Білім беру саласы: Таным



бет3/4
Дата06.02.2022
өлшемі94,76 Kb.
#76361
1   2   3   4
-Жақындарымызбен және туыстарымызбен кездескенде «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!»,«Сәлеметсіз бе!» деп айтатынымыз қандай жақсы».

Тәрбиешіні тыңдайды.









Ізденіс ұйымдастыру

1.Тәрбиеші балалардан қай елде тұратындықтарын сұрайды.Әр елдің өзінің ақшасы болатындығы,Қазақстанның да «теңге»деп аталатынөзінің ұлттық ақшасы бар екендігін айтып,басқа елдерден де мысалдар келтіреді.
-Таныстыру : -Ақшалар қағаз ақша және монета түрінде болатындығын айтады.Әрбір монеталардың (1 теңге,2 ,5 ,10,50,100 теңге)құндылығы,берілген монетаның (1 теңгеден басқа)басқа қандай монеталардан тұратынын балалармен бірге қарастырады.
2.Санауды үйретеді.-Сол жақтағы ақшаның қосындысын есептеп,оң жақтағы дөңгелектің ішіне жаздырады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық, Қолды алға созайық. Алға қарай бір адым, Солға қарай бір адым, Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық.
3.Дәптермен жұмыс:-Сендердің де дүкеннен заттар алғыларың келе ме?Сендерде ақша бар.Оған не сатып алуға болатынын ойлаңыңдар.Таңдап болсаңдар ,сатып алған заттарыңды қажетті монетамен сызық арқылы қосыңдар.
4.Әзіл есептер. «Әжей немерелеріне 2 шапка,2 шарф,4 қолғап сатып алды.Әжейдің неше немересі бар?»
«Санжар шляпаны неге сатып алды?»(Ақшаға)

Балалар жауаптары.
Тыңдап отырады.
Қолдарымен ұстап көреді.
Жазып береді.
Қимыл-қозғалыстар орындайды.
Орындарына отырып,тапсырмаларды орындайды.
Ойлап,жауаптар береді. Мадақталады.







Рефлексия

-Қорытынды.
-Бүгінгі сабақта не істедік ? –Жаңадан не білдік?

Балалардың толық жауаптары.







Күтілетін нәтиже:


-Ұлттық теңге мен олардың түрлерін танып білу,5 көлеміндегі сандардың бірліктерден тұратын құрамын айта білу,есептеу дағдылары жаттығады

Күні:
Білім беру саласы:Таным.


Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Тақырыбы: «Жыл мезгілдері,ай аттары,апта күндері,тәулік бөліктері».
Мақсаты:Жыл,жылдың 4 мезгілі,12 ай туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:Жазғы ай атауларымен таныстыру;жыл мезгілдері,апта күндері,тәулік бөліктерінің реті туралы білімдерін бекіту;санды цифрмен сәйкестендіре алуға жаттықтыру,логикалық ойлау қабілеттерін,шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру .
Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:сандар,үлестірмелі материалдар.



Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Шаттық шеңбері:
-Кел,балалар,күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!

Тәрбиешінің артынан қайталап отырады.







Ізденіс ұйымдастыру

Тәрбиеші сабақты Ш.Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?» деген өлеңін оқудан бастайды.
-Қазір жылдың қай мезгілі?Керекті суретті қойыңдар.
-Қалған жыл мезгілдерін ретімен қойыңдар.
-Барлығы неше мезгіл?Осы цифрды көрсетіңдер.
-Көктем айларын атаңдар.

Тәрбиеші жазғы айларды атайды,бір жылда 12 ай бар 12 ай біткен кезде 1 жыл өтетінін айтады.Жыл санаудың қаңтар йынан басталатындығы,желтоқсан айымен аяқталатындығын айтады.


Сөздік ойыны: «Сөйлемді аяқта».-Жыл атасы сендермен ойын ұйымдастырғысы келеді.Ол сөйлемді бастайды,сендер аяқтаңдар.
1)Күзде жаңбыр жауады,ал.....қар жауады.
2)Көктемде ағаштар жапырақ жаяды,ал....түседі.
3)Қыста балалар аққала жасайды,...суға шомылады.т,б.
Әзіл есептер шығартады.
1)Қай жыл тек 1 күнге ғана созылады?
2)Қай жерде жыл бойы суық?

Сергіту сәті: «Аралар мен омарталар».


Апта күндерімен таныстыру.


Тақтаға жоғарыдан төмен қарай 1-ден 7-ге дейінгі цифрлар жазылған түрлі-түсті көпбұрыштар қойылған.
-Бір аптада неше күн бар? -Апта қай күннен басталады? -Қай күнмен аяқталады? -Неше жұмыс пен демалыс күндері бар екенін ата.
- «Ауысып кеткен апта күндері», «Артық сөзді ата»дидактикалық ойындар ойнатады.

Жұмбақ өлеңнің жауабын шешу арқылы бір жылда төрт мезгіл бар екенін айтады.

Бір бала тапсырманы тақтада,қалғандары орындарында орындайды.


Бірнеше бала қаңтар айынан бастап,ай аттарын ретімен айтады.


Жауаптар береді.

Жаңа жыл.


Тоңазытқышта.

Ойын-жаттығуына қатысады.


Балалар апта күндерін атап,түстермен белгілейді.

Ойындарға қатысады.











Рефлексия

Қорытынды:-Сабақта не білдік? -Жыл деген не? -Бір жылда неше ай бар? -Бір аптада неше күн бар?

Сұрақтарға толық мағыналы жауаптар береді.
Мадақталады.







Күтілетін нәтиже:
Жыл,жылдың төрт мезгілі,12 ай,жыл мезгілдері,апта күндері,тәулік бөліктері ретін білу.

Күні:
Білім беру саласы:Таным.


Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Тақырыбы:Қорытынды сабақ.Қайталау.
Мақсаты:Жыл бойы өткен тақырыптарды пысықтау.
Міндеттері: «көлем», «жұп»түсініктері;кеңістікте,қағаз бетінде бағдарлай алу;10 көлеміндегі сандар,реттік санау туралы балалардың алған білімдерін бекіту;өз білімдерін көрсетуге деген қызығушылықтарын арттыру;зейіндерін,қиялдарын дамыту.
Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу.
Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:суреттер,үлестірмелі материалдар.



Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Амандасу рәсімі:
Амансыз ба!-дейміз барлық адамға,
Амандасу парыз маған,саған да!
Бәлкім,содан ұзарады жасымыз,
Ауырмаймыз мен де,сен де,бәріміз!

1.Тақтаға Айсұлу мен Ілиястың бейнесі ілінеді.Тәрбиеші олардың жыл бойы бірге балабақшада сурет салғанын,есептер шығарғанын,өлшеуді,көп нәрсені үйренгендерін әңгімелеп, «Сабан тойға»шақырады.



Амандасу рәсіміне қызығушылық танытып,бір-бірімен амандасады.











Ізденіс ұйымдастыру

-Бүгін бізде үлкен мереке,бұл мерекеде сендердің барлықтарыңды сыйлықтар күтіп тұр.Тәрбиеші қыз балаларға күлгін,ұл балаларға ақшыл көк шарларды таратады.
-Қандай түсті шарлар артық? Қалай білуге болады?
2.Реттік санауды қайталау.
Ұл балаларды екі-екіден қатарға тұруын сұрайды.Қыз балалар сұраққа жауап береді.
-Бәріне жұптар жетті ме? -Барлығы неше жұп ? -Екінші жұп кімдер?
3. «Тез ата»сөздік ойыны.

Сергіту сәті: «Топтар».


4.«Мен не көрдім? »дидактикалық ойыны.Шарты:бөлменің әр жеріне заттар,пішіндер,ойыншықтар қойылған.Бала өз орнын тауып,(алдында,артында,оң,сол,төменде,алыста,жақында)жан-жақты түсіндіреді.келесі бала басқа жерге барып,өз орнын сипаттайды.


5.Әзіл есептер шығарту.
-Сабан тойға Алдаркөсенің өзі келіпті.Ол сендердің білімдеріңді тексергісі келеді.
1)Үйрек қайдан жүзіп келеді?
2)Ауыз қуысында тіл неден кейін?
3)Еменде үш бұтақ бар,әр бұтақт екі алмадан.Еменде неше алма?
6.Математикалық диктант.-Алдаркөсе сендердің білімдеріңе риза болып,сыйлық бергісі келеді.

Тапсырмалар орындайды.


-Алдаркөсе сендерге не сыйлады?
-Бұл жай кілт емес,бұл-білім кілті.Сендер алған білімдеріңді ары қарай мектепте де жалғастырасыңдар.Ал қазір Алдаркөсе ,Ілияс пен Айсұлу сендерге «Жолдарың болсын!»деген тілек айтып қоштаспақшы.



Ұлдар бір жаққа,қыздар бір жаққа тұрады.

Балалар өз пікірлерін айтады.


Одан соң қыз балалар екі-екіден тұрып,ұл балалар сұрқтарға жауап береді.


Шартын түсініп,кеністікті бағдарлай алады.


Мұқият тыңдап,Алдаркөсенің қу екенін біледі.

-Жағадан.


-Тістен.
-Бірде алма жоқ.
Отырып орындайды.

Балалар қонақтармен қоштасады.









Рефлексия

Тәрбиеші балаларды тойдың бауырсағынан ауыз тиюге шақырады.

Сыйлықтарын алады.







Күтілетін нәтиже:Тапсырмалар орындау арқылы жыл бойы өткен тақырыптарды есте сақтап,өз білімін көрсетуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің перспективтік жоспары.


Білім саласы:Таным.
Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.
Топ:Ересек



Айы

Тақырыбы

Апта тақырыбы

Сабақ тақырыбы

Мақсаты

Сағат
саны

1

Қыр
күек

Балабақша

Менің балабақшам.

Менің жанұям және оның мүшелері.


Өлкетану.


Қазақстан-Республикам менің.



Шаршы,үшбұрыш,дөңгелек.
Бір және көп.Үлкен-кіші.
Шар,текше.
Оң жақта-сол жақта,астында,үстінде,арасында.Биік-аласа.

Тар-кең,ұзын-қысқа,қалың-жұқа.



Балаларды 5-ке дейін санауға жаттықтыру.
Шар мен текшемен,олардың қасиеттерімен таныстыру.

Балаларды кеңістік қатынастарымен таныстыру.


Салыстыру тәсілдерімен таныстыру.



1

1


1
1

2

Қа
зан

Күз

Жомарт күз

Көкөніс пен жемістер


Өсімдіктер мен саңырауқұлақтар


Ас атасы-нан



Артық,кем,қанша болса,сонша,тең.
Қорытынды сан.Ұстап көру арқылы санау.

1 саны мен цифры.


2 саны мен цифры.



Балаларды заттардың саны бойынша салыстыруға үйрету.

Заттарды санап,қорытынды санды атай алуға үйрету.


1 саны мен цифрымен таныстыру.


2 саны мен цифрымен таныстыру.



1
1
1

1


3

Қараша

Жануарлар,
құстар

Ормандағы тіршілік

Құстар біздің досымыз.


Үй жануарлары мен төлдері.

Жабайы аңдар.



3 саны мен цифры.

4 саны мен цифры.


Тіктөртбұрыш.Алыс-жақын.Сызба-карта бойынша бағдарлай білу.


5 саны мен цифры.Тәулік бөліктері.



Балаларды 3 санының жасалуымен таныстыру.
4 саны мен цифрымен таныстыру.
Сызба-карта бойынша бағдарлай білуге үйрету.
5 саны және цифрымен таныстыру.

1

1


1
1

4

Желто қсан

Қыс келбеті

Қыс келді.

Тәуелсіз Қазақстан.


Қысқы орман.


Жаңа жыл қызықтары.



Жұп.Жылдам-баяу.

Көрші сандар.Реттік санау.


6 саны мен цифры.


7 саны мен цифры.



Балаларды «жылдам-баяу»ұғымымен таныстыру.
«Көрші сандар»ұғымымен таныстыру.
Жасалу жолын түсіндіру.

Балаларды 7 санының жасалуымен таныстыру.



1

1
1

1


5

Қаңтар

Ғажайып
заттар

Транспорт

Жиһаз бен ыдыс-аяқтар


Киім кешек пен аяқ киімдер


Қысқы шаруашылық құралдары



Жыл мезгілдері.Апта күндері.

8 саны мен цифры.


9 саны мен цифры.
0 саны және цифры.10 саны және цифры.

Апта күндерімен таныстыру.

Бірлікке арттыру арқылы келесі санды шығарып алу.


9 саны мен цифрымен таныстыру.


Балаларды 0 мен10сандары және цифрымен таныстыру.



1
1

1
1


6

Ақпан

Жанұям

Менің атам мен әжем.

Менің ата-анмның мамандығы.


Бөлме өсімдіктері.


Ақылды заттар



Сопақша.
Көпбұрыш.Дөңгелектенген және бұрышты пішіндер.

Цилиндр.
Шартты өлшеуіштің көмегімен ұзындықты өлшеу.



Сопақша және оның қасиеттерімен балаларды таныстыру.
Балаларды көпбұрышпен таныстыру.
Балаларды цилиндр және оның қасиеттерімен таныстыру.
Өлшеу туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.

1

1
1

1


7

Наурыз

Көктем

Аяулы анашым.

Көктем.


Наурыз
Дала.



Шартты өлшеуіштің көмегімен ұзындықты өлшеу.
Шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеу.
Кері санау.Ерте-кеш.
Қосуға берілген есептер.

Шартты өлшеуіштердің көмегімен ұзындықты өлшеумен таныстыруды жалғастыру.
Шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеуді үйрету.

1-ден 10-ға дейін сануды үйрету.


Балаларды математикалық есептермен таныстыру.



1

1


1
1




8

Сәуір

Еңбек түбі-береке

Жыл құстары.

Ғарыш.

Жәндіктер мен бунақденелілер.
Ауыл шаруашылық жұмыстары.


Азайтуға берілген есептер.

Ұлттық теңгемен таныстыру.


Теңге.Монеталар.


Жыл мезгілдері,ай аттары,апта күндері,тәурік бөліктері.

5 көлемінде азайтуға берілген есептер шығаруға үйрету.
Балаларды ұлттық теңге,оның түрлерімен таныстыру.
Теңге,монеталар туралы түсінік беріп,қайталау.

Жазғы ай атауларымен таныстыру.





1
1
1
1

9

Мамыр

Өсімдік пен гүлдер

Қазақстан-достар үйі.

Шекарашылар немесе біздің қорғаушылар.


Су әлемі.


Ормандағы тіршілік.



Кеңістікті бағдарлау:жоғарыда-үстінде-астында,алдында-артында,оң жағында-сол жағында.

+ және –таңбалары.


Заттарды ені,биіктігі,ұзындығы,көлемі бойынша салыстыру.


Қорытынды сабақ.Қайталау.





Заттың қасиеттері туралы түсінік беру,орнын анықтауды үйрету.

Қоу және азайту таңбаларын қолдануға үйрету.


Заттардың қасиеттері-пішіні,шамасы туралы түсінік қалыптастыру.


Балалардың алған білімдерін бекіту.



1
1
1
1

Барлығы:

36

Күні:_________
Білім саласы:Таным
Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.
Тақырыбы: «3 саны мен цифры».
Мақсаты: Балаларды 3 санының жасалуымен және 3 цифрымен таныстыру.
Міндеттері:Бірнеше заттар тобын салыстыра білуге,үлкен санды атай алуға жаттықтыру;ені бойынша салыстыруды үйретуді жалғастыру;1 және 2 саны,геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту;сабаққа деген ынталарын,зейіндерін,белсенділіктерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер:оқу,сұрақ-жауап,
Көрнекілік құрал: үйшік,ақ,сұр,қара мысық,пішіндер,үлестірмелі материалдар.

Әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Есеп




+

-

Мотивация

Ізденіс ұйымдастыру.


Сергіту сәті


Бекіту
Қорытынды



Ертегі оқу: «Үш мысық»А.Сутеева.
-Ертегі бойынша сұрақтар қояды.

Тақтамен жұмыс:3 үйшік және 2 мысық(ақ және сұр)суреті ілінеді.


Әр түрлі үйде 3 мысық өмір сүріпті:
-біріншісі....(ақ);
-екіншісі....(сұр);
-үшіншісі...Бірақ ол қайда?Мүмкін мен дұрыс санамаған шығармын?
-А-а,ол міне,жсырынып қалыпты.2 мысық болған еді,тағы біреуі жүгіріп келіпті.Неше мысық болды?Үшінші мысықтың түсі қандай?
-Қара мысықтың не үшін тығылып қалғанын мен білетін сияқтымын.Екі мысықтың үйшігінде цифрлар бар,ал оның үйшігінде цифр жоқ.Қане,біз оған көмектесіп,үйшіктерді санайық.
-Барлығы неше үй болды?-Қара марғаудың үйінде қандай цифр тұру керек?
Ойын: «Неге ұқсайды?»Шарты:Балалар таныс цифрларын көрсетіп,неге ұқсайтынын айтады.

Қонаққа данышпан үкі келіп,2 цифрының артынан 3 цифры тұратынын айтып,3 цифрының жазылуымен таныстырады да ұшып кетеді.


-3цифрын қара мысық үйшігіне жазады.


Сергіту сәті: «Қатып қал».


Тақтамен жұмыс:-Мысықтар балық аулауға шығады.Балық аулай бастайды. -Ақ мысық 1 балық ұстады.Оң қолмен сол жаққа қоюды ескертеді.Оң жаққа цифрды қояды.


-Сұр марғау 1 балық және бір балық ұстады.Сұр марғау барлығы неше балық ұстады?

Ойын: «Қай сан артық?».


Қорытынды:
-Бізге қонаққа неше мысық келді? -Қандай санмен және цифрмен таныстық? -3 цифры неге ұқсайды?



Балалар тыңдап,жауаптар береді.

Балалар тексереді,қорытынды санды айтып,2 цифрын көрсетеді.


Екі үйшік цифрмен,ал біреуі цифрсыз.
Жауаптар береді.

Ойынға қатысады.


Балалар үкіге рахмет айтады.


Саусақпен ауада жазады.


Қимылдар орындайды.

Тақтаға 1 мысықты қояды.


Жауаптарын айтады.









Күні:_________


Білім саласы:таным
Бөлімі:қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тақырыбы: «+», «-» таңбалары.
Мақсаты: «+», «-» таңбалары .
Міндеттері:1.балаларды «-», «+»таңбаларын қолдануды үйрету.ЕСеп туралы түсәнәк беру.2.салыстыру дағдыларын арттыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру. 3.ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:геометриялық пішіндер,үлестірмелі заттар,жазу дәптері,пішіндерден қатыстырылған суреттер, таяқ-шалар.
Әдіс-тәсілдер:Дьенешь блогы,түсіндіру,көрсету,әңгіселеу,сұрақ-жауап.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивациялық кезең

Ізденіс ұйымдастыру кезеңі


Рефлексия



1.Шаттық шеңбері:
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды
Неткен ашық күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы!
2.Өткенді қайталай:
-1-ден 10-ға дейін тура,кері санау.
-пішіндерді қайталау.
-заттың қасиетін анықтау.
-Кеңестікті бағдарлау.
-Уақытты бағдарлау
3.Жаңа тақырып:дәптермен жұмыс
№1 тапсырма:Сөз есеп құрастырып,оны шығару:
4+1=5 5-1=4
№2тапсырма:Жазуларға сурет таңда.Мысалдарды суретпен сызықтар арқылы қос.
2+1= 4-1= 2-1= 4+1=
№3 тапсырма:цифрлар қайда жасырынды?

№4 тапсырма:фигураларды ретімен боя:шаршы үстінде,шеңбер астында;шаршы үстінде.шеңбер астында


4.Сергіту сәті:
Жаздық,жаздық,көп жаздық,
Шаршады біздің саусақтар.
Бір,екі,үш
Демаламыз жинап күш.
5.Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап»
Шарты:суреттегі айырмашылықты тауып айту.
6.Қортындылау
-Бүгін сабақта не істедік?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
- «+», «-» таңбаларын қай кезде қолданамыз?
-Балалардың жауаптарын бағалау.

-өлең жолдарына қи-мыл жасайды.
-санайды
-пішіндерді атайды
-тапсырмаларды дәптерде орындайды

-өлең жолдарына қимыл жасайды.


-ойынды әр бала орындарында орындайды.

-сұрақтарға жауап беру арқылы, білімдерін қортындылау








Білу: «+», «-» таңбалары туралы түсінік алу.


Игеру: есеп шығара алу.
Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.

Күні:_________


Білім саласы:таным
Бөлімі:қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тақырыбы:Теңге.Монеталар..
Мақсаты: теңге,монеталар туралы түсінік беру .
Міндеттері:1.Балаларды теңге,монеталар туралы білімдерін арттыру.Кіші екі сандарды қосу арқылы 2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарын құрамын қайталау. Қосу және азайтудың арифметикалық амалдарының мәнін бекіту. 2.салыстыру дағдыларын арттыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру. 3.ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:геометриялық пішіндер,үлестірмелі заттар,жазу дәптері,пішіндерден қатыстырылған суреттер, таяқ-шалар,сандар үйі.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап.


Каталог: uploads -> doc -> 0408
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0408 -> Сабақтың тақырыбы: Құрақ бұйымды астарлау Пән мұғалімі: Омарова Ұлбала Сыныбы: 8
0408 -> Сабақ жоспары Пәні: Ана тілі Тақырыбы
0408 -> Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 8 «А» сыныбының бірінші жарты жылдық тәрбие жұмысың


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет