3апта
|
Техника және біз
|
«Ң»дыбысы мен әрпімен таныстыру
|
«ң» дыбысы және әрпімен таныстыру,«ң»ды- бысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету,бала лардың тілдерін дамыту,сөздерді дұрыс оқу- ға баулу,табиғатты,жабайы аңдарды қорғау- ға тәрбиелеу.
|
1
|
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, бүгін бақшаға келе жатып, қолында сиқырлы таяғы бар сиқыршыны көрдім. Ол маған сиқырлы таяғын берді (әдемі таяқшаны көрсетеді). Ол маған: «Осы таяқшаның көмегімен балаларды Орманға саяхатқа апар», – деді.
– Кәне, сендер саяхатқа барғыларың келе ме?
Ендеше көздеріңді жұмыңдар.
Осы кезде тәрбиеші тақтаға орманның көркем суретін және аңдардың суреттерін іліп қояды.
Негізгі кезең
– Балалар, көздеріңді ашыңдар, сендер орманнан не көріп тұрсыңдар?
– Оларды бір сөзбен не деп атаймыз?
– "Аң" сөзін шапалақтау арқылы буынға бөлейікші?
– "Аң" сөзінде "Ң" дыбысы қай дыбыстан соң тұр?
– "А" дыбысы дауысты дыбыс па әлде дауыссыз ба?
– Ал, балалар, қолымызға қолайнаны алып ң дыбысын айтып көрейік.
– "Ң" дыбысын айтқанда тіліміз таңдайымызға тиіп, кедергімен шығып тұр.
Сондықтан "ң" дыбысы дауыссыз дыбыстарға жатады, көк текшемен белгілейміз.
– "Ң" дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?
"Н" мен "Ң" дыбыстарын жеке-жеке дыбыстату арқылы айтылуына көңіл аударту.
Бір қатарға "Ң", екінші қатарға "н" дыбысы бар сөздерді ойлап айтуды тапсыру.
Сергіту сәті:
Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Қоңыр аю қалай жүреді,
Кім көрсете біледі.
– Ал, балалар, қазір біз "аң" сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
– "Аң" сөзінде неше дыбыс бар? "А" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
– Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
– Аң-ң-ң, "ң" дыбысын педагог қаттырақ айтады да, "ң" дыбысына екпін түсіп тұрғанын айтады.
– "Ң" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
– Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
– "Аң" сөзінде неше дыбыс бар?
– Неше дауысты дыбыс?
– Неше дауыссыз дыбыс бар?
– Неге көк текшемен белгіледіңдер?
Дидактикалық ойын: "Буынға бөл"
Тәрбиеші: Мен сендерге әртүрлі заттардың суреттерін көрсетемін. Сендер суреттерді атап, шапалақпен буынға бөлесіңдер.
Саусақтарға жаттығу: "Өнерлі екен он саусақ".
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №23 тапсырма орындалады.
Тәрбиеші көмек қажет балаларға көмектеседі.
|