Осы алған қуатымызбен сабағымызды бастайық.
Ойын ойнаймыз,жұмбақтар жасырамыз,сендер шешуін айтасыңдар
1."Ойлан тап" танымдық ойыны
Жұмбақ жасыру.
Жиын терін болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қаймезгіл деп ойлайсың?
Күз мезгілі туралы айтады.
Қойның толы жеміске ,
Көк майсалы еңісте.
Көбелек қуып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жаз мезгілі туралы айтады.
Шанамензырлап желетін
Шаңғы,коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Қыс мезгілі туралы айтады.
Сендерге қай жыл мезгілі ұнайды?
Осы кезде компьютерден жаңбырдың, құстар-
дың ,аққан судың дауыстары естіледі.
-Балалар ненің даусын естіп тұрсыңдар?
-Балалар бізге көктем мезгілі келді.
Біздің бүгінгі сабағымыз осы көктем туралы бо-
лады.Көктем мезгілі 3 айдан тұрады.Наурыз,
сәуір,мамыр.Көктем мезгілі мен қыс мезгілінің
қандай айырмашылықтары бар?Қыста қар жауса,көктемде қар ериді.Қыста аяз болса,көк-
темде күн жылы болады.Қыста ағаштарды қырау басады,көктемде ағаштар бүршік жарады
Қыста қар қатады,көктемде қар ериді.Көктемде
қандай құстар ұшып келеді?Көктемде қаратор-
ғайлар, тырналар ұшып келеді.
Көктемде қандай жұмыстар жасалады?
Көктемде ауланы,көшелерді тазартады,ағаш-
тардың түбінің топырағын қопсытады,ағаштарды әктейді,құстарға ұя жасайды.
Релаксация. Табиғаттың дауысы.
Д/о «Гүлдер»
Ойын шарты:Тақтаға гүлдердің суреті ілінеді.
Балалар көздерін жұмады, көздерін ашқанда
гүлдердің біреуі жоқ болады.Қай гүлдің жоқ
екенін табу.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар ,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Дәптермен жұмыс. «Көктемгі еңбек» суреттері бойынша жұмыс .
Топ тарға суреттер беріледі,сол сурет бойынша
балалар әңгіме құрайды.Көктем туралы қандай
мақал-мәтел білесіңдер?
Сәуір болмай , тәуір болмас.
Сәуір су айы, мамыр гүл айы
|