Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Сауат ашу және жазу Тақырыбы: Күз кереметі 6 – бет Мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі35,55 Kb.
#6576
Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Тақырыбы: Күз кереметі 6 – бет



Мақсаты : күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем, әңгіме құрастыру. Күз мезгілі, адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ароматерапия

Сөздік жұмысы: бау, бақша.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, слайдтар.

Қостілділік компонент: күз – осень, мезгіл – времена, адамдар – человеки

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалім іс- әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бірге қосылып айтады: Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек! Көңілді боп жүрейік!



Шаттық

шеңберін


жасайды.



Ұйымдастыру-іздестіру


2. Жұмбақтар шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)

Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық. (Сәбіз)

Көк алма костюм киеді, күннің көзін сүйеді. (Қарбыз)



3. Сөздік жұмысын жүргізу.

Бақ - әртүрлі ағаш (алма ағаштар, өрік, алмұрт) өсірілетін жер.

Бақша – көкөністер (қауын-қарбыз, қияр, т.б.) егілген жер.

4. «Дәміне қарай ажырат» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: үстел үстіндегі көкөністер мен жемістердің бөліктерінен көзі байланған бала дәм татып, қандай жеміс немесе көкөніс екенін табады.

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Дәптермен жұмыс.

а) 6-7 беттердегі суреттер бойынша «Бақта» және «Бақшада» тақырыптарында әңгіме құрастыру. Педагог балаларға жетекші сұрақтар қойып тұрады. Мысалы:

– Суретте күз мезгілі бейнеленгенін қалай білуге болады?

– Бақта не өседі? (Алма, алмұрт, шие, т.б.).

– Бұларды бір сөзбен қалай топтап айтуға болады (Жемістер).



ә) Үзік сызықтармен берілген алма, алмұрт, шиені салу оларды бояу. (6-бет).

б) «Жемістерді себетке жина» дидактикалық ойыны.

Суретте бақта өсетін жеміс, көкөністердің және себетті сурреттері берілген. Себетке тек жемістердің суретін сызып арқылы себетке сызып көрсетеді.



в) Дәптердің 7 бетіндегі (бұрыш, сәбіз, қызанақ) көкөністердің суреттерін үзік сызықтармен қосу және бояу. «Бірдей шелекті штрихта» тапсырмасын орындату.

2. Сергіту сәті: Жайдары күз, жарқын күз, Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам, Дариядай шалқып жүр. (Қимылмен көрсетеді).



Жұмбақты шешеді.

Ойынды ойнайды.

6-7 беттегі суреттерді әңгімелейді.

Үзік сызықтарды қосады.



Қимылмен көрсету.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы сабақтың тақырыптары пысықталады.1. Күздің қандай кереметін сездіңдер? 2. Күз мезгілінде қандай жеміс-жидектер мен көкөністер піседі? 3. Суреттен жемістерді атаңдар. 4. Көкөністер қайда өседі?




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем, әңгіме құрастыру.

Қандай түсініктерді игерді: Күз мезгілі, адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелеуге үйрету.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет