Мотивациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбері
Алақанды ашайық ,
Күннің нұрын салайық .
Таза ауамен дем алып ,
Жақсы ойлар табайық .
Осы жақсы лебізді ,
Бір - бірімізге сыйлайық .
Енді , балалар , келіңдер , орындарыңа жайғасыңдар .
Ой қозғау .
Балаларға үнтаспадан торғай мен мысықтың дауысын тыңдату .
|
Балалар шеңбер құрып тұрады .
Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтып , қимылдар жасайды .
Балалар
орындарына отырады .
Балалар торғай мен мысықтың дауысын салып , атын атайды .
|
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
|
Кіріспе әңгіме .
Балалар мен сендерге ақын Ертай Ашықбаевтың "Торғай мен мысық" өлеңін оқып беремін .
Жем шоқыған торғайға ,
Көзі бірден түсіп .
"Бұл әдемі ас болмай ма ? " -
Қадам басты мысық .
Бір , екі , үш ,
Торғай , торғай , ұш !
Балалар мынау не ? Мынау ше ?
Балаларға өлеңді үстел үстінде мысық пен торғайдың қимылы мен іс - әрекеті арқылы көрсетіп түсіндіремін.
Сұрақ - жауап :
Торғай нені шоқыды ?
Мысық не істемек болды ?
Торғай не істейді ?
Құстардың қалай ұшатынын , дыбысын , қимыл - қозғалысын көрсету , және оларға қамқор болу керектігін түсіндіру .
Биллингвальды компонент :
Торғай - воробей ,
мысық - кошка ,
Сөздік жұмыс :
"торғай" , "мысық" , "қамқорлық".
Балаларға торғайдың денесі сопақша, дөңгелекке , тұмсығы , қанаттары , құйрығы үшбұрышқа ұқсайтынынайтып түсіндіру .
Торғайдың суреті салынған сурет дәптерді таратып беремін . Дәптердегі торғайдың суретін қарындашпен тегіс , біркелкі бояу тәсілін көрсетемін .
Сергіту сәті .
" Торғайлар мен мысық " ойыны .
Ойын шартын түсіндіру .
Балалармен бірлесе ойнау .
|
Балалар өлеңді тыңдап отырады және бірнеше рет қайталайды .
Торғай .Мысық .
Балалар үстел үстінде көреді .
Жемді .
Торғайды жегісі келді .
Ұшып кетеді .
Құстардың қанат жайып ұшуын , жем шоқып жеуін , торғай сияқты секеңдеп жүруін көрсетеді .
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды .
Балалар торғай , мысық , қамқорлық деп қайталайды .
Балалар суретке қарап дене бітімін сипаттап айтады .
Сурет дәптеріндегі торғайдың суретін түрлі түсті қарындашпен бояйды .
Балалар шеңбер бойына тұрып ойынды қызыға ойнайды .
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Қорытындылау .
Бүгінгі оқу іс - әрекетіміз ұнады ма ?
Мысық қандай әрекет жасады ?
Торғайлар не істеді ?
Қандай құстың суретін боядыңдар?
Балалардың қалай сурет бояғандарын ерекше атап өту , мадақтау .
|
Ұнады .
Торғай ды ұстап алмақ болды.
Жем шоқыды .
Торғайдың суретін .
|