«Мамандықтың бәрі жақсы»
Иманбаева Ботакоз Тагыбергеновна
БҚО, Орал қаласы №10 «Балапан» бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі
Білім беру саласы: Коммуникация, Таным, Әлеумет
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Көркем әдебиет
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, еңбекке деген қызығушылықтарын ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Мамандық туралы білімдерін тиянақтау. Балаларға еңбек етудің қажеттілігі, еткен еңбегінің жемісін көретіндігі, болашақта қандай маман болатындығына бағдар беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар,
Әдіс - тәсілдер: Слайд көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Билингвальды компонент: Мұғалім – учитель – teacher, Дәрігер - доктор- doctor Аспаз – повар – cooker , Құрылысшы - строитель- builder, Өрт сөндіруші - пожарный- firefighter, Полиция қызметкері – милиция - policeman
Балалар залға кіріп жарты шеңбер боп тұрады.
Тәрбиеші: Балалар бірінші қонақтармен амандасып алайық. (Балалар қонақтармен амандасып алады.)
Балалар сендер немен бөлісуге болатынын білесіңдер ме?
Балалар: Ойыншықтарыңмен бөлісуге болады. Кәмпитпен, тәтті шоколадпен, печеньемен бөлісуге болады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Сонымен қатар жақсы көңіл күймен де бөлісуге болады екен. Ендеше бір – бірімізге қуанышты көңіл – күй сыйлайық.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді болып жүрейік.
Бір – біріне жылы күлімсірейді.
Балалар таңертең сендерді ата – аналарың балабақшаға әкеліп тастағаннан кейін қайда баратынын білесіңдер ме?
Жұмысқа барады.
Дұрыс айтасыңдар, жұмысқа барады. Жұмыс жасау үшін әрбір адам бір мамандық иесі болуы керек. Ал мамандық дегеніміз не?
Ол үлкен адам айналысатын қызмет.
Иә балалар сендер де ертең ер жетіп, есейгенде бір-бір маман иесі атанасыңдар. Қандай мамандық атауларын білесіңдер? Атаңдаршы.
Балалар өздері білетін мамандық атауларын атады.
Әзір ас жоқ дүниеде
Сабақ өзі оқылмайды
Көйлек өзі тоқылмайды.
Тұқым өзі себілмейді
Үйлер өзі салынбайды.
Кендер өзі табылмайды
Кітап өзі жазылмайды
Барлық істің батыры біз
Екі қол мен ақылымыз
Осының бәрін кім істейді?
Сабақты кім оқытады?
Көйлекті кім тоқиды?
Тұқымды кім себеді?
Үйлерді кім салады?
Кітапты кім жазады? (Балалар жауап береді)
Балалар ендеше тақтаға қарап бірнеше мамандық иелерінің атауын үш тілде айтып көрейікші. Слайд № 1
Мұғалім – учитель – teacher
Дәрігер - доктор- doctor
Аспаз – повар – cooker
Құрылысшы - строитель- builder
Өрт сөндіруші - пожарный- firefighter
Полиция қызметкері – милиция - policeman
Осы мамандықтардың қыр – сырына қанық болу үшін біздер бірнеше тапсырма орындайтын боламыз. Әр мамандық иесі өз жұмысын атқару үшін қажетті құралдары болады. Ендеше тапсырма «Артық құралды тап!» деп аталады.
Балалар тапсырманы интерактивті тақтаға қарап орындайды.
Балалар суретті кім салады?
Суретші салады.
Балалар келесі тапсырмада сендерге суретші «Қай мамандық екенін тап?» деген тапсырма берген екен. Суретшінің салған суретіне қосымша жұмбақты оқимын сіздер қай маман иесі екенін табасыздар.
Көлік айдап үйренген (жүргізуші)
Жалынға сүңгіп кететін
Қақалса да түтінге
Тайсалмайтын батыл кім?
Жасқанбайтын батыр кім? (өрт сөндіруші)
Үйлерді кім салады? (құрылысшы)
Жерді көрмей жүреді
Ақ жал таумен алысқан
Адамды кім біледі? (теңізші)
Көкке еркін сүңгиді
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді (Ұшқыш)
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам? (Полиция)
Ылғи бізбен жүреді
Тақпақты да үйретіп
Ойната да біледі (тәрбиеші)
Қайшысы бар жалақтайтын (шаштараз)
Балалар біздің үстіміздегі киімдерімізді кім тігеді?
Тігінші тігеді.
Сендерге тігіншіден видеотапсырма келген екен. Қане ол кісі қандай тапсырма берер екен. Тыңдап көрейік.
Тігінші: Сәлеметсіздер ме балалар! Маған көйлек тігіп беріңіз деп қуыршақтар тапсырыс беріп еді. Мен сол көйлектерді тігіп қойдым. Енді бауларын тағып үлгіре алмай жатырмын. Маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: Әрине көмектесеміз.
Балалар көйлектердің бауын түсіне сәйкес тақты. Бауын қадаған көйлектерінің түстерін үш тілде атап берді.
Балалар сендер шаршаған боларсыңдар. Ендеше бір сергіп ән айтып, балалардың тәтті «Жұлдызды қиял» әлеміне саяхаттап келеміз бе?
Ән: ағылшын тілінде “Twinkle, twinkle little star”
Балалар жұлдызды қиял әлемінде не көріп тұрмыз. Жарқыраған жұлдыздар ғой мыналар. Ендеше осы қиял әлемінде өзіміз өскенде кім болғымыз келетінімізді армандап көрейікші.
Балалар енді сендер өскенде кім болғыларың келеді?
Балалар өскенде кім болғылары келетіні туралы жекелеп айтып өтті.
Осы кезде Жұлдыз қыз келеді.
Жұлдыз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! «Жұлдызды қиял» әлеміне қош келдіңдер! Мен бағанадан бері сендерді бақылап тұрдым. Сендердің барлық тілеген тілектерің орындалсын, жұлдыздарың жана берсін деп мен сендерге өзімнің жарық жұлдызшаларымды таратамын. Сау болыңдар, балалар!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: «Жұлдызды қиял әлемінен» балабақшамызға оралу үшін бірден онға дейін санайық балалар.
Балалар санайды. Балабақшаға оралады.
Қорытынды сұрақтар:
Бүгін біз не туралы әңгімеледік?
Сендерге қай тапсырма орындаған ұнады?
Біз қайда бардық?
Балалар барлық мамандық жақсы. Барлық мамандық адамзат үшін қажет екенін ұмытпайық. Ендеше қонақтарымызбен қоштасайық. Сау болыңыз!
Достарыңызбен бөлісу: |