Күні:
Білім беру саласы:Таным.
Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы:Біреу және бірнеше.Ортақ қасиеттері бойынша заттарды топтастыру. Мақсаты:Жеке зат тұтас топтың,жиынның элементі бола алатыны туралы түсініктерін қалыптастыру.. Міндеттері:Бір затты ғана емес,содай-ақ жиынның бір бөлігі ретіндегітұтас заттар тобын білдіретін «бір»сөзінің мәнімен таныстыру,заттарды ортақ қасиеттері бойынша топтастыру икемділігін қалыптастыру.Жиынның белгілі тобын бейнелейтін көрсеткіш санды түсіну,ойлау,елестете білу қабілеттерін дамыту.Математикаға қызығушылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:саяхат,түсіндіру
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
«Жақсылық шеңбері»психогимнастикасы.
«Жиындар»еліне шақырады.
|
Шеңберге тұрып,бір-біріне күлімсірей қарайды.Қызығушылық танытады.
|
|
|
Ізденіс ұйымдастыру
|
«Қонақтар келді»дидактикалық ойыны ұйымдастырылады. -Майра түскі асқа келетін қонақтарды күтеді.Ол сұйық асқа тәрелке,қасықтар дайындайды. -Тәрелке мен қасықтардың саны бірдей ме?Оны қалай білуге болады? -Суретке қарап,әрбір тәрелкеге бір қасықтан қойыңдар.
-Майра қателескен жоқ па?Дәлелдеңдер. -Майра неше қонақты күтеді?Қалай білдіңдер?
Бір затты ғана емес,жиынның бір бөлігі ретіндегі тұтас заттар тобын білдіретін «бір»сөзінің мәнімен таныстырады.
«Кім қай үйде тұрады?»дидактикалық ойыны.
(көлеміне қарай жіктеу)
Сергіту сәті: «Өз орныңды тап»қимылды ойыны.
Логикалық есептер шығарту.
|
Тыңдайды,қайталайды,есте сақтайды.
Тапсырманы орындап,сұрақтарға жауаптар береді.
Үлестірме материалдармен жұмыс істейді.Өз пікірлерін дәлелдейді.
Түске сәйкес өз орнын табады,өз таңдауын түсіндіреді, «бір», «көп»ұғымдарын пысықтайды.
|
|
|
Рефлексия
|
Балаларды қорытынды жасауға жетелейді.
Бірлесе атқарған жұмыс үшін мадақтайды.
|
Қорытынды жасайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:жекелеген зат та,сондай-ақ тұтас топ та жиынның элементі бола алатынын,бір затты ғана емес,сондай-ақ жиынның бір бөлігі ретіндегі тұтас заттар тобын білдіретін «бір»сөзінің мәнін.
Игереді:жиындардың белгілі бір тобының көрсеткіші-сан туралы түсінікті.
Нені біледі:заттарды ортақ қасиеттеріне қарай топтарға біріктіруді,өзінің пікірлерін дәлелдеуді,өз ойларын түсінікті жеткізуді.
Күні:
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы:Кеңістікті бағдарлау:жоғарыда-үстінде-астында,алдында-артында,оң жағында-сол жағында. Мақсаты:Заттардың кеңістіктегі орнын анықтауды үйрету. Міндеттері:айналадағы заттардан геометриялық пішіндерді көре білу және оларды дұрыс атауға дағдыландыру;
Математикаға қызығушылықтарын арттыру,тілдерін,зейіндерін,дербестіктерін,өлең-есептерді шешудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
Балаларды ертегі кейіпкелеріне көмек көрсетуге,достық,жолдастыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,әңгімелеу
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:суреттер,жұмыс дәптері
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
Шаттық шеңберін ұйымдастырады.
«Қаздар-аққулар»ертегісіндегі Аленушкадан хат келгенін,бауыры Иванушканы Мыстан кемпірден құтқаруды өтінгенін,Аленушканың хатпен бірге жоспар-картаны да жібергенін айтады.
Сұрақ қояды:-Бізге карта не үшін керек?
|
Жылы сөздер айтады.
Сұраққа жауап береді: -Мыстан кемпірге баратын жолды оңай табу үшін.
Жоспар-картаға қарап,сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Ізденіс
ұйымдастыру.
|
Балалардың назарын картадағы екі жолға аударады.Сұрақтар қояды: -Олар қандай геометриялық пішіндерден тұрады?Біз қалай жүруіміз керек?
«Сырлы орман»ойыны.
«Кім, қайда тұр?»кеңістікті бағдарлау ойыны.
Өлең есептер (5 көлемінде санау).
«Суретшілер»ойыны.Балалармен бірге картина ойластырады.
|
Жәндіктердің қай бағытта екенін,олардың қандай геометриялық пішіндерден тұратынын анықтайды.Дұрыс жауаптарды санайды, атайды.
Заттардың кеңістіктегі орнын анықтайтын терминдерді пысықтайды.
|
|
|
Рефлексия
|
Қорытынды.Аленушкаға көмектескендері үшін балаларға ризашылық білдіреді.
|
Аленушкағ қалай көмектескендерін түсіндіреді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:заттардың кеңістіктегі орнын анықтайтын терминдерді;5 көлеміндегі сандарды;
Нені игерді:қарапайым жоспар –картаны пайдалануды;
Нені біледі:айналадағы заттардан геометриялық пішіндерді табуды,өлең-есептерді шешуді
Күні:
Білім беру саласы:Таным.
Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы:Заттарды ені,биіктігі,ұзындығы,көлемі бойынша салыстыру. Мақсаты:Заттардың қасиеттері-пішіні,шамасы туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:заттарды биіктігі,ені,қалыңдығы бойынша салыстырып,олардың арасындағы айырмашылықты түсіндіруге ,шамасын көз мөлшермен анықтауға ,ұзындығы,ені,биіктігі әртүрлі көрсеткіштері өсе беретін тәртіппен орнластыруға жаттықтыру.Геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтау.Ұқыптылыққы,мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:тапсырма-ойын
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:таратпалы карточкалар
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
«Математика деген елде,Шама деген қалада бір қиын жағдай болды.Бұр қала тұрғындарына көмек керек»дейді.
Шама деген қалаға барып,оның тұрғындарына тапсырмаларды орындау арқылы көмек көрсетуді ұсынады.
Сұрақтар қойып,жаттығу өткізеді.
-Егер үстел орындықтан биік болса,орындық қандай?Егер жол соқпақтан кең болса,соқпақ қандай ?Егер сызғыш қарындаштан ұзын болса,қарындаш қандай ?Егер арқан жіптен жуан болса,жіп қандай? Жарайсыңдар!Сендер Шама қаласына баруға дайынсыңдар!
|
Тәрбиеші хабарламасын қызығушылықпен орындайды.
Көмек беруге ынталанады.
Ойланып,сұрақтарға жауаптар береді.
|
|
|
Ізденіс
ұйымдастыру.
|
Балаларға төмендегі тапсырмаларды ұсынады.Орындалу ретін түсіндіріп,дұрыс орындалуын қадағалайды.
«Салыстыр»тапсыма-жаттығуы.
«Кім ,қай үйде тұрады?»тапсырма- ойыны.
«Кім қандай?»тапсырма-ойыны.
«Жайып қой»тапсырма-жаттығуы.
|
Тапсырмаларды орындайды.Ұзындығын өлшеу арқылы заттарды салыстырады.
Заттардың шамасын көз мөлшермен анықтайды.Заттарды пішіні мен еніне қарай салыстырады.
|
|
|
Рефлексия
|
Шама деген қланың тұрғындарына қалай көмектескендері туралы қорытынды жасауды ұсынады. Тапсырманы жақсы орындағандары үшін Шама қаласының тұрғындарының атынан рахмет айтды.
Тұрғындардан тарту ұсынады.
|
Қорытынды шығарады.
Тұрғындарға алғыс айтады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:шамаларды анықтайтын «биік-аласа,кең-тар,жуан-жіңішке,ұзын-қысқа»секілді сөздердің мағынасын;геометриялық пішіндерді.
Нені игерді:заттардың қасиеттері-пішіні,шамасы туралы түсінікті.
Нені біледі:биіктігі,ұзындығы,ені,қалыңдығы бойынша заттарды салыстыруды;заттардың арасындағы айырмашылықты түсіндіруді;заттардың шамасын көз мөлшермен анықтауды;ұзындығы,ені,биіктігі әртүрлі заттарды осы көрсеткіштері өсе беретін тәртіппен орналастыруды;өзінің ойларын айтып,дәлелдей алуды.
Рефлексия
|
Тақырып бойынша қорытынды жасауды ұсынады.
Сиқырлы елдің тұрғындарына көрсеткен көмегі үшін мақтап,алғыс білдіреді.
|
Қорытынды шығарады,саяхаттан алған әсерлерімен бөліседі.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:Шаршы,шеңбер,үшбұрыш,сопақша,төртбұрыш секілді геометриялық пішіндерді.
Нені игереді:Төртбұрыш және оның қасиеттері туралы түсінікті.
Нені біледі:Геометриялық пішіндерді өзара салыстыруды,пішіні мен түсіне қарай жіктеуді.
Күні:
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Шар,текше».
Мақсаты:Балаларды шар және текшемен,олардың қасиеттерімен таныстыру. Міндеттері:Қоршаған ортадағы заттарды бақылауды үйрету;шаршы және дөңгелек туралы білімдерін бекіту;ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, көрсету.
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:шар,текшелер,геометриялық пішіндер,заттар.
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
-Ол әжесінен де кетті, Атасынан да кетті, Өте көп ән салды. Түлкіге кезіккенде, Аузына келіп түсті.
-Бауырсаққа ұқсатып әсемделген шарды көрсетеді.
-Бұл ертегі қалай аяқталады?
-Қане,әже мен атаға басқа да бауырсақтар пісіріп берейік.
Ермексаздан шарлар жасайды.
|
Өлең жолдарын қайталайды.
Ермексаздан шарлар жасайды.
|
|
|
Ізденіс
ұйымдастыру.
|
Балалар бауырсақтарын қарастырып:-Ой, қандай әдемі жасалған бауырсақтар.Қызық енді бұл бауырсақтар да ертегідегідей дөңгелей алар ма екен?Сендердің бауырсақтарың басқаша ШАР деп аталады.
Сұрақ-жауап:
-Сендер қалай ойлайсыңдар,шарлар неліктен домалайды?
-Сендердің шарларыңның менің шарымнан қандай айырмашылығы бар?(Балаларда-кіші,тәрбиешіде-үлкен.)
Ертегіні жалғастырады:-Шар жолмен дөңгелеп келе жатты да,біреудің жылаған даусын естиді.Жақынырақ домалап келді де(тәрбиеші «мұңды» текшені көрсетеді),...көреді,-деп,
-л,сендер мұның кім екенін білесіңдер ме?Бұр-текше.
«Неліктен сен жылап тұрсың ?»-деп сұрайды Шар. «Өйткені менің достарым жоқ»,-деп жауап береді Текше.Шар оған өзімен дос болуды ұсынады.Бұл ұсыныс текшеге өте ұнады да,ол қуанышты жүзбен:
«Менің де досым болады!»-деді.(текшенің екінші бетін ауыстыру керек)
Сергіту сәті: «Қатып қал».
Дидактикалық ойын: «Фотосуретті тап».
«Зат неге ұқсайды?»ойынын ұсынады.Шарты:Тәрбиеші геометриялық пішіндерді көрсетіп,балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтынын табады.
|
Сұрақтарға жауаптар береді.
Ертегіні мұқият тыңдайды.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Ойын шартын түсініп ойнайды.
|
|
|
Рефлексия
|
Қорытынды:
-Біз қандай геометриялық денелермен таныстық? -Шар қандай пішінге ұқсйды? Текше ше?
|
Сұрақтарға жауап бе-
реді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже: Геометриялық пішіндер туралы толық білім алу;шар мен текше қасиеттерін айта алу;ойындар кезінде өз білімін көрсете білуі
Күні:
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы: «Оң жақта-сол жақта,астында,үстінде,арасында.Биік-аласа». Мақсаты:Балаларды кеңістік қатынастарымен таныстыру.
Міндеттері:Заттың көлеміне қарай салыстыруға үйрету.Логикалық ойлауларын жетілдіру.Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.
Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,сұрақ-жауап.
Ұйымдастыру:топпен
Көрнекіліктер:тақтаға ілінетін суреттер,үлестірмелі материалдар.
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
Сәлемдесу:
|
Достарыңызбен бөлісу: |