Білім беру саласы: Таным Білім беру қызметі: Математика негіздері



Дата06.01.2022
өлшемі19,97 Kb.
#110104
Байланысты:
матем


Білім беру саласы: Таным

Білім беру қызметі: Математика негіздері


Тақырыбы: «Математикалық жұмбақтар»

Мақсаты:
а) цифр мен заттың санын сәйкестендіруді жалғастыру;
ә) математикалық жұмбақтар шешу;
б) балалардың зейінін дамыту;

Мотивациялық - қозғаушылық: Амандасу
Амансың ба алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!
Амансыздар ма қонақтар!
Сабағымызды бастайық
Жамандықты тастайық.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы:
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай
- Наурыз, сәуір, мамыр.

Қызықты сәт.
Ренжіп Дара кіреді.

Тәрбиеші: Дара, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?
Дара: Кеше мен Ботимен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді жаңбырға әбден жаурап қалдым, оның үстіне қолшатырымда тесіліп қалды.
Дидактикалық ойын: «Тесік қолшатыр»

Тәрбиеші: Балалар, Дараның қолшатырын жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін стол жанына жақындайық.
Балалар стол жанына жақындап түрлі - түсті қағаздардан жасалған «қолшатырға» үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш пішінді қағаз қиындыларын жапсырады.
Тәрбиеші: Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар?

Балалар: Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.

Дара: Ой, рахмет! Қолшатырым бүтінделіп, әдеміленіп қалыпты.

Дара: Ой балалар мен жолда келе жатып мына бір қорапша тауып алдым ішінде не бар екенін білмеймін.

Тәрбиеші: Қорапшада не бар, көрейік. Балалар, бұл математика ханшайымының қорапшасы екен, мұның ішінде бізге тапсырма берілген екен.

1 - тапсырма: «Математикалық жұмбақтар»
- Үш мысықтың құйрығы нешеу?
- Қоянның құйрығы нешеу?
- Екі балада неше құлақ бар?
- Бес сиырдың басы нешеу?

2 - тапсырма:
Дидактикалық ойын «Цифрды тап»
Мақсаты: Балалар атаған цифрларды табады да, оны айналдырып сызады.

3 - тапсырма: «Доптарды жинастыр»
Мақсаты: цифрларды айыра білу және дұрыс атау машығын бекіту, тура және кері санауға жаттықтыру.

Карточкамен жұмыс
- Суретте неше дөңгелек бпр? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
- Үшбұрыш нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
- Сопақша нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
- Шаршы нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?

Сергіту сәті: «Аңқайма, қайтала»
Қане, достым, аңқайма,
Менен кейін қайтала.
Барша қимыл үш – үштен:
Көзіңді қыз үш рет: 1, 2, 3
Басыңды еңкей үш рет: 1, 2, 3
Иықты көтер үш рет: 1, 2, 3
Солға – оңға иіл үш рет: 1, 2, 3
Орныңда секір үш рет: 1, 2, 3
Ентігімізді басамыз және орнымызға отырамыз.

4 – тапсырма: «Көрші сандар»
Мақсаты: цифрларды қайталау, балаларға бір цифрды көрсету, ал балалар оның «Көршілерін» атайды.

Математика әлемінің есігі ашылып, алдарынан математика ханшайымы шығады.

Математика ханшайымы: Қош келдіңдер! Сендер менің жіберген тапсырмамды орындадыңдар. Көп нәрсе білетіндеріңді мен мына «сиқырлы таяқшам» арқылы біліп отырмын.
- Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап бердіңдер.
Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже
Біледі: 1 - ден 5 - ке дейінгі цифрларда;
Меңгерді: цифрлар туралы түсініктерді;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет