§ 2. а, е, ы, і әріптері сөздін, барлық буындарында
жазылады...
Е с к е р т у: Соңғы буынында ы, і дыбыстары бар сөздерге дауысты дыбыстан басталған косымша жалғанғанда, ы, і дыбыстары кей уақытта түсіп қалады. М ы с а л ы: орын — орны, ауыл — аулы, құлың — қүлқы, әріп — әрпі, ерін — ерні, көрік — көркі, халық — халқы, ойын — ойна, алты — алтау, үрік — үркек — үркіп, жеті — жетеу, ерін — ернеу, ғылым — ғылми, ресім —ресми”,
Бұл ескертуге мынадай түзетулер енген:
а) “бар сөздерге” дегеннің арасына “бар кейбір сөздерге” делініп, “кей уақытта” алынып тасталған; ә) мысалда көрсетілген сөздерді қысқартып, жақшада, “мұндай сөздер орфографиялық сөздікте толық көрсетіледі” делінген.
Ережедегі “ы, і дыбыстары”, дұрысы ы, і әріптері екенін аңғару керек. Өйткені орын, қүлық, көрік, ойын, үрік сөздерінің екінші буынындағы ы, і — әріп, дыбысталуы — ұ, ү. Сондықтан ескерту — “ұ, ү, ы, і дыбыстары немесе ы, і, әріптері” жайында болуға тиіс.
Әріп пен дыбысты бірімен бірін шатастыру оқулықтар мен зерттеулерде әлі күнге дейін орын алып келеді.
“§ 3. э, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң сөздердің бірінші буындарында жазылады...” Шынында да о әрпі де, о дыбысы да тек бірінші буында жазылады және айтылады. Қалғандарының айтылуы жазылуына сай келе бермейді.
122
Орфоэпия елеусіз қалған 50 жылда ә, ө, ұ, ү дыбыстарының айтылуы да жазылуынан ұзамай келсе, оған осы ереженің елеулі үлесі болғанын ұмытпаған жөн. Біз бүл параграфтағы өзге де түсінік, ескертуді әдейі айтпай отырмыз. Ережеде — қор, қой, гөй сияқты қосымшаларда жазылатыны да ескерілуі керек.
“§ 4. й әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) түбір сөзде де, туынды сөзде де жіңішке естілетін жалаң и дыбысының және қосарлы ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде и әрпі қолданылады...
ә) я, ю әріптерінен бұрын ы, і дыбыстарының да орнына и жұмсалады...
б) йы, йі дыбыстар тіркесіне бітетін етістіктерге көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда ый, ій әріптерінің орнына бір ғана и жазылады. М ы с а л ы: колхоз байы-й-ды — байиды (байыйды, баиды емес), ол ке-йі-й-ді — ол кейиді (кейійді, кеиді емес).
Е с к е р т у: Қосарлы ый әріптері тік сый, тый сөздерінде (оларға қосымша жалғанғанда да) жазылады. Мысалы: сыйлық, сыйлау, сыйымды, сыяды, тыйым, тыйылу, тыяды.
в) и дыбысына бітетін етістіктерге жалғанатын тұйық райдың -у жүрнағы -ю түрінде, көсемшенің -а жұрнағы -я түрінде жазылады. Мысалы: и—ию (иу емес), ки — кию (киу емес), қи — қию (қиу емес), жи — жию (жиу емес), қи — щияды (щиады емес), жи — жияды (жиады емес)".
Бұл параграфқа 1983 жылы мынадай түзетулер енгі зілді:
“ә) я, ю әріптерінің алдында ы, і әріптерінің орнына и әрпі жазылады...
б) йы, йі дыбыстар тіркесі мен ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінін, орнына бір ғана и әрпі жазылады...”
Жазу сауатымызды арттыруға септігі тиген жасанды и әрпі бұл күнде сөздеріміздің айтылуын қиындатып жіберді. Басқаны айтпағанда: орфоэпиялық сөздіктердің авторлары да и әрпінің дыбысталуын біркелкі тани бермейді. Мәселен, Қ. Неталиева [26] ғанійбет, дарыйға, естыйар, пійала, пійаз десе, М. Дүйсебаева [11] ғаныйбет, дәрійға, естійар, пыйала, пыйаз түрде айтамыз дейді. Осыдан кейін мектеп оқушысы “мійіміз әшійді, қійін есеп” десе, таңдануға бола қоймас.
123
Мұның өзі и әрпінің ережедегідей тек “қосарлы ый, ій дыбыстарының таңбасы” ғана емес, үй, үй де болатынын, айтуда бұл әріптің жіңішкеріп кете беретіні орыс тілінде “жіңішке естілетін жалаң и дыбысының” әсері екенін ескеруді керек етеді.
“б) йы, йі тіркесі мен ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге” келтірілген мысалда: оқы-й-ды — оқиды (оқыйды, емес), суы-й-ды — суиды (суыйды емес_), мойы-й-ды — мойиды (мойыйды, моиды емес), қүры-й-ды — қүриды (құрыйды емес) сияқты сөздер жүр. Әңгіме әріп туралы болса, мұнымен келісуге болар. Ережеде дыбыс жайында болғандықтан, оқы, мойы, суы, құры сөздері “ы дыбысына” емес, ұ дыбысына (оқү, сұуұ, мойұ, құрұ) аяқталып тұрғаны айқын.
в) “и дыбысына бітетін етістіктер” де қазақ тілінде жоқ. Дұрысы, ый, ій (и, ки, ңи, жи дегенде). Мұнда да әріп дыбыспен шатастырылғанын аңғару қиын емес.
“§ 5. У әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) түбір сөзде де, туынды сөзде де бірде жуан, бірде жіңішке естілетін дауысты у дыбысының, сондай-ақ дауысты дыбыстан бұрын және кейін келетін үнді у дыбысының таңбасы ретінде қолданылады...
ә) ы, і дыбысына бітетін етістіктерге тұйық райдың -у жұрнағы жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіріліп жазылады: М ы с а л ы: оқы — оқу, тоқы — тоқу, жібі — жібу, ірі — іру, суы — суу...”
Бұл параграф түзетусіз берілген. Мұнда да әріп пен дыбыс ажыратылмаған. Мәселен, “бірде жуан, бірде жіңішке естілетін дауысты у дыбысының” ұу, үу дыбыстарының қосындысы екенін білеміз. Төртінші параграфта “жіңішке естілетін жалаң и дыбысының” барын айтады. Мұны орыс тілінен енген сөздердін, құрамындағы жалаң дауысты и деп түсіну керек болар. Орыс тілінен енген сөздерде әр уақытта жуан — “естілетін” жалаң дауысты у бұл параграфта ескерусіз қалған.
"ы,і дыбыстарына бітетін етістіктерді” оқы, тоқы сөздері бастап, суы сөзі аяқтап тұр. Бұл сөздерде ы дыбысының жоқтығын, оқү, тоқү, сұуұ түрде дыбысталатын бұл сөздерге — у жүрнағы жалғанғанда, түсетін ешнәрсе де жоқ (оқүу, тоқүу, сүуүу) екенін тағы да кай-талап айту керек шығар. Егер ы, і әріптері түсіріліп жазылады десе, сөз басқа.
“7. Ю әрпі мынадай орындарда жазылады:
124
а) сөз құрамындағы дауысты дыбыстан кейін қосынды й + у дыбыстарының орнына қолданылады. М ы с а-л ы: аю, ою, үюлі, кею, көркею. Әрине, бұл “қосынды” орыс сөздеріне байланысты айтылса, үндемеуге болар еді. Мәселе қазақ сөздеріне қатысты болып отыр. Мүндай жағдайда у дыбыс болмайтыны, оның ұу, үу түрде дыбысталатыны, сонда ю әрпі й—ұ—у, й—у—у екені белгілі.
“§ 8. я әрпі мынадай сөздерде жазылады:
а) сөз басында және дауысты дыбыстардан кейін косынды й + а дыбыстарынын, орнына қолданылады. Мысалы: яки, яғни, якорь, қоян, таяқ, ая, мая, сая, қия, мия, сия, қияқ, түяқ саяқ”.
Бұл қағиданы да кұлай қабылдауға болмас. Алдымен: я әрпі таяқ, ая, мая, сая, түяқ, саяқ сөздерінде қосынды й + а дыбыстарының орнына колданылып тұрғаны даусыз. Ал қия, мия, сия, қияк, та солай десек, онда қи-й-а, ми-й-а, си-й-а, қи-й-ақ болып шықпай ма? Бұл сөздерде я әрпі а дыбысына сәйкес келсе керек: қи-а, ми-а, си-а, қи-ақ. Және бір түйткіл я, яғни, япыр-ай, япыр-ау, япырым-ай, япырым-ау сөздерінін, басындағы я әрпіне байланысты. Ереже ол “сөз басында й-а дыбыстарыньщ орнына қолданылады” дейді. Бұл, әрине, орыс графикасының табиғатымен үйлеседі. “Қазак тілінің орфографиялық сөздігінде” (3-басылым): ягуар, ядро, январь, янтарь, ярд, ярус, ясли, яхта, яшма сияқты он шақты сөз бар. Бұлардың кейбіреуі якорь сияқты орыс тіліне әуестіктен туған (мәселен, ярус сөздіктерде қабат деп аударылған) сөздер. Ал қазақ тілінде сөз й дыбысынан басталмайтыны белгілі, йа (я), йағни (яғни), йапыр-ай (япыр-ай) деу қалай болар екен.
Барша сөзден ала бөтен бұл бір-екі сөз қалай пайда болған? Парсы тілінде йа (орысша или, либо), иаһни (то есть, иначе говоря) түрде болып келеді. Қазіргі қазақ тіліндегі жад, жады, жарақ, жеке, жеңге сияқты сөздер парсы тілінде осы й дыбысынан басталады. Олай болса, я сөзі де үйірден шықпай жә түрде айтылса керек еді. Түсіндірме сөздікте (4-том) бұл бар:
“Жә2 шыл. Я, не, ненесе. Парта болмайтын. Барлығымыз да үйден әкелген кішкене киізге, жә көрпеге отыратынбыз. (Қ. Әміров, “Жастық”). Қағазына үңіліп отырып жә “бар”, жә “жоқ” деп бір-ақ айтатын сияқты (X. Есенжанов, “Көп жыл”). Сонымен тілімізде сөз
125
й- ден басталмайды, басталады десек, оның алдынан қысаң дауысты селбесіп (протеза) айтылуға тиіс.
“Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы” деп аталатын тақырыпшада 8 параграф, 4 ескерту бар. Осылардың бәрі де әріп деген сөзден басталады да, аратұра дыбыспен алмасып, шатасып кетеді. Әсіресе и, у, ю, я әріптерінін. дыбыстық бейнесін әлі танып болғанымыз жоқ. Қазақ тілі окулықтары мен орфографиялық ереже-лері и, у әріптерін дауысты дыбыс деумен келеді. Мұның өзі сөздін, дыбыстық, буын құрамын танып, білуді қиындатып жүр.
“2. Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы” туралы айтқанда дыбыс деген сөз екі-ақ рет қолданылған. Алдымен 26 әріп тізімделіп, дауыссыз дыбыстардың таңбасы болатыны көрсетілген. Бұл параграф [§9] соңғы түзетуде қысқарған.
Е с к е р т у д е: “ф әрпі кейбір жалқы есімде ғана жазылады. Мысалы: Фазыл, Фәрида, София” делінсе, енді ол былай түзетіліп толықтырылған: “Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен біренсаран жалпы есімдерде де жазылады. Мысалы: Фазыл, Фариза, Фатима. Марфуға, саф (алтын) фәни
дүние)”.
Қазақ жазуында в, ф, х, ц, ч әріптері орыс тілі сөздерін жазу және айту қажеттілігінен пайда болған. Ал қара қазақ в, ф деп айта алмаса керек. Рас, фонетика оқулығында Абай Авайға жуық дыбысталады [15, 293] деген сияқты пікір бар. Орфоэпиялық сөздікте тепсіну, қағыстырып-соғыстыру, жуып-шаю, тепшу сияқты сөздерде “айтылуда п дыбысы ф-ға айналады”— дейді [26.15];
Әрине, қазіргі жоғарғы білімді азаматтар ф дыбысын таза айта алады. Бірақ байырғы сөздерде бұл дыбысты айту тілге қиянат.
Сондықтан саф алтынды сап алтын десек, айтуда саб алтын болып, алтынның сапасы “кеміп кететініне” қарамастан, жалпы заңдылықтан ауытқуды қолдауға болмайды. Ал фәни — пәниге омоним жоқ. Сондықтан жат жұрттық қалпын сақтауға да негіз жоқ.
“II. ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ”
“§ 18. Жеке сөздердің негізгі тұлғалары өзгертілмей жазылады. Мысалы: ала ат (алат емес), бара алмаймын (баралмаймын емес), қара көлеңке (қарагөлеңке емес),
126
көк орамал (көгорамал емес); ак, лақ (ағлак, емес), барса игі еді (барсигеді емес), келсе игі еді (келсигеді, келсегеді емес), барып па екен (барыппекен емес)”.
Бұл ереже түзетуден кейін былай болып, [§ 17] шыққан: “Сөз тіркесіндегі жеке сөздер естілуінше (айтылуынша) жазылмай, негізгі тұлғалары сақталып жазылады”. Бұдан сөз тіркесіндегі сөздер үнемі естілуінше (айтылуынша) жазылмайтын сияқты түсінік қалыптасуы мүмкін. Тілде айтылуындай немесе соған жуык жазылатын сөз тіркестерін жоққа шығаруға болмас. Қысқасы, түзетуде түйткіл бар.
“Ш. Бөлек жазылатын сөздер” алғашқы қалпынан өзгеріске түспеген. Ал “IV. Бірге жазылатын сөздер” туралы олай дей алмаймыз.
Егер 1983 жылы “1957 жылғы орфографиялық ережелер кодексіне толықтырулар мен түзетулер енгізілген” болса, ол алдымен осы “Бірге жазылатын сөздерге” байланысты деуге болады. Бұрын мұның өзі төрт параграф, екі ескертуден тұрса, енді ол — жеті параграф, үш ескерту. Оның алғашқы екі параграфы мен бір ескертуде өзгеріс жоқ. Қалған екі параграфтын бірінде “терминдік мәнге ие болып қалыптасқан атаулардың”, екіншісінде “география-лык атаулардың” жазылуы айтылған.
Атап айтқанда: “§ 29. Ғылымның әр алуан саласындағы (саяси әлеуметтік, биологиялық, астрономиялық т. б. терминдік мәнге ие болып калыптаскан атаулар және басқа сөздер де бастапқы тұлғалары сақталып, дағды бойынша бірге жазылады. М ы с а л ы: баспасөз, өнеркәсіп, кәсіподақ, халықаралық, қолбасшы, бесжыл-дық, оңтүстік, солтүстік, арасалмақ, арақатынас, көзқарас, шекара, шетел, еңбеккүн, шикізат, бірқазан, аққұтан, көкқұтан, қосаяқ, қарақүйрық, аққу, қарақүс, бұзаубас тасбақа, есекмия, жаужұмыр, түйеқарын, жемшөп, Темірқазық, кемпірқосақ, Ақбозат”.
Бұл ереже әлі де күшін жойған жоқ. “Толықтырулар мен түзетулерге” негізінен мысалдар ұшыраған, бірсыпырасы басқа параграфтарға ауыскан, біраз жана мысалдармен толықтырылған. Ереженің басына “§ 28. Екі түбірден құралып” дейтін түзету енгізілген де, бұрынғы ережеден “және басқа сөздер де” шеттетілген. Тыңнан, қосылған келесі екі параграф осы ереженің негізінде жасалған.
“§ 29. Екі, кейде үш түбірден құралған аң-қүс, жан-жануар,
127
құрт-құмырсқа, өсімдік атаулары түбір тұлғалары сақталып, бірігіп жазылады...”
“§ 30. Екі түбірден құралып, терминге айналған техника, шаруа-шылық, тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт т. б. салаларға қатысты зат, құрал-жабдық, үғым атаулары мен әр алуан мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары бірігіп жазылады...”
Ал мына ереже мен ескерту де тың:
“§ 31. Екінші сыңары аралық, тану, сымақ деген сөздер немесе бірінші сыңары фото, электр, авто, авиа, аэро, гидро, агро, транс, инфра, ультра, изо, гипер, ал екінші сыңары қазақ сөздері болып келген тіркестер бірге жазылады...
Е с к е р т у: Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік, бүкілодақтық, бүкілхалықтық, қиыршығыстық, ортаазиялық сияқты сын есімдер осы түрінде жазылады (олар сөздікте беріледі)”.
Келесі ереже: “§ 32. Екі, кейде үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атаулар, негізінен, түбірі сақталып, бірге жазылады...” Бұл бұрынғы (30-параграф) ережеге “кісі аттары” “негізінен” сөздерін енгізу арқылы жасалған. Бұрын: “Ескерту. Кісі аттарының да тубір тұлғасы сақталып жасалады. Мысалы: Мергенбай (Мергембай емес), Аманкелді (Амангелді емес), Аманқұл (Аманғұл емес), Досжан (Дощан, Дошшан емес), Қартбай (Қартпай емес), Күнпейіс (Күмпейіс емес), Жетпісбай (Жетпіспай емес), Сара Насырқызы Боранбаева, Мұрат Белгібайұлы Күмісбеков”— деп, кісі аттарын бір ескертумен шектелсе, енді кісі аттарының жазылу жайы біраз тәптіштеліп, баяндалған. “¥ëы, қызы сөздері фамилияны және әкесінің атын білдіретін сөздермен тіркескенде жалқы есімге қосылып жазылатыны” арнайы айтылады.
Ал енді мына ескерту әсіресе ескеруді қажет етеді: “Ескерту. а) Екі түбірден кұралған бірқатар кісі аттары түбір түлғалары өзгеріп, біріккен түрінде жазылады. Мысалы: Дэметкен, Торайғыр, Ұлбосын, Қожахмет;
ә) Екінші сыңары қ,к сыңарынан басталатын кейбір кісі аттары екі түбірдің үндесу ыңғайына қарай да жазылады: алдыңғы түбір қатаң дыбысқа аяқталса, келесі сөз де қатаң қ, к әріптерімен жазылады. М ы с а-л ы: Аққыз, Қоскелді, Айткелді, Айтқожа, Сейітқожа; алдыңғы түбір дауысты дыбыстар мен ұяң, үнді дыбыс-
128
тарға аяқталғанда келесі түбірдің басқы дыбыстары ұяңдап, ғ, г болып айтылса, ғ, г әріптері жазылады. Мысалы: Амангелді, Нұргелді, Төрегелді, Нұрғиса, Есенғул, Қарагөз, Ботагөз, Айғыз. Ал қатаң түрде айтылса, қ, к әріптері жазылады. М ы с а л ы. Әбілқайыр, Әбілқасым, Қаламқас, Бибікамал, Шәмшіқамар;
б) Қазақтың төл сөздері мен араб, парсы тілдерінен енген сөздерден жасалған кісі аттары қатарынан екі дауыссыз дыбыстан басталмайды, олардың не алдынан, не ортасынан ы, і әріптерінің бірі жазылады. М ы с а л ы: Ысқақ (Сқақ емес), Ысқақбай (Сқақбай емес), Сымахан (Смахан емес), Сыматай (Сматай емес), Сыланов (Сланов емес), Ысмағұл немесе Сымағүл (Смағұл емес), Ырза (Рза емес), Ырзабай (Рзабай емес), Ырсалды (Рсалды емес).
в) аттас жерлерді бір-бірінен ажырату үшін алдарынан қолданылатын анықтауыш есімдер бас әріптен басталып, бөлек жазылады: М ы с а л ы: Кіші Азия, Орта Азия, Үлкен Қараой, Кіші Қараой”.
Әрине, фонетика тұрғысынан Амангелді, Есенғүл түрде жазу фонетикалық та, морфологиялық та принципке сай келмейді, жартыкеш болып шығады. Тоғыспалы ықпал бойынша бұл сөздер Амаңкелді, Есеңғұл болса керек еді. Дәметкен (дәме еткен), Торайғыр (торы айғыр), Қожахмет (қожа Ахмет) айтылуына жуық. Осы заңдылық Қараойға жүрмейтіні ойландырады. Ал жал-пы есімдердін. жазылуы мұндай жағдайда ала-қүла: қарағаш (қара ағаш), өлара (өлі ара), қараот (өс.) қараөкпе (мал ауруы), қараөлең (өс.) алаяқ (ала аяқ), алаөкпе (мал ауруы), алтатар (алты атар), алтыаяқ (әдеб.), алтыаяқ (киіз үйдін, түрі).
“V. Қос сөздердің жазылуы” бір-ақ параграфта айтылады: “§ 31. (§ 32). Қос сөздің барлық түрі дефис (-) арқылы жазылады... Ал “VI. Қосымшалардың жазылуы” 13 (түзетулерден соң 12) параграфтан құралған.
“§ 32 (§ 34). Қосымшалар сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай, буын үндестігі бойынша, я жуан, я жіңішке болып жазылады...” Бұл — негізгі қағида. Мұның өзі алдымен аралас (жуан, жіңішке) буынды болып келетін кірме сөздердің табиғатынан туған деуге болады. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай я жуан, я жіңішке болып келетіні белгілі. Ондай жағдайда соңғы буынды бөліп қараудың қажеті де болмас
129
еді ,тек “сөздің соңғы дыбысын” (§ 33) ескеру жеткілікті.
Бұрын: “Ескерту: а) рк, нк, кс, кт сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрінде жалғанады... ә) х әрпіне біткен сөздерге косымшалар әр уақытта жуан түрінде жалғанады. М ысалы: цех — тар, тарих-тың, штрих-тар; б) ль әріптеріне біткен бір буынды сөздерге қосымшалар жіңішке түрінде жалғанады...” дейтін ереже, бірсыпыра “толықтырулар мен түзетулерге” ұшыраған. Енді ол:
“§ 35. Соңғы дыбыстары ог, уг болып келген сөздер мен рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь, бль сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар әрдайым жіңішке түрде жалғанады...
Е с к е р т у: Жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды сөздер мен соңғы буынында ё, э дыбыстары бар; сөздерге қосымша әрдайым жіңішке жалғанады. М ы с а л ы: рольдер, ролі, осьтер, осі, самолётке, самолёттер, актёрге, актёрлер, дуэттер, дуэті”.
Түзету кезінде соңы х әрпіне біткен сөздерге қосымшалардың жалғануы шеттетілген, шамасы, маңызды болмағаны ғой. Оның есесіне “соңғы буынында ё, э дыбыстары бар сөздер” ескерілген. Қазақ тілі окулықтарында ё,йо деп оқытылады. Ондай жағдайда қо-сымша жуан жалғанса керек еді. Шофер — шопыр, соған мегзейді.
“§ 35. Сөздің соңғы дыбысы н болып, оған қ, ғ, г, б, п дыбыстарының бірінен басталатын қосымша жалғанғанда, сөздің соңғы дыбысы өзгертілмей жазылады...” дейтін қағидадан түзету кезінде (§ 38) п дыбысын шығарып тастаған. Өйткені бұл дыбыстан басталатын қосымша соңы н дыбысына біткен сөзге жалғанбайды деген сөз.
Түзетуде: “§ 36.— ша, -ше жұрнағы арқылы жасалған туынды сөздерге -ла, -ле жұрнағын жалдап айт қанда, -ша, -ше қосымшасы -шы, -ші болып өзгергені күйінде жазылады: М ы с а л ы: орысша — орысшыла, қазақша — қазақшыла, өзбекше — өзбекшіле”— дейтін ереже енді мүлде жоқ. Өйткені бұлай айту, жазу дәстүрден шықты деуге болады.
“§ 40. -ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады. М ы с а л ы: Әбілбаевқа (соңғы буын — бай жуан), Әбілбековке (соңғы буын — бек),
130
Жүсіповтің, чапаевшылар, берсиевшілер”. Бұл алғаш ережеге айналып отыр. Сондай-ақ: “Е с к е р т у. п, х дыбыстарына аяқталатын орыс тілінен енген сөздерге дауыстыдан басталатын қо-сымша жалғанғанда, п, х дыбыстары ұяңдамайды: принцип-і — принципі, тип-ін-де — типінде, окоп-ы — окопы, цех-ы — цехы, алманах-ы — альманахы”,— дейтін ескерту де жаңадан қосылған толықтыру.
Бұрын “§ 42. Цифр арқылы жазылатын есептік саннан кейін ешқандай белгі қойылмайды, ал реттік сан араб цифры арқылы жазылса, саннан кейін дефис (-) қойылады... Бірақ жыл мен ай есебін көрсететін цифрдан соң дефис (-) қойылмайды...
Ескерту: Рим цифры арқылы таңбаланған реттік саннан кейін дефис (-) қойылмайды...”— дейтін ереже болушы еді. Жаңа “толықтырулар мен түзетулерде” бұл жоқ. Шамасы, әркім білгенінше жазсын деген болу керек. Қазір баспасөзде солай болып та жүр.
Сондай-ақ: “§44. Жеке әріпті, сөздің бөлшегін, бүтін сөзді талдағанда, жалғанатын қосымша дефис (-) арқылы жазылады”...— дейтін ереже де елеусіз қалған.
“VII. Шылау сөздердің жазылуы” мен “VIII. Бас әріптің қолданылуы” алғашқы қалпында қалған.
Ал “IX. Сөздердің тасымалдануы” біраз “толықтырулар мен түзетулерге” ұшыраған. Бұрын: “§ 50. Жазып келе жатқанда, жолға сыймаса, я тұтас бір буынды, я көп буынды тасымалдауға болады...” дейтін ереже енді.
“§ 51. Жазып келе жатқанда, жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады...”—деп түзетілген. Мұның орынды түзету екенінде күмән жоқ. Алайда келесі тың ережеде алдыңғыға қайшы, амалсыздықтан туған қағида алғаш заңдастырылған.
“§ 52. Екі дауысты дыбыстың ортасында келген й мен у дыбыстары бар сөздерді буындағанда бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. М ы с а л ы: да-уыс (дау-ыс емес), са-уат (сау-ат емес), да-йындық (дай-ындық емес), құ-йын (құй-ын емес). Ал ұу, үу, ый, ій қосар әріптерінің орнына жазылған у, и әріптері бар сөздер буындалғанда, келесі буын дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады. М ы с а л ы: бу-ын, су-ық, қу-а-қы, қи-ын, жи-ын”.
Қайшылық и, у әріптеріне байланысты туып отыр.
131
Бұған, әрине, ю әрпін де қосу керек еді (ою-ымыз, аю-ына). Ережеде “у, и әріптері бар сөздер буындалғанда, келесі буын” деп буынды арқау еткен. Дұрысы, бу-ын, су-ың, қу-а-қы, қи-ын, жи-ын буынға бөлініп тұрған жоқ, тасымалдау үшін бөлшектеліп тұр. Қазіргі мектеп бітірушілер де осы с-здерді дәл осылай буынға бөлшектейді. Бұл да буын мен тасымалдың арасын парықтай алмаудан, ереженің жетегінде кетуден туған деуге болады. Қысқасы, и, у әріптері сөздің орфоэпиясын ауырлатып қоймай, буынға белуде де оралғы болып жүр.
Тасымалдауға байланысты жаңадан қосылған және бір ереже бар: “Ескерту. Сөз ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде, алдыңғы жолда екі дауыссызды қалдырып, келесі жолға үшінші дауыссыз дыбыс әрпін шығарып тасымалдау керек. М ы с а л ы: құмырс-қа (құ-мыр-сқа емес), күңгірт-теу (күңгір-ттеу емес), жаңғырт-ты (жаңғы-ртты емес)”. Әрине, мұны күрделі ереже деуге болмас. Дегенмен артықтық етпейді. Тілімізде орыс тілінен енген сөздердің елеулі екені белгілі. Оларды буынға бөлу, тасымалдау жайында бір-екі параграф айтылса артық болмас еді.
“Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерін” қазіргі қазақ жазуы бұлжытпай басшылыққа алуға міндетті. Сондықтан оны әрбір мәдениетті адам жетік білуге тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Аманжолов С. Жаңа алфавиттің принциптері. “Социалистік Қазақстан”, 1941, № 35 және сонікі: Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек. Сонда, № 55.
2. Аралбаев Ж- Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы, 1988.
3. Аханов К- Тіл білімінің негіздері. 2-басылуы. Алматы, 1978.
4. Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. 2-басы-луы. Алматы, 1982.
5. Әміров Р., Бәкірова А. Қазақ тілі. 1-класқа арналған. 16-ба-сылуы. 1986.
6. Байтурсынов А. Тіл — құрал. Қызылорда, 1925.
7. Балақаев М. Қазақ тілінің грамматикасы. Үлкендер мектебіне арналған. Алматы, 1941.
8. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. Алматы, 1965.
132
9. Бейсенбаева К. А. Қазіргі қазақ тілінін. фонетикасы. Алматы, 1973.
10. Бектұров М., Серғалиев М. Қазақ тілі. Дайындық бөлімдеріне арналған. Алматы, 1979.
11. Дүйсебаева М. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясынық кейбір мә-селелері. Алматы, 1973.
12. Дүйсебаева М. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі. Алматы, 1981.
13. Жұбанов Қ. Қазақ тілі женіндегі зерттеулер. Алматы, 1966.
14. Исабаев А.- Қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіз-дері. Алматы, 1973.
15. Кеңесбаев /., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фо-нетика. Алматы, 1-басылуы, 1962, 2-басылуы, 1975.
16. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 1-басылуы, 1963, 2-басылуы, 1978; 3-басылуы, 1988.
17. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10 томдық. 10-том, Алма-ты, 1986.
18. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. Алма-ты, 1989.
19. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1954.
20. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы. Алматы, 1984.
21. Кржахметова X. Мәнерлеп оқу. Алматы, 1982.
22. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. Алматы, 1987.
23. Қулмағамбетова Б., Мұқашев С. Қазақ тілі. Фонетика, Мор-фология. Шетелде тұратын отандастарымызға арналған оқулық. Алматы, 1984.
24. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Алматы, 1986.
25. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы, Алматы, 1987.
26. Неталиева Д. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі, Алматы, 1977.
27. Омрбеков С, Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы, 1985.
28. Омарбеков С. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Дыбыстардың колданылу ерекшелігі. Алматы, 1978.
29. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. Ал-маты, 1953.
30. Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінін, проблемалары, Алматы, 1982.
31. Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жа-йында анықтағыш. 2-басылуы, Алматы, 1974.
32. Сыздықова Р. Сөз сазы (Сөзді дүрыс айту нормалары), Ал-маты, 1983.
33. Тайлақбаев Б. Қазақ тіліндегі салдыр шұғыл дауыссыздар. Алматы, 1981.
34. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1988, 2-бөлім.
35. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы, Ал-маты, 1981.
36. Хасенов Ә. Қазақ тілі. 8-класқа арналған. Алматы, 1979.
37. Ысқақов А., Аханов К., Кәтенбаева Б. Қазақ тілі. 5-класқа арналған оқулық. 18-басылуы, Алматы, 1989.
38. Аванесов Р. И. Русское литературное произношение. М., 1984.
133
39. Аралбаев Ж- А. Вокализм казахского языка. Алма-Ата, 1970.
40. Баскаков Н, А. Историко-типологическая фонология тюрских языков, М, 1988.
41. Вопросы казахской фонетики и фонологии. Алма-Ата, 1979.
42. Джунисбеков А. Гласные казахского языка. Алма-Ата, 1979.
43. Джунисбеков А. Сингармонизм в казахском языке. Алма-Ата, 1980.
44. Джунисбеков А. Просодика слова в казахском языке. Алма-Ата, 1987.
45. Джунисбеков А. Проблемы тюрской словесной просодики и сингармонизм казахского языка. Автореф. докт. дисс. Алма-Ата, 1988.
46. Ильминский Н. И. Материалы к изучению киргизского на-речия.— Уч. зап. Казанского университета. Казань, 1860.
47. Мелиоранский П. М. Краткая грамматика казах-киргизского языка. ч. I. Спб. 1894.
48. Панов М. В. Современный русский язык. Фонетика. М., 1979.
49. Развитие казахского советского языкознания. Алма-Ата, 1980.
50. Русская грамматика. Том I. М., 1982.
51. Сайкиев X. М. Упражнение и контрольные задания по фоне-тике русского языка. Алма-Ата, 1972.
52. Созонтов Н. Записи по грамматике киргизского языка. Таш-кент, 1912.
53. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Фонетика, Л., 1984.
54. Строй казхского языка. Алма-Ата. 1991.
55. Туркпенбаев Н. У. Сравнительная фонетика современного русского и казахского языков. Алма-Ата, 1978.
56. Фонетика казахского языка. Алма-Ата, 1969.
57. Щербак А. М. Сравнительная фонетика тюркских языков, Л., 1970.
58. Радлов В. В. Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы. Лейпциг, 1882. (Неміс тілінде)
135
МЫРЗАБЕКОВ Сапархан
ФОНЕТИКА КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА
УЧЕБНОЕ ПОСОБИЕ
(На казахском языке)
Редакторы Ә. Смағүлова
Суретшісі Ө. Тілеулиев
Техникалық редакторы Ф. Овчинникова
ИБ № 50
Теруге 25.02.92 жіберілді. Басуға 30.07.92 қол қойылды. Пішімі 84ХІ081/32. Газеттік қағаз. Әріп түрі “Әдеби”. Шығынқы басылым. Шартты баспа табағы 7,14. Есептік баспа табағы 7,09. Таральшы 7850 дана. Тапсырыс № 3744. Бағасы 16 с.
Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігінің “Қазақ университеті” баспасы, Алматы қаласы, 480012, Қосмонавтар көшесі 65“А> үй.
Қазақстан Республикасы Баспасөз жэне бұқаралық ақпарат министрлігінің “Қітап” полиграфиялық кәсіпорындары өндірістік бірлестігінің Кітап фабри-касы, 480124, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 93 үй.
Достарыңызбен бөлісу: |