Ұйымдастырушы
ізденуші
|
Әйел киімдерінің әр аймақта әр түрлі үлгілер мен әр алуан атаулар бар. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлері: көйлек, кимешек, сәукеле, қамзол, етік, кебіс-мәсі, көкірекше сияқты заттар. Қамзол (камзол)— әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Қамзолды кей жерлерде «жеңсіз бешпент» немесе «кәзекей» деп те атайды. Қамзолда жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астарлан тұрады Қыздар мен жас келіншектер киетін қамзол өте сәнді болады. Оның екі омырауына алтын, күміс жалатқан көз алар, шарбақ түймелер, меруерт, маржандар тағылады. Кейбір жерлерде күміс теңгелерді тесіп тағып қояды. Қазіргі кезде жергілікті өнеркәсіп орындары барқыт пен пүліштен сәндеп тіккен қамзол шығаратын болды.
Қамзол жайында әңгімелеп, оның
пішініне, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейленуіне назар аудартады. Педагог балалардан қазақтың
қандай ұлттық ою-өрнектерінің
атын білетіндерін сұрайды.
Ою-өрнек түрлері: қошқар мүйіз, құс қанаты, түйе табан, тарақ, қолтық ою, құс мұрын, ирек ою, қоян құлақ, қарға тұяқ, теңіз белгісі, аша тұяқ, ит құйрық және т.б. оюлар.
-Бүгін біз қамзолды ит құйрық оюмен әшекейлеміз.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Серігіп алайық
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мына басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау – оң қолым.
Мынау – сол қолым.
Барлық істі атқарған.
- Жұмыс істеуге дайынсындар ма?
Камзолды шаблонмен қиып жапсыру
|
Балалар толық
жауап береді
Сөздерді қайталайды
Қамзолдың пішініне сәйкес ою- өрнектерді жа- сайды.
Өлең жолдарына
сөйкес қимылдар
жасайды.
|