Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация Тақырыбы: «Сәндік текемет»



Дата10.10.2020
өлшемі22,85 Kb.
#64075

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация

Тақырыбы: «Сәндік текемет»

Мақсаты: текеметті сәндік қолданбалы ұлттық өрнектермен безендіру тәсілін үйрету; ою-өрнектерді симметриялы орналастыра білу, түсті сезіне білуге баулу; эстетикалық талғамды дамыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, текемет, қойдың жүні, синтепон, желім, бір қолданатын табақ, ермексаз, гуашь бояуы.

Әдіс – тәсілі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Билингвизм: Текемет – кошма – koshma, Қой – овец – sheep, Жүн – шерсть - sheep wool, Ою – өрнек – орнамент - ornamental pattern

Іс – әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Іздену – ұйымдастырушы

Рефлексивті түзетушілік


Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Балалардың назарын интерактивті тақтаға аудару.

-Балалар, тақтадан ненің бейнесін тамашалап тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар. Бұл жайлау бейнесі. Жайлауды кімдерді, нелерді көріп тұрсыңдар? Олар не істеп жатыр? Балалардың жауаптарын тыңдау.

- Дұрыс айтасыңдар. Жайлауда киіз үй тігіліп тұр.. Балалар жүгіріп ойнап жүр. Әжелеріміз тамақ жасап жатыр, аталарымыз текеметтің устінде ән айтып отыр.

- Бүгінгі бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы осы текемет туралы болады. Тақырып бойынша білімімізді толықтыру үшін үлкен экран арқылы «Білім» еліне саяхатқа шығамыз. Онда бізді түрлі аялдамалар күтіп тұр. Дайынбыз ба?



1. «Әдебиет әлемінде» аялдамасы

Экраннан текеметтің суреті көрсетіледі, мағлұмат беріледі.

Текемет – сәндік-қолданбалы өнер туындысы, бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы.

Ол қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй ішіне жылылықпен қатар әсемдік те әкеліп әрі киіз үйдегі адамдарды астынан өтетін сыздан қорғап, аурудың алдын алу рөлін де атқарады. Текемет күзем жүннен жасалады. Оның көлемі әр түрлі. Алдымен қойды қырқады, тазартады, сабап, шыбықтайды, жуады, бояйды, кептіреді. Текеметтің бейнесін құрудың өзіндік ерекшеліктері бар.

«Текемет» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

2. «Айналаны тану әлемі» аялдамасы

Көрме жасау. Төрт – түлік мал туралы әңгіме жүргізіп, олардың пайдасы туралы әңгімелеу. Жүндерінен текемет жасайтынын атап өту.



Сергіту жаттығуы.

Киіз үйдің төрінде

Текемет тұр жайылып.

Қос аққудың бейнесі

Жарасып тұр сән құрып.

3. «Математика» аялдамасы.

Текеметтің пішіндерін көрсетіп, атау. Текеметтердің артына логикалық сұрақтар жасыру.



Билингвалды компонент

Текемет – кошма – koshma,

Қой – овец – sheep,

Жүн – шерсть - sheep wool,

Ою – өрнек – орнамент - ornamental pattern

4. «Шығармашылық» аялдамасы.

Әженің аулына келіп қалғандарын айтып, әжемізбен сәлемдесу. Әженің тапсырмасын орындау. Балаларды екі топқа бөліп екі түрлі тапсырма беру.



1 – тапсырма: Текеметті синтепоннан бастыру.

2 – тапсырма – текеметті бір пайдаланатын табақтың ішіне ермексаздан ою – өрнектер жапсыру арқылы жасау.

Әжеміз балалардың жұмыстарын ұнатып, оларға кәмпит салынған қоржын береді.



Балалардың жұмыстары мадақталып, экран арқылы тобымызға оралу.

Сұрақ – жауап:

  • Балалар, сендерге саяхат ұнады ма?

  • Қандай аялдамалар кестесті?

  • Ол аялдамаларда қандай тапсырмалар орындадық?

  • Әжеміздің тапсырмасы ұнады ма?

  • Жарайсыңдар, балалар! Маған да сендердің оқу қызметке белсене қатысып, жұмыстарды жасағандарың ұнады. Рақмет! Қонақтарымызбен қоштасайық.




Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады.

Сұрақтарға жауап беріп, сурет бойынша әңгіме құрайды.

«Білім еліне» саяхатқа баруға қуана келіседі.

«Әдебиет әлемінде» аялдамасында текемет туралы мағлұмат алып, «текемет» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Сергіту сәтін өлең мазмұнына қарай іс – қимыл жасап айтады.

«Математика» аялдамасында логикалық тапсырмалар орындайды.

«Шығармашылық» аялдамасында әженің берген тапсырмаларын орындайды.

Балалар қуанып, жақсы көңіл – күймен топқа оралады.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Текеметті қалай жасауды

Нені игереді:

Қалдық заттармен жұмыс жасап, жапсыруды

Нені біледі:

Текемет, ою-өрнектер туралы

Каталог: uploads -> doc -> 1382
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1382 -> Сабақтың тақырыбы: Сән журналынан үлгі алу. Сыныбы: 9 «Ә» Сабақтың мақсаты: білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет