Тәрбиеші: Балалар саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?
Балалар: Ия,ұнайды.
Тосын сәт: Осы кезде Жанель жылап келеді ойыншығын
жоғалтып алып.
Тәрбиеші: Балалар Жанельге көмектесеміз ба
ойыншығын тауып беруге және ойыншығын табу үшін
өзімізбен бірге саяхатқа алып шығамыз ба?
Балалар:Ия, алып шығамыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар ендеше
ойыншықтар әлеміне саяхатқа жол тартайық.
Үш столда ағаштан, резеңкеден және пластмасса
мен шүберектен жасалған ойыншықтар тұрады.
Балалар мына жердегі не екен қарайықшы
жаймендеп бетін ашайықшы және Жанельдің
ойыншығын іздейік?
Балалар: Ия қарайықшы.
Тәрбиеші: Балалар мынау қандай ойыншық? Түсі қандай? Пішіні қандай? Неден жасалған? Жанель осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?
Жанель: Көре алмай тұрмын өз ойыншығымды.
Балалар: Бұл доп. Пішіні дөңгелек. Резеңкеден жасалған. Түсі сары.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ендеше мына столдағыны көрейік. Мынау қандай ойыншық? Пішіні қандай? Неден жасалған? Түсі қандай? Жанель осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?