Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Қоршаған орта



Дата10.10.2020
өлшемі21,06 Kb.
#64432

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Қоршаған орта

Тақырыбы: «Экологиялық пирамида»

Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстарын түсіндіру , қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру,күннің, бұлттың, жердің қайда орналасатынын ажыратып атай білуге уйрету. Балалардың тілдерін дамытып, анық сөйлеуге үйрету, балалардың шатаспай дұрыс орналастыруға үйрету. Қоршаған ортаға табиғатты, қорғап аялай білуге тәрбиелеу,сүіспеншілігін арттыру, сөздік қорын молайту.

Қажетті құралдар: проектор, презентация, видеоролик.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, әңгіме жүргізу, ойын.

Сөздік жұмыс: Пирамида, табиғат

Билингвалды компанент: бұлт-облака,күн-солнце,жаңбыр-дождь,ай-луна, жер-земля.

Көрнекіліктер: Табиғат құбылыстарының суреті,бұлт, күн,ай, жаңбыр, жер, гүл, тал

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы


Балалар бүгін ауа райы қандай болып тұрсада бір бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы

-Балалар қолымыздан ұстап дөңгеленіп тұрайықшы

Балалар біз неге ұқсадық?

Шаттық шеңбері:

Балалар сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар!

Міне тағы да таң атып күн шықты.

Ендеше:


-Қайырлы таң көздерім!

-Қайрлы таң құлақтарым!

-Қайырлы таң аяқтарым!

-Сендер ояндыңдар ма?

Көздерім көріп тұр,

Құлақтарым естіп тұр,

Қолдарым қол соғып,

Аяқтарым топылдатты.

Жарайсыңдар балалар!

Сендер ояндыңдар ма?

Ендеше біз келген қонақтармен амандасып алайық

Балалар қазір жылдың қай мезгілі екен? бүгін ауа райы қалай екен?

Қане терезеге қарайықшы

-Балалар ауа райы әр түрлі болады екен, бірде күн ашық, жаңбыр, немесе қар жауады екен.

Балалар бізге күн не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

1.Слайд Күннің суреті ашылады

2. Бұлт

3. Жаңбыр

4.Ай

5. Жер


6.Тал

Балалар біз күн, бұлт,жерді білеміз бе?

Жердің бетінде кімдер,нелер тіршілік етеді?

Жерде нелер өседі?

Тамаша балалар! Жарайсыңдар!

«Дұрыс орналастыр» ойын

-Балалар біз күнді,жерді, бұлтты,жаңбырды, айды, талды білдік,енді балалар мынау қандай пішін?

Дұрыс айтасыңдар!

-Балалар енді біз осы үшбұрышқа табиғат құбылыстарын маған ретімен орналастыруға кім көмектеседі екен?

Тамаша балалар !

Жарайсыңдар!

-Қараңдаршы балалар міне біз табиғат пирамидасын жасап шығардық.

-Балалар қане барлығымыз табиғат пирамидасы деп қайталайықшы.

-Балалар шаршап қалдық па? Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайықшы

Сергіту сәті

Күн төккен нұрынан


Биік болып өсеміз.
Денемізді тік ұстап,
Дөңгелене билейміз

Тамаша ! Жарайсыңдар балалар!

Бойымыз серігіп қалды ма?

- Балалар ойын сендерге ұнады ма?

Жарайсыңдар балалар!


Балалар дөңгеленіп тұрады

Күнге


Таңертең

Иә, біз ояндық

Біз ояндық!

Саламатсызба!

Қыс мезгілі

Күн шығып шуағын шашып, нұрын төгіп ,қүлімдеп тұр

Күн әлемге жарық беріп, шуағын шашады

Күн


-Ия

Адамдар


Шөптер, гүлдер, талдар

Балалар қуанады

Ия

Үшбұрыш


Күн, бұлт, жаңбыр, ай, жер, тал ды балалар ретімен орналастырады.

Балалар қайталайды-табиғат пирамидасы

Ия,

Қолдарын жоғары созады, дөңгелене билейді



Ия,

Бүгінгі оқу іс – әрекетімізді жақсы тілекпен аяқтайық. Әрқашан күн сөнбесін! Аспанымыз ашық болсын, Күніміз жарқын болсын! Келген қонақтарымызға қош сау болыңыздар деп қоштасайық.


Балалар: Бірге қайталап тілектерін айтады.

Күтілетін нәтиже.


Табиғат құбылыстарын (күн, бұлт, жаңбыр) біледі;
Тақырыпқа сәйкес берілген ойын шартын орындай алатын дағдыларды игереді;
Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарының өзгешеліктері туралы білімді меңгереді.



Каталог: uploads -> doc -> 00f6
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет