3апта
|
Алақай қыс келді!
|
«Қ» дыбысы
|
«қ» дыбысы мен әрпін таныстыру,сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету,буындар- ды,қысқа сөздерді оқу тілдерін дамыту,ұқып- тылыққа тәрбиелеу.
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші топтағы үстел үстіне ұлттық бұйымдарды әкеліп қояды.
– Балалар, сендер не көріп отырсыңдар?
– Дұрыс айтасыңдар. Мұның бәрі – қазақтың ұлттық бұйымдары.
– Мына киіз үй неден жасалған?
– Ал мынау не?
– Сырмақ неден жасалған?
– Балалар, мына сырмақ қандай ою-өрнектермен әшекейленген?
– Сырмақты, киіз үйді қойдың жүнінен жасайды. Сырмақтың бетін неше түрлі ою-өрнектермен әшекейлейді.
– Ою-өрнектердің атын атап беріңдер.
– Дұрыс, балалар, біз қазақ халқының, өз халқымыздың ою-өрнектерімен, сырмақпен таныстық.
Сырмақ – өрнектелген төсеніш.
Негізгі кезең:
– Балалар, бүгін біз «Қ» дыбысымен танысамыз. Дыбысты біз естейміз.
Мысалға, қолымызды шапалақтасақ, үстел үстін ұрсақ, дыбыстар естіледі.
– Кәне, бәріміз «Қ» деп айтайық.
«Қ» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай: Ерін ашылып, тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Міне, осыдан «Қ» дыбысы жасалады. «Қ» – дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
– Енді өздерің «Қ» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдар.
– Дұрыс айтасыңдар. Мен бір өлең шумағын оқимын, қай сөзде «Қ» дыбысы бар екенін еске сақтап отырыңдар.
Құлыншағым – құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
(І.Жансүгіров)
Сергіту сәтін ойын арқылы өткізуге болады.
«Жасыл қияр» ойыны.
Балалар шеңбер бойымен жүреді. Ортада бір бала тышқан болып отырады. Балалар өлең жолдарын айтады:
Қияр, қияр, қиярлар,
Алысқа кетіп қалмаңдар.
Ұйықтап жатыр дәу тышқан,
Оятып енді алмаңдар!
Оянған тышқан балаларды қуып ұстайды, ұсталған бала тышқан болады.
– Осы «Қ» дыбысына өзіміз өткен дыбыстарды қосып, қысқа сөздер айтайық.
Сол сияқты басқа сөздерге де дыбыстық талдау жасауға педагог көмектеседі.
«Ойлан тап» дидактикалық ойнын ойнатуға болады.
Ойын шарты: тәрбиеші жұмбақ жасырады, балалар жұмбақтың жауабын тауып, сөйлем құрайды.
Жұмбақ:
Кіруге адам батпайды,
Аман-есен сақтайды.
– «Сандық» сөзінде «Қ» дыбысы қай жерде кездеседі?
– Сандықтың ішіне не салады, үстіне не жинайды?
Балалар «Сандық» сөзін қатыстырып, сөйлем құрайды.
Жұмбақ:
Арқауы бар қос қалта,
Ажырата алмайды.
Атам қайда жол тартса,
Қанжығадан қалмайды.
– «Қоржын» сөзінде «Қ»дыбысы қай жерде кездесіп тұр?
– Қоржынды білесіңдер ме? Ол – жолға шыққанда қауын, қарбыз, азық-түлік салып таситын, аттың, түйенің үстінде жүретін қазіргі сөмке сияқты құрал.
– Енді «қоржын» сөзін қатыстырып, сөйлем құраңдар.
– Балалар, сендер «Қ» дыбысы сөздердің қай жерінде кездессе де, таба алатын болдыңдар.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №15 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
Қорытынды.
Тәрбиеші қорытынды жасайды.
– Балалар, бүгінгі оқу қызметі сендерге түсінікті болса, бармақтарыңды жоғары қаратыңдар.
|