Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі


Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар



бет18/40
Дата26.05.2022
өлшемі103,26 Kb.
#145068
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
Байланысты:
сауат ашу негіздері 5..

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балаларды сөйлету,дыбыстарды қайталату.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Көрнекіліктер:суреттер,жұмыс дәптері,қима әріптер ,кол айна
Билингвалдық компонент: киіз уй-юрта,улттык ою-орнамент
Д\о: «Жалпы атауын ата».
Алматы кітап5+

Қаңтар1

Қардың пайдасы

«М» дыбысы мен танысу

«м»дыбысы мен әрпімен таныстыру,сөздер- ге дыбыстық талдау жасау ға,буындарды және қысқа сөздерді оқуды үйрету, балалар- дың ойларын дамыту,әдепті лікке тәрбиелеу

1

Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдаркөсе келіпті. Ол өзімен бірге бір дыбыс ала келіпті. Бірақ, ол бізге қандай дыбыс алып келгенін айтпаймын дейді. Ол үшін біз оның тапсырмаларын орындауымыз керек. Қоржынның бірінші басында тапсырмалар, екінші басында асықтар бар. Сұраққа жауап берген балаларға бір-бір асықтан беріп отырады.
Негізгі кезең:
– Мына қоржын ішінде бірнеше тапсырмалары бар.
– Мынау не?
– «Мысық» сөзі неше буыннан тұрады?
– Мысық қалай дыбыстайды?
– «Мысық» сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
– Дұрыс айтасыңдар, «М» дыбысын естіп тұрмыз. «М» – дауыссыз дыбыс. Кәне, қолайнамызды алып бәріміз бірге «М» деп айтайық.
«М» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай: Ерін бір-біріне қатты тиеді. Тіл дауыс қуысында еркін жатады. «М» дыбысы кішкене тілдің төмен түсіп, демнің мұрын арқылы шығуынан жасалады. «М» дыбысының жасалу жолы осындай.
– Енді «М» дыбысынан басталатын сөздер айтып көріңдер.
– Сол сөздерді буынға бөлейік.
– Балалар, сиырға ұқсап дыбыс шығарып көрейікші.
– Бұл да «М» дыбысынан басталып тұр.
– Міне, сендер айтқан малдардың, мысықтың суреттері. Осы суреттерге қарап, сөйлем құрап беріңдерші?
– Енді орнымыздан тұрып, бойымызды сергітейік.
Сергіту сәті:
Ақ лақ
Жүні жібек шудадай,
Ақ мүйізді аппағым,
Үстіңді жүр былғамай,
Баспа жердің батпағын.
Аяғыңды аңдап бас,
Тізеңді тас тілмесін.
Бөрі көрсе аямас,
Сайға сүйреп жүрмесін.
(С.Оңғарбаев)
– «Маса», «мама», «мата» сөздерін буынға бөлейік. Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайық.
– Балалар, «маса» сөзінде неше дыбыс бар?
– Бұл сөз неше буынға бөлінеді?
– Енді дыбыстардың дауысты не дауыссыз дыбыс екенін анықтап алайық.
– Мен сендерге өлең оқып беремін, қай жерде «М» дыбысынан басталған сөздер бар, есте сақтап отырыңдар.
Сиыр
Мүйізі айдай иілген,
Мұрнын көкке шүйірген.
Керілген желін, сала емшек,
Сауғанда жаның сүйсінген.
Ірімшік пенен құрт, майы,
Жегенде тілді үйіреген.
(Б.Ысқақов)
«Кім жылдам?» дидактикалық ойынын ойнатуға болады.
Ойын шарты: педагог балаларға «М» дыбысынан басталатын сөздерді тез ойлантып айтқызады. Сөз айтқан сайын бір қаламнан қолдарына ұстатып отырады. Қай бала көп сөз айтса, соның қаламы көп, демек жеңімпаз атанады.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №17 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет