Дәріс тақырыбы: Білім беру процесіндегі қарым-қатынас 2. Оқу нәтижелері
Қарым-қатынас формасын меңгереді
қарым-қатынастың ерекшеліктерін ажыратады
Қарым-қатынас стилдерін игереді
3. Дәріс жоспары
1. Қарым-қатынас – өзара әрекеттесу формасы ретінде
2. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері
3. Қарым-қатынас стилдері
4. Дәріс тезистері
Қарым – қатынас немесе коммуникация процесі кең, ауқымды ұғым, ол – саналы және санасыз байланыс, ол – мәліметті тасымалдау және қабылдау,ол – барлық жерде және үнемі байқалатын процесс.
«Қарым – қатынас – біріккен іс – әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын адамдар арасындағы байланысты құрайтын және дамытатын күрделі, көп жоспарлы процесс» (Қысқаша психологиялық сөздік) «Қарым – қатынас- адамдар арасындағы байланысты құру мен дамытуда, жеке тұлғалық қарым-қатынасты қалыптастыруда көрінетін және біріккен іс-әрекетке деген қажеттілікті туындататын жеке тұлға белсенділігінің универсалды формасының бірі (таным,еңбек,ойынмен бірге)» (А.И.Конюхов) «Қарым-қатынас – бір адамның екінші адамға әсер ету нәтижесі болып табылатын,адамдар арасындағы байланыс» (М.В.гамезо, И.А Домашенко). Қарым – қатынас функциялары
Ынтымақтастық. Қарым –қатынаста орынды (рационалды) эмоционалды және еріктік өзара әсер етулер және индивидтердің өзара әрекеттері жүзеге асырылады және көңіл – күйдің, ойдың, көзқарастың жалпылығы қалыптасады,өзара түсінушілік туындайды,манера,әдет, мінез-құлық стилі меңгеріледі, топтық және ұжымдық іс-әрекетті сипаттайтын бірлік пен ынтымақтастық құрылады.
Қалыптастырушы. Қарым – қатынас жеке тұлғаның жағымды жағының ашылуы, санасының және өзіндік санасының қалыптасуы,оның дамуының стимуляторы, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсе отырып,өзіне басқалардың қатынасын саралай келе, адам өз бойында өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілікті байқайды және осы қажеттілікті өзін-өзі тәрбинлеу процесінде жүзеге асырады.
Дамытушы. Қарым – қатынаста байқалатын «жұқтырудың» әлеуметтік-психологиялық механизмі мен еліктеу, адам идеалындағы сапа, қасиеттерімен қоса бейнені қалыптастыруға ықпал етеді – бұл өзін –өзі дамытуға деген үлкен стимул!
Танымдық. Қарым – қатынас қоршаған ортаны тану мен түрлендіру,прцесі жүзеге асырылатын бірлескен шығармашылықтың формасы.
Мәліметтік. Қарым – қатынас мәлімет (дерек) көзі және ақпарат арнасы: қарым – қатынас процесінде (коммуникация) адам фактілерді, түсініктерді, идеяларды ғана емес, онда құнды қатынастар, қызығушылықтар , көңіл – күй, сезім де меңгеріліп, тасымалданады.
Ұйымдастырушылық. Қарым – қатынас – адамды тәрбиелеу үшін жағдай тудырады: тәрбие өнері ең алдымен – қарым – қатынас өнері деп педагогтар әділ пікір айтады, қарым – қатынаста жеке тұлғаның өзінің әлеуметтік рөлін, ұйымдастырушылық және серіктік сапаларын жүзеге асыруға деген ұмтылысы орындалады.