталатын буын. Дыбыстық құрамы:

1) АВ: ат, ай, ән-детті, ой-ланды, үй, ақ-тар, әл-ден;

2) АВВ: ант, өрт, ұлт, өрт-те, ыңқ-ыңқ, ырс-ырс, акт;

3) ВАВ: бас-тар, бас-тық, тас-тай, бұл-бұл-дар, тақ-тақ;

4) ВАВВ: қант, былқ-былқ, жалт-жұлт, жарқ-жұрқ,қарт, танк;

5) ВАВВВ: пункт, центр, Маркс, фильтр, текст

6) ВВАВ: шкаф, шлаг, шлем, шлюз, крем, штаб, шпал, стаж, граф, хлор, хром, стиль;

7) ВВАВВ: спорт, старт, скетч, трест, стенд, штамп, крест;

8) ВВАВВВ: спектр;

9) ВВВАВ: штрек, штраф, штрих, щприц, стрелька,струк-тура.

Қазақ тілінің дыбыс және буын кұрамына орыс тілінің ықпалын ескеру керек. Егер байырғы сөздеріміздің буын құрамы

45

А, ВА, АВ, АВВ, ВАВ, ВАВВ түрде үшыраса, ендігі жерде мұның саны екі есе артты. Тілімізде бес, алты дыбысты буындар да пайда болды. Сөздер мен буындарымыздың екі-үш дауыссыздан басталып, үш дауыссызға аяқталуы етене құбылысқа айналды, Тілі- міздің дыбыстық құрамы и, у дауыстылары мен в, ф, х, ц, ч сияқты дауыссыздармен толысты. Бір фонеманың өзін ретіне қарай әр түрлі реңде айтуға қалыптастық. Мұның өзі артикуляциялық базамыздың байып, барынша оралымды, икемді болуына жағдай жасады.



Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын (А, АВ, АВВ)| буындар үнемі сөзді бастап тұрады: а, ә, ас, ат, ант, ұлт, ас-қа, ат-қа, ант-ты, ұлт-тық. Сондықтан да бірінші буыннан баска буындар дауыстыдан басталмайды. Оның үстіне қазақ тілінде байырғы буындар қос (екі) дауыссыздан басталмайды дедік. Міне, осы қағиданы еске берік үстаған жағдайда сөздерді буынға бөлу қиын болмайды. “Осы қорытындыға сүйене отырып — деп жазды Қ. Жұбанов отызыншы жылдары,— буын жігін оңай, механик түрде табуға болады. Ол үшін жазылған әрбір сөздің дыбыстарын аяк жағынан бастап шоламыз. Дауысты дыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып (үйткені дауыстының соңында дауыссыз болмай да қалады, біреу де, екеу де бола береді), әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөле береміэ (өйткені сөз ортасында дауыстыдан буын басталмаушы еді ғой). Сонда неше бөлік шықса, сонша буын боладыз [13,339].

Орыс тілінде буынға белудің принципі біршама бөлектеу. Дыбыстар үнділігіне қарай дауыстылар (3), сонорлар (2) және үнсіздер (1) деп ажыратылады да, буын көбіне үлкен цифр мен кішкене цифрдын аралығынан ажырайды. Мысалы: вексель—131132, каска-13113, маска — 23113, вельвет — 13231, паспорт 1311323, костюм— 131131, семестр— 1323113 деген сөздер ве-ксель (13—1132), ка-ска (13—113), ма-ска (23-113), ве-львет (132—131), па-спорт (13—1132), ко-стюм (13—1132), се-местр (13—23112) түрінде ажырайды [51,23].

Қазақ тілі оқулықтарында да тіпті “Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде” де мұндай сөздерді тасымалдаудың жайы айтылмайды. Күнделікті практикада сөз ортасында екі-үш дауыссыздан басталатын кірме буындардыа да жеке дауыссыздан басталып жүргеніі

46

анғарылады. Яғни тіліміздің тарихи дамуы нәтижесінде қалыптасқан заңдылықтар өз күшін сақтайды. Мысалы: век-сель, кас-ка, мас-ка, пас-порт, кос-тюм т. б.



СӨЗДЕРДІҢ БУЫН ҚҰРАМЫ

Тіліміздегі сөздер (сөзформалар) құрамындағы буынның түрлеріне қарай мынадай болып келеді:

1. Бірынғай ашық буынды сөзформалар: а-на-ла-ры-на, қа-ла-да-ғы ке-ле-ді, ба-ла-ла-ры-на, а-па-ра-ды, қа-ра-ма-ды, ө-зе-ні-не, бі-ле-ті-ні, са-на-сы-на, ө-зі-ні-кі, о-қы-са.

2. Бірыңғай тұйық буынды сөзформалар; жат-тық-тыр-ған-дар-дың, тас-тай, жас-тар-дьң, ул-кен-дер-дің, сөй-лес.

3. Аралас буынды сөзформалар -а-на-ла-ры-мыз-дың, айт~қан-да-рын, көр-ге-ні-міз, бі-ле-тін-дер-ге, дәп-тер-ле-рі-міз-дің, қа-на-ғат-тан-ды-рыл-ды, ой-лан-ба-ды, үл-ке- нірек, а-ла-мын.

БУЫН ҚҰРАМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ

Тілдегі әр түрлі морфемалар (түбірлер және қосымшалар) бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеу үстінде көбіне бірнеше морфема бірігіп, түйдек құрап айтылады. Әсіресе жеке буын, тіпті жекелеген дыбыс (ол дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін) түріңде келетін қосымшалар өз алдына қолданылмайтыны белгілі. Олар сөзге жалғанған кезде өздерінің дыбыстық құрамын кейде сақтап, көбіне өзгеріске түсіп тұрады. Мұндайда көбіне дауыссыздан басталатын қосымшалар өз алдына буын құрай алады. Мысалы: а-на-лар-ға, а-на-мыз-дьң, қала-сы-на, ой-ла-ды, ал-ма-ды, жеткіз-бе-ген-дік-тен, үлкен-деу, боз-ғылт т. б. Ал дауыстыдан басталатын қосымша міндетті түрде өзінің алдында тұрған буынның соңғы дауыссыз дыбысын өзіне қосып алады, яғни алдыңғы буынның соңғы дыбысы кейінгі буынның құрамына өтеді, мұны дыбыстың жылысуы деп қараған жөн. Мысалы: ал-а-а-ла (көсемше формалы етістік), ал-ып а-лып (көс.), ат-ы а-ты, ат-ым — а-тым.

Дауыстыдан басталатын қосымшалар жеке дыбыс түрінде, дыбыстардың қосындысы түрінде де болады.

47

Жеке тұрып қосымша бола алатын дауыстылар:

1. -а, -е

1) септік жалғау: ойым-а, ойың-а, сөзім-е, сөзің-е;

2) көсемшенің жұрнағы: айт-а, жаз-а, квл-е, кет-е;

3) сөз тудыратын жұрнақ: сан-а, бос-а, бұлдыр-а, шылдыр-а, тіл-е, мін-е, мөлдір-е, желбір-е;

2. -ы,

1) тәуелдік жалғау: ат-ы, ақыл-ы, ес-і, дәптер-і;

2) сөз тудыратын жұрнақ: бай-ы, шыж-ы, қазақ-ы, кем-і, кең-і, желп-і, көлк-і.

3. -ө, -у, -ұ.

Бұлар жазуда ескерілмейді. Еріндік дауыстысы бар бір буынды сөздерге жалғанатын -е, -ы, -і косымшалары айтуда сөз жоқ ө, ұ, ү түрде дыбысталады: өлө (әл-е), әсә (өс-е), өнө (өн-е), өрө (өр-е)„ ұлұ (ұл-ы,), қолұ (қол-ы), өрү (өр-і), төсү (тө-сі).

Ал дауыстыдан басталатын тұйық буын қосымшалар тілімізде көп.



-ай, ~ақ, -ар, -ат, -ау, -ей, -ек, -ер, -ет, -ес, -еу,

-ЫҚ, -ЫЛ, -ЫМ, ЫН, -ЫҢ, -ЫЗ, -ыр, -ЫС, -ЫТ, -ЫШ,

-ІЗ, -ІК, -ІМ, -ІН, -ір, -ІС, -ІТ, -ІШ т. б.

Сонымен дауыстыдан басталатын қосымша морфемалар алдыңғы буыннын, соңғы дыбысын өзіне қабылдау арқылы көрші екі буынның дыбыстық құрамы да өзгеріске ұшырайды. Мұнын. буындардың сапасына да әсері болады. Мәселен, қол — үш дыбысты тұйық буық Енді осыған -ы, ым, ың тәуелдік жалғаулары жалғанса ко-лы, қо-лым, қо-лың болып, сапалық та, сандық та; өзгеріске ұшырайды.

Мұндай өзгеріс жеке дауыссыз дыбыс түрінде келетін қосымша жалғанғанда да болады. Бұл кезде түбі морфеманын, соңғы буыны көбінесе ашық буын болып келеді: ба-лам (бала-м), қа-лаң (қала-ң), сөй-лет (сөйле-т), қа-рат (қара-т), қа-рал (қара-л), қа-рас (цара-с} т. б.

Ұяңдардан баска дауыссыздардың барлығы да қосымша бола алады. Олар: -й, -к, -қ, -л, -м, -н, ~ң, -п, -р, -с, -т, -у, -ш. Дұрысы, сөйлеуде буыннан кем элемент болмайды. Дауыстыларды селбестірмей дауыссыздардын жалаң өзін дыбыстау мүмкін емес.

48

Мәселен, п дыбысын жеке айтатьш болсақ, -пы немесе -пі (алфавитте пе) деуге мәжбүрміз. Ә. Жүнісбеков тілімізде жалан, дауыссыздан тұратын морфема (сөз, қосымша) болуы мүмкін емес [44, 78; 45, 26] дейді. Бұлардың көбі омоним қосымша. Мәселен: -н: 1) септік жалғау (қаласы-н, уйі-н); 2) етіс жұрнағы (тара-н, ойла-н); 3) сөз тудырушы жұрнақ (бора-н, толқы-н).



Қазақ тілінде қосымшалар түбір морфемаға (түбірге) ғана үстелмейді, алуан түрлі грамматикалық формадағы сөздерге (сөзформаларға) одан әрі үстеле береді. Мұндайда сөзформаның, соңғы буынының дыбыс құрамы құбылмалы болып тұрады, яғни кез келген морфеманың буын құрамы бірде қалпын сақтап, енді бірде өзінен кейін үстелетін морфеманың ыңғайына карай ауыс-түйіс жасап тұрады. Мысалы: сөз, сәз-дер, сөз-де-рі, сө-зі, өе-зін, сө-зі-не, ой, ой-лар, ой-ла-ры, ой-ла, ой-лан, ой-ла-нып, о-йы, о-йың, о-йы-на.

Буындар арасындағы дыбыстық жылысулардың заңдылығын буынның түрлері мен дыбыстық құрамын ескере отырып қарастыру керек болады.



АШЫҚ БУЫН

А буыны (жеке дауысты) әр уақытта сөзді бастаушы буын болады да, келесі буынмен ауыс-түйіс жасамай (а-қыл, а-кылды, а-қылы, а-рыстан, а-рыстандай) қалпын сақтап тұрады.

ВА буыны (дауыссыз және дауысты) сөзформаның әр түрлі позицияларында ұшырайды. Басқы позицияда (көп буынды сөздерде) бұл да ұдайы қалпын сақтап тұрады. М ы с а л ы: қа-ла, қа-ла-лар, қа-ла-мыз.

Соңғы позицияда (көп буынды сөзформада), сондай-ақ жеке сөз (түбір морфема) түрінде келгенде жалғыз дауыссыздан тұратын қосымшаларды өзіне тартып алады. М ы с а л ы: ша-нам (шана-м), а-лай (ала-й), шал-





(сейлестірме-й), деп (де-п), дей (де-й), дер (де-р).

49

ТҰЙЫҚ БУЫН

АВ (дауысты және дауыссыз) буыны. Түбір морфема түрінде жеке және сөздің басқы буынында ғана кездеседі. Түбір морфема ретінде дауыстыдан басталатыі қосымша морфемаларды қабылдағанда құрамындағы дауыссыз қосымшаға жылысады: а-ры (ар-ы), а-рым (ар-ым), а-ғып (ақ-ып), а-ға (ақа-а), е-сі (ес-і), е-сім (ес-ім), а-ша-ды (аш-а-ды), а-шып (аш-ып), а-шық (аш-ық), а-шыл (аш-ыл), а-шыс (аш-ыс).

АВВ (дауысты-дауыссыз-дауыссыз) буыны да түбір түрде және сөз басында ғана айтылады. Бұған да (түібірге дауыстыдан басталатын қосымша қосылғанда; соңғы дыбыс қосымшаға өтеді: ан-ты (ант-ы), ан-тым (ант-ым), ай-тып (айт-ып), ай-та (айт-а), ай-тыл (айт- ыл), ай-тыс (айт-ыс) т. б.

ВАВ (дауыссыз — дауысты — дауыссыз) жеке сөз ретінде де, сөздің барлық позициясында да қолданылады. Жеке сөз және көп буынды сөздің соңғы буыны болып келгенде оның соңғы дыбысы дауыстыдан басталатын қосымшаға жылжиды: ко-лы (қол-ы), қо-лым (кол-ым), кө-зі (көз-і), кө-зің (көз-ің), сондай-ақ кет етістігінен) ке-те, ке-тіп, ке-тер, ке-тіс. Бұл буын кез келген сөзформаның соңында кездесе береді: қа-на-ғат; қана-ғат-ты, қанағат-тан, қанағат-та-на, қанағат-та-нып, қанағаттан-ған, қанағаттан-ға-ны, қанағаттан-ға-ным.

ВАВВ (дауыссыз — дауысты — дауыссыз — дауыссыз). Бұл буын жеке сөз түрінде негізінен еліктеуіш қала берді азын-аулақ есім сөздер (қант, жент, булт, кілт сияқты) болады. Бұлардың соңындағы қос дауыссыздын, алдыңғысы үнді, соңғысы қатаң болуы міндетті. Сөздің басқа (қан-ты, бұлт-тар, жент-ті) және сөзфор-маларда соңғы буын (жө-нелт, қа-райт, сар-ғайт, се-мірт, кү-кірт, күң-гірт) бола алады. Ал бұларға дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда соңғы қатан дыбысы қосымшаға өтеді: тар-сыл (тарс-ыл), гүр-сіл (гүрс-іл), жыл-тыл (жылт-ыл), бұл-тың (бұлт-ың), қан- тым (қант-ым), жен-ті (жент-і), қарай-та (қарайт-а), бұл-ты (бұлт-ы), жөнел-тіп (жөнелт-іп), сарға-йып (сарғай-ып).

Бұл қарастырылған буындар тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездеседі. Сонда ашық буындарға жалаң дауыссыздан тұратын қосымшалар қосылғанда: тұйық буын пайда болады да, түйық буындарға дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда

50

буын соңындағы дауыссыз косымшаға өтеді. Қысқасы, қарым-қа-тынаска түскен буындар өзінің бастапқы қалпын (дыбыстық құрамын) бірде сақтап, енді бірде өзгертіп отыруға мәжбүр болады.

| Бұл заңдылықтар орыс тілі арқылы енген сөздердің

құрамындағы буындарға да қатысты: маши-нам, уни-версите-ті, институ-тың, т. б. Алайда қосымша жалғану кезінде соңы қос дауыссызға біткен кейбір буындардың дыбыстық құрамында байырғы буындарда мүлдем байкалмайтын өзгерістер де ұшырады. Ондай қос дауыссыздарға мыналар жатады: нд, мп, кт, нг, мб, ск, фт және сс, лл, кк, тт, мм, сондай-ақ ст, сть, зд. Бұл бас

асаулықты байырғы буындарымыздың мұндай дыбыс

тіркестеріне аяқталмайтындығынан деп қарау керек.

Енді әлгі дыбыс тіркестеріне аяқталған буындарды қарастырайық.

1. Соңғы буыны нд, мп, кт, нг, мб, ск, фт сияқты қос дауыссыздарға аяқталған сөздерге дауыссыздан басталатын қосымша қосылғанда олардың аралығында қысан ы, і дәнекері пайда болады, қос дауыссыздың соңғысы дәнекер дыбысқа жылысады да, жеке буын қүрайды: фон-ды-ға, фон-ды-дан, фон-ды-сы, шриф-ті-ге, штам-пы-лау, фак-ті-ге, митин-гі-ге, объек-ті-лер, объек-тілер-ром-бы-ның, киос-кі-ге, киос-кі-лер [16, 12].

Ал дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда байырғы буындардан ерекшеленбейді: фон-ды, фон-дың, шриф-тім, штам-пы, объектім, митин-гің, ром-бым, киос- кің.

2. Соңғы буыны сс, лл, тт, мм сияқты қосарлы дыбыстарға аяқталған сөздерге қосымшалар (басқы дыбысы дауысты да, дауыссыз да) жалғанғанда біреуі мүлде түсіп қалады: класс — кла-сы, кла-сым, клас-қа, клас-ты, металл — мета-лы, метал-дар, метал-ға, кило-ватт — кило-ват-тар, грамм — гра-мы, грам-ға. Ал жал-қы есімдерде түспейді: Донбасс — Донбассқа, Гримм- нің [16, 12].

3. Соңғы буын ст, сть, зд дыбыстар тіркесіне аяқталған сөздерге қосымша жалғанғанда, соңғы дауыссыз түсіп қалады: текст текс-ке, текс-тер, трест, тірес-тің, тре-сіне, ведо-мость ведомос-қа, ведомо-сы, съезд съез-ге, съе-зінің, поездпоез-бен, пое-зына, коммунист, коммунис-тік, коммунис-ке [16, 12].

51

СӨЗДІҢ БУЫН САНЫНЫН, АРТУЫ МЕН КЕМУІ



Сөздің (сөзформаның) буын саны тарихи даму барысында, әр түрлі фонетикалық жағдайларға байланысты артып не кеміп отырады. Мұның біріншісі, негізінен кірме сөздерді фонетикалық жақтан игерумен байланысты болса, екіншісі тілде қалыптасқан неғұрлым байырғы сөздердің құрамында кездеседі.

Кірме сөздіқ әр түрлі позицияларында тілдін, қалыптасқан дыбыстық жүйесіне сәйкес келмейтін кейбір жеке дыбыстар мен дыбыс тіркестерінің болуы заңды. Ондай сәйкессіздіктерді реттеу үшін кейде сөздің құрамындағы жеке дыбыстарды түсіруге немесе жаңадан дыбыс қосып айтуға, төл дыбыстармен алмастыруға тура келеді. Тілімізге араб, парсы тілдерінен ертеректе енген сөздер бұған дәлел. Олардың фонетикалық жақтан игерілгені сонша, көпшілігінің кірмелігі аңғарылмайды. Мәселен, бөкебай, бөрене, бөтелке, доға, кәмпит, көшір, қамыт, қарындаш, пұт, пүліш, пеш, сәтен, сиса, сом, сот, теңге, түрме, самауыр, сөтке.

Кірме сөздерді игеру үстінде бұрын бар дауыстыны түсіру, жаңадан қосып айту буын құрамын кемітуге немесе арттыруға мүмкіндік тудырады. Мәселен, қазі күнделікті тілімізде жиі қолданылып жүрген анкет, газет, контор, минут, пар, секунд, фанер, цифр, шахмат координат, шпал т. б. сөздер орыс тілінде анкета, газета контора, минута, пара, секунда, фанера, цифра, коорди ната, шпалы түрінде айтылып, жазылатыны белгілі. Соңғы екпін түспейтін дауыстының біздің тілімізде айтылмауы бір буынның кемуіне мүмкіндік береді.

Қерісінше, кірме сөздердің буын санының артып кетуі де тілімізде кездесетін құбылыс.

Қазақ тілінде ғ, г ұяңдары сөз аралығында жиі айтылғанмен, сөздің басында және соңында айтылмаған, Бұл позицияларда кірме сөзде кездесетін болса, не түсіріліп немесе қатаң сыңарларымен алмастырылған. Мәселен, күні кешеге дейін қарт кісілердің гүл сөзін күл түрінде айтып келгенін білеміз. Қазір бұл дыбыстарды сөз басында айта береміз. Сондай-ақ үнді дыбыстардан басталатын сөздеріміз де аз. Соның өзінде м, н болмаса, қалғандарынан (л, р, н, й, у) басталатын байырғы өездер аз. Содан да болар л, р дыбыстарынан басталатын кірме сөздердің алдынан міндетті түрде қысаң дауыстылар (ұ, ү, ы, і)жамалып айтылады. Тіл білімінде мұны протез деп атайды.

52

Араб-парсы тілдерінен енген сөздерде бұл айқын сезіледі. Өлең жолдарында өз алдына буын құрап тұрады. Мәселен: “Рас десең, рас сөз мен айтайын” (“Бекболат” дастаны) деген жолды ы-сыз айту мүмкін емес, өйткені екі буын кем болып қалады. Сол сияқты: “Малға сат, пайдаға сат кылығыңды, Ылайла ылай оймен тұнығыңды” (Абай), мұнда да жазылу нормасына лайықтап, лай деп (ы-сыз) айту өрескелдік болар еді. Қысқасы, қазіргі л, р әріптерінен басталатын бірсыпыра сөздердің басында қысаң дауыстылардың айтылатыны даусыз. Олар: ы-лағу, ы-лай, ы-лайық, ы-лайым, ы-лақ, ы-лаң, і-леген, і-лекер, і-ләм, ы-лас, ы-лау, ы-рабайсыз, ы-рай, ы-рақмет, ы-рақат, ы-рақым, ы-рамазан, ы-рас, і-рәсуа, і-реніш, і-рең, і-рет, ұ-ру, ұ-рүқсат, ұ-лүқпан, Ү-рүстем.



Ал лақ етті, лау етті, лық ете калды дегенде лақ, лау, лық еліктеу сөздер: ешқандай протезасыз айтылып тұр.

Орыс тілінен енген сәздерде протеза әсіресе р дыбысының алдында көбірек байқалады. М ә с е л е н, і-резеңке, І-ресей, Ұ-россия. Алайда казіргі сауатты қауым л, р дыбыстарынан басталатын сөздерді протезасыз айтады деуге болады. Айтуда да, жазуда да бірден-бір протеза сақталған сөз — ол орыс сөзінің өзі: айтылуы — о-рұс (русс): Мұны көненің көзі (реликт), тілдің табиғи өзі десе де болады. Осылай және бір сақталған сөз — үстел. Айтылуы — үстөл (стол). Алайда бұл сез қазіргі тіл тұтынушылардың қолдануында стол түрінде көбірек айтылып, жазылып та жүр. Мұның өзі тіл мәдениетіне мән бермеудің салдары екені айкын.

Тілімізде сөз де, буын да қос дауыссыздан басталмайды. Ондай кірме буындарды не алдынан, не арасында қысаң дауыстылар айту арқылы төл буынға айналдыратын болған. М ы с а л ы: ыс-тақан (стакан), ыс-тан-ция (станция), ті-рәктір (трактор), ме-тір (метр), ли-тір (литр). Бұлардың қазіргі әдеби тілде айтылуы да, жа-зылуы да осы күйде норма болып қалғандары: протеза түрінде — үстел, ал эпентеза түрінде — бө-рене (брев-но),же-ребе (жребий), кереует (кровать), кінәз (князь) сияқты сөздер.

Сондай-ақ эпентеза қүбылысының нәтижесінде сөздің соңында артық буын пайда болатыны жоғарыда айтыл-ы: фон-ды-ға, киос-кі-ге, шриф-ті-ге, штам-пы-лау, фак-ті-ге т. б.

Буын санының кемуі, әсіресе байырғы сөздерге тән

53

құбылыс деуге болады. Осы күнгі қосымшалардың көпшілігі бір кездегі толық мағыналы сөздердің дыбыстық: (буын) жақтан ықшамдалуынан (кемуінен) жасалғаны белгілі. Бұған әлі де ізі суымаған факті ретінде -тын, -тін жұрнағы мен көмектес септіктің жалғауын айтуға болады.



Тұрған сөзі ықшамдалып -тұғын, одан -тын, -тін жұрнағына айналса, бірлән сөзінен -менен, пенен, одан -мен, пен жалғауы шыққан.

Қейбір кіріккен сөздердің буын жағынан ықшамдалып жасалғаны айқын: әкел (алып кел), апар (алып бар), әкет (алып кет) сөйт (солай ет), бүйтіп (бұлай етіп) щайтіп (қалай етіп), әрмен (әрі таман), бермен (бері таман).

Буындардың кему құбылысы әсіресе сөз бен сөздің, буын мен буынның арасында көбірек ұшырайды. Осы күнгі сосын [16, 300] формасы содан соң сөздерінің ықшамдалуынан пайда болған.

Жалғаулардың түсіп айтылуы жиі кездесетін құбылыс. Яғни мұнда да сөздердің буыны кеміп, ықшамдалады деген сөз.

Есімшенің өткен шақ (-ған, -ген) және көсемшенің келер шақ (-а, -е) формалары жіктіктің жекеше, бірінші жағында айтуда да, жазуда да бір буыны кеміп калатыны бар: бар-ғам (барғанмын), барам (барамын), келгем (келгенмін), келем (келемін).

Сондай-ақ ал, бол, кел, қал, сал, қыл етістіктері көсемшенін, өткен шақ (-ып,-іп) формасында ап (алып), боп (болып), кеп (келіп), қап (қалып), сап (салып), қып (қылып) түрінде бір буыны кеміп айтылуы және жазылуы жиі ұшырайды. Бұлар әсіресе М. Әуезов, С. Мұқанов, I. Есенберлин, Ә. Нұрпейісов шығармаларында көп кездеседі.

Қазақ тілінде сөз ішінде екі дауысты қатар келмейді. Бұл заңдылық бір тіркеске еніп айтылатын күрделі сөздерге де қатысты. Мұндай сөздердің аралығында қос дауысты қатар келгенде айтуда міндетті түрде біреуі түсіп қалады. Мұны тіл білімінде элизия дейді. Мысалы: қарағаш (қара ағаш), сарағаш (сары ағаш), өлара (өлі ара), қарала (қара ала), сарала (сары ала), жүралмады (жүре алмады), айталмады (айта алмады) т. б.

Сондай-ақ дауыстыдан басталатын қосымша қосылғанда кейбір екі буынды сөздердің екінші буынындағы

54

қысаң дауыстылар түсіп қалады да, буын кемиді: орын орна (орын-а); орны (орын-ы), орным (орын-ым), орнық (орын-ық), т. б. Мұндай құбылысты қазак тіл білімінде редукция деп жүр. Дұрысы редукцияға ұшыраған дыбыс жоғалмайды, әлсіреп, көмескіленіп айтылады. Ал орны, мұрны, аулы деген сияқтыларда бір буынның мүлде айтылмайтынын, із-түссіз кететінін аңғару қиын емес.



Қысаң дауыстылардың көмескі айтылуы, түсіп қалуы сөздерде жиі ұшырайды. Мәселен, кішкене (кіш(і)кене), сарғай (сар(ы) ғай), келсап (келі сап), бөржар (бөрі жар), өшшер (осы жер), ошшақ (осы жақ) т. б.

Ал сөйлемді аяқтап тұратын үшінші жақтағы көсемше формалы (-а, -е, -й,) етістіктің соңындағы дауыстының түсіріліп айтылуы норма деп танылады. М ы с а л ы: барат (бара-ды), келет (кел-е-ді), түрат (түр-а-ды), жетет (же-те-ді). Өлең жолдарында буынның қажетті-лігіне қарай бұл буын түсіріліп те, түсірілмей де айтылады. Салыстырыңыз:



Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар,

Өзеннен рақат тауып басылады.

(Ы. Алтынсарин).



Ақ үйге ай сәулесі нұрын төгед(і),

Шапи қыз сәлем айтып келсін деп ед (і),

Шомылған айдын көлде аққудай боп,

Бұраң бел сылаң қағып шыға келед (і)

(Халық әні).

Қысқасы, сөздің кұрамындағы буындар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болады да, бірде артып, бірде кеміп отырады. Мұның өзі сөзге, қала берді, тілге оралымдылық, динамизм беретіні айқын.

IV Дыбыстардың үндесуі



ҮНДЕСТІҚ ЗАҢЫ

Адамның тілі — дыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы дыбыстардың тіркесі, тізбегі арқылы білдіреміз. Алайда дыбыстардың өзара тіркесуінде әр тілдің езіне ғана тән белгілі бір қалыптасқан

55

заңдылық, жүйе бар. Фонетиканы жақсы меңгергенде ғана мұны аңғаруға, айқындауға болады. Мәселен, қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның немесе сөз бен сөздің аралығында қатан, қ, к, п дыбыстарының дауыстылармен (сондай-ақ үнді, ұяңдармен де) қатар тұру мүмкіндіктері жоқ деуге болады. Ал морфемалардың1 құрамында бұлар қатар тұра да, айтыла да береді: апа, әке, ақыл —еке (Асеке, Қалеке, басеке). Мұны тарихи дамудың нәтижесі деп түсіну керек.



Әсіресе морфемалардың аралығында (мұны жігінде, жапсарында деуге болады) қатар келген дыбыстар (буындар) бір-біріне әсте немқұрайды қарай алмайды, олар акустика-артикуляциялық жақтан үнемі бір-біріне жуықтап, өзара үйлесіп, тіл табысып тұрады. Қазақ тілінде көбіне алдыңғы дыбыс (буын) өзінен кейінгі дыбысқа (буынға) ықпал етіп, игереді. Мұны тіліміздегі қосымшалардың көп вариантты болып келуінен көруге болады. Мәселен, бір ғана көптік жалғауы тоғыз вариантта ұшырайды. Оның алтауы (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер) орфографиялық норма болып есептеледі де, қалған үшеуі айтуда ғана кездеседі. Олар: -лөр (үй-лөр, түр-лөр), -оөр (күн-дөр, түн-дөр), -төр (шөп-төр, көш-төр). Бір жалғаудың бұлайша көп вариантты болып келуі сөздің соңғы буынына және дыбысына байланысты болады да, тіліміздің тарихи дамуының нәтижесі түрінде танылады.

Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән, өзімізге мектептен таныс, негізгі үндестік заңдар мынадай болып келеді:

1. Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды болады: мал-шы-лық-та, ал-дыр-ың-дар, инс-титут-тар-дың, қала-лык,-тар-ға, республика-мыз-дың, жылқы-лар-ымыз.

2. Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын косымшалар да жіңішке буынды болып келеді:



1 Морфема (грек. могрһе — форма)—сөздін. лексикалық не грамматикалық мағынасы бар ең кішкене бөлшегі. Ол қазақ тілінде негізгі түбірге немесе қосымшаға тура келеді. Мәселен, ег-ін-ші-лер-діқ, мал-шы-лар-ы-н деген сөздердің әрқайсысы бес морфемадан құралған. Сонда ек және мал түбір морфемалар да, қалғандары қосымша морфемалар. Бұл түбір, қосымша түрінде де қолданыла береді.

56

мек-теп-тер-ің-ді, кел-тір-ің-дер, университет-ім-ді, пио-нер-лер-дің қате-лік-тер-ді, мұғалім-дер-ге.

3. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар үнді не үяңнан басталады: бала-лар, бала-ға, бала-да, бала-мен, жел-дің, жел-ге, жел-мен.

4. Түбірдің соңғы дыбысы үяң болса, қосымша ұяң-нан басталады: қаз-дар, қаз-ға, жез-ге, жез-ді, мүқтаж-дық, уәж-дер, уәж-ге, уәж-ді, уәж-ден.

5. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша да қатаңнан басталады: мақсат-қа, мақсат-тан, маңсат-пен, университет-те, университет-пен.

Бұл заң әсіресе түбір мен оған жалғанатын жалғаудың арасында жақсы сақталады. Ал жұрнақтар туралы бүлай деу бір жақтылау болып шығады.

Қысқасы, морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.

Дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы — қазақ тілі фонологиясының ең өзекті мәселелерінің біріне жатады. Дыбыстардың акустика-артикуляциялық сипаттарын накты білгенде ғана бұл заңдылықты жақсы аңғаруға және түсінуге болады. Олай болса, тіліміздегі дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп бөлу, оларды сан және сапа жағынан айқындау, әр дыбысқа тән белгі-қасиеттерді мүқият оқып үйрену — алдымен осы дыбыстардың үндесу заңдылықтарының сырын, сипатын білуге, айқындауға қажетті бірден-бір тетік, кілт деп қараған жөн.

ДЫБЫСТАРДЫҢ АЛМАСУЫ

Тілдің ауызша формасында дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп, жымдасып қолданылады. Егер айтуда осы үндестік сақталмай, бұзылатын болса, мұның өзі айтылуы мен жазылуының арасын парықтай алмаудан туады. Өйткені жазу сөздің_ айтылуын дәл бере алмайды. Оның үстІне морфологиялық принцип басшы-

лыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдін. соңғы дыбысы көбіне өзгеріссіз жазылады. Мысалы, жан етістігінен өрбитін жанды, жанбады, жанған (жок) сиякты формаларда түбірдің бастапқы калпы

57

сақталып жазылады. Алайда осындағы н әрпі үш сөзформада үш түрлі дыбысталады. Тілдің табиғатын, фонетикалық заңдылықты жақсы білгенде ғана мұның себебін нақты білуге, түсіндіруге болады.

Егер әлгі сөзформалардың құрамындағы нб, нғ тіркестерін дәл осылай (жазылуындай) айтатьш болсак, тіліміздің ғасырлар бойы дамуының нәтижесінде калыптасқан үндестік заңына нұқсан келеді. Бұл заң бойынша нб, нғ тіркесі дауыс қатысы жағынан сәйкес келгенмен, айтылуы (артикуляциясы) жағынан оралымсыз; сонда қос ерін б өзінің алдында тіл алды н-нен гөрі қос ерін м тұруын, ал тіл арты ғ өзінен бұрын тіл арты ң тұруын талап етеді. Соның нәтижесінде нб тіркесі мб (жамбады), нғ тіркесі ңғ (жаңған) болып айтылады, яғни н дыбысы бірде м, енді бірде н дыбысымен алмасады. Әдетте мұндайда н дыбысы м немесе ң дыбысынан өзге-реді деп айту жиі кездеседі. Бұл жерде ол (н) жағдайға байланысты уақытша орнын берді. Ал оны алмастырған м, ң дыбыстарының да осы тұрысында (жамбады, жаңған) ешқандай фонематикалық мәні жоқ.

Сондай-ақ: қарағой (қара қой), ағешкі (ақ ешкі), ағжүн (ақ жүн), қабы (қап-ы), жаспала (жас бала), тарағы (тарақ-ы) дегендер де дыбыс алмасулары деп қарау керек.

Мұндағы алмасулар (қ — ғ, п б, б п) көрші дыбыстардың бірін-бірі дауыстың (салдырдың) қатыеы жағынан игерудің нәтижесінде болып тұр.

Қысқасы, морфемалардың жігінде. қатар келіп, акустикалық немесе артикуляциялық жақтан тіл табыса алмаған жағдайда дыбыстардың бірі (күштісі) екішісін (әлсізін) өзіне жуық басқа дыбыспен алмасуға мәжбүр етеді.



Алмасу — альтернация (лат. аltегпаtіо — орысша чередование)—әр түрлі сөзформалардың кұрамында кездесетін бір морфеманын бір дыбысының көрші дыбыстың әсерінен баска дыбысқа өзгеруі. Әңгіме морфеманың дыбыстық құрамы туралы болғандықтан, мұның өзі морфологиянын да объектісі бола алады.

Мұны былай түсіну керек: жан, жанбады, жанған — үш түрлі сөзформа; олардың лексикалық мағыналары бірдей, себебі түбірі (жан) ортақ. Сондықтан оның (түбірдің) дыбысталуы да бірдей болеа керек еді. Алайда бірдей емес. Біріншісінде — н, екіншісінде — м, үшіншісінде -ң дыбысына аяқталып тұр.



58

Яғни үш сөзформаның құрамында кездесетін бір морфема (жан) үш түрлі дыбысталады. Алмасу туралы бір морфема кемінде екі түрлі айтылған жағдайда ғана ойлауға болады. Осы тұрғыдан жал, шал, сал дегендерде ж, ш, с алмасып тұр деуге болады (өйткені бұл дыбыстар өзара алмасуға бейім келеді), Деуін дегенмен, бұлай “алмасуда” ешқандай мән-мағына жоқ. Өйкені олар бір-біріне еш туыстығы жок, әр түрлі морфемалар (сөздер). Сондай- ақ: палуан — балуан, палау-~балау, пайым-байым сөздерінің басқы дыбыстары алмасып тұр деуге болар еді (б-п алмасқыш дыбыстар) Алайда алмасуға берілген анықтамада айтылғандай, бұл кұбылыс “көрші дыбыстың әсерінен” болатыньш есте сақтау керек. Ал па- уан — балуан екі түрлі айтылатын болса, ол баска дыбыс-тардың ықпалынан: болып тұрған жоқ. экстралингвистикалық жағдайдан туған сәикестік. Бұлармен салыстырғанда әр түрлі қосымшалар мен кеибір шылаулардын (да, де, та, те,қой, ғой, қана, ғана) басқы дыбысының құбылып келу себебін үндестік заңы тұрғысынан оп-оңай түсінідіруге болады.

Сонымен дыбыстық алмасу -- фонетикалық жағдайдың (көрші дыбыстардың) нәтижесі мұны комбинаторлық (лат. соmвіһаге—-біріктіру, тіркестіру) немесе позициялық (лат. роsіtіо -_ жағдай, шеп) өзгеріс деп те атайды. Ал сәйкестік спонтанды (лат. sроntаnеus —кенет пайда бояған, байланыссыз) өзгеріс түрде таны- лады.

ЫҚПАЛДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Үндестік заңы көрші дыбыстар мен буындардың бір- біріне ықпал етіп, бірінііц екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді. Ықпал негізінен морфема мен морфеманың аралығында (жапсарында) қатар келген дыбыстар мен буындардың арасында болады. Ал морфеманың өз ішіндегі дыбыстар мен буындар (көп буынды сөзде) тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан құйма деп қараймыз да, сол дайын күйінде танимыз. Сонда тубір морфеманың соңғы буыны қосымша морфеманы (бұл көбіне бір буынды болып келеді) тілдің катысы жағынан жуан немесе жіңішке етіп игеріп тұрады: дала-ның, дала-ға, университет-тің, университет-ке, қасиет-ті, қасиет-і. Сондай-ақ ерін қатысы жағынан да ықпал ете

59

алады: үй-гө, үй-дү, үй-дүң, үр-үп, үр-дү, үр-ө, өс-үр, өс-үп. (Буындардың бір-біріне ықпалы сингармонизмде айтылады).



Дыбыстардын. бір-біріне етер ықпалы негізінен екі түрлі болады: а) дауыс (салдыр) қатысына қарай және ә) айтылу орнына (артикуляциясына) қарай.

Қазақ тілінде морфемалар жапсарында қатар келген дыбыстардың көбіне алдыңғысы (яғни алдыңғы морфеманың соңғы дыбысы) кейінгісіне (яғни кейінгі морфеманың басқы дыбысына) дауыс (салдыр) қатысы жағынан ықпал етіп, өзіне бағындырып тұрады.

Мұндайда дыбыстардың күшті не әлсіз болуы ондағы дауыстың мөлшеріне байланысты. Дауыстылар тоннан жасалатындықтан әрқашанда басқа дыбыстарға ықпалын жүргізеді. Бұл жағынан үнділер де қалыспайды. Олар да дауыстылар сияқты үнсіз дауыссыздарға күштілік жасайды. Дауыс қатысы жағынан ең әлсізі қатаң дауыссыздар. Олар өзара болмаса, басқа дауыссыздарға (үяң б дыбысынан басқасына) толық ықпал ете алмайды.

Түбірдің соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысын дауыс (салдыр) қатысы жағынан әрқашанда тәуелді етіп, игеріп тұрады. Үндестік заңында дыбыстардың осы қасиеті қатты ескеріледі. Күшті дыбыстар әлсіз дыбыстардан кейін тұрыпп та ықпал ете береді: қабы (қап-ы), тарағы (тарақ-ы), күрегі (күрек-і).

Көрші дыбыстар айтылу орны жағынан да бір-біріне азды-көпті ықпал етіп тұрады. Кейде ол дыбыстардың алмасуына себепші болады: жаңған (жан-ған), жамба-ды (жан-бады), ашшы (асшы), ашша (аш-са).

Дегенмен түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген дыбыстар алдын ала ыңғайласып, үйлесіп келетіндіктен дыбыс алмасулары да онша кеп емес. Бұларға қарағанда сөз бен сөздің жапсарындағы дыбыстар көбірек алмасуға ұшырайды. Олай болатыны, лексикалық единицалар (сөздер) қосымшалар сияқты көп вариантты емес, олар сөйлеу актісінде өзара жымдасьш, үйлесіп айтылады.

Алмасу фонетикада негізгі және алғашкы түсініктердің біріне жатады. Алмасу болу үшін көрші екі дыбыстың (буынның) күштісі әлсізіне акустика-артикуляциялық жақтан ықпал етіп, өзіне бейімдеп, игеріп түрады. Бүл комбинаторлық (игерулі) алмасу делінеді.

Көрші дыбыстардың (буындардың) бірі игеріп, екіншісі сонын, ықпалына көніп, игеріліп тұрады. Игерудін, өзі екі түрде болады: а) толық игеру — дәл өзіндей ету; ат-ты, кес-се, тарақ-қа, қап-пен, ашшы (ас-шы), ашша (аш-са), жасса (жаз-са), жұжжыл (жүз жыл), жаш-шықты (жаз шықты), белбеу (белбау), ышқыр (іш құр), бүгін (бұл күн), сексен (сегіз он),; ә) жартылай игеру — өзіне жуықтату —бейімдеу: ат-қа, кес-ті, тарақ-ты, қап-қа, ас-ты, аш-ты, жаз-ды. Игеру бар жерде үнемі алмасу бола бермейтіні есте болуға тиіс. Өйткені көрші дыбыстар біріне-бірі алдын ала ыңғайланып, үйлесіп келеді, тек олай болмаған жағдайда ғана алмасуға мәжбүр болады.

Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады:

1. Прогрессивті (ілгерінді) ықпал— алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі.

Бұл — бүкіл тіліміздің табиғатын танытатын негізгі заң. Қөрші дыбыстардың алдыңғысы кейінгісін үнемі дауыс (салдыр) қатысы жағынан тәуелді етіп, игеріп тұрады. Сөздеріміздің бірыңғай жуан буынды немесе жіңішке болын келуі де прогрессивті ықпалға негізделген.

2. Регрессивті (кейінді) ықпал — прогрессивті ықпалға қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.

Соңы қ, к, п қатаңдарына біткен сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда әлсіз қатаңдар күшті дауыстылардың регрессивті ықпалына ұшырайды: тарағы (тарақ-ы), күрегі (күрек-і), қабы (қап-ы), Регрессивті ықпал күрделі сөздердің (әсіресе, кіріккен, біріккен түбірлердің) буындары арасында жиі кездеседі: бүгін (бұл күн), әкел (алып кел), ышқыр (іш қүр), бүйтіп (бұлай етіп), сөйтіп (солай етіп), нағып (не ғып), бүйдеді (былай деді), сүйдеді (солай деді), Шімкент (Шымкент), Тәшкен (Таш-кент).

Дыбыстар акустикалық жақтан үндескенмен, артикуляциясы жағынан үйлеспей қалуы мүмкін. Мүны регрессивті ықпал реттейді: жамбады (жан-бады), сөжжоқ (сөз жоқ), сөшшең (сөз-шең), сөңген (сөн-ген).

Прогрессивті және регрессивті ықпалды былай да түсінуге болады: “Түбірдің дыбыстары мен қосымша дыбыстарының үндесу бағыты екі түрлі: бірінде — түбірдін. соңғы дыбысының, не соңғы буынының ауанына қарай, қосымша дыбыстары өзгереді; екіншісінде — қосымша дыбыстарының ықпалымен түбір

61

дыбыстары өзгереді. Алдыңғысын ұмтыла үндесу дейміз де, сонғысын тартына үндесу дейміз” [13, 196].



3. Тоғыспалы ықпал — көрші дыбыстардын, ілгерілі-кейінді қарсы әсері. Әдетте, мұнын, өзі екі-ақ жағдайда, оның өзінде де сөз бен сөздің арасында ұшырайды: а) Амаңгелді (Аманкелді), қаңғызыл (қан қызыл), оңғой (он қой), меңгелдім (мен келдім), оңғап (оң қап), оңғабат (он қабат), күңгөрдү (күн көрді), күңгешті (күн кешті); ә) Дошшаран (дос-жаран), құшшолұ (қүс жолы), қашшақсы (қас жақсы), кошшан (қос жан), бешшүз (бес жүз).

Сөйтіп, көрші дыбыстардың көбіне алдынғысы кейінгісіне, кейде кейінгісі алдыңғысына, ара-тұра ілгерілі-кейінді ықпал етіп, бірін-бірі игеріп, біріне-бірі бейімделіп тұрады. Қөрші буындардын, арасында да осыған ұқсас ықпалды аңғаруға болады. Тек тоғыспалы ықпалға ұшырап, екі буынның бірдей өзгеруі байқалмайды.

Бір-біріне ықпал етіп, үндесетін дыбыстар морфемалар аралығында қатар келген жағдайда ғана болады дедік. Соның өзінде кез келген сөз бен сөздің (яғни кейінгі морфема сөз түрінде келгенде) аралығындағы дыбыстар (буындар) ықпалға ұшырай бермейді. Тек көрші сөздер өзара фонетикалық қатынаста айтылғанда ғана ықпал туралы айтуға болады.

БУНАҚ ЖӘНЕ ЕКПІН

Адам өз ойын сөйлем арқылы білдіретіні белгілі. Сөйлем сөздерден тұрады. Сөйлеу кезінде сол сөздер кейде жеке тұрып, көбіне екіден, тіпті үш-төрттен топ құрап айтылады. Мысалы, Үш күндік жолдың бүгінгі соңғы күніне шәкірт бала барын салды. (М. Әуезов). Осында үш күндік жол, соңғы күн, шәкірт бала, барын салды дегендер өзара тіркесіп, топ құрап тұр. Сөйлеу кезінде де бұлар жұбын жазбай, әрқайсысы өзіндік ырғаққа ие болады. Тек бастауыш болып тұрған бала сөз өзінің алды-артында тұрған анықтауыш, баяндауышты бауырына тартып шәкірт бала барын салды түрде тұтаса айтылуға тиіс. Бұдан сөйлемдегі сөздердің сөйлеу кезінде тұтасьш немесе жеке-жеке түрмай, топ құрап, әр-қайсысы өзіндік екпін, ырғақпен айтылатынын аңғаруға болады. Осындай топтар ритмикалық топтар [32, 15]

62

делініп жүр. Мұны тіркес, синтагма (гр. Sygtagma — тұтасқан бірдеме), фраза (гр. рһгаsis — сөз, сөйлеу орамы) деп те атайды.



Ритм (гр. гһиtһmоs — ретті өлшем, ырғақ)—кейбір белгілері жағынан өзара бірдей немесе біршама жуық элементтердің қайталануы. Бұл әсіресе өлең жолдарынан жақсы аңғарылады. Өлеңге тән буын, бунақ, ырғақ сияқты негізгі элементтердің әр тармақ, шумақта қайталануында белгілі бір тәртіп, жүйе болады.

Бұл жөнінде алғаш А. Байтұрсынов жақсы айтқан: “Сондай-ақ сөздің өлең болып, көңілге ұнап, реттілігінен туатын қасиет сөзді айтқан кезде сағаттың шық-шық жүргені сияқты, тамырдың бүлк-бүлк соққаны сияқты дауыстың бір түрлі ырғақ-ырғағы болады. Са-ғат шық-шық еткенінің, тамыр бүлк-бүлк соққанының арасы қандай бірдей болса, сөз сөйлегендегі дауыс ырғақ-ырғағының арасы да сондай бірдей болады. Сөйтіп дауыс ырғақ-ырғағы сөздерін бірдей буынға бөледі. Сондықтан сөз табиғи негізінде қамыс сияқты бунақ-бунақ буыны бар нәрсе болып шығады... Өлең ырғағы жорға жүрісінің тайпалуы, теңселуі сияқты екінші өңді ырғақ болады. Бұл ырғақ сөйлемдердің ішіндегі буын санының бірдейлігімен, кестелерінің реттілігімен, сөздердің әуездес ұқсастығымен келетін ырғақ” [6, 189].

Олай болса, біздің ритмикалық топ деп отырғанымыз — бунақ. Сонда сөйлем бунақтарға, бунақ сөздерге, сөздер буындарға, буын дыбыстарға ажырайды. Әрине, қара сөздегі бунақпен өлеңдегі бунақтың ұқсастығымен қатар өзіндік ерекшелігі де бар.

“Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады. Әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы” [6, 192]. “Бір бунақтың азы біреу, көбі төртеуден аспайды. Бір шу-мақтың ішіндегі бунақтар бірыңғай орналасу керек. Бір бунақтағы буынның азы екеу, көбі төртеу болады” [6, 193].

Қазақтың қара өлеңінің әр тармағы (жолы) үнемі үш бунақты болып, он бір буыннан құралады және әр бунақтағы буындардың кайталануында да заңдылық бар. Олар кебіне 4—4—3, 3—4—4 және 4—3—4 буынды болып келеді де, өзара ритм (ырғак), ағымы (әуені) жағынан ерекшеленеді. Енді бір шумақ өлең, алып

63

қарастырайық:



/Ай қабақ/, алтын кірпік, /қызыл ерін/,

/Кел десең, /неге аяйын/ аттың терін

/Сары ағаш/ сазға біткен (секілденіп/,

/Қай жерде) отыр екен /бұраң белім

(Халық өлеңі)

Бұл шумақтың әр тармағында үш бунақ бар (Олар тік таяқшалармен ажыратылған). Бунақтардағы буындардың саны — 3—4—4. Әр бунақ өзіндік екпін, ырғағымен ерекшеленеді. Яғни әр бунақта (ол бір сөз де, бірнеше сөз де болуы мүмкін) бір-ақ екпін болады. Ол бунақ екпіні деп аталады. Бунақтар — өзіндік екпін, ритммен айтылатын сөздер тобы. Сонда тек бір бунаққа енген сөздердің аралығында қатар келген дыбыстар ғана біріне-бірі ықпал ете алады, олар көбіне үндесіп, үйлесіп тұрады. Егер өзара акустика-артикуляциялык жақтан тіл табыса алмаса, онда біреуі /әлсізі/, кейде екеуі де алмасуға ұшырайды. Мәселен, жоғарыдағы шумақта мынадай ритмикалық топтардың аралығындағы дыбыстар алмасуға ұшырайды, айғабақ /ай қабақ/, алтынгірпік /алтын кірпік/, ал неғайайын /неге аяйын/, сарағыш (сары ағаш) дегендерде алдынғы сөздің /неге, сары/ соңғы дыбысы элизияға ұшырап, айтылмайды. Қалған ритмикалық топтардың аралығындағы дыбыстар өзара тіл табысып тұрғандықтан, алмасуға ұшырамайды. Сонда әлгі шумағымыздың айтылуы мынадай болып шығады:

Айғабақ /алтынгірпік/ қызылерін/

Келдесең /негеайайын/ аттыңтерін//

Сарағаш /сазғабіткен/ секілденіп/

Қайжерде /отурекен/ бұранбелім//

Немесе:


Қуйрығы жоқ, жалы жоқ,

Құлан қайтіп күн көрер?

Аяғы жоқ, қолы. жоқ,

Жылан қайтіп күн көрер?

деген Асан қайғы афоризміндегі сөздер дауыс ырғағы жағынан былайша топталады:



Құйрұғұжоқ (жалыжоқ)

Қүлаңғайтып (күңгөрөр))

Айағы жоқ (қолұжоқ)

Жылаңғайтып (күңгөрөр).

64

Прозаға қарағанда, өлең текстеріндегі сөздердің ритмикалық топтарын ажырату оңайырақ, өйткені өлеңнің өзі ырғаққа құрылатындыктан, ондағы сөздердің топтасуы ез-өзінен шығып тұрады, оның үстіне бұған әр тармақтың ара жігі үйқас дегендер де көмектеседі.



Қара сөзбен келген текстерде де сөздер ритмикалық топтарға жіктеліп айтылады. Мысалы. “Қарагөз” драмасындағы Сырымның мына сөзі ритмикалық топтарға былайша бөлінеді: Қырықкүн//қаралы/қайғымен/жылаумен/ қырықкүнөттү// алдағашан/ өлөрмүн/итөмүрден кетермін/ дебедім// әлігүнге/ менарсыз/ тірімін// кімдігүтөм/нені/медеу ғылам/ нетілеймін//.

Ритмикалық-мелодикалык топтардың ара жігінде әрдайым айқын сезінерліктей дауыс кедергісі (пауза) бола бермейді, анық пауза көбінесе сөйлемнің соңы, бірыңғай мүшелердің арасы,. оңашаланған не айқындалған мүше, тағы сол сияқты синтаксистік жіктердің ара-лығында болады. Мысалы, жоғарғы сөйлемді терең паузаларға қарай ажыратсақ, былайша белгіленер еді (бұл жерде паузалардың ара жігіне үш сызықша қойылды):



Қырықкүн//қаралы қайғымен//жылаумен қырықкүн өттү///алдағашан өлөрмін/// ит өмүрден кетермін дебе-дім///әлігүнге///менарсыз///тірімін///кімдігүтөм///нені медеуғылам///нетілеймін///

Мұндағы бірінші пауза (қырык күн дегеннен кейінгі) өз алдына сөйлем іспетті ритмикалық топқа байланысты. Сырым бұл монологында “қырық күн” деп бөліп айту аркылы Қарагөздін, казасын, ол қазанын халық дәстүрі бойынша белгілі бір меже-мерзімі өткенін (қырқы өткенін) білдіреді де, сол уакыттың ішіндегі өзінің жан күйінішін баяндайды. Қаралы қайғымен///жылаумен дегендердің арасындағы пауза бірыңғай мүшелерді ажыратады. Қырық күн өтті дегеннен кейінгі пауза сөйлемнің соңындағы дауыс үзілісін танытады, келесі екі пауза тағы да бірыңғай мүшелерді ажыратады да, ал мен арсыз деген тіркестің екі жағынан паузанын. болуы оның орны ауысқан, логикалық екпін түскен бастауыш екеніне байланысты. Тірімін, кімді күтем, нені медеу кылам, не тілеймін дегендердін. арасындағы пауза олардьщ бірыңғай баяндауыштар екеніне байланысты. Міне, сөйлем ішінде осы тәріздес ритмикалық топтардың ара жігінен өзге тұстарда да

65

паузалар болады екен. Бұл паузалардың басым көпшілігі ритмикалық топтардың жігіне сай келеді” [32, 23—24].



Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән, (сан салалы. жырлар) көшіріліп жатталып, әуендеп толқып, тарап жатты. (Алуан сырлы жаңа сөз) арқаның қоңыр желіндей (жай жылжып, бірақ) кең жайылып тарады. (М. Әуезов). Мұндағы үтірлер дауыс ырғағына тура келіп тұр.

Сөйлеу актінде бір бунақ құрап айтылатындар алдымен күрделі сөздер және әр түрлі жолдармен тіркескен сөздер. Атап айтқанда:



1. Біріккен сөздер: әргім (жазылуы — әркім), әрғашан (әрқашан), әлдегім (әлдекім), әлдеғашан (әлдеқа-шан), бетпұрыс (бетбұрыс), әнғұмар (әнқұмар), қаңғүмар (қанқұмар), жаңгешті (жанкешті), алтыңғабақ, (алтынқабақ), үйгүшүк (үйкүшік), орұмбасар (орынба-сар), жыламбас (жыланбас), қозғұйрүқ (қозықұйрық), көкейгесті (көкейкесті), шегара (шекара), Дошшан (Досжан), Доспол (Досбол), Сәтпай (Сәтбай), Талдығорған (Талдықорған), Сарағаш (Сарыағаш), Тілебалды (Тілепалды), Қыжжібек (Қыз Жібек).

Бірсыпыра біріккен сөздер аралығындағы дауыссыздар айтылуына жуықтатылып жазылып жүр: қолғабыс, қолғанат, жарғанат, алағаншық, қарағус, қолғап, неғып, саргідір, таңғүт, жегжат, әнеугүні, бүрсігүні, жаздыгүні, күздігүні, қыстыгүні, алагеуім, алагөбе, алагүдік дегендердің аралығынан да осыны көруге болады.

“Қазақ тілі орфографиясы негізгі ережелерінің” соңғы вариантындағы (1983) елеулі өзгерістің бірі мынадай (15,11): ә) екінші сыңары қ,к дыбыстарынан басталатын кейбір кісі аттары екі түбірдің үндесуі ыңғайына қарай да жазылады: алдыңғы түбір дауысты дыбыстар мен ұяң, үнді дыбыстарға аяқталғанда, келесі түбірдің басқы дыбыстары ұяңдап, ғ, г болып айтылса ғ, г әріптері жазылады. Мысалы: Күсепқали, Жанғали, Қоскелді, Амангелді, Нүргелді, Айткелді, Айтқожа, Нұрғожа, Сейітқұл, Есенғұл, Қарагөз, Айнамгөз, Аққыз, Айғыз, Қарағыз. Ал қатаң түрде айтылса, қ, к әріптері жазылады. М ы с а л ы, Әбілқайыр, Әбдіқадыр, Әбілқасым, Қаламқас, Бибікамал, Шәмшіқамар. Бүл өзгеріс “екі түбірдің үндесу ыңғайын”, яғни олардың бір ритмикалық топ құрап айтылуын ескеруге негізделгенін аңғару қиын емес. Өйткені жастар жағы Қаракөз, Меңдіқыз ден дәл жазылуындай айтуды дәстүрге айналдырды. Бұл, әрине, тілдің табиғи жарасымына қиянат.

66

2. Қос сөздер: қорағора (қора-қора), көрөгөрө (көре-көре), беспестен (бес-бестен), етегжең (етек-жең), бірдембір (бірден-бір), қызғырқын (қыз-қырқын), үлкөңгіші үлкен-кіші), қолма-ғол (қолма-қол), көзбегөз (көзбе-көз), қараптаңғарап (қараптан-қарап), көптөңгөп (көптен-көп).

Еліктеуіш қос сөздердің құрамындағы қатаң дыбыстар өзгеріске ұшырамайды: жарқ-жүрқ, жалп-жалп, дүңк-дүңк, ыңқ-ыңқ, зып-зып.



3. Қысқарған сөздер: ҚазМу, афком (обком), сафхоз (совхоз), ауатком, мединститут, партком, стутсовет (студсовет), метотсавет (методсовет), петсавет (педсо вет).

4. Өзара тіркескен (күрделі) зат есімдер: малғора (мал кора), қонағүй (қонақ үй), темірғасық (темір қасық), ташшол (тас жол), койғора (қой қора), алтыңғасық (алтын қасық), жанғалта (жан қалта), балғаймақ (бал қаймақ), балғасық (бал қасық), балғұрақ (бал құрақ), кітаппазары (кітап базары), кійізгітәп (киіз кітап), қажжұуа (қаз жуа), мұрұңғұуұсұ (мұрын қуысы), ауұзғұуұсу (ауыз қуысы), қолгүрәк (қол күрек), қолғамшы (қол қамшы), Алматығаласы (Алматы. қаласы), Жамбылгөшесі (Жамбыл көшесі), Құрмаңғазыгөшесі (Қүрманғазы көшесі), Қазағуниверситеті (Қазақ университеті), Қазағәдебиеті (Қазақ әдебиеті).

6. Күрделі сын есімдер: қарала (қара ала), көгала (көк ала), алғызыл (ал қызыл), алғарагөк (ал қара көк), қарағасты (қара қасты), ұзұмбойлұ (үзын бойлы), сұуұғжүздү (суық жүзді), қарағошқыл (қара қошқыл), ақпоз (ақ боз), көгжасыл (көк жасыл).

7. Күрделі сан есімдер: омбір (он бір), омбес бес), отұжеті (отыз жеті), қырықпір (қырың бір), қырығжеті (қырық жеті), үшшүз (үш жүз), оммын (он мың), жүжжыйырма (жүз жиырма), тоқсамбес (тоқсан бес).

Мұнда бунаққа енетін сөздердің саны үш-төрттен аспауға тиіс. Одан асса іштей ажырап кетеді. Мәселен, бірмың тоғүжжүз қырықпес (1945), мыңтоғыжжүз (1900), жүзғырықпес (145), тоғызжүзғырықпес (945);



8. Есімдік тіркестер: бүлгім (бұл кім), олғайда (ол қайда), сенғайдасың (сен қайдасың), сеңғандайсың (сен қпндайсыңңандайшң), сеңгімсің (сен кімсің), әргезде (әр кезде

67

9. Етістік тіркестер: жазыпполды (жазып болды), жазыбжатыр (жазып жатыр), жазыбеді (жазып еді),\ ойлабөтур (ойлап отыр), ойлабеді (ойлап еді), сөйлебжатыр (сөйлеп жатыр), сөйлөпполдұ (сөйлеп болды), сөйлебөді (сөйлеп еді).



10. Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі: үйгөғарай (үйге қарай), үйдүңғасында (үйдің қасында), сеңғана (сен ғана), әріғарай (әрі қарай), мағаңғарай (маған қарай), сенембұрүн (сенен бұрын), бұдамбұрұн (бұдан бұрын), бұдаңгейін (бұдан кейін), сенімембірге (сенімен бірге), сонұмеңғатар (сонымен қатар), келген-нембері (келгеннен бері), бармастамбұрұн (бармастан бұрын), меңғой (мен ғой), бүгүңғана (бүгін ғана), содаңгейін (содан кейін), содамбері (содан бері). Оқшау сөздер тобын құрайтын одағайлар да кейде (өлеңде) өзінен кейінгі сөзбен ритмикалық топ құрап айтылады: ейғалқам (ей қалқам), әғүдай (ә, құдай), ожалған (о, жалған), оғүдай (о, қүдай\, әйғарағым (әй, қарағым).

Осы күнгі апыр-ай/а, пір-ай, ойпыр-ай, япыр-ай, әупірім, әттегенай, ойбай сияқты туынды одағайлар о баста бұнақ құрап айтылған жеке сөздер екені айқын.

11. Тұрақты тіркестер: жүрөгжұтқан (жүрек жұтқан), ташшүрек (тас жүрек), таспауұр (тас бауыр), күңгөрдү (күн көрді), ботагөз (бота көз), құралайгөз (құралай көз), қаңғүйлү (қан құйлы), қаңғызыл (қан қызыл), қаны ғара (қаны қара), көгаламылжың (көк ала мылжың), қаспеңгөздүң арасында (қас пен көздің арасында), айдыңгөл (айдын көл).

Сөйлеу актінде жоғарыда көрсетілген бунақтар бір-бірімен өзара қатынасқа түсіп айтылады да, синтаксистік талдау кезінде сөйлем мүшелері түрінде көрінеді. Сонда бастауыш пен баяндауыш, анықтауыш пен анықталатын сөз, толықтауыш пен толықталатын сөз, пысықтауыш пен пысықталатын сөз бір ырғақпен айтылады да, бір ритмикалық топ құрайды. Соның өзінде олар міндетті түрде іргелес, көрші тұруға тиіс, араларына көбірек сөз енген сайын олар тұтастығынан айрылып, ажырап кетеді. Мысалы, Асан келді. Асан өткен жылы оқуын бітіріп келді. Алдыңғы сейлемде бастауыш пен баяндауыш қатар тұрып бір бунақ (Асаңгелді) құрайды да, екінші сөйлемде аралары алшақтап, ырғағы жағынан мүлде қабыспайды.

Қазақ тілінде бунақтарды жұбын жазбай, араларында қатар келген дыбыстарды үндестіріп, бір ырғақ,екпінмен айтудың маңызы өте зор. Олай болмаған жағдайда сөздердің байланыс реті бүзылады да, тіл табиғи жарасымынан айрылады, құлаққа жағымсыз естіледі, әрбірден соң айтылған ой кемескіленіп, тіпті түсініксіз болып кетуі де қиын емес.

Мәселен, бір бунаққа енетін мынадай тіркестердің басқы сөзін бөліп айтып көрейік:



тас бауыр болды тас бауүрболдү

тас жүрек еді тас жүрөгеді

тас кенені көрді тас кененігөрдү

тау ешкіге жолықты тау ешкігежолұқты

бас бармақсыз қалды, бас бармақсызғалды

жан қалтаға салды жан қалтағасалды

ат-тонсыз қалды ат тонсызғалды

үйкүшікке жолықты үй күшүккежолұқты

ағаш қасықты ұстады ағаш қасықтыұстады

қол орамалын ұмытты қол орамалынұмұтты

жыланбасты жинады жылан бастыжыйнады

айыл-тұрманын арқалады айыл тұрманынарқалады

желаяқпен жарысты жел айаңпенжарысты

жел сөзін аяды жел сөзүнайады

Бұдан қалыпты ырғақ, екпінінен айрылған тіркестердің мағынасыздыққа ұшырайтынын аңғару қиын емес.

Айтылар ойдың айқын, түсінікті, көңілге конымды, құлаққа жағымды болуы көбіне бунақтың ара жігіне, яғни бунақ екпіннің, дұрыс койылуына тікелей байланысты болса, екінші жағынан бұлардың (топ, екпін) өзі айтылар ойға, мағынаға тәуелді екенін ескеру керек.

Мәселен, сөз құрамы бірдей мына тіркестерді екі түрлі ырғақпен (екпінмен) айтып, екі түрлі түсінуге болады.



Қазақтілінсүйеді қазақ тілінсүйеді

қазағжерінсағынды қазақ жерінсағынды

қонағуйгөгірді қонақ үйгөгірді

малғорадатұр мал қорадатұр

жұңғаптатұр жүн қаптатүр

ташшолғатөселді тас жолғатөселді

үйгүшүктіңмекені уй күшүктүң мекені

ағашүйдөғой ағаш үйдөғой

алтынғасықпенішті алтын қасыңпенішті

69

теміртәртіптісақтайды Темір тәртіптісақтайды



әдем(і) алмажеді Әдемі алмажеді

Бұдан шығатын қорытынды: бунақтар (бунақ екпіні) лексикаға (мағынаға қатысты), грамматикаға (сөз тіркесі, сөйлем мүшесі тұрғысынан), әсіресе, фонетикаға тікелей қатысы бар маңызды тілдік фактор ретінде қаралуға тиіс. Мұны білмейінше сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстардың үндесуі туралы айту мүмкін емес.

Есте болатын жай, қара сөздегі және өлеңдегі бунақтың ұқсастығымен қатар, ерекшеліктері де бар. “Өлең сөйлемдерінде сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары қосылады. Өлең ырғағы жорға жүрісінің тайпалуы; теңселуі сияқты екінші өңді ырғақ болады” [6, 189]. Оның үстіне қара сөзде бір бунақ құрайтын қалыпты тіркес-тер өлеңде керші бунактарға бөлініп те кетіп жатады. Мәселен: Тастан түлкі (табылар) аңдығанға (Абай). Өлеңге тән инверсияны (лат. іnvегsі — аудару, ауыстыру) айтпағанда, қалыпты тіркес түлкі табылар екі бунаққа ажырап тұрғанын аңғару қиын емес.

Екпін. “Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуың екпін дейміз. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі” [37]. Бұл — бізге мектептен таныс қағида. Мұның өзі бүкіл түркологияда бір ғасырдан астам уақыттан бері айтылып, қайталанып келеді. А. Байтұрсыновта: “Қазақ тілінде екпін буыны сөздің я аяғында келеді, я аяғына таяу буын болып келеді” [6, 190] — дейді. Деуін десек те, осы құбылыстың шын сырьщ түсіне алмай жүрдік. Екінші ана тіліміз деп жүрген орыс тілінін, екпінін келістіре алмай қалатынымыз да содан болар.

Ә. Жүнісбеков қазақ тілінің фонетикалық жүйесін мұқият зерттеудің нәтижесінде индоевропа тілдеріне тән осы құбылыстың орынсыз тықпаланып келгенін,. түркі тілдерінде сөз екпінінің жоқ екенін, оның қызметін бұл тілдерде сингармонизм атқаратынын дәлелдеді [44; 45; 54]. Бұл, әрине, түркологтар тарапынан бірден қолдау таба қойған жоқ. Тіпті мектеп табалдырығынан екпін бар деп үйренген қатардағы оқушыға да бұлай ойлау оңай бола қоймасы аян. Алайда бұл — шындық. Олай болса, жоқты жоқтап, дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Ал бунақ екпіні туралы жоғарыда айтылды. Бұл, әдетте, фразалық екпін, тіркес екпіні делінеді.

СИНГАРМОНИЗМ

Сингармонизм (грек. sun — бірге және һагmonia — байланыс, үндесу)—түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді: “түбірдегі дауысты жуан (не жіңішке) болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан (не жіңішке) болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылап барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздегі барлык, буындарға арқау түбірдің дауыстысы” [19, 159]. Яғни косымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады. Бұл, әрине, негізінен дұрыс.

Ә. Жүнісбеков {43, 45, 54] түркологияда сингармонизм туралы ертелі-кеш айтылған пікірлерді елеп-екшеп, соны бір қорытындыға келді, тілімізді басы артық қоспалардан арашалап, осы уақытка дейін еленбей келген тың арнаның көзін ашты. Атап айтқанда:

Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі —қазақ (түрік) сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің (франц. tembre — дыбыстың сапасы, бояуы) сақталуында. Бұлай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз. естіліп, қабылдауды, түсінуді қиындатады.

Индоевропа тілдеріндегі фонеманың конститутивтік (франц. cоnstitutif - мағына айқындаушы) қызметін түркі тілдерінде сингармонизм (сингармема) атқарады.

Бір ғана дыбыс түрінде түсінетін т, ат, ет, от, өт сөздерінде т, т'. т°, т° болып терт түрлі (езулік — жуан, езулік — жіңішке, еріндік—жуан, еріндік — жіңішке) реңге ие болатынынан хабарымыз бар. Олардың әрқайсысы құрамындағы дауыстылармен жымдасып, тембр жағынан орайласып, сөзді сөз етіп тұр. Оларды бірінің орнына бірін қолдану сөзге зор нүқсан келтірер еді, Дыбыстардың үйлесімі сол сөздің өзіндік тембрін айқыңдайды.

Байырғы қазақ сөздері мынадай сингармониялық

белгілерімен ажырайды.

1) жуан езулік — жіңішке езулік: тыс тіс, бас бәс.

2) жуан еріндік ~ жіңішке еріндік: сол сөл, жон жөн, от өт.



71

3) жуан еріндік — жуан езулік; тот тат, сұр сыр, от ат.

4) жуан еріндік — жіңішке езулік: тон тін, тұс — тіс, от — өт.

5) жіңішке еріндік — жіңішке езулік: он ін, түр тер, өт — ет.

6) жіңішке еріндік—жуан езулік: түс — тас, өр — ар, өт ат.

Бұдан тіл және ерін сингармонизмдерінің сөз мағынасын ажыратудағы қызметінің бірдей екендігі байқалады.

Қазақ тіліндегі дауыстылардың да, дауыссыздардың да фонологиялық қызметі алдымен буын деңгейінде айқын көрінеді. Дауыстылардың ролі тек буын жасау ғана болса керек, ал әр түрлі дауыстылар — сингармотембрдің өмір сүру варианттары.

Қазақ тілінде дауыстылардың сингармотиптерінің (тип гр. tupos — форма, үлгі) саны олардың сингармониялық варианттарынан (реңінен) әлдеқайда аз. Дауыcтылардың сингармотиптері жақтын. қызметіне сай келеді де, үш түрлі болады: 1) қысаң дауыстылар (Дқ), 2) ашықтар (Да), 3) дифтонгілер (жартылай ашықтар) (Дд). Бұлар — сингармобуын деңгейінде өзара қарсы қою арқылы ажыратылатын дауыстылардың топтары.

Сонымен қысаң дауыстылар өз алдына бір сингармотип құрайды. Мысалы: тыз тіз, тұз түз. Дауысты ы, і, ұ, ү бір дауысты дыбыстың төрт сингармореңкі болып табылады. Бұлар бас-басына буын жасайды, алайда бір дауысты ретінде қызмет етеді.

Ашық дауыстылар да бір сингармотип құрайды. Бұлар да бас-басына буын құрап, бір дауысты дыбыстың екі сингармореңкі болады.

Жартылай ашық дауыстылар — дифтонгілер — бір сингармотип құрап, бас-басына буын жасайды, бір дауысты дыбыстың (дифтонгінің) үш сингармореңкі түрінде көрінеді.

Бұл үш типтегі сингармореңктер өз ішінде бірін-бірі алмастыра алмайды. Бұлардың бәрі де сингармобуыннын, дауысты сингармо-компоненті ретінде көрінеді. Ашық, қысаң, дифтонгілер бір-біріне қарама-қарсы қойылады.

Әр сингармотиптегі сингармодауыстылардың әрқайсысы екі тембрден құралады,

Қысаңдар:

72

ы — жуан, езулік; ;

і — жіңішке, езулік;

ұ — жуан, еріндік;

ү — жіңішке, еріндік.

А ш ы қ т а р:



а — жуан, езулік;

ә — жіңішке, езулік.

Д и ф т о н г і л е р:

е — жіңішке, езулік;

ө — жіңішке, еріндік;



о — жуан, еріндік.

Сонымен, қазақ тілінің дауыстылар жүйесін (анықтауға) сипаттауға қажетті екі приицип карастырылды. Бірінші принцип сингармонияға қатыссыз: мұнда дауыстылар үш дыбыстық типке қысан, ашық, дифтонг жіктеліп, қысаңдарға — төрт, ашыктар — екі, дифтонгілер — үш барлығы тоғыз дауыстыдан тұратыны баяндалды.

Ал екінші принщш дауыстыларды сингармония тұрғысынан сипаттауға негізделген. Төрт түрлі сингармотембрге тән белгілер айқындалды. Олардың әркайсысы бірнеше сингармодауыстылардан тұрады: жуан езулік — 2, жіңішке езулік — үшеу, жуан еріндік — екеу, жіңішке еріндік екеу, барлығы тоғыз сингармодауысты.

Сонымен казақ вокализмі дауыстылардың үш сингармотипінен және тоғыз сингармодауыстыдан тұратын болды.

Сингармониялык тілде әрбір дауыссыз төрт сингармодыбыстан тұратын жүйе. Әрбір дауыссыздың сингармотембрі жуан//жіңішке, еріндік//езулік касиеттердің қарама-карсылығынан құралады. Тек буын денгейінде ғана карама-карсы коюға келетін дауыссыз дыбыстар жеке сингармотипке бірігеді. Сонда т сингармотипі төрт түрлі сингармодыбыстан тұрады: т(ат), т'(ет), т°(от), т°'(от). Яғни бұл төртеуі бір дыбыстың төрт сингарморенкі болып табылады. Бұлардың әркайсысы белгілі бір фонетикалык позицияда (буында) ғана ұшырайды.

Ә. Жүнісбековтің екпін, дыбыс жүйесі, әсіресе сингармонизм жөніндегі мүлдем тын тұжырымдары болашаққа толык колдауын табуға тиіс.

Бұдан шығатын корытынды: сингармонизм — тіліміздің бүкіл дыбыстық жүйесін камтитын кең үғым және мұнын өзі тіліміздің ғасырлар бойы дамуының нәтижесінде қалыптаскан қалпын,

73

өзіндік өрнек, үнін дәл танытатын заңдылық.



Сингармонизм туралы тың тұжырымдарды тыңғылықты қабылдап, тиянақты қалыптастыруда осы үғымға орай қолданылатын терминдердің де маңызы зор.

Қ. Жүбанов: “Сингармонизм — грек сөзі. Қазақшалағанда — үндесу деген болады” [13, 193] —дейді. Сингармонизм ендігі жерде дауыстыларды ғана емес, барлық дыбыстарды, сөздерді қамтып үндестік заңына синоним болып отыр,

Ә. Жүнісбеков сингармонизмге байланысты қолданылатын терминдерді де ұсынады, тек орыс тілінде {45, 31]. Соның кейбірін қазақша ұғымды етіп алу керек сиякты.

С о н д а:

Сингармонизм — үндестік

Сингармония — үндес

Сингармема — үндеспе

Сингармовариант — үндесвариант.

Палатальный сингармонизм — тіл үндестігі

Лабиальный сингармонизм — ерін үндестігі.

Сингармоязык — үндестіл

Сингармослово — үндессөз

Сингармослог — үндесбуын

Сингармоморфема — үндесморфема

Сингармогласный — үндесдауысты

Сингармосогласный — үндесдауыссыз

Сингармотип — үндестип

Сингармоструктура — үндес құрылым

Сингармозвук — үндесдыбыс

Сингармотембр — үндестембр

Сингармоомоним — үндесомоним

“Соны сүрлеу” біраз дайындықты керек етеді. Сондықтан бұл жұмыста оқушыларды ойландыра отырып, қалыптасқан программа аукымынан ұзамау жағы ескерілді. Яғни дыбыстар үндестігі төртке бөлінеді:

1. Сингармонизм

2. Аккомодация

3. Ассимиляция

4. Диссимиляция

Сингармонизм тіл және ерін үндестігі түрінде қарастырылады.

74

ТІЛ ҮНДЕСТІГІ



Дауыстылардың тілдің қызметіне орай бір сөз (сөзформа) көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке ыңғайласып, үйлесіп келуін тіл үндестігі (лингвальды аттракция) дейді. Түркі тілдерінде, әсіресе қазақ тілінде сингармонизм заңы алдымен тіл үндестігі түрінде танып келді, яғни тіл үндестігі сингармонизмге синоним болып та колданылды. Өйткені бұл заң тіліміздегі ба-йырғы сөздерді түгелге жуык камтиды, ал ерін үндестігі жазудың негізінде елеусіз калып келді.

Тіл үндестігінін. өзін екіге бөліп карау керек болады: түбір тұрғысынан және түбір мен қосымшалардын, ара қатысы тұрғысынан.

Қазіргі қазақ тілінде түбір (морфема) сөздер буын құрамына қарай көбіне бір буынды (бас, көз, қол, ақ, көк, бір, үш, ал, кел, жаз, күз), екі буынды (ауыз, құлақ, адам, жылқы, қара), үш буынды (көбелек, муғағалім, мемлекет, мақала), қала берді төрт-бес буынды (университет, институт, ассимиляция) болады. Соның өзінде көп буынды түбірлер — негізінен кірме сөздер: мемлекет, мұғалім, университет, институт.

Тіліміздегі байырғы сөздер (түбірлер) бірыңғай жуан буынды — немесе жіңішке буынды болып келеді. Бұл — бұлжымайтын заң — сингармонизм. Ертеректе енген араб-парсы сөздерін айтпағанда, орыс тілінен енген сөздердің өзі де аралас буын қалпынан ажырап, бірыңғай (жуан не жіңішке) буынды болып қалыштасты: бәтеңке (ботинка), бәтес (батист), бөрене (бревно), кәмпит (конфета), көшір (кучер), нөмір (номер), резеңке (резинка), сәтен (сатин),

Бұлай болатыны аралас буынды сөздер тілдің ілгерінді-кейінді қозғалуын қажет етеді, ал тіл үндестігі сол тілдің неғүрлым аз, үнемді және бірқалыпты қозғалысына негізделген. Жеке сөздер тұрмак, қатар айтылып қалыптасқан (біріккен) әр түрлі буынды сөздер де тілдің кызметі жағынан үндесіп айтылуы тілімізге тән жа-расымдылық (үндестік). Мұндайда көбіне кейінгі сөз алдыңғыға ықпал етіп, өзіне бейімдейді: бүгін (бұл күн), ышқыр (іш құр), ыштан (іш тон), әкел (алып кел), әпер (алып бер), әкет (алып кет), түрегел (тура кел), өйтіп (олай етіп), бүйтіп (булай етіп), сөйтіп (солай етіп), нағып (не ғып), кәйтіп (қалай етіп),

75

Бұл әсіресе жалкы есімдердің айтылуында жиі кездеседі. Әйтбек (Айтбек), Әйімкүл (Айымкүл), Әйкүл, Әйгүл (Айгүл), Шірінкүл (Шырынкүл), Дәнекүл (Данакүл), Тәшкен (Ташкент), Шімкент (Шымкент). Сондай- ақ алдыңғы сөздің өзінен соңғы сөзді игеруді де кездеседі. Оған (ілгерінді ыкпалға) мысал: белбеу (бел бау), сексен (сегіз он), әрмен (әрі таман), бермен (бері таман).



Ал ойпыр-ай (ой, пір-ай), ойпырым-ай (ой, пірім-ай) немесе апыр-ай (а, пір-ай), апырым-ай (а, пірім-ай) дегенде пір сөзі алды-артында тұрған сөздердің әсерінен жуандап тұр деуге болады.

Бұдан байқайтынымыз, тіл үндестігі — аса күшті заң. Рас, тіліміздің осы бір байырғы заңына илікпей жүрген (жазудың жәрдемі жоқ дей алмаймыз) біраз сөз бар. Оның ішінде: құрмет, құдірет, қошемет, мәслихат, мейман, мейрам, рақмет сияқтылар аралас буын қалпын сақтап айтылса, қабілет, қасірет, қауесет, қиа- мет, қажет, қалет т. б. сөздерде а эрпі а және ә дыбыстарының аралығында дыбысталуға бейім. Және біраз сөздің екі-үш түрлі айтылатынын (тіпті жазылатынын) байқау қиын емес. Олар: қадір қадыр кәдір ;қазыр кәзір — қазір; кәмшат камшат кәмшәт; қаріп —қарып кәріп, қабір — қабыр, қауіп қауып, қате — қата кәте; қанден кәнден; іждағат ыждағат іждәһәт; қадім қадым т. б. Сондай-ақ, қасиет кәсиет, қапер кәпер, қатер кәтер, көрек қорек түрінде айту да үшырасады. Бұлардың бірыңғай жуан не жіңішке айтылуын (бәрін болмаса да) тілдің табиғи жарасымынан іздемей, диалектіге телу жиі кездеседі.

Қазіргі қазақ тілінде араб-парсы тілдерінен енген 100 шақты сөз аралас болып жазылып, айтуда да, жазуда да әрі-сәрі болып, ала-құлалық тудырып жүр.

Орыс, тілі арқылы еніп жатқан алуан түрлі термин сөздер орыс тіліндегі айтылу қалпын толық сақтайды. Сондықтан олардың аралас буынды болып келуі заңды.

Сонымен тіліміздегі байырғы түбірлер тіл үндестігіне толық бағынады да, кірме сөздерге, бұл заң жүрмейді, яғни тілімізде аралас буынды түбірлер кездессе, оларды кірме сөздер деп түсіну керек.

Сөздің соңғы буыны жуан (жіңішке) болса, оған жалғанатын қосымша да жуан (жіңішке) болады дейтін ереже осы жүз сөз бен орыс тілінен енген сөздердің буын құрамын ескеруден туған.



76

Байырғы сөздер туралы соңғы буынды бөле-жара айтудың қажеті де бола қоймас еді.

Түбір мен қосымшалардың арақатынасы тұрғысынан қазіргі қазақ тіліндегі қосымшалар түбірдіқ (мейлі кірме болсын) соңғы буынына толық тәуелді болады. Яғни түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымшалар да жуан буынды болады: мал-шы-лар-ымыз-дың, қала-мыз-да, қанағат-тан-ды-рыл-ды, пролетариат-қа, институт-ымыз-да т. б.

Соңғы жіңішке буынды түбірге жалғанатын қосымша да жіңішке буынды болып келеді: ес-іміз-де, дәптер-лер-ің-ді, пионер-лер-дің, университет-іміз-ді.

Қосымшалардың ішінде түбірдің соңғы буынына тәуелді болмай, өз қалпын әрқашан сақтап тұратын қосымшалар да кездеседі. Олар:

бан: мейір-бан;

гер: қалам-гер, майдан-гер, сауда-гер;

дар: есеп-дар, білім-дар, хабар-дар, қарыз-дар, жара-дар, гүл-дар;

еке: ағ(а) -еке, ат(а) -еке, шеш(е) -екен, бас-еке, Қас-еке, Ас-еке, Қүн-еке;

жан: аға-жан, көке-жан, бала-жан, Сөуле-жан;

- кент: Шым-кент, Құм-кент, Сүт-кент;

кар: күнә-кар, кінә-кар;

- кер, -гер, айла-кер, дау-гер, қалам-гер, сәулет-кер, сауда-гер, майдан-гер, іс-кер, қызмет-кер;

кеш: арба-кеш, түйе-кеш, қара-кеш, кіре-кеш;

көй, гөй: ақыл-гөй, қас-көй, бата-гөй, дұға-ғой, дэме-гөй, жәді-гөй;

күнем: мас-күнем, пайда-күнем, щас-күнем;

қой: сэн-қой, кәсіп-қой, әзіл-қой, жанжал-қой, данқ-қой;

қор: жем-қор, бәле-қор, бейнет-қор, еңбек-қор, дүние-қор, есеп-кор, мансап-қор, қам-қор;

мар: тіл-мар, діл-мар.

маш: тіл-маш.



-~ нікі, -дікі, -тікі: бала-нікі, мен-ікі, со-нікі, колхоз-дікі, студент-тікі, қала-нікі, дала-нікі;

паз: өнер-паз, эсем-паз, білім-паз, келісім-паз, ас-паз;

пен, -бен, -мен (көмектес септіктің жалғауы): ат-пен, қағаз-бен, қалам-мен,, дәптер-мен, ән-мен, жыр-мен;

77

- стан: гүл - стан, Өзбек-сиан, Тәжік-стан, Түркменстан;

тал: сезім-тал, төзім-тал, өсім-тал;

уар: сөз-уар, тіл-уар, қонақ-уар, қазақ-уар;



  • хана: кітап-хана, дәм-хана, ем-хана, сүт-хана.

Сөздін, соңғы буынына бағынбайтын бұл қосымшалардын, көбі басқа тілдерден енген немесе әлі қосымшаға айналып болмаған (сөз бен қосымшаның аралығындағы) тілдік элементтер деуге болады. Басқаны айтпағанда, көмектес септігінің жалғауы бұрын білән, бірлән түрінде бөлек жазыльш келгені мәлім. Сондай-ақ тұрған сөзі күні кешеге дейін тұғын түрінде (біле-тұғын, келе-тұғын, айтатұғын) қолданылып келіп, енді біржола — тын, тін (білетін, келетін, айтатын) жұрнағына айналды. Жоғарыдағы қосымшалардын, бірсыпырасы (-жан, -кент, -стан, -уар, -хана) өзінің лексикалық мағынасынан ада-күде ажырап бітпегенін аңғару қиын емес. Ал -кер, -қор жуанды, жіңішкелі варианттар десе де болады. Салыстырыңыз: айлакер айлақор, еңбеккер еңбекқор, бейнеткер бейнетқор, даугер дауқор, есепкер есепқор.

Көмектес септіктің жалғауын “қазақ жерінің онтүстік өңірінен бұл тұлғаны -ман, -бан, -пан, сосын -мынан, -бынан, -пынан, -манан, -панан, -банан (қысқаша— ман) деген нұсқаларда кездестіреміз” [27, 69].

Мысалы: таяқпан ұрды, құлағымман естідім, қызбан отыр, ақылманан істе, алыспан жүрмей, жақынман жүр, қар қысыман жауды, жазыман күн ыссы болды, осыман (осымен), соныманан (соныменен) т. б.

“Көмектес септігінін, қосымшасы — мен -нің тіліміздегі ман жалғаулық шылаумен төркіні жағынан тектес екені мәлім. Осыдан да болу керек, көмектес септігінің, құрамындағы а/е алмасуы аталған диалектілік аймақтағы халықтың тілінде осы жалғаулық шылаудың бойында байқалатынын көреміз. М ы с а л ы. Құдабай ман Есен, қырық пан жүз, найман ман арғын” [27, 70]. Бұл құбылыстын, себебін “көрші тілдердің ыклалынан емес пе екен деп тұспалдауға болады” (Сонда). Ал көрші тіл — өзбек тілі, оларда да бұлай айту диалектіге жатады екен. Сонда кай тіл кай тілге әсер еткен болды?



Көмектес септік бертінде жазу-сызу өріс ала бастаған кезде пайда болған жалғау. Жуан-жіңішке вариант алдымен жалғауға тән. Ол үшін тілдік элемент ауызша ұзақ колданудан, дамудан өтуге тиіс. Ал көмектес септіктің жалауы бірден жазуға килікті де,

78

шылау кезіндегі жіңішке қалпынан (бірлә, бірлән) ұзай алмай қалды. Автордың аталған құбылысты тіл үндестігінен іздемей, көрші тілдерден іздеуі ойландырады. Жалғаудың тек бір (жіңішке) вариантта ұшырауы сингармонизммен үйлеспесе керек.

Айтуда кірме қосымшалардың кейбірінің түбірге регрессивті әсері байқалады. М ы с а л ы: сәудегер (саудагер), Шімкент (Шымкент), Тәшкен (Ташкент), жәдігәй (жадыгөй).

Тіліміздегі қосымшалар орыс тілінен енген сөздердің де соңғы буынына сәйкес жуан не жіңішке жалғанады. Алайда орыс тілінде буындардың жуан не жіңішкелігі көбіне дауыссыздарға байланысты болады да, оларды айыру оңай бола бермейді. “Қазақ тілі орфографиясынын, негізгі ережелерінде” (1957) осыған байланысты: “а/рк, нк, кс, кт сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрінде жалғанады. М ы с а лы: парк-ке, банкі-ге, бокс-ке...

ә) X әрпіне біткен сөздерге қосымшалар әр уақытта жуан түрінде жалғанады. М ы с а л ы: цех-тар, тарих-тың, штрих-тар;

б) ль әріптеріне біткен бір буынды сөздерге қосымшалар жіңішке түрінде жалғанады”,— дейтін арнайы ескерту болды.

Ал “Қазақ тілі орфографиясының негІзгі ережелерінің” екінші варианты (1983) мынадай пунктпен толықтырылды: “Соңғы дыбыстары ог, уг болып келген сөздермен рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь, бль сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар әрдайым жіңішке түрде жалғанады” [15, 11].

Әрине, бұдан орыс тілінен енген сөздердің соңғы буынының сипаты, оған жалғанатын қосымшалардың түрі толық айқындалды деген қорытынды жасауға болмайды.

Жазу практикамызда сингармонизмге қарама-қайшылық та байқалады. Ережелерде заңдастырылғанмен, орфографиялық норма екінші буында ә дыбысы кездесетін сөздерге қосымшалар тек жуан буынды болып жалғануын қостайды.

Бұлай жазудың негізі қазақ тіл білімі қаз-қаз баса бастаған отызыншы жылдардың ортасында қаланған болатын. “Көп буынды түбірдің соңғы буынындағы дауысты дыбыстық ә дыбысы екені

79

дүдәмал болса немесе дүдәмал болмай-ақ анық ә дыбысы болса да қосымша жуан түбірге жалғанғандағыдай жуан айтылады да, а мен е, қ мен к, ғ мен г-нің бірі келетін қосымшаларда а, қ, ғ жазылады. Оңайлық үшін ондай түбірдің соңды буынына да ә жазылмай, а жазылады, кітап-қа (кітап-ке емес), Әлиядан (Әлия-ден емес), Ілиясыңа (Ілиәсіңе емес), Құлашқа (Күләшке емес) 113, 194].



“Күләндә, Кәмилә, Жәмилә, Әлимә, Сәбирә сынды кісі аттарының соңғы дыбысын оларға жалғанатын септіктердін, табиғатына сүйеніп жуан етіп жазамыз. Айтылуына келсек, осы кісі есімдерінің соңғы дыбысынын ә екені кәміл” [27, 37]. Алайда орфоэпия еленбей, жазылуындай ала-құла айтылып жүрген сөздер аз емес. Бұл тіл үндестігін елемеу, сингармонизмге қиянат еке-

нін ескеруіміз керек.

Күнделікті баспасөзде, радио; теледидарда кінәлі, кінәсіз, шүбәлі, шүбәсіз, күмәнді, күмәнсіз деп айту, жазу жиі кездеседі. Өйткені бұл сингармонизмге сай келеді.

Сингармонизм туралы соны түсінік сөзді фонетикалық жақтан түбір мен қосымшаларға ажыратып қарауды құптамайды. Бұлай бөлу — грамматиканың мәселесі Сөйлеу актінде түбір мен қосымша біртұтас айтылады да, бірін-бірі игеріп, айқындап, анықтап тұрады.

Қысқасы, тіл үндестігі — тіліміздегі ең күшті фонетикалық заң. Кейбір азын-аулақ ауытқулар бұл заңға ешқандай нүқсан келтіре алмайды. .

ЕРІН ҮНДЕСТІГІ

Дауыстылардын, бір сөз көлемінде еріннің кызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі (лабиальді аттракция) дейді. Бұл зан бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, калған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы, түйөлөрүмүздүң, көбелөктөрдү, түлкүлөрдү деген сиякты. Бұлай айту, яғни ерін үндестігі алтай, қырғыз тілдеріне тән заңдылык түрінде танылады.

Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толык шешімін таба алмай келеді. Бұл жөніндегі пікірлерде бірізділіктен гөрі ала-кұлалық көп.

80

Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик I. Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр. 1954 жылы жарық көрген “Қазіргі қазақ тілінің” фонетика тарауында былай делінген: “Әдеби тілде (жазу нормасын еске алғанда) ерін үндестігі тіпті еленбейді десе де болады. Осыған қарағанда ерін үндестігінің қазақ әдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды” [18, 283]. Ал келесі бетте мынадай жолдар жазылған: “Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі байқалады. Ерін үндестігі қазақ тілінде... әсіресе екі буынды сөзде ерін дауыстысымен келген алғашқы буынның еріндік ықпалы анық сезіліп тұрады: үшінші буында солғындау сезіледі”. Осы қағида фонетика оқулығының кейінгі басылымдарында да өзгеріссіз қайталанып жүр. Орфографиялық сөздіктерде еріннің күші бірде екі буынмен (11) біржола шектелсе, енді бірде (25) үшінші буынға да емеурін жасалады. Қысқасы, қазіргі қазақ тілінде бірінші буында еріндік дауыстылар (о, ө, ү, ү) келіп оларды жазбасқа мүмкіндік жоқ), екінші буында езулік е, ы, і әріптері жа-зылса, онда олар (е, ы, і) сөзсіз еріндік (ө, ұ, ү) болып айтылады. Бұған шек келтіру мүмкін емес. Тіпті “Қазақ тілінде, өзге түркі халықтарының тілдеріндегі сияқты еріндік дауысты дыбыстар үндестігі жоқ”— дейтін автор да: “...құлұн, жұлұн, бұрұн, күңгүрт, орұн, тоғұз, күрөк, жүрөк, бөлмө, төсө сияқтанып естіліп түрса да”— деп мойындауға мәжбүр [4, 55].



Сөздің айтылу нормаларын арнайы қарастырған еңбегінде Р. Сыздықова да ерін үндестігіне сақтықпен қарайды.

“Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ,ү,у,о,ө дыбыстары және екі дауыстынын. ортасында келген у дыбысы (тауық, бауыр сияқты сөздерде) келесі буындағы ы, і дыбыстарын өзгертіп, ұ, ү-лерге жуықтатыңқырап естіртеді. М ы с а л ы: құлү, бүгүн, орұн, күлүп, өмүр болып айтылады. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындарда біртіндеп әлсірей береді. М ы с а л ы, күмістің деген сөздің екінші буыны у-ге ұқсап, соған жуық айтылса, үшінші буынында і-ге жуықтау айтылады: күмүстің.

Сол сияқты сөздін, басындағы немесе бірінші ашық буындағы ө дыбысы келесі буындағы е дыбысын өзіне жуықтатыңқырай естіртеді, бұл әсердін. де күші үшінші, төртінші буындарда әлсірей түседі. М ы с а л ы: өнер, көреді, өсер, көбелек деген

81

сөздер өнөр, көрөді, көбөлек болып айтылады.



Қазіргі кезде бұл сияқты ерін үндестігі болатын сөздерді жазылуынша оқу орын алып барады, әсіресе екінші буындағы е дыбысы э етіп, өнэр, үлэс, өрэн, түрінде айтушылық байқалады. Бұл, әрине, қате [32, 39]. Ал “қолтық, ойдыр, құлдық, көркем, көзде, бөрте сияқты сөздердің екінші буындарының езулік болып айтылуы сәл солғындау күміс, өнөр дегенге қарағанда” [32, 40].

Міне, ғалымның айтуынша, тілімізде еріндіктер екінші буынның өзінде “жуықтаңқырап” солғындау естіледі. Мұның өзі қазіргі жастардын, тіліне негізделгені аңғарылады.

Фонетика үшін сөздің жазылуы емес, айтылуы, естілуі маңызды екені даусыз. Еріндіктердің орнына езуліктерді жазу орфографиялық норма, бірізді жазу үшін қажет. Өйткені ерін үндестігінің қанша буынды қамтитындығын нақты білмей тұрып, еріндіктермен жазған жағдайда ала-құлалық болмай қоймайды. Ал жазудың, орфографиялық норманың, басты қағидасы— бірізділік.

Ерін үндестігі, оның күшін анықтауға байланысты пікірлер алалығы сөздің бірінші буынынан басқа буында ерін дауыстыларының жазылмауынан болып отырған жоқ, жазудың жетегінде кетіп, солардың айтылуын қадағаламаудан, ескермеуден пайда болып отыр. Қазіргі кезде, әсіресе жастардың тілінде тіпті екінші буында да (өлең, өнер, күлкі, түлкі сияқты сөздерде) еріндік-терді айтпау заңдылыққа айналды деуге болады. Бұл үшін, әрине жастарды кінәлауға болмайды. Оқулықтын өзі “еріндік дауысты дыбыстар үндестігі жоқ” десе, қарапайым тұтынушы оны қайдан ескере берсін.

Осыдан бір ғасыр бүрын қазақ тілінде ерін үндестігі мықты былғанын ірі тюркологтар В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский т. б. ғалымдардың еңбектерінен жақсы көруге болады.

Академик В. В. Радлов “Опыт словаря тюрских наречи” деп аталатын даңқты еңбегінде қазақ (кітапта қырғыз деп берілген) сөздерін мол қамтыған. Фонетика тұрғысынан сөздіктің бір артықшылығы сөздер орыс алфавиті негізінде жазылған. Ал араб алфавитімен жазылған сөздерден әсіресе ерін үндестігін айқындау мүлдем қиын болатын. Түркі сөздерінің дыбыстық жүйесін дұрыс беруді мақсат еткен В. В. Радлов қазақ сөздерін:

82

бөлтүрүк, бөбөшүк, бүрүлүс, жұмүұсшұ, жұлдұздұ, дөнөжүн, дүрүлдө, көңүлшөк, көрүмдүк, көзүлдүрүк, көтөрүңкү, көлөңкөлү, күлдүрөуүш, күңүрөндүр, жүрөксүздүк, төңрүкөктө, төртүншү, тоқшұлұқ түрінде жазған. “Түркологияның атасы” аталған академик В. В. Радлов сөздерімізді бұзып жазған деуге ешқандай хақымыз жоқ.

Қазақ тілінің грамматикасын жазған профессор П. М. Мелиоранский қазақ сөздерін төрөлөр, төрөлөрдүң, төрөлөргө, төрөлөрдү, төрөлөрдөн, төңүрөктө, төрөлөрдө деп септеп, жүдөгөй, жүдөгүймүн, жүдөгөйсүң, жүдегейсүз деп жіктейді [48, 33—53]. Оның айтуынша, ерін үндестігі қазақ, қырғыз тілдерінде ұқсас, тек қазақ тілінде о дыбысы бірінші буында ғана айтылады [48, 19].

В. В Радловта да, П. М. Мелиоранскийде де: “Сонда Тарғын сөйлөйдү, сөйлөгөнде бүй дейді”,— деп келеді. Ал бұлардың түсінігінде, жазуында (дәл осы мәселеге байланысты) жаңсақтық, білместік бар деуге әсте аузымыз бармайды. Қайта жазуды күйттейміз деп жүріп, тіліміздегі осы бір жарасымдылықтың қиюын қашырып, кұнсыз етіп алсақ керек.

Тек еріндік дауыстылар ғана емес, қос ерін у дауыссызы да өз айналасындағы қысаң дауыстыларға (жазуда — ы, і, е) азды-көпті әсер етеді. Мұны кезінде В. В. Радлов та, П. М. Мелиоранский де байқаған. Мәселен, В. В. Радлов сөздігінде: “дәурөн, дәулөт, даусү, аузү, дәукөс, ауұздүқты, таусұл тәуөп, тәулүк, кеудә, тоқтаусұз, жаурұндұ, жаурұншұ, жауұқтұ, жоқтаушұ, жоқтаусұз, байлаулұ, баулұ, саудұр, саулұқ, зауұқ, зауұқшұл, ал П. М. Мелиоранскийде: біреудү, таудүң, күйеудүң, ауүздұқ т. б. түрде ұшырайды.



Сингармонизм — тіліміздің тарихи дамуының нәтижесінде қалыптасқан заңдылық, өзге тілден ерекше етіп тұратын өзіндік жарасым. Тіліміздің табиғи жарасымдылығына ерін үндестігі де жатады. “Ерін үндестігі өткен ғасырлар ішінде күшті болған, енді әлсіреп құрып барады” (академик Н. Сауранбаев) десек, оған себеп, біріншіден, жазудың ықпалы, өзіміздің құнтсыздығымыз болса, екіншіден, артикуляциялық базамыздың дамуы, ерін үндестігі жоқ көрші тілдердің әсері деп қарау керек.

Ерін үндестігін дұрыс түсіну үшін еріндік дауыстылар мен езулік дауыстылардың көрші буындарда қатар тұру мүмкіндіктерін ескеру



83

керек. Сонда екі буынды сөздерде тек ашық а езулігінің ғана о, ұ еріндіктерінен кейін тұру мүмкіндігінің барын көруге болады: ора, орак, отан, қола, қора, ұра, ұран, ұзақ, құрақ, құлақ, бұта т. б. Қалған жағдайда еріндіктер мен езуліктер бір сөз ішінде қатар айтылмайды. Әсіресе еріндіктерден кейін езуліктердің айтылуы мүмкіндігі жоқ деуге де болады. Тек мазмұн, мақұл, мақұлық, марқұм, мәжнүн, кунә, күнә, мәжбүр, дәстүр деген сияқты санаулы ғана кірме сөздерде бұл заңдылық сақталмауы мүмкін. Ашық а және ә езуліктерініқ өздерінің ашықтықтарының арқасында еріндік дауыстылармен еркін қатынасқа түсу мүмкіндіктері бар. Алайда тілдің табиғи жарасымы оларды да шектеп қойған.

Еріндіктердің езуліктермен қарым-қатынасының барынша шектеулі болуы, еріндіктердің өзара (о дыбысынан басқалары) мидай араласып жататыны, яғни тілімізде ерін үндестігінің барлығын қуаттайды. Сингармонизмнің мәні мен сәнін құрауға тіл және ерін үндестіктері тең дәрежеде қатысады.

Бұдан шығатын қорытынды тіліміздегі ерін үндестігінің күші, жұрт айтып жүргендей, екі буынмен шектелмейді. Бірінші буында дөңгеленіп, сүйірленіп алған ерін екінші буында (ашық а дыбысы болмаса) тез жайылып өз қалпына келмейді және ол үшінші буында да аяқтала қоймайды, бірте-бірте әлсіреп барып жайдары қалпына келеді. Зерттеушілердің айтуынша еріннің күші барлық буындарда бірдей болмайды. Мәселен, В. В. Радлов көрсеткендей кө-зүл-дү-рүк-те-рі деп айта-тын болсақ, еріннің күші бірінші буында — 100, екінші- 85, үшіншіде — 70, төртіншіде — 55, бесіншіде — 40, алтыншыда —25 процент түрінде кему керек. Әрине, бұл долбар. Қазіргі тілімізде ерін үндестігі екі-үш буыннан аспайды десек, оны да былай долбарлауға болар еді. Мәселен, өзөн-дөр-ді дегенде 1-буын— 100, 2-буын — 75, 3-буын — 50, 4-буын — 25 процент. Сонда 50 проценттен төмен қарай еріннін. күші құлакқа аса аң-ғарыла бермейді.

Қазақ тілі фонетикасын экспериментті жолмен зерттеп жүрген ғалым Ә. Жүнісбеков сингармонизм туралы “соны сүрлеуінде” ерін үндестігінің күшін шектемейді[44,45].

Егер тілдік норма сол тілді тұтынушылардың басым көпшілігін колдану практикасына негізделеді десек,



84

әдетте норманы айқындауда осындай критерий алынады, онда қазіргі қазақ тілінде ерін үндестігі “енді әлсіреп құрып барады” (Н. Сауранбаев) дегенді де қойып, біржола жойылды десек те болар еді (қазіргі қазақ лингвистерінің көбі осылай ойлайды). Мұның өзі тілдің табиғи дамуынан туып отырған жоқ, тағы да қайталап айту керек, қолдан жасалған жазу нормаларының нәтижесінде жеделдеп отыр.

Ерін үндестігінің сұлбасы ауызекі тілімізде сақталса керек еді.Бұл мәселені арнайы зерттеген авторлар: “Сөздің бірінші буынында ерін дауыстылары келген жерде екінші буындағы қысаң және жартылай қысан дауыстылардын. еріндік сипатқа ие болуы — тілімізге тән заңдылық. Мысалы: дөңгөлөк бөдөнө, жұмыр, үндөмө т. б.” [27, 30] — дейді де, келесі сөйлемде: “...үш-інші буындағы дауыстының ерін ықпалына шалдығуы оншалық емес”,— деген қорытындыға келеді және сол екінші буыннан асырмауға тырысады. Тек 51-бетте бү-гөлөк, өрөскөл, бүлдүргү, 73-бетте көбүрөк, сол 51-бетте бір сөз түсүнүктү болып кетіпті. Авторлар қазіргі оқыған қауымның ауызекі тілін айтып отырған сияқты. Біздің түсінігімізде ерін үндестігі қарт кісілердін, айтуында жақсы сақталған.

Сонымен тап қазіргі казақ тіліндегі ерін үндестігін көпшіліктің айту практикасына негіздейтін болсақ, былай болып шығады:

1. Байырғы сөздерімізде еріндік дауыстылар жазылып, келесі буында е, ы, і әріптері ұшыраса, онда е әрпі ө болып, ы әрпі ү, і әрпі ү болып айтылады. өлөң (өлең), ақылгөйлөр (ақылгөйлер), өйгө (үйге), үйдү (үйді), үйсүз (үйсіз), қойду (қойды), қойум (.қойым), мазмұнұ (мазмұны), мазмұндұ (мазмұнды), дәстүрлү (дәстүрлі), дәстүрлөр (дәстүрлер), бұлбұлұ (бұлбұлы), дүлдүлүм (дүлдүлім). Сонда еріндік бір буынды сөздерге қосымшалар көбіне еріндік болып қосылады да, айтуда қосымшалардың еріндік варианттары да болады деп ұғу керек: түс-ү (түс-і), түс-үм (түс-ім), түс-түң (түс-тің), түс-кө (түс-ке), түс-сүз (түс-сіз), түс-сө (түс-се), түстү (түс-ті), түс-көн (түс-кен), түс-ур (түс-ір) т. б.

Үшінші, төртінші буында еріндіктер әлсіреп айтылады да, транскрипциялау кезінде олардың таңбасының үстіне кішкене дөңгелек қойылады, бүл — ол буында еріннің азды-көпті әсері болады деген сөз: өлөңдері, өзөндерге, өлөңге, құлұнұмыз, күлкүмүзді.



85

2. Қос ерін үнді у өзімен бір буынға енетін қысаң дауыстылардың тек еріндік (ұ, ү) болып келуін талап етеді, яғни ол (үнді у) қысаң езуліктермен (ы, і) әсте қатар тұра алмайды. Сондықтан да жасы, жары, байы, бекі, жері, шірі сияқты соңы ы, і дауыстыларына біткен етістіктерге тұйық етістіктін. (үнді у) жұрнағы жалғанғанда ы, і дыбысы ұ-ға, у-ге айналып кетеді: жасұу (жасу), жарұу (жару), байұу (баю), бекүуі (беку), жерүу (жеру), шірүу (шіру). Ал ауыл, бауыр, дауыл, жауын, қауын, дәуір, сәуір, тәуір, сауық, зауьқ қырғауыл, қарауыл сияқты сөздердің құрамындағы ы,і тек әріп, олардың айтылуы — ұ және ү: а-уұл ыл), ба-уұр, да-уұл, қа-уұн, дә-уүр, сә-уүр, тә-уүр, за- уұқ, са-уұқ, қырға-уұл, қара-уұл. Бұл сөздерге жалғанатын қосымшаларға да еріннің азды-көпті әсері болады: ауұлұмнұң, бауұрұма, дауұлұ, қауұнұн, дәуүрүмүз т. б. Сондай-ақ сөзформаның соңында кездесетін қос ерін үнді у дыбысы өзінен кейінгі қысаң дауыстыларға ықпал етеді ау-ұм (ау-ым), ау-дұ (ау-ды), тау-ү (тау-ы), дау-ұ (дау-ы), ойнау-ұ (ойнау-ы), қалаулұ (қалау-лы), жау-ұп (жау-ып), тау-ұп (тау-ып), кеуі-үп (кеу-іп), сеу-үп (сеу-іп), жыла-уұқ (жылау-уық), баста-уұш (баста-уыш), баянда-уұш (баянда-уыш).

Жартылай ашық е езулігі де қос ерін у дыбысынан кейін (уе түрінде) бір буында тұра алмайды, айтуда ө болады: әуө (әуе), әуөз (әуез), әуөн (әуен), тәуөкөл (тэуекел), сәуөгөй (сәуегей). Тіпті у өзінен бұрын тұрып бір буынға енетін е дыбысына аздап әсер етіп тұрады: бірөу, екөу, бесөу. В. В. Радловтың сөздігінде тіпті дәурөн (дәурен), дәулөт (дәулет) әурө (әуре). Қысқасы, еріндік дауыстылар сияқты қос ерін дауыссызы да өзінен кейінгі езуліктерге (ы, і, е) ықпал ете алады.

Сонымен ерін үндестігі де тіліміздің өзіндік жарасымын танытады. Әсіресе, екінші буындағы еріндіктің езулік болып айтылуы сөздің дыбысталуына ғана нұқсан келтіріп қоймайды, тіпті бірінші буындағы еріндіктің анық айтылмауынан.сөз мағынасының бұзылу қаупі байқалып жүр.

АККОМОДАЦИЯ

Аккомодация (лат. ассоmadatio — бейімделу) морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Мысалы: ат, ет, от, өт деген сөздерде бір ғана т фонемасы дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатынын білеміз.

Дауыстылар мен дауыссыздардың және керісінше, дауыстылардың дауыссыздармен көрші тұруында тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан заңдылық бар. Аккомодация құбылысында қазақ тілінде негізінен дауыстылар дауыссыздарға күштілік жасап, өз ықпалын жүргізеді, көбіне дауыстың қатысы және айтылуы жа-ғынан өзіне бейімдеп тұрады. М ы с а л ы: тарағы (та-рақ-ы), ағешкі (ақ ешкі), қарағой (қара қой) дегендерде дауыстылар дауыстың қатысы жағынан дауыссыздарды игеріп тұр деп түсіну керек. Ал дауыстылардың артикуляциялық (айтылуы) жақтан әсері дегенде әсіресе тілдің қалпы жағынан дауыссыздарға етер ықпалын айту керек. Яғни қазақ тілінде дауыссыздардың жуан және жіңішке болып айтылуы көбіне дауыстымен байланысты. Сондай-ақ жақтың, еріннің де аздап ықпалы болады.

Керісінше, дауыссыздар да дауыстыларға азды-кепті әсер етіп тұрады, алайда, оларды өзгертуге күштері жете бермейді. Тек қ, ғ дыбыстары өз маңында үнемі жуан дауыстылардың, к, г жіңішке дауыстылардың тұруын талап етеді. Осы тұрғыдан к дыбысын ка, ак деп айту тілдің табиғатымен үйлесе бермейді. Қалған дауыссыздар да дауыстыларға артикуляциясымен әсер етеді. Салыстырыңыз: ес, бес, кес, мес, сес, тес, шеш. Орыс тілінде керісінше, дауыссыздардың дауыстыларға ықпалы күшті болады.

Морфемалар жігінде дауыстылар мен дауыссыздар

және керісінше, дауыссыздар мен дауыстылар қатар

келген кезде әрқашан дауыстылар күштілік жасайды да,

аккомодациядағы ықпалдың түрі (прогрессивті, регрес-

сивті) дауыстының орын тәртібімен байланысты болады.

Сондықтан аккомодацияны екіге бөліп қарауға болады:

1. Дауысты мен дауыссыздардың үндесуі (прогрессивті аккомодация).

2. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі (регрессивті аккомодация).

87

1. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуі



Сөздің соңғы дыбысы дауысты болса, онда оған жалғанатын қосымша тек дауыссыздардан басталады делінеді.

Алайда кейбір оқулықтар мен ереже, зерттеулерде осы аксиомаға қайшы, жаңсақ пікірлер де кездеседі.

Олар:

а) бу, су, ту, ми, қи, ине, иле, биле, у, жуан, уық сөздерінің құрамындағы у, и әріптерін дауысты дыбыстар деп қарау. Бұлай болғанда бу-ы, бу-ын, бу-ады, бу-ар болып, дауыстылар (уы, уа) түрінде қатар тұрар еді. Тағы қайталап айту керек болады, жеке сөз тұрмақ, сөз бен сөздің аралығында да қатар келген дауыстылардың бірі айтылмайды. Ал біріккен сөздерді Молдаахмет, Қандыағаш, Сарыағаш, Сарыөзек, қалааралық, өліара түрінде жазу — орфографиялық норманың ісі.



ә) ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық райдын, у жұрнағы жалғанғанда ы, і дыбыстары түсіріліп жазылады”. (“Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері”).

Әрине, әңгіме әріптер туралы болса, бұл қағидаға келісуге де болар еді. Тұйық етістіктің -у жұрнағы дыбыс емес, әріп. Оның дыбыстық бейнесі — ұу, үу, у (тау дегенде). М ы с а л ы: бар-ұу, кел-үу, ойла-у.

Ал соңында ы, і әріптері бар сөздерді де екіге бөліп қарау керек.

Бірінші: аңқы, апшы, ары, байы, балқы, бекі, дары, ері, есті, жары, жасы, зекі, кеңі, қасы, қышы, мыжы, саңғы, сарсы, сасы, серпі, сырғы, тайқы, таны, тасы, телі, шарпы т. б.

Екінші: божы, босы, жоры, жосы, жүнжі, қоры, құры, мүжі, мүлгі, мүңкі, нұқы, оқы, өксі, сусы, суы, тоқы, торы, ұлы, үсі, шоқы, шүқы, шошы, шөкі т. б. Сонда бұлардың біріншілерінің соңында тұрған ы, і дауысты дыбыстар да, екінішлерінің соңындағылар (ы, і) әріптер ұ, ү дыбыстарының жазудағы таңбасы. Бұл екі топқа да тұйық етістіктің жұрнағы жалаң үнді у дыбысы түрінде жалғанады. Сонда, дұрысы, бұлардың біріншілерінің соңындағы ы, і қысаңдары қос ерін у дауыссызының ықпалымен ұ, ү еріндіктеріне айналады: аңқы-у аңқұу (жазылуы — аңқу), апшы-у — ап-шұу (апшу), бекүу (беку), телүу (телу). Ал екінші топтағы етістіктерде, дыбыс түрғысынан қарағанда, ешқандай да түсу, алмасу болмайды, оқұ-у, (оқу), жорұ-ұ (жору), мүжү-у (мүжу), үсү-у (үсу).

88

Алдыңғы морфеманың (сөздің) соңындағы дауыстылармен көрші тұрып айтыла алатын дауыссыздар мыналар:

а) Үнді дауыссыздар. Әсіресе л, м, н, ң үнділерден жалғаулар да, жұрнақтар да басталады және олар дауыстылардан кейін еркін тұра береді: қала-лар, қала- мыз, қала-ңыз, қала-ны, терезе-лер, терезе-міз, терезе- ңіз, терезе-ні, ойла-н, ал-ма.

Ал р, й, у үнділерінен тек жұрнақтар ғана басталады: ала-й, ала-р, қара-у, қара-й, жақсы-рақ, әдемі-рек. Үнді дауыссыздар дауыстылармен еркін қатар тұрып айтыла береді және ешқандай алмасуға ұшырамайды. Бұл қасиет олардың құрамында салдырдан гөрі дауыстың (тонның) басым болуымен байланысты.

ә) ¥ÿңдардан тек г, ғ, д дыбыстарынан басталатын қосымшалар ғана дауыстылардан кейін тұра алады: терезе-ге, терезе-де, жылқы-ға, жылкы-да, жара-дар қара-ған, де-ген, қала-ды, де-ді. Ал сөз басында ұяңдар дауыстылардан кейін айтыла береді: қара белбеу, қара вагон, сары гүл, қара дауыл, сары жылан, жаңа заң.

б) Әдетте дауыстыға біткен сөздерге қатаң дауыссыздан басталатын қосымшалар жалғанбайды делінеді, Алайда с және ш қатаңдарынан басталатын қосымшалар бұл заңға көнбейді де, ретіне қарай дауыстымен көрші тұра береді. Олар:



-сы, сі (бала-сы, әже-сі), сың, сің (бала-сың, әже* ,сің);

-сыз, сіз (бала-сыз, әже-сіз); -с (қара-с, істе-с), ~са, -се (қара-са, де-се), -сын, -сін (дана-сын кісісін); -шы, -ші (жылқы-шы, туйе-ші); -шы, -ші (қара-шы, де-ші); -ша, -ше (бала-ша, кісі-ше), (сәуле- ш, Айна-ш), -шық, -шік (қала-шық, төбе-шік).

Сондай-ақ т қатаңынан басталатын бірер қосымша кездеседі: (ойна-т, тіле-т), -тай (әже-тай, әке-тай),

Қатан, с және ш дауыссыздарынан басталатын қосымшаларды ерме қосымшалар дейміз. Өйткені бұлар алдыңғы морфеманың соңғы дыбысын талғамайды.

Соңы дауыстыға біткен сөздерге басқы дыбысы қатаңдардан басталатын қосымшалар жалғанбайды дейтін қағида ең алдымен қатаң қ, к, п дыбыстарына негізделеді. Шынында да морфемалар жігінде қ, к, фонемалары дауыстылармен қатар тұра алмайды, тұра қалғанның өзінде (сөз бен сөздің аралығында) айтуда міндетті

89

түрде ұяңдайды: қарағой (қара кой), алағарға (ала қарға), балагезде (бала кезде), жаңагелді (жаңа кел-ді), сондай-ақ ағешкі (ақ ешкі), тарағы (тарақ-ы), шелегі (шелек-і). Ал п қатаңының бұлардан бір ерекшешелігі кейінгі сөздің басында ұяңданбай айтыла береді: бір пайда пайда, екі пайда қайда (мақал); қара пышақ, өте пысық, қара піл.



Дегенмен, к, қ қатаңдарының да бірер кірме морфеманың басында дауыстылардың ықпалына илікпейтін кездері бар: күнә-кар, айла-кер, арба-кеш, түйе-кеш, кіре-кеш, пайда-күнем, бэле-қор, дүние-қор, жала-қор. Сондай-ақ Алмакүл, Айнакүл, Балакүл, Зейнекүл, Жұмакүл, Қынакүл, Тәттікүл сияқты біріккен түбір есім-дердін, екінші сыңарындағы күл (гүл) сөзі де ұяңданбай айтылады. Рас, бұлардың ендігі жерде гүл түрінде айтылу тенденциясы басым екенін ескеру керек.

2. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі

Қазіргі қазақ тілінде б, в, г, ғ, д ұяндарынан басқа дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады және бұларға дауыстылардан басталатын қосымшалар ретіне қарай жалғана береді. Бұған көз жеткізу үшін зат есімдерді тәуелдеп, етістіктерді есімше, әсіресе көсемше формаларында айтып көру жеткілікті: ас (зат есім), ас-ым, ас-ың, ас-ы; ас (етістік), ас-ар, ас-ып, ас-а;

Түбір соңындағы дауыссыздардын, ішінде келесі морфеманың басында кездесетін дыбыстық сапасына сергек қарайтын үш дыбыс бар. Олар — қ, к, п.

Түбір соңындағы қатаң қ, к, п дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда ұяңданып ғ, г, б дауыссыздарымен алмасады. Олар түбір мен қосымша аралығында: тарағы (тарақ-ы), кесегі (кесек-і), қабым (қап-ым), ағып (ақ-ып), ағар (ақ-ар), көгер (көк-ер), төгүп (төк-іп), көгүрек (көк-ірек), ағырақ (ақ-ырақ) және сөз бен сөздің аралығында: ағешкі (ақ ешкі), көгала (көк ала), көбадам (көп адам), қабалдым (қап алдым), көбеді (көп еді), ағала (ақ ала), жоғекен (жоқ екен).

Бір қарағанда бұлжымастай көрінетін осы заңнан ауытқу да ұшырайды. Атап айтқанда:

а) еліктеуіштер бұл заңға илікпейді: жарқ етті, жарқыл (жарқ-

90

ыл), күңк етті, күңкіл, лап етті, лапыл, қылпыл, бүлкіл, дүңкіл, зіркіл, лыпыл т. б.

ә) екінші буынындағы кысаң дауыстылар түсіп қалған жағдайда: үрік: үрк-ек, үрк-е, үрк-іп, үрк-у; бөркі (бөрік), қырқы, еркі, нарқы, халңы т. б.:

б) сын есім тудыратын жұрнағы жалғанғанда: қазақы қалмақы, тозақы:

в) фамилияға -ов, -ев қосылғанда: Беков, Себепов, Қазақов т. б.

г) Тәуелдік жалғауы жалғанғанда екі сөздің сонындағы п сақталады: тарапы, сапында. Бұл жалпы заңнан ауытқу ғана.

Бұдан сергек қ, к, п катаңдарының морфемалар жігінде де дауыстылармен ымыраға келіп катар тұра алатынын байқаймыз. Алайда мұны сөздің мән-мағынасына: дыбыстың ортасына байланысты уақытша ымыра деп карау керек болады, Сөздің семантикасы, грамматикалық формасы, дыбыстардың белгілі бір тіркесімі фонетикалық заңдылықтардан ауытқуға итермелейді. Мұ-ның өзі артикуляциямыздың да икемділігін аңғартады. '

М ә с е л е н: бөрік, ерік, нарық, халық, ғурып, калып сөздеріне тәуелдік жалғауы жалғанғанда екінші буындағы қысаң дауысты түсіп те (әдеби норма), түспей де қолданылуы мүмкін. Бірінші жағдайда сөз соңындағы қатаңдар ұяңданбайды (екінші жағдайда үяңданады). Мұның бір себебі рк (бөркі), рқ (нарқы), лқ (халқы), рп (ғурпы), лп (қалпы) дыбыс тіркесімдерінде жатыр.

Дауыстылардың регрессивті ықпалынан ұяңдайтын және бір қатаң дауыссыз ) бар, онын. өзінде бір-ақ сөзде кездеседі: ренжі (реніш-і).

Негізгі түбір етістіктердің соңы катан п дыбысына. бітсе, оған көсемшенің -ып, іп жұрнағы жалғанған кезде ол үнді у дыбысына айналады: “жауұп (жап-ып), тауұп (тап-ып), шауұп (шап-ыһ), қауұп (қап-ып), теу-үп (теп-іп), кеуүп (кеп-іп), сеуүп (сеп-іп).Қатан п-ның өзінін, ұян, сыңары б-мен алмаспай, унді у-мен алмасуының себебін былай түсіну керек. Бұл үшеуі (п, б, у) де қос ерін дауыссьіздар, ал -ып, -іп жұрнағындағы дауыстылар (ы, і)— езулік. Сонда әлгі сөзформалардын. екінші буындары -бып, -біп болмай. -уып, -уіп (айтылуы-уұп, -уұп) болатыны қос еріндіктің (б және п) арасында езулік дауыстыны айту қиындыққа түседі

91

де, ал у езулік қысаң дауыстыларды оп-оңай еріндікке айналдырады (жоғарыда айтылды), сөйтіп айтуды жеңілдетеді. Бұған мынадан да көз жеткізуге болады, етістік оп- -өп көсемше формада об-үп (оп-ып), өб-үп (өп-іп), болады да п ұян, б-мен алмасады. Өйткені мұнда түбірдегі еріндіктер қосымшадағы қысаңдарды еріндік етеді, сондықтан у-дың қажеті жоқ.



Жалпы қазақ тілінде қос еріндіктердің арасында қысаң езулік дауыстылар айтылмайды екен деген ұғым тумауға тиіс. Дұрысы, тілімізде бып, біп, пып, піп тіркесімдері морфемалар жігінде де ұшырайды: қабы-п, қарбы-п, ілбі-п, жібі-п, шарпы-п, тарпы-п, желп-іп, сер-пі-п. Мәселе сөз соңындағы п және оған -ып, -іп жұр-нағының жалғануы жайында болып отыр. Егер осы жап, тап, теп, сеп етістіктеріне -ыс, -іс, -ыл, -іл сияқты соңы п-ға аяқталмайтын қосымша қосылса, қалыпты алмасуды көрер едік: жап, жаб-ыл, жаб-ыс, жаб-ық, жаб-ар т. б.

Сонымен мәселе бып, біп тіркесіндегі езулік ы, і дыбыстарына тіреледі. Егер олар түбірге қатысты болса бір басқа, ал қосымшада болса, екінші бір жағдайды көреміз. Мұның өзі артикуляциямыздың небір нәзік дыбыстық қатынастарды қалт жібермейтінін байқатады.

Көсемше (-ып, -іп, -п) формалы негізгі етістікке жібер көмекші етістігі тіркескенде қатаң п-ның ұяңдануы заңды: жазыб-жібер (жазып жібер), айтыбжібер (айтып жібер), санабжібер (санап жібер), оқұбжібер (оқып жібер), көрүбжібер (көріп жібер), үрүбжібер (ұрып жібер) т. б.

Қарапайым сөйлеу тілінде бұдан басқаша айту да кездеседі:

а) әлгіндей бунақта қатан, п және көмекші етістіктің құрамындағы қысаң і дыбысы мүлдем түсіп қалады: айтыжбер (айтып жібер), оқүжбер (оқып жібер), қаражбер (қарап жібер), санажбер (санап жібер), сауұжбер (сауып жібер), теуүжбер (теуіп жібер);

ә) негізгі етістік ұяң з-ға аяқталса, көсемшенін. жұрнағы мүлдем түсіп қалады да, з регрессивті ықпалға ұшырап ж-ға айналады жажжбер (жазып жібер), сыжжбер (сызып жібер), ежжбер (ез-іп жібер), бұжжбер (бұз-ып-жібер), сожжберді (созып жіберді).

б) етістік с, сы-ға аяқталса с шы-ға жуықтайды: кешіжберші (кес-іп жіберші), тешіжбер (тесіп жібер), тошұжберші (тос-ып жіберші), қошұжберші (қос-ып жіберші), қашыжберші

92

(қасы-ып жіберші), ташыжберші (тас-ып жіберші).

Сондай-ақ сөйлеу тілінде кейбір бунақтың алдыңғы сөзі қысаң дауыстыларға аяқталып, келесі сөз әр түрлі дауыссыздардан басталса, әлгі қысан, дауысты түсіп қалады:

Қажғали (Қажығали), Қажмұқан (Қажымұқан), Бөрбасар (Бөрібасар), Бөржар (бөрі жар), Саржайлау (Сары жайлау), саржолақ (сары жолақ), Сарғожа (са-ры қожа), саржылан (сары жылан), кертолғау (кері толғау), кертартпа (кері тартпа), кергеткен (кері кеткен), кержақ (кері жақ), қозғүйрүқ (қозы. қүйрық), қозғарын (қозы қарын).

Тіпті соңғы буындағы дауыссыздың кейінгі сөздің басындағы дауыссызбен үндесуіне де қысаңдар кедергі келтірмейді: қожжаурұн (қозы жаурын), ошшақ (осы шақ, осы жақ) ошшолұ (осы жолы), өшшер (осы жер), ошшүрт (осы жұрт).

Ал екі сөзінің қатан, к,қ -дан басталатын сөздермен үндесуі өз алдына: еккүн (екі күн), еккелді (екі келді), еққабат (екі қабат), еққыз (екі қыз), еққатар (екі қа-тар), еққол (екі қол).

АССИМИЛЯЦИЯ

Ассимиляция (латынша аssіmilativ — ұқсау)—морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Бұлар да бірін-бірі дауыстың қатысы (ат-ты, ат-қа, қа-ғаз-ға, қар-ға, қан-ды) және артикуляциясы жағынан игеріп тұрады. Соңғыға мысал: қаңға (қан-ға), башшы (бас-шы), жамбады (жан-бады), қаммен (қан-мен) т. б.

Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалын үшке бөліп қараған жөн:

1. Прогрессивті ассимиляция

2. Регрессивті ассимиляция

3. Тоғыспалы ассимиляция

93

ПРОГРЕССИВТІ АССИМИЛЯЦИЯ



Қазақ тілінде прогрессивті, ассимиляция өте күшті. Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық (дауыс қатысы) жақтан ықпал етіп игеріп тұрады. Бұл, әсіресе сөз (түбір) бен қосымшанын аралығында жақсы сақталады, яғни қосымшаның басқы дыбысы түбірдің соңғы дыбысына толық тәуелді болып тұрады. Мұның өзі сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыздарға да тІкелей қатысты. Дауыссыздардың әр түріне байланысты прогрессивті ассимиляция мынадай болады:

1. Үнді дауыссыздар сөзді аяқтап тұра алады және бұлар дауыстылар сияқты өзінен кейінгі морфеманын, (қосымша, сөз) тек ұяң, үндіден басталуын талап етеді: мал-дың, мал-ға, мал-мен, ем-ді, ем-нен, аң-мен, ар-лы, ар-мен, ай-дың, ай~лы, ай-ға, тау-лар, тау-ға т. б.

Қатаң дауыссыздардан ерме с және ш ғана бұл заңға көнбейді: мал-шы, мал-сыз, мал-сақ, ал-са, ал-сын, ал-шы, емші, ем-сіз, ай-сыз, ар-сыз, аң-ша, жау-са, жау-сын, жан-са, жан-сын т. б. Өзгелік етістіктің қатаң т жұрнағы да соңы л, н, р, й үнділеріне аяқталған туынды етістіктерге жалғана алады: жөнел-т, айнал-т, қинал-т, ойлан-т, түрлен-т, ағар-т, қызар-т, сарғай-т, қа-рай-т т. б.

Ал.бунақтағы кейінгі сөздің басқы дыбысы қ, к қатаңдарынан басталатын болса, өзінен бұрынғы сөздін соңындағы үнділердің прогрессивті ықпалына ұшырап, үяңданып кетеді: малғора (мал қора), кітабымғайда (кітабым қайда), таңғалды (таң қалды), біргүлді (бір кулді), айғарады (ай қарады), тауғайда (тау қайда).

Бұл заңға бірер кірме қосымшанын, басында кездесетін қ , к қатандары бағынбайды, Олар: -қор (жем-қор, қам-қор), -қой (сән-қой, әзіл-қой, жанжал-қой), -кент (шым-кент, құм-кент, жар-кент). Сондай-яқ әйелдердің есімдерінің құрамында кездесетін күл (гүл) сөзінің басты дыбысы да ұяңдамайды: Әйкүл, Базаркүл, Тойкүл, Қызылкүл, Әтіркүл, Қыздаркүл, Әйімкүл, Айым-күл, Шірінкүл, Шырынкүл.

2. Қазақ тілінде ұяң дауыссыздардан тек ж, з дыбыстары ғана сөз соңында келеді. Оның өзінде ж дыбысына аяқталатын сөздер санаулы-ақ (лаж, мұқтаж, таж, уәж).



94

Әдетте орыс тілінде сөз соңында ұяң дауыссыздар айтылмайды. Ал орыс тілі аркылы қазақ тіліне енген сөздердің соңында ж, з әріптері жазылса, олар дыбыс болып айтыла да береді: гараж, тираж, фиксаж, блиндаж, экипаж, колхоз, совхоз, гипноз, катализ, шлюз т. б.

Бұл үяндарға (ж, з) біткен сөздерге дауыссыздардан басталатын қосымшалар ұяң және үнді дыбыстардан басталады: жаз (зат), жаз-дың, жаз-ға, жаз-бен, жаз (ет.) жаз-ған, жаз-ды, жаз-ба, қыз (зат), қызбын, қыз-дың, қыз-ға, қыз-бен, қыз-дар; қыз (ет.) қыз-ба, қыз-ған, қыз-ды, газ-ды, газ-ға, газ-бен т. б.

Бунақта сөз соңындағы ұяңдардың прогрессивтік ықпалынан кейінгі сөздің басқы қ және к қатаңдары ғана ұяңданады: жазгел-ді (жаз келді), жазгөрдім (жаз көрдім), қағазғалам (қағаз-қалам), бізгелдік (біз келдік, стажгерек (стаж керек), блиндажғайда (блиндаж қайда).

Катаңдардан тек с, ш дыбыстарынан басталатын ерме қосымшалар ғана қосыла алады. Оның өзінде сөз соңында ұяңдар (ж, з) регрессивті ассимиляцияға ұшырап басқа дыбыстармен (с, шж) алмасады жасса (жаз-са), жашшы (жаз-шы), жассын (жаз-сын), жаж-жақсы (жаз жақсы), бішше (біз-ше), біссіз (біз-сіз), көссүз (көз-сіз).

3. Қатаң дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады. Сөз соңындағы қатандар өзінен кейінгі морфемалардың тек қатаң дауыссыздардан басталуын талап етеді: тас-қа, тас-ты, тас-пен, тас-тай, кес-се, кес-кен, кес-пе, кес-ті.

Түбір мен қосымша арасында катаңның прогрессивті ықпалынан пайда болатын бір-ақ алмасу кездеседі:

Соңы қатаң ш-ға аяқталған сөздерге с дыбысынан

басталатын қосымша жалғанса, с дыбысы ш-ға алмасады: ашша (аш-са), шешше (шеш-се), қашша (қаш- са), кешше (кеш-се), ұшша (ұш-са), ашшын (аш-сын), шешшін (шеш-сін), кешшін (кеш-сін), қашшын (қаш-сын). 3

Бұл екі дыбыс (ш, с) дауыстын қатысы жағынан бірдей. Артикуляциясы жағынан да жуық. Ерекшелігі з, ш қос фокусты. Олай болса, бұл жердегі толық игеру (ш, ш) артикуляциямен байланысты.

Бунақта қатар келген ш, с дыбыстары алмасуға ұшырамайды: күшсалды, кеш соңында, көшсоңында, ішсөзді-

95

Халық тілінде заңға қайшы (әдетте ш мықтылық жасаса) үссом (үш сом), үссағат (үш сағат), үссурет (үш сурет), үссандық (үш сандық) түрде айту кездеседі.



Ал бунақта кейбір қатаңдардың ұяңдарға азды-көпті прогрессивті ықпалы болады. Атап айтқанда:

а) бунақтағы сөздердің алдыңғысы қатаңдарға аяқталып, келесі сөз ұяң б, г, ғ дыбыстарынан басталса, онда олар қатаңданып айтылады: кешполды (кеш болды), ешқалым (еш ғалым), ашпала (аш бала), ақпота (ақ бота), көкпет (көк бет), көппала (көп бала), беспет (бес бет), таспөгет (тас бөгет), кешполды (кеш болды, Ақпай, Көкпай, Көппай, Беспай, Тасполат, жасқалым (жас ғалым), бесқасыр (бес ғасыр) ақкұл (ақ гүл), көккүл (көк гүл), көпкүл (көп гүл), жаскүл (жас гүл), ұзаққұмыр (ұзақ ғумыр);

ә) бунақ ішінде тж қатар келсе, ж қатаңданып ш-ға жуықтап айтылады: шетшер (шет жер), жатшерде (жат жерде), итшеккен (ит жеккен), итшанды (ит жанды), етшеді (ет жеді), Сәтшан (Сәтжан), Айтшан (Айтжан), Құтшан (Құтжан), етшенді (етженді), Мүхаметшан (Мұхаметжан).

б) сондай-ақ сд, тд, шд қатар келгенде, д қатаңданып, т-ға жуықтайды: тастәуір (тас дәуір), жаттауыс (жат дауыс), бестыбыс (бес дыбыс), төрттөңкелек (төрт дөңгелек), атторба (ат дорба), үштөңкелек (үш дөңгелек), төрттоп (төрт доп), үштөс (үш дос), тастуал (тас дуал), бестәптер (бес дәптер), төрттәптер (төрт дәптер), үштәптер (үш дәптер), жастәурен (жас дәурен);

в) қатаң дауыссыздарға аяқталған сөздерден соң де көмекші етістігі келгенде д қатаңданады:

ақте (ақ де), көкте (көк де), тарақте (тарақ де), кітапте (кітап де).

Тұр алдымнан кет деді,

Кет деген сөзі кекті еді (“Алпамыс”)

РЕГРЕССИВТІ АССИМИЛЯЦИЯ

Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляцияның күшті екендігі айтылды. Бұл заң бойынша алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссызды дауыстың қатысы (акустика) жағынан өзіне сәйкестендіріп, толық тәуелді етіп тұрады. Алайда бұл заңға кейбір қосымшалардын басында кездесетін с, ш катаңдары көне бермейтіні ескертілді.

96

Сондай-ак прогрессивті ассимиляция кезінде артикуляциялық жақтан да игерілмей қалатын дыбыстар бар. Әсіресе мұндай оралымсыздықтар (сәйкессіздіктер) сөз бен сөздің аралығында көбірек ұшырайды.



Алайда тіл, яғни үндестік заңы мұндай сәйкессіздіктерге жол беріп отыра алмайды. Сөйтіп прогрессивті ассимиляция кезінде акустика-артикуляциялық жақтан қалған дыбыстардың арасындағы сәйкессіздіктерді регрессивті ассимиляция керісінше, яғни кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері арқылы реттеуді мақсат етеді. Мұны алдыңғы морфеманың (сөздің) соңында кездесетін үнді, ұяң және қатаң дауыссыздар түрінде қараса да жеткілікті. Өйткені регрессивті ассимиляция сөз соңындағы дауыссыздарға кейінгі морфеманың (қосымша не сөз) басқы дауыссыздарының ықпалы түрінде ғана болады.

1. Үнді дауыссыздар да дауыстылар сияқты басқа дауыссыздарға күштілік жасайды да, оларға ықпал етіп тұрады. Прогрессивті ассимиляция кезінде үнділер алмасуға ұшырамайды. Ал регрессивті ассимиляцияға ұшырап алмасатын бір-ақ дыбыс бар. Ол - тіл алды н.

Бұл дыбыстың тіл арты г, ғ үнсіздерінің (қ, к қатаңдары үнділер-ден кейін ұяңдайтыны белгілі) алдынан келіп айтылу мүмкіндігі мүлде жоқ. Сондықтан да тілімізде ертеректе енген кейбір орыс сөздерінің құрамында кездесетін нк, нг тіркесіндегі н дыбысы біржола ң дыбысына айналып кеткен: бәтеңке (ботинка), кәрзеңке (корзинка), резеңке (резинка), сіреңке (серенький) теңге (деньги). Сондай-ақ қос ерін б, м, п дыбыстарынын, алдында да н айтылмайды. Орыс сөзі кәмпіске (көркем шығармада, ауызша айтуда) болып, н дыбысы қос ерін м дыбысына алмасады. Қазақ тілінің байырғы сөздерінің кұрамында нғ, нг, нб, нм, нп дыбыстары тіркесі айтуда ұшырамайды.

Сонымен н мынадай жағдайда регрессивті ассимиляцияға ұшырап алмасады:

а) соңы н дыбысына біткен сөздерге тіл арты ғ және г дыбыстарынан басталатын қосымшалар жалғанған кезде тіл алды н тіл арты ң дыбысына алмасады: күңгө (күн-ге), қаңға (қан-ға), жаңға (жан-ға), үлкөңге (үлкеө-ге), жөңгө (жөн-ге), оңға (он-ға), бүгүңгі (бүгін-гі), кейіңгі (кейін-гі), түңгү (түн-гі), келгеңге келген-ге), жалғаңған (жалған-ған), сеңген (сен-ген), сеңгеңге (сенген-ге),

97

сеңгісі (сен-гісі). Мұнда ғ, г дыбыстары өзінен бұрынғы н дыбысын артикуляциялық жақтан игеріп тұр. Орфографиялық норма бойынша жоңқа (жон-қа), жоңқала (жон-қа-ла), жоңғы (жон-ғы), жоңғыш (жон-ғыш), алдыңғы (алдың-ғы) түрде жазылатын сөздердегі ң дыбысы да осы заңнын. көрінісі деп түсіну керек;

ә) соңы н дыбысына біткен сөздерге жалғанатын қосымша б, м дыбыстарынан басталса, онда тіл алды н қос ерін м дыбысына айналады: қаммен (қан-мен), жаммен (жан-мен), әммен (ән-мен), жамбады (жан~ бады), қамбады (қан-бады), сембеді (сен-беді), келгеммен (келген-мен), айтқаммен (айтқан-мен). Мұндай күбылыс сөз бен сөздің аралығында да байқалады: омбір (он бір), омбес (он бес), омбет (он бет), жамберді (жан берді), қаммен тер (қан мен тер), әммен жыр (ән мен жыр), жамбота (жан бота), жамболат (жан болат).

Алдыңғы сөз н дыбысына аяқталып, кейінгі сөз п дыбысынан басталса, тіл алды н дыбысы қос ерін м дыбысына алмасады; омпарақ (он парақ), жампайда (жан пайда), жампида (жан пида), жамампиғыл (жаман пиғыл), Жампейіс (Жан пейіс), Күмпейіс (Қүн -йіс).

2. Үнділерден қазак тілінде з және ж дыбыстары ғана сөзді аяқтай алады. Оның өзінде ж санаулы ғана түбір морфеманын, кұрамында ұшырайды, ал з дыбысы одан әлдеқайда актив. Бұл жіктік (-сыз, -сіз, -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз), тәуелдік (-ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз, -мыз, -міз, -ымыз, -іміз) жалғауларында да кездеседі.

Орыс тілінде араб, клуб, архив, актив, завод, катод, газ, шлюз, гараж, тариж түрінде жазылғанмен, сөз соңында ұяңдар айтылмайды. Алайда казақ тілінде газ, шлюз, гараж, тираж сияқтй сөздердің соңындағы з, ж айкын айтылады да, оларға косымшалар ұяң, үнді дауыссыздарынан жалғанады: газ-дың, газ-ға, газ-бен.

Алдыңғы морфема з, ж дыбыстарына бітіп, кейінгі морфема с, ш және з, ж дыбыстарынан басталса ілгерінді, кейінді ықпалдың нәтижесінде бірсыпыра дыбыс алмасулары болады. Оның ішіндегі регрессивті ассимиляция мынадай болып келеді:

а) алдыңвы морфема з үяңына бітіп, кейінгі морфема қатаң с дыбысынан басталса, онда з қатан, с дыбысына алмасады: сөссуз (сөз-сіз), көссүз (көз-сіз), касса (қаз-са), осса (оз-са), жүссом

98

(жүз сом), біссіз (біз-сіз), сіссіз (сіз-сіз); ал катан т-ның алдынан келгенде с-ға жуыктайды. Кастай (Казтай), Жүстайлак, (Жүзтайлақ), жүстауык, (жүз тауық), істүссіз (із-түссіз);

ә) кейінгі морфема ж дыбысынан басталса, алдынғы морфеманың сонындағы з дыбысы ж дыбысына айналады. Бұл сөз бен сөздің арасында ұшырайды. Өйткені ж дыбысынан басталатын косымша жоққа тән. Мысалы: жүжжыл (жүз жыл), ажжылда (аз жылда), жүжжаса (жүз жаса), божжорға (боз жорға), мүжжарғыш (мұз жарғыш), көжжүгүртті (көз жүгіртті). Қарапайым сөйлеу тілінде қатар келген қос ж-ның бірі қысқарып, айтылмай қалатын жағдайы да бар: Қыжы бек (Кыз Жібек), Қыжан (қыз жан);

б) кейінгі морфеманың басындағы ш дыбысы алдыңғы морфеманың соңындағы з ұяңын ш дыбысымен алмастырады: сөшшүл (сөзшіл), сөшшэң (сөзшең), ташша (тазша), жашшы (жазшы), бішше (біз-ше), сішше (сіз-ше), жашшықты (жаз шықты), жүшшақты (жүз шақты), тешшық (тез шық), көшшалды (көз шалды). Мұндағы алмасудын сырын былай түсіну керек: катаң ш дыбысы ұяң з дыбысын алдымен салдырдын. катысы жағынан катаң с дыбысына айналдырады да, сонан соң артикуляциялық жақтан (қос фокусты) дәл өзіндей етіп толык игереді;

в) кейінгі морфеманың басындағы с қатаңы алдыңғы морфеманың соңындағы ұяң ж дыбысын қатаңдандырады: лашшыз (лаж-сыз), мұқташшыз (мұқтаж-сыз).

3. Катаң дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады. Олардын ішінде регрессивті ассимиляция кезінде алмасуға икемділері к, қ, п, с.

Сонда:


а) Алдынғы морфема қ, к, п қатаңдарына бітіп, кейінгі морфема үнді және ұян д, ж, з дауыссыздардан басталса, онда сөз соңындағы қ, к, п үяңданып, ғ, г, б дыбыстарына алмасады: ағжауын (ақ жауын), ағдала (ақ дала), көгзерен (көк зерен), жоғзат (жоқ зат), көбзавот (көп завод), бегзада (бекзада), көбжер (көп жер).

ә) алдыңғы морфема с дыбысына бітіп, кейінгі морфема ш дыбысынан басталса, с дыбысы ш дыбысымен алмасады: жұмұшшұ (жұмысшы), ашшы (ас-шы), қөшшұ (қош-шы), башшы (бас-шы), ойлашшы (ойлас-шы), сөйлөшші (сәйлес-ші), башшұлғүды (бас шұлғыды), жашшақта (жас шақта), қошшеке (қос шеке),-

99

бешшелек (бес шелек), ташшөп (тас шөп), башшайды (бас шайқады).

Тез айтқан кезде осы шақ ошшақ болып кетуі де мумкін.

ТОҒЫСПАЛЫ АССИМИЛЯЦИЯ

Морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жақтан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де алмасуға ұшырауын тоғыспалы ассимиляция дейміз. Яғни тоғыспалы ассимиляция кезінде көрші да-уыссыздар әрі прогрессивті, әрі регрессивті ассимиляцияға бірдей ұшырайды. Бұл екі түрлі жағдайда ғана, оның өзінде сөз бен сөздің аралығында кездеседі.

1. Алдыңғы сөз үнді н дыбысына бітіп, кейінгі сөз қ немесе к катаңдарынан басталса, онда нқ және нк түріндегі дыбыс тіркесі ңғ нг дыбыстарына алмасады, Мұның себебін былай түсіну керек: алдымен прогрессивті ассимиляция заңы бойынша ұяң н дыбысы қатаң қ, к дыбыстарын ұяң ғ, г дыбыстарымен алмасуға мәжбүр етеді де, тіл арты ғ, г тіл алды н дыбысына артикуляциялық жақтан регрессивті ықпал етіп, оны тіл арты ң дыбысымен алмастырады: амаңгелді (аман келді), қаңғызыл (қан қызыл), қаңғұрт (қан құрт), қауұңғақ (қауын қақ), жаңгешті (жан кешті), күңгерді (күн көрді), ортаңғолдай (ортан қолдай), оңғап (он қап), алтыңгірпік (алтын кірпік), бұдаңкейін (будан кейін), сеңгелдің (сен келдің), қайраңғалды (қайран қалды), оңгүндік (он күндік), айдыңгөл (айдын көл).

2. Алдынғы сөз с дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, онда бұлардың екеуі де ш дыбысымен алмасады. Сонда алдымен с катаңы ұяң ж дыбысын қатаң ш-ға айналдырады, керісінше, қос фокусты ш бір фокусты с дыбысын толық игеріп, ш-мен алмастырады; ташшол (тас жол), башшақта (бас жақта), башшүлде (бас жүлде), ташшарған (тас жарған), бешшыл (бес жыл), қошшорға (қос жорға), ешшоқ (ес жоқ), құшшолу (құс жолы), Дошшан (Досжан), Ешшан (Есжан), Қошшан (Қосжан), Қарапайым айтуда ошшер (осы жер), ошшолу (осы жолы),

100


ошшақ (осы жақ) болып та кетеді.

Халық тілінде қос ш қысқарып та айтылады: К,о шан (Қосжан), Ешан (Есжан), Қышан (Қысжан).

Сонымен морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдымен алдыңғысы кейінгісін дауыс қатысы жағынан тәуелді етіп тұрады. Бұл заң бойынша қосымшалардың басқы дыбысы әбден игеріледі. Алайда артикуляциялық жақтан кейбір селкеуліктер (сәйкессіздіктер) қалады. Мұны регрессивті ассимиляция реттейді.

диссимиляция

Диссимиляция (лат. dissmilatio — ұқсамау) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ассимиляцияда көрші дыбыстар бір бірімен үндесіп, үқсап тұратын болса, диссимиляцияда керісінше, сөз ішінде бірдей немесе үқсас дыбыстардың біреуі өз орнын үқсастығы жоқ дыбысқа береді. Яғни диссимиляция — бір сөз ішінде артикуляциялық үқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі. Олар бірімен-бірі қатар (контактілі диссимиляция) және араға басқа дыбыстар салып (контактісіз диссимиляция) тұруы мүмкін.

Бұл — әдеби тілде сирек құбылыс, көбіне нормаланбаған тілде (диалект, қарапайым тілде және балалар тілінде) кездеседі. Ассимиляция сияқты бұл да прогрессивті және регрессивті болады. Орыс тілінде қарапайым сөйлеуде бомба, трамвай сөзін бонба, транвай түрде айту ұшырайды. Яғни б-мен ерін қатысы жағынан жа-расым тауып тұрған м дыбысы “аласталып”, оның орнын тіл алды н алады. Сондай-ақ коридорды колидор түрде айту бар. Бұлар регрессивті диссимиляция.

Ал февральді феврарь түрде айту — прегрессивті диссимиляция.

К. Аханов “Шығу төркінінде молла (араб сөзі) түрінде дыбысталатын сөз қырғыз, қазақ тілдерінде молда түрінде айтылады. Бұл сөздің құрамындағы үнді л дыбысының ұяң д дыбысына айналуы да диссимиляция құбылысының нәтижесі” [3, 359] деп қарайды. Молда деп айту араб тілі үшін диссимиляция болар еді, ал біздің тіліміз үшін түсініксіз құбылыс емес, табиғи заңдылық болса керек.

101

Бұдан гөрі диалектілік айту: маңлай (маңдай), таңлай (таңдай), түңлүк (түңдік), қарапайым сөйлеуде кездесетін айдалайын (“Айман Шолпанда”) немесе айланайын (айналайын), балалар тіліндегі кол-бақ (қолғап) осы заңға орай жасалған деуге болады.



Әсіресе орфоэпияны елемей, сөзді жазылуынша жанбады (айтылуы жамбады) жанған (жаңған), Жанпейіс (Жәмпейіс), Жанбота (Жамбота), он мың (оммың), көзсіз (көссіз), жұмысшы (жұмұшшы) түрде бұзып айту диссимиляцияға әрі нақты, әрі мол мысал бола алады. Тілдегі эпентеза, гаплология, метатеза құ-былыстары осы диссимиляциянын. негізінде пайда болған.

ТІЛДЕГІ ӘР ТҮРЛІ ФОНЕТИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР

“Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары — сол тілді дербес тіл етіп тұратын белгілердің бірі” [32, 7] — десек, сол тіл өзге тілдерден сөз қабылдамай тұра алмайды. Ондай сөздер халықтың “қара қазанында” (айту машығы, артикуляциясы деген мағынада) қайта қорытылып, азды-көпті дыбыстық өзгерістерге ұшырап, кірмеліктен жұрдай болады. Дыбыстық өзгерістер әр түрлі болуы мүмкін. Кірме сөздің құрамындағы кей жат дыбыстар төл дыбыстармен алмастырылып, кейбір дыбыстар, ара-тұра буындар аласталып, керісінше, енді бір дыбыстар мен буындар жамалып айтылуы заңды. Сөйтіп сөз сапалық та, сандық та өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер төл сөздерде де болып жатады.

Фонетикалық құбылыстар — сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстык, өзгерістер. Тіл білімінде мұндай өзгерістердің әрқайсысының атауы бар. Олар: протеза, зпентеза, редукция, абсорбция, синкопа, гаплология, эпитеза, метатеза, апакопа, элизия т. б. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.



Протеза (грек. prothesis — алдында тұру)—сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін, тілдін, табиғатымен үйлестіру үшін кажет. Мұндай дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен кысан дауыстылар. Олар л, р дыбыстарынан басталатын кірме сөздердің алдына жамалады. Олай

102


болатыны қазақ тілінде лақ, лап, лау, лық, лып, лоқ-лоқ, лүп-лүп сияқты он шақты еліктеуіш болмаса, байырғы атауыш сөздер бұл дыбыстардан басталмайды.

ы: лаж, лай, лас, лашын, лау (“Ылау деп, уй деп дікілдеп” Абай), рас, рақат, разы, рай, рақмет, рақым, радио, разъезд, ранг, рапсодия, рация.

і: леген, лекер, леп, рәсуа, рәсім, рәуіш, рет, реніш, ребус, революция, регресс, редукция, рельс, республика, Ресей.

ұ: рұқсат, рух, ру, Лұқпан.

ү: Рүстем, үрөл (роль).

Қазақ тілінде протезаның күші елеулі, өз алдына буын болып тұрады. Сондықтан жазуда да жағаласып жүреді. Протезаны ескермеу өлеңге үлкен нүқсан болар еді.



Ылайла, ылай оймен тұнығыңды,

(Абай)


Ырас, десең, ырас сөз мен айтайын.

(“Бекболат” дастаны).

Орыс (русс), ораза (руза), орамал (румал) сөздерінің басындағы о да протезаның нәтижесі.

Рас, қазіргі білімді қауымныд айтуында р, әсіресе л дыбысынан басталатын орыс сөздерінде протезанын, күші әлсіреп барады.

Екі-үш дауыссыздан басталатын орыс сөздері протезамен айтылады: /ы/станция, /ы/стакан, Іы/станок, /ы/с-таж, /ы/статус, /ы/шкаф, Іы/шкала, /і/стенд, /і/стиль, Іі/стимул, /і/спектр, /і спирт, /і/штепсель, /і/штрек, /і/шкив, /і/шпиль, /і/шпирц. Мұның жазудағы көрінісі — үстел (стол).

Араб-парсы тілдерінде де қос дауыссыздан сөз басталмайды. Парсы сөзі, бізде қосымша -стан — жазудың жұмысы. Дыбысталуы: -ыстан (Қазағ-ыстан бағ-ыстан), -істан (Тәжіг-істан), -үс тан (Түрк-үс-, тан, гүл-үстан), -ұстан (Башқұр-ұстан).



Эпентеза (гр. ереnthesis — қыстырылу)—с-з ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы. Б9л да сөздің айтылуын жеңілдетуге негізделген. Ертеректе тілімізге еніп, айтылуына орай жазылатын бөрене (брев-но), жеребе (жребий), кереует (кровать), кепене (копна), кінәз (князь), пүліш (плюш) сөздеріндегі дауыстылар соның айғағы.

Редукция (лат. reductio— қайта оралу, кейін ысыру) бұл да дауыстыларға байланысты құбылыс. Сөз ішіндегі дауыстының

103


көмескіленуі. Редукцияға ұшырайтын да қысаң дауыстылар.

Қазақ тіл білімінде әдетте, редукцияға орны (орын-ы), ерні (ерін-і), мұрны (мұрын-ы), қарны (қарын-ы), сияқты сөздердің құрамындағы қысаң дауыстылардың түсіп қалуын жатқызады [3, 361]. Редукция туралы түсініктерде түсіп қалу туралы сөз жоқ. Тек дауыстынын, сандық, сапалық жақтан әлсіреуіне назар аударады, Онын, өзі алдымен екпінге қатысты болады.

Қазақ тілі тұрғысынан редукцияны қысаң дауыстылардың әлсіреп, көмескі айтылуы деп түсіну керек. Орфоэпиялық сөздіктерде ондай жағдайда дауыстылар түсіріліп (шартты белгімен) жазылады, дәрі'гер, қат'нас, тәж'рибе, аң'зақ, ад'раңдау, бад'рақ, ед'реңдеу, и'рім, қас'рет, жүд'рық, көб'рек, жұм'лу, көк'рек, түк/ рік, мәк'рүк, құд'рет т. б.

Қысаңдардың көмескілігі сонша, сөздін, құрамында жазуда да түсіп қалып жатады. Орфографиялық сөздіктің соңғы басылымында жасымық, мәкүрік түрде жазылған сөз бұрынғы басылымдарда жасмық, мәкрүк болып келді. Тіпті мағына сөзі де көпке дейін мағна түрде жазылғаны белгілі. Бұдан шығатын қорытынды қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар — протеза, редукцияға бейім дыбыстар.



Диэреза (гр. diaresis — ажырау, бөліну) —- айтуға ыңғайлы болу үшін жеке дыбысты немесе буынды ығыстыру, шығарып тастау.

Орфография бойынша сс, лл, мм, тт, ст, сть, зд дыбыстар тіркесіне біткен сөздерге косымша жалғанғанда түбірдегі соңғы дауыссыз түсіріліп жазылады: прогреске, класқа, металы, грамы, текстер, тресіне, поезға т. б.



Апокопа (гр. арокоре — шолтию) — сөздің сонындағы дыбыстың түсіп қалуы. Орыс тілінен енген: алимент (алименты), газет (газета), консерв (консервы), минут (минута), пар (пара), секунд (секунда), шахмат (шахматы), шпал (шпалы) сияқты сөздердің соңындағы екпінсіз дауысты түсіп қалған. Бақ, дос, тақ сияқты сөз-дер парсы тілінде бахт, дуст, тахт болып келеді.

Метатеза (гр. — орын ауыстыру) —сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы.

Қазақ тілінде қатар келген пк,пқ дыбыстары кп, қп түрде орындарын ауыстырып айтылады:

104

тепкі текпі

тепкішек текпішек

түпкір түкпір

әпке әкпе

әпкел әкпел

әпкіш әкпіш

Бұлар осылай айтуда да, жазуда да жарысып жүреді. Ал өкпе (өпке), қақпа (қапқа), қақпан (қапқан) осылай қалыптасқан. Әдеби тілдегі лагынет, нағылет те метатезаның ісі.



Эпитеза протезаға қарама-қарсы, дыбыстьщ сөздің соңынан қосылуы,

М ы с а л ы: қаса батыр (қас батыр), тапа тал түсте (тап тал түсте), тұпа-тұра (тұп-тура), немесе сазай (саза), тақтай (тақта), мүлдем (мүлде).



Элизия (лат. elisio — ығыстыру)—бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы. Мысалы: қарала (қара ала), сарала (сары ала), торала (торы ала), алалмады (ала алмады), айталмады (айта алмады), жоғаріл (жоғары іл), жақсөнөр (жақсы өнер), жақсөлөң (жақсы өлең). жыйырмалты (жиырма алты), екайғыр (екі айғыр), мынадам (мына адам) алешкі (ала ешкі). Мұны контактілі элизия дейміз. Ал осы уақытқа дейін редукция түрінде танып келген орны (орын-ы), ерні (еріні), мұрны (мұ-рын-ы), қарны (қарын-ы) сияқты құбылысты контактісіз элизия дейміз. Өйткені екінші буындағы (орын, ерін, мұрын) дауыстының түсуі тек қосымшаның басындағы дауыстымен байланысты болып келеді.

Аферезисэлизияға қарама-қарсы қүбылыс, яғни бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсуі. Бұл қазақ тілінде сирек кездеседі. Оның өзінде алдыңғы сөз бір буынды әрі ашық буынды болу керек. Мұндай сөздер санаулы-ақ: де, же, бұ(л), о(л), не, шылау — да, де, та, те...

Не істейін? Не ішесің? дегенді тез айтқанда, несте-йін? нешесің?-ге жуықтайды. Элизия бойынша, ністей-сің, нішесің болу керек еді. Бұл не сөзінің жойылуына алып барады. Ал не алдың?—дегенді нелдың, налдың емес, тек неалдың болады. Яғни бір буынды атауыш сөз (не ) өзінен кейін өз болмысын сақтайтыны байқалады, Ал шылаудың жөні бөлек. Мәселен: жазыпталды (жазып та алды),

105


тұрыптішті (тұрып та ішті), жатыпішті(жатып та ішті).

Гаплология (гр. һарlооs — жеке, жай —логия)—сөз ішіндегі біркелкі (ұқсас) буындардьщ бірінің түсіп қалуы. Мысалы: балдар (ба-ла-лар), арластыр (а-ра-лас-тыр), минералогия (минералоло-гия), трагикомедия (трагикокомедия).

Сондай-ақ абсорбция (лат.avsorptia — жұтылу), синкопа (гр. sunkope—қысқару), анаптиксис, эктлипсис т. б. терминдер де сөз ішіндегі дыбыстар мен буындардың түсіп қалуын әр қырынан қарастырады.

ГРАФИКА МЕН ОРФОГРАФИЯ БАЙЛАНЫСЫ

ОРФОЭПИЯ

Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Олар жетіліп, кемелденіп әдеби тілдін, көрсеткіші дәрежесіне жету үшін нормаға түсуі қажет. Норма — белгілі бір жүйе, заңдылыққа негізделген бірізділік. Сонда әдеби тіл дәрежесіне жеткен тілдердегі сөздердің айтылуында болсын, жазылуында болсын жалпыға бірдей ортақ, қалыптасқан бірынғай нормалар болады деген сөз. Нормалар неғұрлым бірізді, қальштасқан болса, қатынас құралы да соғұрлым жетіліп, кемелдене түсері ақиқат.

Тілдің ауызша формасын нормалауды орфоэпия, ал жазбаша формасын — орфография қарастырады. Дұрысы, орфоэпия (грекше orthos — дұрыс және ероs —сөйлеу) — сөздер мен сөз тіркестерінің бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.

Сөздердің бірізді айтылуңі (сондай-ақ бірізді жазылуы) тілдік қатынасты жеңілдетеді. Керісінше, белгілі бір мағынада қолданылатын сөздің (сөзформаның) дыбыстық құрамының бірдей болмауы түсінікті ауырлатып, көңілді алаңдатады.

Бұл әсіресе жергілікті ерекшеліктерден айқын аңғарылады. Мәселен:

Жергілікті Әдеби Жергілікті Әдеби



құлдану қолдану пұрсат мұрсат

106

құрытынды қорытынды меш пеш

оқсайды ұқсайды челек шелек

мүңірейді мөңірейді чал шал

дүнен дөнен мауыздау бауыздау

пысты пісті берку беку

пышық пұшық жоңыршқа жоңышқа

таңлай таңдай бігіз біз

қордық қорлық егер ер

ұрдьқ ұрлық сүгірет сурет

ешек есек полат болат

мышық мысық пұтак бұтак

дізе тізе уалау уқалау

дүз түз уату жұбату

Сондай-ақ кейбір сөздерді, сөз тіркестерін жазылуынша айту да құлаққа жағымсыз естіледі. Мәселен:

Жазылуы Айтылуы Жазылуы Айтылуы

өлең өлөң айдын көл айдыңкөл

өзенге өзөңге ай қабақ айғабақ

қонған қоңған алтын кірпік алтынгірпік

қонбады қомбады тас бауыр таспауүр

көзсіз көссүз тас жол ташшол

тазша ташша жас бала жаспала

басшы башшы ақ ешкі ағешкі

 

Сөздердің жазылуынша айту әсіресе жастардың тілінде үйреншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тіліміздің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға болмайды.



Бір қызығы, жаппай сауаттылыкқа соңғы жарты ғасыр көлемінде ғана ие болған біздің тілімізде алғашқы кезде жазу нормаларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінді де, орфоэпия мәселесі елеусіз қалып келді. Ол заңды да еді. Ғасырлар бойы ауызша дамып келген тілдің айту нормалары ол кезде аса алаңдата қоймаса керек. Рас, мектеп, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда алғашқы күннен-ақ үндестік заңдары арнайы айтылып келеді. Алайда орфоэпия жайында арнайы тақырып, түсінік тек 60-жылдардан бергі жерде ғана бой көрсете бастады. Соның өзінде жоғары оқу орнына арналған оқулықта (авторы С. Кеңесбаев) бұл мәселе әлі күнге жабулы күйде қалып келеді. Әрине, казақ орфоэпиясының негізі үндестік заңдарда жатқанын, үндестік заңдарын меңгеру,

107

айналып келгенде, айту нормаларын меңгеру екенін түсіну қиын емес. Тек орфография сияқты мән беріліп, қадағаланылмағандықтан, бұл салада ала-құлалық, селкеуліктердін, күн санап көбеюі заңды.

Сөздерді айтудағы кемшіліктер негізінен тілдің ауызша және жазбаша нормаларының арақатынасын парықтамаудан, орфоэпия туралы үгіт-насихаттың жеткіліксіз жүргізілуінен болып отыр.

Көрнекті ғалым Н. Сауранбаев 1947 жылы былай деп жазды: “Сөздін. дыбысталуы мен айтылуының арасындағы алшақтық біржола жойылды” [30, 222].

Дыбыстық тіл — күрделі құбылыс. Оны әріптермен мүлтіксіз беру мүмкін емес. Сондықтан кез келген тілдің айтылуы мен жазылуы-ның арасында алшақтық болмай қоймайды. Мұндай алшақтық қазақ тілінде де жетерлік. Олай болса, сөздерді жазылуынша айту ара-тұра жаңсақтыққа ұрындырары аян. Бұл салада да тәжірибе жинақтальш, ереже-қағида жасалынуға, оның өзі сол тілді тұтынушыларға ортақ, міндетті заңға айналуға тиіс.

Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардын, бірі — проф. М. Балақаев. Ол өзінің “Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері” деп аталатын еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: “Бірақ сөздердін, айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз қалып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады. Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынасы дұрыс, мынасы теріс дегенді көп есітпейміз. Кім қай сөзді қалай айтады, қалай есітеді — бәрібір — әйтеуір нобайы келсе болғаны. Бұл кемшіліктерден арылу үшін әрбір сөздін, дұрыс айтылу нормасын сақтап сөйлеуді тіл мәдениетінің басты талаптарыньщ бірі етіп қою керек” [7, 5]. Кітапта “Орфоэпиялық және орфографиялық норма” деп аталатын тақырып бар. Көлемі шағын болғанмен осы мәселелерге қатысты бірсыпыра құнды мағлұмат айтылған. Рас, автор алғаш; “Қазақ сөздерінің айтылуы мен жазылу арасында үлкен айырмашылық жоқ” [7, 37],— деген де пікір айтады. Алайда келесі бетте-ақ: “Сөйтіп қазақ тілі сөздерінің айтылуы мен жазылуы әр уақытта бірдей бола бермейді... Сөздердің айтылуы мен жазылуында бірлестік болу мүмкін де емес”,— екенін нақты фактілермен дәлелдейді. Соңы ы, і дыбыстарға біткен

108

етістіктерге у қосымшасы жалғанғанда, олардың ұ, ү-ге айналып кететіні де айтылады. Автор орфоэпиялық норманы айқындауға байланысты өз пікірін ұсынады: “Сонда жалпылама долбармен айтқанда, сөздердің айтылу нормасы былай болуы керек: құлаққа жағымды, көңілге қонымды айтылғанның бәрі — норма, бәрі дұ-рыс. Құлаққа жат не тосаң естілетін, көңілге қонбайтын бұлдыр, оғаш түсініксіз, дөрекі айтылғанның бәрі — нормаға жатпайды, дұрыс емес. Тілдік нормалар қоғам мүддесіне негізделетіндіктен олар жалпы халыққа бірдей түсінікті, тілге жатык, айтуға ыңғайлы болуға тиіс” [7, 38—39]. Қысқасы, бұл еңбекте қазақ орфоэпиясына қатысты алғашқы пікірлер айтылған деуге болады.



М. Дүйсебаеваның “Қазак, әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері” аты айтып тұрғандай, осы мәселеге арналған арнайы зерттеу.

Автор дұрыс сөйлеудің нормасы тіліміздегі белгілі бір дыбыс заңдылығы бойынша қалыптасатынын ескеріп, тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысының айтылуындағы ерекшеліктерге жеке-жеке тоқтайды. Автор қазақ әдеби тілінің сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына әсер еткен негізгі жағдайлар ретінде мыналарды атап көрсетеді: халықтың дәстүрлі (традициялық) сөйлеу тілі, белгілі бір мәдени орталық, баспа орындары мен мәдени мекемелер, жазба әдеби тіл мен көркем әдебиет. Автордың мына бір пікіріне көңіл аудару керек болады: “Қазіргі Алматы қаласындағы қазақ интеллигенциясының сөйлеу тілі дұрыс сөйлеу мәдениетінің үлгісі болады дейміз” [11, 12].

X. Қожахметованың мектепке дейінгі балалар мекемелеріне маман даярлайтын педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқушыларына арналған “Мәнерлеп оку” деп аталатын оқу құралында [21] орфоэпияға да орын берілген. Тіпті “Орфоэпияның басты ережелерін” анықтауға да тырысқан. Алайда ол тек ниет түрінде қалған.

Қазақ тілі орфоэпиялық нормаларын жүйелі түрде біршама дұрыс баяндаған, осы саладағы ізденістерге үлгі-өнеге боларлық еңбек — Р. Сыздықованың “Сөз сазы” (сөзді дұрыс айту нормалары), 1983 жылы жарық көрген бұл кітапшада қазақ тілінде түңғыш “Орфоэпия қағидалары” жүйеге түсіріліп, 36 параграфке топтастырылған. Және мұның өзі құрғақ, жай қағида болып калмаған; мысалдар берілген, жаттығуы және бар, Еңбектің және бір артықшылығы сөйлеу

109

үстінде сөздердің ритмикалық топ құрап айтылатынын және ондай топтардың түрлерін (он бес түрлі) анықтайды [32].



Ә. Жүнісбековтің еңбектері [42—45] тіліміздегі дыбыстардың акустика-артикуляциялық қасиеттерін дұрыс танытып қана қоймай, орфоэпияға қатысты да құнды фактілер бере алады.

Сөздерімізді айтудағы ала-қүлалық, орфоэпия жөніндегі пікірлер, мақала, зерттеулер, орфоэпиялық сөздіктердің жасалуына түрткі болды. Олар: Қ. Неталиеваның “Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі” [26] және М. Дүйсебаеваның “Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі” [12]. Бұл сөздіктерді оқу процесінде студенттер пайдаланып жүр.

Сөйтіп, алғаш елеусіздеу қалған тіл мәдениетіміздің үлкен бір көрсеткіші — орфоэпия саласында да соңғы 10—15 жылдың ішінде елеулі жұмыстар істелді. Әрине, бұл мәселе өз шешімін жан-жақты тапты деуге болмайды, әсіресе тілді тұтынушы көпшіліктің игілігіне айнала қойған жоқ.

Оның үстіне сөздің дұрыс айтылуын анықтауда, орфоэпиялық норманы тануда ұстанатын негізгі критерийдің де басы ашылып болған жоқ. Бұл мәселеге байланысты көзқарастар мынадай болып келеді:

1) көпшілік қалай айтса — сол норма;

2) неғүрлым жазылуына жуық дыбыстау;

3) жастардың айтуын норма деп тану (өйткені болашақ жастардікі ғой);


  1. астананың айту машығын негізге алу;

  2. сахна шеберлерінің сөйлеуін үлгі ету;

  3. говорлардың көпшілігіне тән айту машығын ескеру;

  4. мәдени-тарихи дәстүрді басшылыққа алу;

  5. тілдің ішкі даму заңдары қуаттайтын форманы мойындау.

Тіліміздің қазіргі айту практикасы алғашқы пункттермен үндес келетінін, мұның өзі орфоэпиялық үгіт-насихаттың жоқтығынан өріс алып отырған бір жақты, теріс тәжірибе екенін мойындауға тиіспіз.

Дұрысы — соңғы екеу болса керек еді. Әр ұлттың айту нормасы, артикуляциялық базасы ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасатыны белгілі. Қазақ тілі туыстас түркі тілдерінен лексика-грамматикалық ерекшеліктерімен оқшауланбайды [27, 11], алдымен осы өзіндік айтуьшен, өзіндік артикуляциялық

110

базасымен дараланады. Яғни мұның өзі — ғасырлар бойғы тарихи-әлеуметтік дамудың нәтижесі. Қазіргідей жазу-сызуы, баспасөзі, радио, теледидары болмаған кеңбайтақ далада қазақ тілі тек ауызекі сөйлесу түрінде дамығаны мәлім. Ал артикуляцияның негізі бесікте қаланады. С. Торайғыров мұны жақсы аңғарып, тауып айтқан:



Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Бесіктегі білімнің мықтысы да айтумен байланысты. Уілдеп жатқан бала ананың үніне күн санап тілін бейімдеу арқылы ұлы арнаға (тілге) жол ашады. Осы тұста ананың айту машығы маңызды роль атқарады. Егер ол:



Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Айналайын, күн бөпем,

Бурыл тайға мін бөпем,

деп, жазудағыдай айтса, әрине, сәбидің тілі де солай икемделмеске амал жок. Ал анамыз:



Әлдіпәлдій, ақпөпөм,

Ақпесікке жатпөпөм.

Айналайын, күмбөпөм,

Бұурұлтайға мімбөпөм,—

десе, баланың тілі де солай майысары сөзсіз және мұның өзі ауыздан-ауызға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, баршаға ортақ айту машығы қалыптасады; өзіндік ерекшелік, жарасым өркен жаяды да, лексика-грамматикалық құрылымы ұқсас тілдерді бір-бірінен даралайды;

Рас, қазіргі ғылыми-техникалық прогресс, әр түрлі жүйедегі тілдермен (орыс және шет ел тілдерімен) тілдік қатынас айту нормаларына, артикуляциялық базаға әсер етпей тұрмайтыны белгілі. Алайда орфоэпиялық нормалау тілдің тарихи дамуына, қалыптасқан дәстүрлі айтылуына негізделсе керек. Сонда ғана дәуір кашықтығына қарамастан бабалар тілі балаларға түсінікті әрі жұғымды болары хақ. Араға сан ғасыр салып жеткен ауыз әдебиетіміздін, қазіргі ұрпаққа қалтқысыз қызмет етіп отыруы да осы дәстүрлік жалғастықтан деп түсіну керек.

Сонымен орфоэпия ережелері тілдегі сөздер мен сөз



111

тіркестерін әдеби тіл нормасына сай неғұрлым бірізді, дұрыс айтуды қамтиды. Мұның өзі айналып келгенде, жеке дыбыстардың, дыбыстар тіркесінің айтылу ерекшеліктерімен, дыбыстардың үндестігімен тікелей байланысты. Қысқасы, орфоэпиялық норманы дұрыс меңгеру үшін тілдегі әрбір дыбыстың акустика-артикуляция-лық белгі-қасиеттерін қолданылуындағы (айтылу, жазылуындағы) ерекшеліктерді жақсы білу керек болады.



ГРАФИКА ЖӘНЕ ОРФОГРАФИЯ

Жазбаша тіл—ауызша тілдің графикалық бейнесі. Ол көбіне-көп ойды ауызша айтуға мумкіндік болмағанда немесе ыңғайсыз болған кезде пайдаланылады. Мұның бір артықшылығы, бұған айтушы мен тыңдаушының ара қашықтығы, уақыт (дәуір) алшақтығы кедергі бола алмайды. Әдетте, жазбаша тіл ауызша тілдің негізінде ғана пайда болады: өйткені жазатын адам ойын-іштей айту арқылы ғана қағазға түсіреді, жазуға айналдырады. Ал оны оқу — жанама (жазбаша) жолмен жеткен ауызша хабарды қалпына келтіру, алғашқы тілге оралу; тек оны іске асырушы басқа адам әрі қабылдаушы болып шығады.

Жазбаша тілдің ережелері мен заңдылықтарын тіл білімінің графика және орфография деп аталатын тарауы қарастырады.

Графика мен орфография әр түрлі құбылыс бола тұра, бірімен-бірі тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып тұрады.

Графика орфографияны да қамтитын кеңірек ұғым деуге болады.

ГРАФИКАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ АЛФАВИТ

Графика (грек. graphікё — жазылған, өрнектелген, сызылған), аты айтып тұрғандай, жазу және соған катысты мәселелерді қарасты-рады, яғни белгілі бір жазуға қатысты барлық амалдың жиынтығы, әріп пен дыбыстың арақатысы, сол әріп, таңбаларды жетілдірудің жайы. Қазіргі қазақ графикасының басты құралы әріптер және түрлі тыныс белгілері болып табылады. Бұдан басқа сөздерді қыскарту, бас әріппен жазу, жана жолдан (абзацтан) бастау, текстегі

112


кейбір сөздерді айшықтандыру да графиканың амалына жатады.

Жазуда әріптер тіл дыбыстарын неғүрлым дәл беретін болса, графикалық жүйе де соғүрлым жетілген болып танылады. Жеке әріп жеке дыбысқа (фонемаға) сәйкес келетіндей немесе жеке дыбысты (фонеманы) жеке әріппен дәл беретіндей мінсіз графика жоқ деп есептеледі, графика соған ұмтылады.

Қазіргі қазақ графикасы әріптердің жазылу тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы және баспа графикасы (сондай-ақ машина жазуы графикасы) болып бөлінеді. Қазіргі жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған.

“Жазу (жазба тіл)—адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал” [3, 404]. Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері К. Ахановтың “Тіл білімінің негіздері” оқулығында жақсы айтылған.

Графика деген түсінік әдетте фонематикалық (дыбыс — әріп) жазуға байланысты қолданылады. Мұндай жазуда алфавит, графика және орфография сияқты үғымдар орайласып жатады.

Қазір әлемде үш түрлі жазу жүйесі кең тараған: латын, кириллица және араб жазулары. Алайда бұл жазулардың қай-қайсысы да дыбыс пен әріптің, әріп пен дыбыстың сәйкестігін қамтамасыз ететіндей мінсіз графикалар емес. Ағылшын тілінде 46 фонема бар. Ал оны беру үшін алфавитінде 26 таңба және әр түрлі 118 графема пайдаланылады. Графема — тілдің графикалық (жазу) жүйесіндегі ең кіші единица. Әдетте ол әріптер-синоним ретінде қолданылады.

Кириллица жазуының графикалық жүйесі графемалар мен фонемаларды өрнектеуге қолайлы. Мұны грек тіліндегі шіркеу кітаптарын ескі славян тіліне аудару үшін славян ағартушысы Кирилл 863 жылы грек алфавиті негізінде жасаған. Қазіргі орыс алфавиті осы кириллицаның негізінде жасалып, түзету, толықтырудан өтті.

Қазақ тілі жазудың осы үш түрлі жүйесін басынан өткізді. Қазақ жазуы 30-жылдарға дейін араб графикасын пайдаланып келді де, 1929 жылы шілденің 25-інде Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің “Қазақтың жаңа емлесі туралы декреті”

113

жарияланғаннан кейін латын графикасына көшті. Жаңа алфавитте 29 әріп болды: оның 9-ы дауыстыларды (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і), 18-і дауыссыздарды (б, г, ғ, д, ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, һ, ш)



Екеуі жарты дауыстыны (й, у) таңбалады. Емленің негізгі принципі фонетикалық болды. Бас әріп пайдаланылмады. 1938 жылдың басында қаулы қабылданып, жазудағы негізгі принцип морфологиялық деп танылды және бас әріппен жазу заңдастырылды. Осы күнгі и, у, х, ф, в әріптері енгізілді. Алайда латын графикасына негізделген жазудың өмірі қысқа болды.

1940 жылы орыс графикасына негізделген жазуға көшу туралы заң қабылданды, соның нәтижесінде қазіргі жазуға ие болдық. Алғашқы алфавитте 41 әріп болды. Алфавиттік қатарда алдымен орыс тіліне тән әріптер, содан соң қазақ тіліне ғана тән әріптер тұрды. Бұл тәртіп 1957 жылы өзгеріп, қазіргідей күйге келді, яғни а, ә, б, в, г, ғ деген сияқты және қазақ алфавитінің қатарына э әрпі қосылды.

Қазіргі қазақ алфавитінде 42 әріп бар. Оның 33-і орыс тілінен өзгеріссіз қабылданды да, орыс графикасының негізінде жаңадан тоғыз әріп (ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, і, һ) жасалды. Бұл әріптердің 25-і дауыссыздардың, 15-і дауыстылардың таңбасы, екі әріпте (ь, ъ) дыбыстық мән жоқ.

Рас, тілдегі дыбыстарды бас-басына жеке әріппен таңбалау, әсте мүмкін емес. Ондай жағдайда өзімізге таныс ат, от, ет, өт сөздерінің құрамындағы г-ға төрт түрлі таңба табу керек болады. Сондықтан алфавиттік жазу көбіне фонемаға негізделеді де, әріп саны тілдегі дыбыстардан әлдеқайда кем боп шығады. Мұндай жағ-дайда жазу айтудың барлық ерекшеліктерін бере алмайтыны аян. Орыстың алфавиттік жазуы фонемаға негізделген. Бір ғана фонема колдану барысында әлденеше дыбыстық реңкке ие болады.

Қазақ жазуы да фонемалық жазу. Үндестік заңына сәйкес кез келген фонема (сингармема) бірнеше реңкте ұшырайды (Мысалы: т фонемасы).

Әріптер негізгі (басты) және қосалқы мәнді болып келеді. Егер әріп сөз ішінде жеке тұрғандағыдай дыбысталса, онда негізгі мәнінде тұрғаны. Ал ол сөз ішінде жеке түрғандағыдай дыбыс-талмаса, онда қосалқы мәнде тұрғаны. М ы с а л ы: бала, жаз, екі, елес, сары сөздеріндегі б, з, і, е, ы әріптері негізгі дыбыстық мәнінде қолданылып тұрса, ал араб, жазса, үкі, үлес, үры дегенде

114

олар қосалқы мәнге ие болып тұр, яғни б-п, з-с, і-у, е-ө, ы-ұ болып дыбысталады да, әріп өзі таңбалайтын дыбыстан көз жазып қалады. Графика үшін сөздің мағынасын айқындайтын әріптердің негізгі мәні маңызды. Ал әріптердің қосалқы мәні орфография ережесіне сай қолданылуынан көрінеді.



Қазақ алфавитіндегі әріптер негізгі мәніне қарай екі топка бөлі-неді: бір мәнді және көп мәнді. Бір мәнділер (ә, о, ө, ұ, ү, к, г, қ, ғ) үнемі бір-ақ дыбысты бейнелесе, ал калған әріптер екі, тіпті үш-төрт мәнді болып келеді. Мәселен, б, д, ж, с, ш әрі жуан, әрі жіңішке айтылатын дыбысты таңбалайды; тоба төбе, дау дәу, қожа көже, аса есе, ұшық ішік. Ал и, у, ю әріптері үш-төрт мәнді болатыны жоғарыда айтылды.

Әр әріптің өзінін аты бар. Дауысты әріптердін, аты өзіне сәйкес дауысты дыбыстың жеке өзінен (а, ә, е, о, ұ, ү, ы, і), не дауыссыздан басталатын дауыстыдан (е, ю, я) сондай-ақ дауыссызға аяқталатын дауыстыдан (и, у) тұрады. Ал дауыссыз әріптердің аты сол дауыс-сыз бен дауыстының тіркесіп айтылуынан құралады. Мысалы: балалар деген сөздің бас дыбысы (б-ны) бөлек айтпақ болсақ, не бы деп, ыб деп қана айта аламыз. Осы балалар деген сөздің соңғы дыбысы (р-ды) бөлек айтамыз десек те, не ыр деп, немесе ры деп қана айту мүмкін, бы, ры деп айтқанда б мен р-дың соңынан ыб, ыр деп айтқанда, алдынан дауысты ы дыбысын қосып отырмыз. Үйткені дауыссыз дыбыс пен сонор дыбыс алдынан, не артынан бір дауысты дыбыс қоспай, өздігінен бөлек айтылмайды” [13, 181].

Қазақ тіл білімі қаз-қаз баса бастаған 30-жылдарда Қ. Жұбанов осылай деген еді. А. Байтүрсыновтың 1912 жылғы “Оқу құралында” дауыссыз әріптің мәні мен айтылуы” былай болып келеді: бы, гі, ғы, ды, жы, зы, кі, қы т. б. (“Ана тілі”, № 38, 1990). Қысқасы, дауыссыздардын. алды, артынан қысаң ы, і дыбыстарын қосып айту тілдің өзіндік үйлесім, жарасымынан туындаса әрі сөйлеуде буыннан кем элемент болмайтынын аңғартады. Алайда орыс алфавитіне көшу кезінде тіліміздің өзіндік ерекшелігі ескерілмей, дауыссыз әріптердің аты да, орыс тіліндегідей немесе соған жуық айтылатын болды. Орыс тіліндегідей айтылатындар: ка, эл, эм, эн, эр, эс, эф, ха, ша, ща соған жуықтар: бе, ве, ге, де, же, зе, пе, те, це, че — бүларда э е-мен алмастырылған. Ал қазактың өзіндік

115

дауыссыз әріптері ға, қа, эн, һа да солардың кебін киген. Егер осы дауыссыздарды с, р, ф, н, д, т, л, ң, б, з, м, г, к, ш, ж, ц, х, һ түрде шашып жіберіп, әлгі заңды аттарымен атай бастасақ, эс эр эф-эн-де, те-эл-эң бе-зе эм-ге ка-ша же қа-хаһа деген сияқты келемежге кенелер едік. Әріптеріміздің бұлайша орысша аталуынан сол орыс тіліне деген құштарлықты, саясаттың ызғарын сезу қиын емес.

ӘРІП ПЕН ДЫБЫС.

ӘРІПТЕРДІҢ ДЫБЫСТЫҚ МӘНІ

Әріп пен дыбыстың арақатысы кітапта алдымен айтылған болатын. Өйткені бұларды бірімен-бірін шатастыруға болмайды.

Қазақ тіліндегі әріптердің қызметі — сөйлеу дыбыстарын тікелей немесе жанамалай білдіру. Графика жеке әріптердің дыбыстық мәнін және әр түрлі жағдайда қалай оқылатынын анықтайды.

Қазақ әріптері негізінен дыбысты білдіретіндіктен, қазақ жазуы да негізінен фонетикалық жазу деуге болады. Дегенмен әріптердің дыбысты білдіру дәрежесі ұдайы біркелкі болып келмейді.

Кейбір әріптер үнемі бір-ақ дыбысты білдіреді. Бұған алдымын ә, о, ө, ұ, ү, әріптерін атауға болады. Дауыссыздардың к, г, қ, ғ, әріптері де солай. Тек бұл дыбыстардың айтылуында ерін, езудің табы болады. М ы с а л ы: екі-үкү, егіз өгүз, ақы оқү, ағыз тоғұз. Сондай-ақ м, ң, л, р, й, у, т, ш әріптері де жеке сөздің ішінде нақты бір дыбысты білдіреді. Ал а, е, ы, і, б, д, ж, з, н, с әріптері негізгі мәнімен қатар қосалкы мәнде де жиі көрінеді. М ы с а л ы: кітәп (кітап), өлөң (өлең), оқү (оқы), үкү (үкі), араб (арап), жад (жат), лашшыз (лажсыз), жасса (жазса), жамбайды (жанбайды), жаң-ғанда (жанғанда), кешші (кесші). Яғни бұл сөздердегі аталған әріптер өзі бейнелейтін дыбысты білдіріп түрған жоқ.

Сөз ішінде бір әріп екі рет қайталанып қолданылса созылыңқы бір дыбысты білдіреді: қатты, соққы, асса, қаппен, кешші. Әдетте бұлай қабаттасу морфемалар (сөз бен қосымша, сөз бен сөздің) арасында ұшырайды. Дәл осылай қабаттасқан бір әріптің айтуда біреуі түсіп қалуы да кездеседі: махабат (махаббат), Меке (Мекке),

116

құтықтау (құттықтау), Қыжыбек (Қызжібек), Қошан (Қошшан, Косжан), Қыжан (Қыжжан, Қызжан).

Қазақ әріптерінің ішінде үнемі екі дыбыстын, қосындысын білдіретіндер дауыстылардың таңбасы — и, у, я, ал ю әрпі үш дыбысты білдіреді. Бұлардың дыбыстық мәні қоршап тұрған көрші әріптерге олардың мәніне байланысуы.

Сонда и әрпі ый, ій, ұй, үй; у әрпі ұу, үу; я әрпі йа, ю әрпі йұу, йүу сияқты дыбыстарды білдіретін болады. Ал ю, я, әріптері и әрпінен кейін келгенде ю әрпі ұу (қиұу, жиұу), үу (киүу, тиүу) дыбыстары-на, я жалан, а (қиа, миа) дыбысына сай келеді.

ОРФОГРАФИЯ

Сөздің жазылу жағдайының бәрін графика тұрғысы нан түсіндіре беруге келмейді. Графика бойынша өлөң, құлұн, түлкү, жамбады, жасса, жұмұшшұ түрде жазуға әбден болады және мұнын. өзі сөздің айтылуына да дәл келер еді. Алайда қазіргі қазақ жазба тілі (жазуы) тілдің тек дыбыстық (айтылу) жағын ғана қамтып қоймай-ды: сонымен бірге морфология, сөзжасам, лексикология және фонетикалық құрамның тарихи дамуымен де тығыз астасып жатады.

Графика дыбысты нақты сөзден, морфемадан тыс берудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады. Сондықтан оны жазудың тым жалпы да дерексіз ережесі десе де болады, ал орфография — көптеген себептерге байланысты графикадан туындайтын бұрмалар, ерекшеліктер.

Орфография сөздің графикалық бейнесінің олай емес, былай болуы әлдеқайда қолайлы, әрі қонымды (мэселен, өлең деп жазу өлөңнен гөрі тиімді) екендігінің жалпы принциптері мен жеке ережелерін жасайды. Қысқасы графика жеке дыбысты, әйтеуір жазуды қарастырса, орфография сөзді жазудағы графикалық мүмкіндіктердін, таңдаулысың ғана алады.

Әлемдегі жазу жүйелерінің көпшілігі бірнеше ғасырлық даму жолынан өтті. Мәселен, орыс жазуының тарихы екі ғасырдан асады (осыған негізделген қазақ жазуыка жарты ғасыр толды). Алайда осындай ұзақ дамудан өтіп, жетілген дегең жазулардың өзінде бірде-бір тіл дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында толық сәйкестікке жете қойған жоқ.

117

Әріптердің қолданылуын орфография белгілейтін ерекше ережелер реттейді.



Орфография (грек. огtһоs — дұрыс, gгарһо жазамын)— 1) жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі; 2) біркелкі жазуды қамтамасыз eтетін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы. Орфография тілдің белгілі бір даму кезеңіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайды деуге де болады.

Ережелер жүйесі: 1) дыбыстарды (фонемаларды) әрштермен беру; 2) сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу; 3) сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу; 4) бас әріпті пайдалану; 5) тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды және айқындайды. Орфография ара-тұра “дұрыс жазу” дегенге синоним ретінде де қол-данылады). Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негіз-делген ережелердің жиынтығынан тұрады.

Орфографиялық принцип бір сөз екі түрлі не одан да көп түрде жазылатын жағдайда соның біреуін таңдап алуды айқындайды. Осы принциптердің (лат. ргіпсіріum — негіз, бастау) негізінде орфографиялық ережелер жасалады. Жазу ережелері ойды дәл жеткізіп, жазылғанды дұрыс түсіну үшін өте қажет.

Қазіргі дыбыс — әріпке негізделген жазу жүйесінде дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен белгілеу орфографияның өзекті мәселесі болып табылады. Сөздің дыбыстық құрамын белгілеуде көбіне-көп басшылыққа алынатын принцип жетекші принцип немесе негізгі, басты принцип делінеді.

Қазіргі орфографияларда негізінен морфологиялық, фонетикалық және дәстүрлік принциптер қолданылады. Сондай-ақ дифференция-лаушы принцип те болуы мүмкін.

Морфологиялық принцип — сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемалар (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу. Мысалы: жан, жамбады, жаңғанда түрде айтылатын сөзформаларға ортақ түбір — жан, сондықтан жан, жанбады, жанғанда деп жазылады. Ал жаз, жазса, жазшы, айтуда жаз, жасса, жашшы алайда түбір (жаз) сақталып жазылады. Морфологиялық принципті фонематикалык принцип деп те атайды.

118


Мұнда бір фонема әр түрлі құбылғанына қарамастан үнемі алфавиттегі бір-ақ әріппен белгіленеді. Бұған жоғарыдағы мысалдан көз жеткізуге болады.

Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай жазылады, яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Сонда жаз, жасса, жашшы, жан, жамбады, жаңғанда түрде жазылады да, фонетикалық транскрипцияға жуықтайды.

Дәстүрлік принцип — сөздің бір кезде жазылып қалыптасқан, дәстүрге айналған түрін сақтап, жазу. Бұған қазақ тіліндегі хат, хабар, халық, каһар, жаһан сияқты сөздерде х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Дәстүрлік принцип тілдің қазіргі қалпына қайшы келуі де, келмеуі де мүмкін.

Дифференциялаушы (лат.differentia — айырым) принцип — дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір-бірінен орфографияның көмегімен айыру. Бұл принцип қазақ тіл білімінде ескерілмейді. Дұрысы, дәстүрлік принцип бойынша хабар, хал, халық, хан, хат, хош түрінде жазып жүргендеріміз, о баста тіліміздегі омонимдерді (қабар, қал, қалық, қат, кош) орфографиялық жақтан айырудың нәтижесі деп түсіну керек. Қазақ тілінде 2,5 мың омоним сөз бар, 10—15 сөзді түрлендіріп жазу арқылы бұл мәселені шешу мүмкін емес.

Дифференциялаушы принципке тілімізде бір сөздің мағыналық жақтан екіге жарылып, соған орай орфограммасының (грек. огtһоs — дұрыс, gгаmmа —әріп) да өзгеруін айтуға болады: үкімет — өкімет, ауа — әуе, ақырет ақирет, уақиға оқиға, балағат балиғат, ғылым--ілім, дауа — дағуа, дуа — дұға, дуана — диуана, қазір әзір, жаңқа жоңқа, қажет әжет, қаһар кәр, хал әл, мәлім мағлұм, тәлім тағлым, мән мағына, уәде уағда т. б.

Қазақ орфографиясының негізгі принципі — морфологиялық принцип. Орыс орфографиясында да солай.

Осы принциптердің негізінде “Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері” жасалған.

ПУНКТУАЦИЯ

Графика әріптермен қатар пунктуацияға да үлкен мән береді. Пунктуация (лат. рunktum — нүкте сөзінен) 1) алфавиттен тыс белгілердің (тыныс белгілерінің) графикалық жүйесі.

119

Мұның өзі графика және орфографиямен бірге жазудың негізгі құралы болып табылады; 2) тыныс белгілерін қою ережелерінің жиынтығы; 3) тексте тыныс белгілерін орналастыру; 4) тыныс белгілері деген сөз.



Пунктуациялық белгілерге жататындар: үтір (,) нүк-те (.), сұрау белгісі (?), леп белгісі (!), нүктелі үтір (;), қос нүкте (:), сызықша (—), дефис (-), көп нүкте (...), жақша (),тырнақша (“”).

Бұлар да әріптер сияқты жазбаша тілдің элементтері болып табылады, ауызша тілді шашпай-төкпей жеткізуге қызмет етеді. Тыныс белгілері грамматиканың бір саласы — синтаксисте жан-жақты қарастырылады. Графикаға қатысы бар бас әріп, тасымал мәселесі орфографияның негізгі ережелерінде айтылады.

ҚАЗАҚ ТІЛІ ОРФОГРАФИЯСЫНЫҢ НЕПЗГІ

ЕРЕЖЕЛЕРІ

“Қазақ жазуы күні бүгінге дейін 1957 жылы қабылданған емле ережелерін пайдаланып келеді” [16, 3-басылуы, З-б.]. “Бұл ережеде жазудың негізгі екі түрлі принципі қолданылған болатын: оның бірі — морфологиялық принцип те, бірі — фонетикалық принцип” [16, 1-басылуы, 5-бет].

“30 жылдан астам уақыт ішінде осы ережелерді қолданып келген жазу тәжірибеміз, қазақ орфографиясы принциптерінің дұрыс таңдалып алынғандығын және осы принциптерге сәйкес жасалған емле қағидалары негізінен дұрыс екендігін дәлелдейді.

Дегенмен емле заңдылықтары да тілдің өзі сияқты дамып, жетіліп отыратын құбылыс болғандықтан, 1957 жылы түзілген қазақ орфографиясының принщштері негізінен дұрыс, жинақы бола тұрса да, кейбір ережелерін әлі де болса толықтыра түсу қажеттігі туды. Осы себептен Қазақ ССР Ғылым академиясынын, Тіл білімі институты мен Қазақ ССР Оқу министрлігі 1957 жылғы орфографиялық ережелер кодексіне толықтырулар мен түзетулер енгізіп, оның жаңа редакциясын ұсынды. Ол ресми түрде қабылда-нып, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1983 жылғы 25 августағы Указымен бекітілді” [16, 3-басылуы, 3-бет.].

Орыс графикасына негізделген казак жазуынын болмысын

120


айқындайтын орфографиялық ережелердің бар тарихы осы. Қазақ орфографиясы басшылыққа алатын принциптер жайында “Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің” 1-басылымында (1963) мынадай түсінік берілген.

“Морфологиялық принцип бойынша сөздердің ауыз-екі айтылуында көршілес дыбыстардың әсері нәтижесінде пайда болатын дыбыстық құбылыстар ескерілмей, бастапқы түбір күйіндегі дыбыстық құрамы сақталып жазылады. М ы с а л ы: түнде, түнгі, түн бойы дегенде, түн сөзінің соңындағы н әрпі үш жағдайда үш түрлі дыбысталады: бірінші жағдайда н, екінші жағдайда ң, үшінші жағдайда м. Бірақ осындағы сөздің бастапқы дыбыстық құрамына жататыны н да, қалған екеуі мен м) сөздің түбірінің соңғы дыбысына кейінгі дыбыстардың ықпалы нәтижесінде пайда болған варианттар. Морфологиялық принцип бойынша сөзді ауызекі айтқан кезде естілетін бұл тәріздес дыбыстық варианттар жазуда есепке алынбайды.

Фонетикалық принцип бойынша сөзге жалғанатын қосымшалар түбір сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай түрленіп, қалай айтылса, солай жазылып отырады. Мысалы: кітап-тың, қағаз-дың, мектеп-тің, жер-дің” т. б. “Дәстүрлік принципте көзделетін мақсат — сөздің жазылуындағы ертеден келе жатқан, халықтың үғымына сіңген дәстүрді бұзбау”. Бүған: “естілуінше жазылып қалыптасқан белбеу, түрегел, әкел, ашудас, әнеугүні, алдыңгүні, бүгін, бүрсігүні, алаңғасар тәріздес”, “араб иран жұртының тілінен енген ақыл, мысал, саясат, тәлім, орыс тілінен енген кәмпит, кәрзеңке, кереует, жәшік, сот, болыс, бишік секілді сөздердін жазылуы жөнінде осыны айту керек”.

Енді осы принциптердің негізінде 1957 жылы түзілген “Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері” мен 1983 жылғы “толықтыру-лар мен түзетулердің” сырына фонетикалық біліміміздің тұрғысы-нан тереңірек бойлап көрейік. Мұнын. бастапқысында 51 параграф, 12 ескертпе болса, “толықтырудан” соң оған 3 параграф және 3 ескертпе қосылған. Әрбір филолог, әсіресе тіл маманы бұл ережелерді біліп қана қоймай, ондағы түйткілдерді де көңілге түйіп қойғаны жөн. Енді ережеге фонетика тұрғысынан қарап көрейік.

Ережелер іштей тоғыз тақырыпқа жіктелген.

122


"1.ӘРІПТЕРДІҢ ЕМЛЕСІ"

1. Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы.

“§ 1. а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э әріптері жалаң дауыстылардың е, и, у, ю, я әріптері қосынды дауыстылардық да (мысалы: ёлка, қи, ки, бидай, су, шумақ, аю, щою, якорь, саясат), кейде жалан, дауыстылардың да таңбасы ретінде (мысалы: слёт, кино, коммунист, бюро, октябрь) жұмсалады”.

Осындағы е, и, у, ю, я әріптері орыс тілінде аратұра жалаң дауыстыға сәйкес келіп, дауыстылардың таңбасы ретінде танылатыны белгілі. Қазақ тілінде (дауыссыз у-ды айтпағанда) бұлар тек дауыссыздар мен дауыстылардың қосындысы түрде болады. Олай болса, “қосынды дауыстылар” емес, қосынды дыбыстар түрінде түсіну керек. Якорь сөзі орфографиялық сөздіктің 3-басылымында жоқ. Оның мысалда жүруінің жөні жоқ.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет