Білім беру саласы
|
Әлеумет
|
|
ҰОҚ
|
Барлық мамандықтар қажет
|
|
Күні:
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Сыны/топ:
|
Мектепалды даярлық сыныбы
|
|
Оқу мақсаты:
|
Еңбектің маңызын және адам өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру.
|
|
ҰОҚ мақсаты:
|
Мамандық атауларын атай алады. Барлық мамандық туралы қызметтерін айта алады.
Өздерінің қызығушылықтарына сай мамандық түрін таңдай алады.
|
|
Күтілетін нәтиже
|
Барлық тәрбиеленушілер:
Мамандық атауларын атай алады.
|
|
|
Көпшілік тәрбиеленушілер:
Барлық мамандықтардың қызметтерін айта алады.
|
|
|
Кейбір тәрбиеленушілер:
Өздерінің қызығушылықтарына сай мамандық түрін таңдай алады.
|
|
Әдіс-тәсілдер
|
4к моделі, Бала үні, саралау әдісі
|
|
Тілдік мақсат
|
Тәрбиеленушілер:
Өз ата-анасының мамандығы туралы айтып береді,
сұрақтарға жауап береді.
Көптілділік:
Шаштараз – парикмахер – hairdresser; жүргізуші –
водитель – driver
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.
Мамандықтар: шаштараз, жүргізуші, аспаз, дәрігер,
сатушы, құрылысшы.
Пікір алмасу сұрақтары.
Ал сендердің ата-аналарың қайда жұмыс істейді?
Адам өміріндегі барлық еңбектің мамандық маңызы
неде?
Өз туыстарыңның мамандықтары туралы не білесің?
|
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білімі
|
Әртүрлі мамандықтар туралы білімдері
|
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстары
|
І. Сабақтың басталуы
0–2 мин
|
І. Дұрыс әсерлі көңіл-күй орнату.
(Ұ) Шаттық шеңбері
Сәлем саған, Жер-ана!
Сәлем саған, Нұрлы күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілікті қалайық.
|
Музыкалық әуен.
|
ІІ. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин
|
(ПТ) Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Педагог белгілі бір мамандық иесі бейнеленген суретті көрсетеді. Балалар сол мамандық туралы білетіндерін айтады. Мысалы: дәрігердің суреті көрсетіледі. Дәрігер ауырған адамдарды емдейді.
– Аспаз дәмді ас пісірумен айналысады.
– Құрылысшы зәулім үйлер салады.
– Шаштараз – түрлі шаш сәндейтін адам.
|
Әртүрлі мамандық иелерінің суреттері.
|
ҰОҚ-ның ортасы
6-28 мин
|
Шаштараз – парикмахер – hairdresser; жүргізуші – водитель – driver
Педагог сөздерді айтады, балалар қайталайды.
|
|
«Постер» әдісі
Бала үні. 4к моделі – креативтілік, коммуникация командалық жұмыс.
Саралау әдісі (скаффолдинг-командалық жұмыс кезінде қатыспай отырған тәрбиеленушілерге түсінік бере отырып, қолдау көрсету).
(10 мин)
|
Балалар көк және қызыл әр түрлі геометриялық пішіндерді қызығушылықтарына ерік бере отырып таңдап алады. Пішіндердің түсі бойынша балалар екі командаға бөлінеді.
Тәрбиеші екі командаға бірдей бірнеше әр түрлі мамандыққа байланысты құралдардың, заттардың суреттерін қояды және үлкен А3 қағазын береді. Тапсырма: Балалар бір мамандықты таңдап алып, сол мамандыққа байланысты постер жасап қорғайды. (қай құралды, затты не үшін пайдаланатынын айтады).
|
А3 қағазы, желім, мамандыққа байланысты құралдар мен заттар.
|
1 мин
|
(Ұ) Сергіту сәті:
Таңғажайып сәттер бар,
Күн шығады, таң атады.
Кіп-кішкентай балалар
Алыптарға айналар.
|
|
«Мен кіммін?» әдісі
4 мин
|
Тәрбиеші (дәрігер, ұстаз, аспазшы, дүкенші) мамандықтардың дауысын интербелсенді тақта арқылы тыңдатады. Тыңдалған аудиожазбаның мазмұнына байланысты бала мамандық түрін атайды.
|
Интербелсенді тақта
|
«Болашақта кім боламын?» тақырыбында сурет салу
«микрофон» әдісі
(Бала үні)
10 мин
|
Тәрбиеленушілер өз қиялдарына ерік бере отырып, болашақта кім боламын деген сұраққа жауап бере отырып, сурет салады. Салған суреттерін ортаға шығып, «микрофон» әдісі арқылы түсіндіреді.
|
Альбом, түрлі-түсті қарындаш, микрофон
|
Қортынды
Рефлексия
|
Мамандыққа байланысты және қатысы жоқ суреттер тақтада ілініп тұрады. Тәрбиеші: Қане, балалар, бүгінгі сабақта өткен тақырыпқа байланысты суреттерге жапсырманы жапсырайық. (Егер балалар алдын-ала таратылған жапсырмаларды өткен тақырыпқа қатысы жоқ суретке жапсырса, онда түсінбегені, ал егер тақырыпқа сай суретке жапсырса түсінгені)
|
Суреттер (кітап, фонендоскоп, ағаш, қалам, газ плита, сөреде тұрған заттар)
|