Кіріспе әңгіме
Педагог балаларға сұрақ қояды:
- Көктем сәні не деп ойлайсыңдар?
-Көктемде қандай ерекшелікті сезінесіңдер?
-Көктем мезгілі сендерге несімен ұнайды?
-Бүгін біз «Көктем сәні» деген ертегімен танысамыз.
Ертегіні мәнерлеп, түсіндіре отырып оқып беру, мазмұнын айту.
Сөздік жұмыс
Нөсер деп төгіп жауған жаңбырды айтамыз.
Жасыл желек сөзі көк шөпті, жасыл ағаш жапырақтарын білдіреді.
Билингвальді компонент:
көктем сәні –красота,
аңдар –дикие животные.
Сұрақ – жауап
-Арыстан орманға аңдарды не үшін шақырды?
-Қандай аңдар жиналды?
-Арыстан қандай сұрақ қойды?
-Ақбөкен не деп жауап берді?
-Қоян, арқар, қабан, түлкі не деп жауап берді?
-Елік дұрыс айтты ма?
-Сендер көктем сәні не деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті.
Орымыздан тұрамыз,
Қолды белге қояйық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Орнымызды табайық.
Ертегінің мазмұны айтып, сөздердің мағынасын қайталау.
|