Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: “Құстар”.
Мақсаты: Құстар туралы білімдерін кеңейту.Әңгіме құрай білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер:көктем мезгілінің суреті және құстардың суреттері.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1.Балаларды шеңберге тұрғызу.
Мысалы: Сәлем бердім мен күнге,
Сәлем бердім мен саған
Сәлем бердік апайға,
Қонақтарға құстарға.
2.Балалармен әңгімелесу.
- Жылдың қай мезгілі екенін сұрау?
- Көктемде табиғат қандай болады?
- Жылы жақтан не ұшып келеді?
3.Үнтаспаны тыңдату.
-Балалар, ненің дыбысын естідіңдер?
- Ия,құстың үні естіледі.
-Қандай құстардың үні естілді?
М: Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасақ болмайды.
Кіп-кішкентай торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
3.Жаңа тақырыпты хабарлау. Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде құстар жайлы әңгімелейміз.
Сурет бойынша әңгіме құру.
Қандай құстарды білеміз?
Сауысқан,қарлығаш,торғай,көкек,көгершін,жапалақ,аққу,
шағала,т,б.
-Адамдар құстарға не жасайды?
-Ұя жасайды,-дейді балалар.
-Құстардың ұяларына не салады?
- Жем салады,дейді балалар.
4.Дидактикалық ойын: Құстарды жинау.
Мақсаты: Суреттерден құстың бейнесін жинауды дағдыландыру.
5. Сергіту сәті:
Қане қанат қағайық
Мойнымызды созайық
1, 2, 3 Құс аспанға ұш
1, 2, 3 Құс аспаннан түс
Құстар жем жиді,
Құстар су ішеді
1, 2, 3
Құс аспанға ұш.
6.Дидактикалық ойын: “Құстарды ата”.
Мақсаты: Құстардың түрлерін ажыра алуды үйрету.
7.Сабақты қорытындылау.
-Балалар, бүгін сабақта не жайлы әңгімелстік?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Тақпақ кім жайында айтылған?
Бағалау: өз-өзін бағалау.
Тәрбиеші бағалайды.
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Тақпақты тыңдайды.
Әңгіме құрастырады.
сұраққа жауап береді.
Дидактикалық ойын ойнайды.
сергіту сәтін бірге жасайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:Құстардың түрлерін танып білуі;
Игеру: Құстарды бір-бірінен ажырата алуы іскерліктерін игерілуі;
Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құруды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: “Қыс”.
Мақсаты: Тақпақ жаттау.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс:құлақшын
Көрнекіліктер:Қыс мезгілінің суреттері,
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
Балаларды шеңберге тұрғызу. Е. Өтетілеуұлының өлеңін айтады
«Ізгі сөздер»
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
«Қайырлы таң!»- деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!»- тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!»- деп кіремін.
2.Балаларға жұмбақ жасыру.
Қар жауады,
Күн тез батады,
Бұл қай кезде болады? (Қыста).
Бетінен суық сүйеді,
Қыста жер бетін басады,
Ерніне суық тиеді.(Аяз)
Жазда сайға қарай қашады. (Қар)
Тікен, тікен тік пісте
Қысы- жазы бір түсте.(Шырша)
Балаларға сұрақ-жауап қою.
-Қай мезгілде қар жауады?
- Қай мезгілде аяз терезеге ою салады?
- Балалар, қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінде біз қандай мейрамды қарсы аламыз?
- Жаңа жыл мейрамын.
3.Жаңа тақырыпты хабарлау.
М: Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген.
Бақша-бауды,тауды да
Бояған ақ түспенен. А.Асылбеков
Сөздік жұмыс: Құлақшын- бас киімнің түрі.
Ақ түс- қарды жауғанын айтады.
4.Сергіту сәті:
Көкке қарай шығамыз
Шанамызбен
Төмен қарай құлдилап,
Біз сырғанақ тебеміз.
5.Тақпақтың мағынасын балаларға түсіндіріп ашу.
6.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)
7.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.
Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.
8.Сабақты қорытындылау.
-Балалар, бүгін сабақта қандай тақпақ жаттадық?
-Қазіл жылдың қай мезгілі?
-Тақпақ кім жайында айтылған?
Бағалау: өз-өзін бағалау.
Тәрбиеші бағалайды.
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Жұмбақтарды шешеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
тақпақты тыңдайды.
сергіту сәтін бірге жасайды.
Тақпақты жаттайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Тақпақтың мазмұнын білуі;
Игеру: Тақпақ жаттаудың әдіс-тәсілдерін игерілуі;
Меңгеру: Өлеңді жылдам жаттауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: “ Ұлттық салт-дәстүр”
Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлер туралы мәліметтер беру.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Наурыз, уыз, ұршық т.б
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Бала әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III. Рефлексия
|
1.Балаларды шеңберге тұрғызу:
Мысалы: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Мен қаламын қарайлап.
2.Балалармен әңгімелесу.
- Біздің тұратын қаламыз қалай аталады?
- Қандай ұлттар тұрады?
-Қандай мерекелерді білесіңдер?
Жақында Наурыз мерекесі болады. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 күн мен түн теңеледі.Наурыз деген сөздің өзі- “ Нау”- жаңа, “руз”- күн деген сөздерінен алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді.
Салт –дәстүр туралы мәлімет беру.
- Балалар,сендер ұлттық –дәстүр деген не екенін білесіңдер ме?Халқымызда мынадай сөз бар.
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады “надан” деп.
Қазақ-қонақжай, зерделі де ойшыл,кеңпейіл,достықты ,әділдікті бағалайтын халық. Ата-салтың-халықтық қалпың дегендей біз салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. Қазақ халқының рухани тіршілігінде,қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау,жастарға қамқорлық жасау, ата-ананды ардақтау ізгі дәстүрге айналған.Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген салт-дәстүрлер бар.Олар: шілдехана, тұсау-кесу, ашамай,т.б.
3.Дидактикалық ойын: “Сен білесің бе?”
Мақсаты: Балалардың кереге, уық, шаңырақ,т.б туралы түсініктерін тереңдету.
4.Сергіту сәті
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
6. Жұмбақтар жасыру:
а)Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. Киіз үй.
б) Кіруге адам батпайды,
Суға салса жатпайды.
Ішіне кірген заттарды,
Аман-есен сақтайды. Сандық.
Қазір ,мына сан жалыған асықтарды аласыңдар.Бұл жай асық емес, сиқырлы асық. Асықтар мына сұраққа жауап беріңдер,-дейді.
Жеті атаңды атап бер.Ұлттық ойындарды ата.
Ұлттық киімдерді ата.Ұлттық тағамды ата.
Тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап толықтырылады.
Наурыз күні не пісіріледі?
Наурыз көжеге қандай дән салынады?
7.Сабақты қорытындылау. Қандай салт-дәстүрді білеміз?
|
Өлең жолдарын қайталайды.
сұраққа жауап береді.
тәрбиешіні тыңдайды.
Дидактикалық ойын ойнайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Жұмбақты шешеді.
Ойын ойнайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:Наурыз жыл басы екенін білуі тиіс;
Игеру : Ұлттық салт-дәстүр туралы түсініктерін игерілуі ;
Меңгеру:Наурызда бүкіл табиғат оянып,тазалық жұмыстары жүргізілетінін меңгерілу
Күні _____
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: “Автобуста”.
Мақсаты: Балаларға әңгіменің мазмұнын ұғындырып,сөйлеу тілдірін жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: көіктердің суреттері.
Сөздік жұмыс: автобус.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1.Балаларды шеңберге тұрғызу.
Мысалы: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Мен қаламын қарайлап.
2.Дидактикалық ойын: көлік түрлерін ата.
Мақсаты: Көлік түрлерін ажырауға үйрету.
3.Жаңа тақырыпты хабарлау.
Сөздік жұмыс: Автогбус-кісі таситын көп орынды автомобиль.Ол рельссіз және желісіз жүреді.
Әңгімені оқу.Автобуста.
Мысалы: Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік.
Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам да көп.Бірі мінсе, бірі түсіп жатты. Есіктен апам екеуміз ішке кірдік.
-Мұнда отырыңыз ,-деп ,менен үлкендей\у екі бала анама орын ұсынды.
-Рақмет,балалар,-деді анам отырып жатып.
-Апа ,рақметті не үшін айттыңыз?
-Кішіпейілділігі үшін.Сен де солардай бол. Үлкенді сыйла. Сонда үлкендер саған да рақмет айтатын болады. Сәлден кейін базарға кеттік.
4.Сергіту сәті:
Қолды белге қояйық.
Жоғары-төмен қарасақ,
Қолымызды созамыз.
Жел сияқты қалықтап,
Белімізді жазамыз.
Отырамыз,тұрамыз
Бір тынығып аламыз
5. Сұрақтар қою:
- Әңгіме не туралы болды?
- Автобусқа кімдер отырады?
- Автобуста үлкендерге орын беру керек пе?
- Неге деп ойлайсыңдар?
6.Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгін сабақта не жайлы әңгімелстік?
- Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Бағалау: өз-өзін бағалау.
Тәрбиеші бағалайды.
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Дидактикалық ойын ойнайды.
Әңгіме тыңдайды.
сергіту сәтін бірге жасайды.
Сұраққа жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Көлік түрлерін танып білуі;
Игеру: Көліктерді бір-бірінен ажырата алуы іскерліктерін игерілуі;
Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құруды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: “Автобуста”.
Мақсаты: Балаларға әңгіменің мазмұнын ұғындырып,сөйлеу тілдірін жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: көліктердің суреттері.
Сөздік жұмыс: автобус.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1.Балаларды шеңберге тұрғызу.
Мысалы: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Мен қаламын қарайлап.
2.Дидактикалық ойын: көлік түрлерін ата.
Мақсаты: Көлік түрлерін ажырауға үйрету.
3.Жаңа тақырыпты хабарлау.
Сөздік жұмыс: Автобус-кісі таситын көп орынды автомобиль.Ол рельссіз және желісіз жүреді.
Әңгімені оқу.Автобуста.
Мысалы: Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік.
Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам да көп.Бірі мінсе, бірі түсіп жатты. Есіктен апам екеуміз ішке кірдік.
-Мұнда отырыңыз ,-деп ,менен үлкендей\у екі бала анама орын ұсынды.
-Рақмет,балалар,-деді анам отырып жатып.
-Апа ,рақметті не үшін айттыңыз?
-Кішіпейілділігі үшін.Сен де солардай бол. Үлкенді сыйла. Сонда үлкендер саған да рақмет айтатын болады. Сәлден кейін базарға кеттік.
4.Сергіту сәті:
Қолды белге қояйық.
Жоғары-төмен қарасақ,
Қолымызды созамыз.
Жел сияқты қалықтап,
Белімізді жазамыз.
Отырамыз,тұрамыз
Бір тынығып аламыз
5. Сұрақтар қою:
- Әңгіме не туралы болды?
- Автобусқа кімдер отырады?
- Автобуста үлкендерге орын беру керек пе?
- Неге деп ойлайсыңдар?
6.Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгін сабақта не жайлы әңгімелестік?
- Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Бағалау: өз-өзін бағалау.
Тәрбиеші бағалайды.
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Дидактикалық ойын ойнайды.
Әңгіме тыңдайды.
сергіту сәтін бірге жасайды.
Сұраққа жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Көлік түрлерін танып білуі;
Игеру: Көліктерді бір-бірінен ажырата алуы іскерліктерін игерілуі;
Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құруды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: “Бал аралар”.
Мақсаты: Балаларға тақпақтың мазмұнын ұғындырып,жаттауға баулу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: жәндіктердің суреттері.
Сөздік жұмыс: ара.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1.Балаларды шеңберге тұрғызу.
Мысалы: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Мен қаламын қарайлап.
2.Дидактикалық ойын: Жәңдіктерді ата.
Мақсаты: Жәндіктердің түрлерін атауға үйрету.
3.Жаңа тақырыпты хабарлау.
Сөздік жұмыс: ара- жарғақ қанаттылар отрядына жататын жәндіктер тобы.
Тақпақты оқу. Автормен таныстыру. “Бал арасы”
Мысалы: Ара,ара,аралар,
Гүл қауызын жағалар.
Оны баққан ағалар,
Шелек-шелек бал алар.
Ұшып кірсе қосыңа,
Аралардан шошыма.
Сен тимесең ,тимейді.
Қастығы жоқ досына.
4.Сергіту сәті:
Ұзын мұрты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа,
Алды допты қолыңа,
Қойды допты жолына,
Оңға қарады,
Солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
5. Тақпақты жаттау. 3 тәсілмен,баяу,тез,жылдам.
6.Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгін сабақта қандай тақпақ жаттадық?
- Қандай жәндік түрлерін білесіңдер?
Бағалау: өз-өзін бағалау.
Тәрбиеші бағалайды.
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Дидактикалық ойын ойнайды.
Әңгіме тыңдайды.
сергіту сәтін бірге жасайды.
Тақпақты жаттайды.
Сұраққа жауап береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Жәндік түрлерін танып білуі;
Игеру: Жәндіктерді бір-бірінен ажырата алуы іскерліктерін игерілуі;
Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құруды меңгерілуі;
Достарыңызбен бөлісу: |