Билингвалды компонент: түйе – верблюд, елік – олень.
Сергіту сәті:
Мен өркешті түйемін,
Басымды жерге иемін.
Маң-маң басып далада
Жантақ жеуді сүйемін.
Дидактикалық ойын: Бастаушы допты бір балаға лақтырып, бір жануардың атын айтады, бала допты кері лақтырып, оның төлін айтады.
Мысалы: сиыр – бұзау, бие – құлын, түйе – бота, есек – қодық, мысық – марғау.
Тәрбиеші артынан қайталайды:
Е-е-е – ат үсінде ер,
Ең-ең-ең – ең үлкені мен,
Ең-ең-ең – екі жағы тең.
– Балалар, енді біз "тең" сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
– Бірінші дыбысты қаттырақ оқимын, т-т-тең.
– Сөздегі бірінші дыбыс қандай дыбыс?
– Дауыссыз дыбысты қандай түсті текшемен белгілейміз?
Бәріміз көк текшені қоямыз.
Тәрбиеші екінші дыбысты қаттырақ созып айтып, екпін қандай дыбысқа түсіп тұрғанын сұрайды. Те-е-ең.
"Е" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
– Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
– Енді тағы бір дыбыс қалды, тең-ң-ң."Ң" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
– Оны қандай белгімен белгілейміз?
– "Тең" сөзінде барлығы қанша дыбыс бар?
– Нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз?
"Ер" сөзіне өз беттерімен дыбыстық талдау жасатады.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 25 тапсырма орындалады.
Көмек керек балаларға тәрбиеші көмектесіп, қатесін түзейді, үйретеді.
Қорытынды.
Тәрбиеші қорытынды жасайды. Сабақ қызықты болды ма?
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:«Е» дыбысы туралы түсіндіру.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: доп,айна,суреттер, жұмыс дәптері.
Билингвалдық компонент: дыбыс-звук, сөз-слова, түйе-верблюд, елік-олень.
Д\о: «Атауын тап».
Алматы кітап 5+
2апта
|
Табиғаттың гүлденуі
|
«Е»дыбысы мен әрпі қайталату
|
«е» дыбысы мен әрпін қайталату,«е» дыбы- сынан келетін сөздер ойлату,ойындар арқы- лы баланың ойлау қабілетін дамыту,мейірім- ділікке тәрбиелеу.
|
1
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |