Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы



бет1/2
Дата31.01.2018
өлшемі0,51 Mb.
#36864
  1   2
Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Туған тілім ырысым

Мақсаты: Балаларды туған ана тіліміздің қасиетін, қадірін біліп құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. Балалардың танымдық қабілетін дамытып, Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге баулу.

, балалар бүгінгі сабағымыз тіл туралы болғандықтан, шаттық шеңберімізді қазақ және орыс тілінде айтайықшы. Қане, барлығымыз шаттық шеңберге тұрайық.

Қайырлы таң, ұстазым!

Қайырлы таң, достарым!

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық!

Доброе утро, учитель!

Доброе утро, друзья!

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте всем добра.

Жарайсыңдар, енді сабағымызды одан әрі қарай Әнұранмен бастайық.

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі

Күз мезгілі неше айдан тұрады?

Күз мезгілі үш айдан тұрады.

Ал, біз қай Мемлекетте тұрамыз?

Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Біздің Елбасымыз кім?

Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Біздің ұлтымыз кім?

Біздің ұлтымыз қазақ

Біз қай тілде сөйлейміз?

Біз қазақ тілінде сөйлейміз.

Жарайсыңдар, ия балалар біздің Мемлекеттік тіліміз қазақ- тілі. Біз бір- бірімізбен қазақша сөйлесеміз. 1997жылы «Тіл туралы» заңымыз қабылданды.Күз айының алғашқы Қыркүйек айының 22-сі тілдер күні болып белгіленді.

Қазақ тілі бай тіл. Болашақ жас ұрпақтарымыз, яғни сендер тілдеріңді қадірлеп, құрметтеулерің керек. Ана тілімізді қадірлеу Мемлекетіңді,ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Елбасымыз Н.Ә Назарбаев айтқандай қазақ қазақпен қазақша сөйлесу керек. Қане, балалар сендер тіл туралы тақпақ білесіңдерме?

Аяна: Сақтар болсаң халқыңды тілді сақта,

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!

Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел

Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса!

Аяулым: Ей, туған тіл! Ата анамның бал тілі!

Көп нәрсе ұқтым дүниеден туған тілім арқылы

Анам алғаш осы тілде бесік жырын жырлаған

Ұзақ түндер анам айтқан ертегілер тыңдаған.

Жарас: Ана тілім,

Жүрегісің анамның,

Жүрек Ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Данияр: Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

Анель: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Балалар, біз жерімізде, яғни Қазақстанда қазақша сөйлесеміз. Біз Ресейге барсақ, Ресейдің Мемлекеттік тілі орыс тілінде сөйлесеміз. Ал, ағылшын еліне барсақ, біз ағылшын тілінде сөйлесеміз. Сондықтан, балалар бірнеше яғни көп тілде сөйлесе білсек те, артық етпейді, бірақ қазақ тілін әрқашанда мақтан етіп, құрметтей білуіміз керек.

Бүгін бізде тіл мерекесі болғандықтан, бізге қонаққа тілмаш келеді. Бізге тілмаш өзінің тапсырмаларымен келеді.

Тілмаш кіреді.

Тілмаш: Сәлеметсіздерме, балалар! Мен тілмашпын. Слайд арқылы тапсырмалар орындатады. Үш тілде (санау, түстерді ажырату, жемістердің атауын)

Енді, балалар біз тілмашқа өз білімімізді көрсетіп, мақал мәтел,нақыл сөздер, тақпақтар айтайықшы.

Ерасыл: Ана тілім елдігім,

Ана тілім ерлігім

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

Айзере:Әрбір тілде сөйлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Елнұр: Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

Мейіржан: Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар,

Қойын қойын сырыңды түбінде келіп шын табар.

Сабина: Піл көтермегенді тіл көтереді

Әлия: Ақын тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.

Мерей: Туған тілім анам тілі өз тілім!

Туған тілім далам тілі өз тілім!

Туған тілім бабам тілі өз тілім!

Туған тілім адам тілі өз тілім!

Сағын: «Ана тіліміді ұмыту бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту».

Біздің балалар сізден көп нәрсе үйренді. Сізге көп рахмет. Тілмашпен қоштасу.

Сергіту сәті.

Міне мынау сол қол,

Міне мынау оң қол,

Шапалақты соғайық.

Топылдатып билейік.

Хлоп хлоп хлопаю,

Топ топ топаю,

Это левая рука,

Это правая рука.

Қорытынды:Балалар біз бүгін сабағымызда не туралы әңгімеледік. Бізге қонаққа кім келді. Біз тілмаштан не үйрендік.

Әрқашан Ана тілімізді құрметтейік . Ана тілімізді ұмыту, бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту. Сондықтан балалар ана тілімізді ұмытпай, қастерлейік. Сабаымызды Ананың тілі әнімен аяқтайық.









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет