Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет. Тақырыбы



бет6/6
Дата15.12.2016
өлшемі1,11 Mb.
#3978
1   2   3   4   5   6

Әже балаларға тапсырма береді. Сұрақтар қою арқылы әжелердің киімін атау. -Қазақтың әжелері үстіне қандай киім киеді? Ұлттық киімдер. -Біз оларды атап бере аламыз ба? Кимешек, ұзын көйлек ,қамзол, бешпент,мәсі кебіс -Әжелер қандай әшекей тағады? Білезік, сақина.



-Әжелерге сендер қандай құрмет көрсетесіндер? Көмектесеміз, айтқаның істейміз. Балалар ендеше біз әжемізге арнап ән айтып берейік «Менің әжем айдай»



Сабақты қорыту: Сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау, атап айту, қортындылау.

Әжесін қайсы жақсы көреді?

Қанат пен Болатәжесінің жанында ойнап отыр. Бір кезде Қанат әжесін құшақтап:

-Әжем менікі, мен әжемді жақсы көремін – деді. Болат Қанаттан қалыспай әжесінің екінші жағына шығып:

-Әже сенікі еме, әже меннікі, мен жэақсы көремін. Мен сен сияқты әжемнің басын қатырмаймын,- деп таласады.

Әже немерелерінің егесіне риза болып отырады. Бір кезде қартың көзі бұлдырап, қысылып,диванға қисая кеттеді. Қанаттың зәресі ұшы, бақырып жылап жібереді.

Болат абыржымай үлкен кісіше телефонға барып, жедел жәрдем шақырады. Ақ халатты дәрігер келіп, әжесіне ине шаншып, дәрі береді. Әжесі басын көтеріп дәрігерге алғыс айтады.

Дәрігер Болат пен Қанаттан:


  • Телефонмен жедел жәрдем шақырған қайсларың?- деп сұрады.

  • Болат:

  • Менмін,- деді

  • Ақылды бала екенсің,- деді дәргер. -Әжеңді жақсы көреді екенсің.

М. Төрежанов

Сұрақ жауап.

-Балалар сендердің әжелерің бар ма?

-Қазақтың әжелері үстіне қандай киім киеді?

-Біз оларды атап бере аламыз ба?

-Ендеше, балалар біздің оқиғамыз не жайлы айтылған?

-Әжелерге сендер қандай құрмет көрсетесіндер?
Өлең, тақпақ айтқызу әже туралы.

Қонаққа әдемі көйлек киген қуыршақ келеді. Тәрбиеші мен балалр қуыршақтан сұрайды:

-Сенің атың кім?

-Сен неге сұлусың?

-Сен қангдай мерекеге дайындалыпр жүрсің?

Қуыршақ: жақында барлық аналар мен әжелердің мерекесі болады,тек ол мейрам қалай аталатынын ұмытып қалдым дейді. Қуыршақ әдемі көйлегін дайындап,үй жинастырып,. әдемі сурет салып қойыпты.

- Балалар, сендер өз әжелерің мен аналарыңды құттықтайсындар ма?

-Қандай жылы сөз айтасыңдар?

- Не сыйлайсыңдар?

Әжем менің, ақ әжем,

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейірім мен тербеткен.

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп, әлі де,



Жүзге келсін жасыңыз.
Ақ әжем
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем?

Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем. /2рет.
Әже деген көп шығар, 
Әжемдей кісі жоқ шығар. 
Мейірімді бұл кісі, 
Қандай ғажап күлкісі! 
Көркем: 
Ертегі қандай көп еді. 
Күнде айтып береді. 
Қуанатын балаша, 
Әжем менің тамаша! 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет