Мотивациялық
қозғаушы
|
Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға қатысуүшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен амандасайық.
Балалар, егер сендердің қолдарына құс ұшып келіп қоңса, не істер едіңдер?
|
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал кәнекей, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Балалар шеңберде тұрып, өз ойларын айтады.
|
|
|
Ұйымдастырушы-ізденушілік
|
-Балалар, кім біледі бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
-дұрыс, бүгін біз құстар жайлы әңгімелесетін боламыз.
Балаларды теледидар арқылы құстардың түрлерімен таныстырады.
Балаларға үй құстары және дала құстары жайлы айтып түсіндіреді.
1-тапсырма: құстардың суреттері берілген. Үй құстарын үйдің суретінің қасына жапсырады, ал дала құстарының суреттерін ағаштар мен көлдің маңына жапсыру.
2-тапсырма: орталықтармен жұмыс.
1- ші «Көркем әдебиет» орталығы- құс туралы өлең жаттау.
2-ші «Өнер» орталығы-геометриялық пішіндер арқылы құстарға ұя жапсыру.
3-ші «» орталығы-қиылған бөлшектерден белгілі бір құстың суретін құрастыру.
Қонырау соғу арқылы балаларды жинайды.
Балалар, қазір біз қонақтарға «Шұбар тауық» ертегісін сахналандырып көрсетейік.
Жаңа біз үй құстарына байланысты ертегіні көрсеттік, ал енді дала құстарына байланысты Жұлдыз бен Аяулым бізге «Аққу» атты билерін билеп берсің.
|
Құстар.
Балалар суреттерді көреді, тыңдайды.құстарды қайталайды.
Құстарды үй және дала құстары деп екі топқа бөлед
Балалар фишкаларо арқылы орталықтарға бөлінеді.
Торғай, торғай, торғайсын,
Жақын келіп қонбайсын.
Жем шашайын, тойып ал,
Сонда торғай тонбайсын.
Қстарға ұя жапсырады.
Құстың суретін құрастырады.
Әр бір топ жасаған жұмыстарын айтып көрсетеді.
Ертегіні қуыршақ театры арқылы сахналандырып көрсетеді.
Жұлдыз бен Аяулым «Аққу» биін билейді.
|
|
|