2.Дамытушылық: Дәстүрден тыс сурет салу іскерліктерін дамыту.
3.Оқыту: Әр түрлі әдістер арқылы сурет салуға үйрету: таяқшамен,
бармақпен, қылқаламмен.
Педагогикалық технологиялар: денсаулықты сақтау бойынша педагогикалық технологиялар, ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: демонстрациялық материалдар, түрлі түсті бояулар, әр балаға арналған таяқшаға оралған мақта, үлестірмелі материалдағы фон, қол сүрткіштер, су.
Билингвалдық компонент: қыс - зима, қар – снег, шырша-елка.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Тәрбиеші: Балалар сендерге Жаңа жыл мейрамындағы шырша ұнады ма? Ал сол мейрамдағы ойыншықтар ұнады ма?
Балалар: Жаңа жыл мейрамында не көргендері, не ұнағандары жайлы әңгімелеп береді.
2.Негізгі бөлім: Тәрбиеші: Міне сол сендерге ұнаған ойыншықтар ойын бұрышында Жаңа жыл мерекесін өткіземіз деп шешіпті. Аққала орманда жүріп, Жаңа жыл мерекесіне кешігіп қалыпты. Жарқыраған шамдары мен ойыншықтары бар шыршаны тамашалай алмай қалыпты. Сол әдемі шыршаны көргісі келеді, сондықтан сендерден мына жасыл шыршаны әдемі ойыншықтармен безендіріп беруді сұрайды.
Көмектесеміз бе, балалар?
Балалар: Көмектесеміз.
Тәрбиеші: Сендер Жаңа жылдық қандай ойыншықтарды жақсы көресіңдер?
Балалар: өздері жақсы көретін ойыншықтары жайлы айтады.
Тәрбиеші: Аққала да өзінің шыршасын әдемі ойыншықтарымен безендіргісі келеді. Алдарыңдағы қағазда әдемі Жаңа жыл шыршасы бейнеленген. Саусақты, таяқшаға оралған мақтаны әртүрлі бояуларға батырып алып, осы шыршаға арналған ойыншықтарды бейнелейміз.
Балалар: Тәрбиешінің көрсетуі бойынша саусақ, әртүрлі бастырма арқылы ойыншықтар бейнесін шыршаға салады.
Тәрбиеші: Әркім өзіне ұнаған түстерін пайдалануға болады. Оқу қызметі барысында қиналған балаларға бағыт - бағдар беріп отыру, балалардан қандай ойыншық салып отырғанын сұрау қажет.
Балалар: салған ойыншықтары жайлы әңгімелейді.
3.Қорытынды: Тәрбиеші: Жұмыс соңында суреттерін жинап алып, Аққалаға беріп жібереді. Балалар суреттерін салып болған соң мынадай өлең жолдарымен аяқтайды:
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Балалар: өлең жолдарын бірге қайталайды.
Тәрбиеші: Аққаланың балалар салған суреттерге қатты қуанып, өзін Жаңа жыл кешінде жүргендей сезінетінін айтты.
Балалар: жұмыстарының сәтті шыққанына қуанады.