Білім беру саласы:Әлеуметтік орта. Бөлімі: Экология негіздері



бет3/5
Дата28.01.2018
өлшемі1,11 Mb.
#34218
1   2   3   4   5

Күтілетін нәтиже:Туған ел,туған жер,Отан,Қазақстан сөздерінің мағынасын,Батырлық туралы мақалдарды білу.Қазақстанның үлкен,бай, күшті ел екенін білу.Отан қорғаушылар-әскери адамдар туралы білім беру.

Күні:


Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Қрошаған орта

Тақырыбы:Достығымыз жарасқан

Мақсаты:Қазақстан Республикада тұратын ұлттар туралы айтып,достық қарым-қатынсты тәрбиелеу.

Міндеттері:Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет екендігі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.

Әскери адамдар туралы,оларды құрметтеу сезімдерін дамыту;

Патриоттық сезімдерін қалыптастырып,өз отанын мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:Суреттер,портреттер


Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Амандасу рәсімі:

Амансыз ба!-дейміз барлық адамға,

Амандасу парыз маған,саған да!

Бәлкім,содан ұзарады жасымыз,

Ауырмаймыз мен де,сен де,бәріміз!

-Келіңдер,балалар,бір-бірімізбен амандасайық.

-Біз бәріміз білеміз,біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы-көпұлтты мемлекет.Бүгін айтылатын әңгімеміз елімізде тұратын әртүрлі халық өкілдеріне арналады.

Амандасу рәсіміне қызығушылық танытып,бір-бірімен амандасады.

Әңгіме тақырыбына қызығушылық танытады.








Ізденіс ұйымдастыру

Байтерек бейнеленген суретке назарларын аударып,сұрақтарға жауап берулерін өтінеді.

-Бұл сәулет өнерінің тамаша шығармасы қалай аталады?

-Қай қалада салынған?

-Көрнекті,әсерлі ескерткіш –«Астана-Бәйтерек»-бұл барша әлемдегі дара ғимарат,

оны ойластырған,іске асырған біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. «Бәйтерек»-Қазақстан Республикасы азаматтарын бірлікке,бейбітшілікке,өзара татулыққа шақыратын бірден-бір ескерткіш.Біздің басты ұстанатын қағидамыз-

барлық ұлт өкілдері бейбітшілікте,татулық пен бірлікте,достық қатынаста өмір сүру заңын берік ұстану.

Жұмыс дәптеріндегі ұлттық киім киген балалар бейнеленген суретке назарларын аударып,сұрақтарды қояды:



-Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

-Балалар неліктен әртүрлі киім киген,калай ойлайсыңдар?

-Суреттен қай ұлт өкілдерін көріп тұрсыңдар?

-Оны қалай білесіңдер?

-Өздерің қай ұлтқа жататындарыңды білесіңдер ме?
Сергіту сәті

Тату болсын еліміз,

Бүтін болсын жеріміз.

Бір шаңырақ астына,

Жиналайық,келіңіз!

«Ұлттық киімдер» атты дидактикалық ойынды

ұйымдастырады.

Үстел үстіндегі әртүрлі ұлттардың киімдері бейнеленген суреттерді бір-бірден алып,қандай халықтың ұлттық киіміне жататынын анықтау керектігін түсіндіреді.

«Бірлік бар жерде тірлік бар» деген халқымыздың даналық сөзін жаттап алуды ұсынады.


Бәйтерек бейнеленген суретке қарап,сұрақтарға жауап береді.

Әңгімені зейін қойып тыңдайды.

Жұмыс дәптеріндегі суретке мұқият қарап,сұрақтарға жауап береді.

Өлең мазмұнын сәйкес қимылдар жасайды.

«Ұлттық киімдер»дидактика-

лық ойынын тәрбиешінің нұсқауы бойынша ойнайды.


Мәтелді қайталап,сөздерін есте сақтайды.









Рефлексия

Әртүрлі ұлттардың дәмді,тәттілерімен шай ішу рәсімін ұйымдастырады.Шай ішіліп болғаннан кейін,балалар тәттілер үшін «рахмет» деп алғыстарын білдіреді.

Ұлттық астан дәм татып,алғыстарын деп білдіреді.






Күтілетін нәтиже:

-Қазақстанның көпұлтты мемлекет екенін;

-Әртүрлі халықтардың ұлттық киімдері туралы;

-Өзінің қай ұлтқа жататынын.

-Барлық ұлт өкілдерімен тату болу керектігін.

-Ұлттарды олардың киіміне,сырт келбетіне қарап айыра білуді.

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Менің отбасымның шежіресі.

Мақсаты:«Отбасы»түсінген қалыптастыру,отбасы мүшелерінің бір бүтін екенін,бір-бірімен тығыз байланыста болатынын ұғындыру,«шежіре»сөзінің мағынасына түсінік беру.Адамның өмір сүрген жылдарын жас деп санайтынын үйретіп,түсіндіру;

Балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру;

Отбасы мүшелерін сыйлап,құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:Суреттер,портреттер


Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

«Күлімсіреу» жылулық шеңберін өткізеді.

Тәрбиеші балаларға бір-біріне күлімсіреу арқылы сыйлық жасауын өтінеді.

«Отбасы» саусақ ойынын өткізеді:

Мына саусақ-анашым!

Мына саусақ-әкешім!

Мына саусақ-әжем ғой!

Мына саусақ-атам ғой!

Мына саусақ-мен өзім!

Осы сенің отбасым!

-Бүгін қандай тақырыпта әңгіме айтамыз?

Тақырыпты жариялап,балалардың жауаптарын жинақтайды.


Бір біріне күлімсіреп қарайды.

Ойын мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды:бірдіндеп саусақтарын бүгіп,соңғы шүмақта барлық саусағын жинап,бір жұдырыққа жинайды,өздерінің пікірлерін білдіреді.








Ізденіс ұйымдастыру

Шырақты жағып,жылуын алақанмен сезініп,алауын тамашалауды ұсынады.

-Жақсы көрген адам шыраққа ұқсай ма?

-Неліктен олай ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптарын тыңдап,қорытынды шығарады:адамдар да шырақ сияқты-айналасына жарық сыйлап,нұрға бөлейді.

Сұрақтар қояды:

-Жанған шырақ сияқты жақын адамдарыңды қуантасыңдар ма?

-Отбасын қуантып,жылу сыйлау үшін не істеу керек?

-Отбасыларыңда осындай «шырақ» бар ма?
Сергіту сәті

Алақанды ұрамыз,

Шеңберді біз құрамыз.

Күн не деген керемет,

Биле бізбен дөңгелеп.
Отбасы жайында ерекше әңгіме құрастыруды ұсынады.Бұл әңгіменің «Отбасы шежіресі» болып аталатыны мәлімдейді.Бұрын өмір сүрген ең үлкен туыстарды «ата-баба» деп атайтынымызды хабарлайды.

Суретке қаратып,өз отбасылары туралы әңгімелетеді.Үйдің ең үлкенінен,ең кішісін,барлық отбасы мүшелерін атап,суреттен көрсетіп берулерін сұрайды.



Шырақ алауын тамашалап, кезекпен алақандарын алауға жақындатып,жылуын сезінеді. Сұраққа жауап беріп,пікірлерін дәлелдейді.

Сұрақтарға жауап береді.


Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Тыңдап,естеріне сақтайды.


«Шежіре»,«ата-баба»сөздерін қолданып,өз отбасылары туралы әңгіме құрайды.










Рефлексия

«Ата-бабасын ұмытпаған адамзат,тереңнен бастау алған су,тамырын тереңге жайған емен секілді» мақалының мағынасы туралы балалардың пікірін тыңдап,жинақтайды.Өз руының шежіресін білу,ата-бабасын ешқашан ұмытпау қажеттігін айтады.

Халық даналығының мағынасын өз ойларынша түсіндіреді,тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.







Күтілетін нәтиже:

-Өз шежіресін,руының тарихын білу қажеттігін.

-Өзінің белгілі бір руға жататынын,елі,отбасы үшін мақтаныш сезімін.

-Суретте өз шежіресін бейнелеуді және ауызша баяндауды.

Күні:

Білім беру саласы:Таным.



Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Құстарды аялайық.

Мақсаты:Құстар туралы білім беру,жыл құстарын атап айтуға үйрету. Міндеттері:Адамдар мен жануарлар әлемінің бір-біріне тәелділігі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Табиғат құбылыстарын бақылағандағы сезімдерін жеткізе білу қабілетін дамыту.

Табиғаттың бүтіндегін,әдемілігін сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:Суреттер,портреттер


Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

«Кім көп құс түрлерін атайды»дидактикалық ойынын ойнауды ұсынады.

Ойынға белсенді қатынасқандары үшін балаларды мақтап,құстар туралы әңгіме өткізеді.



Ойынға қызығушылық білдіріп,белсене қатысады,құс атауларын еске түсіреді.







Ізденіс ұйымдастыру

-Құстардың адамға пайдасы бар ма,әлде зиян келтіре ме,қалай ойлайсыңдар?

Құстар бейнеленген суретке (қарға,сарышымшық,қараторғай,тырна,қоқиқаз,көкек,

колибри)балалардың назарын аударып,олардың атауын сұрайды.

-Осы аталған құстардың қай түрі біздің өңірді мекендейді?

-Аталған құстардың қандай түрлері «Қызыл кітапқа»енгізілген?

Сұрақтар қойып,қыстап қалатын және жыл құстарын атауды ұсынады.

Көктем мезгіліндегі құстардың ұясына қатысты іс-әрекеттері туралы әңгімелеп беруді өтінеді.

Қыс мезгілінде құстарға қандай көмек көрсеткендерін еске алып,әңгімелеп берулерін сұрайды.

Шығармашылық тапсырма орындауды ұсынады.

Қыстап қалатын құстарға арналған жемсалғыш және балалар бейнеленген суреттегі өз өркімен толықтыру қажеттігін түсіндіреді.



Сұраққа жауап беріп,жауаптарын дәйектейді.Суретті мұқият қарастырып,құс атауларын атайды.
Сұрақтарға жауап береді.

Қыстап қалатын және жыл құстарын атайды.

Көктемде құстар ұя салатын жерлерде адамның өзін ұстау ережелері туралы айтады.Қыс мезгілінде құстарға қандай көмек көрсеткендерін еске алып,әңгімелейді.

Қызығушылық білдіріп,су- ретті толықтырады.









Рефлексия

Қиялға шомып,көз алдарына мына жағдайды елестетулерін өтінеді:егер жер бетінен құс біткен ғайып болса,адам өміріне бұл жағдай қалай әсер етеді?

Балалардың жауаптарын жинақтап,келесі өлең жолдарын оқиды:

Қандай құсты білесің?

Торғай отыр томпиып,

Құйрықтары шолтиып.

Сауысқаның сақ отыр,

Жапалағың тағы отыр.

Ұзақ отыр үңіліп,

Қарға қарар түңіліп.

Үнсіз бір сәт тұрмайды,

Әнші бұлбұл жырлайды.

Адамзаттың жақыны,

Қарлығаш та ақылды.

Көгершінмен екеуі

Жайлайды бір шатырды.
Құстар туралы өздері білетін өлеңдерді айтқызып, тақырыпты қорытады


Оқиғаны көз алдарына елестетіп,не сезінгендерін айтады.

Өлеңді мұқият тыңдап,мазмұнын түсініп алады.

Өздері білетін өлең жолдарын айтады.








Күтілетін нәтиже:

-Өз өңірлерінде мекендейтін құс атауларын;адамның құстарға көрсететін көмегін және оның қажеттігін.

-Адам өмірі мен құстар әлемінің бір-біріне тәуелділігі туралы түсінікті;табиғат аясында адамгершілік танытып,өзін дұрыс ұстау қажеттігін.

-Құстардың жайын ойлап,оларға қамқорлық көрсетуді,қалай көмек көрсетуге болатынын,жалпы құстар туралы әңгімелеуді.

Күні:

Білім беру саласы:Таным.



Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Туған өлкем.

Мақсаты:Туған жер туралы әңгімелеп айтуға үйрету.

Міндеттері:Балалардың сөздік қорларын молайту.

Өздері тұратын қаланың атауын есте сақтау,қайталанбас көрікті орындарымен таныстыру.

Туған өлкеге деген мақтаныш сезімін айту.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен




Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

«Павлодар менің қалам»-өлең шумағын оқу.

Павлодар-көркем қала,

Әр адамға туған қала.

Жерің әсем,Ертісің таза,

Көшелерің таза қала.

Адамзаттың бәріне туған қала.

Сұрақ-жауап:

-Бұл өлең жолдары қай қала туралы?

-Қалалардың көрікті және де басқа жерлерімен таныстыру үшін саяхатқа шақырамын.


Тәрбиешімен бірге қайталап отырады.
Сұраққа жауаптар айтады.
Саяхатқа дайындалады.







Ізденіс ұйымдастыру

Балаларға көздерін жұмуды сұрайды:

-Енді өзімізді бұлтқа отырып,Павлодар қаласының үстімен ұшып бара жатырмыз деп елестетейік.

-Ал,енді көздеріңді ашып,қайда келдік,-деп,алдарына ілінген суреттерді тамашалайды.

Ойын:«Ғимаратты ата»Шарты:Қаламыздың мәдениет үйі,акимат,мешіт,церковь,балабақша, кинотеатр,набережный суреттерін танып,атап айту.



Сергіту сәті

«Тербеледі ағаштар»

Тербеледі ағаштар,Алдымнан жел еседі.
Сурет арқылы жұмыс.

«Қазақстан қалалары.»



Көздерін жұмады.

Ойынға белсенділікпен қатысады.

Қимылдар көрсетеді.

Тақтамен жұмыс.









Рефлексия

Балалар біздің қаламызға қонақтар келе қалса,қандай көрікті жерлерімізді көрсетесіңдер?

-Мадақтау.



Жауаптар береді.







Күтілетін нәтиже:

Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,игіліктерін арттыру,қаланың көрікті жерлерін дұрыс атап айту.

Күні:

Білім беру саласы:Таным.



Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Табиғат бұрышындағы жасыл әлем.

Мақсаты:Өсімдіктерді дұрыс күте білуге үйрету.

Міндеттері:Өсімдіктер әлемінің адам өміріндегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру;шипалы өсімдіктер туралы алған білімдерін пысықтау:

Табиғат пен адамзат арасындағы тығыз байланыс туралы білімдерін дамыту;

Табиғатқа күтіммен қарап,қамқор болуға,оны аялап,қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:Суреттер.



Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Балаларға таныс шөптердің,ағаштардың,гүлдердің суреттерін тақтаға іліп,қарап шығуды ұсынады.Өсімдіктердің атауларын анықтайды.

Суреттегі шөптерді,ағаштар-ды,гүлдерді атайды.









Ізденіс ұйымдастыру

Ағаштарды,гүлдерді,шөптерді бір сөзбен қалай атауға болатынын сұрайды.

-Өсімдіктер қайда өседі?

-Өсімдіктер не үшін керек?

Тақтадағы суреттен өздерінің ұнатқан өсімдігін таңдап,оның қандай емдік қасиеті бар екенін білгендерінше баяндап беруін сұрайды.

Балалардың жауаптарын жинақтап,қорытынды жасайды:

-Айналамызды өсімдіктер қоршаған:үйде де (бөлме өсімдіктері),бақта да,кең далада да,орман менен тоғайда,тіпті шөл далада да өсімдіктер өседі.Біз өсімдіктерден пайдалы заттар аламыз,ол адамдарға азық болады,ал таза ауа үшін тигізер пайдасы ерекше.Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеті бар,сонымен қатар,олар өте әдемі,біз оларды әрдайым сүйсініп тамашалаймыз.«Өсімдіктер әлемі-жер дүниенің сәні мен әні» деп бекер айтылмаған.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауды ұсынады:себетке емдік қасиеттері бар өсімдіктерді сызықша арқылы қосып,жинау қажеттігін түсіндіреді.


Сергіту сәті

Алай-түлей жел соқты,

Шыбық желмен толқыды.

Кенеттен жел тоқтай қалды,

Шыбық түзу тұра қалды.
Өлең оқу: «Үй гүлі»О. Асқар

Өз қолымен ыдысқа Отырғыздым үй гүлін. Сабақтарын қып қысқа. Терезеден сүйді күн. Топырағын қопсытып, Мезгілімен суардым.

Сұрақ қояды: -Бөлме өсімдіктері деп неге айтамыз? -Оларды қалай күтіп баптаймыз?
Таратпалы суреттермен жұмыс жүргізеді.


Ортақ бір атауын атайды.

Суреттен ұнатқан өсімдікті таңдап,оның пайдалы қасиеттері туралы айтады.
Қызығушылық білдіріп,мұқият тыңдайды.

Жұмыс дәптеріндегі тапсыр-маны орындайды.


Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап беріп,пікірлерін дәлелдейді.
Суреттерге қарап сюжетін есте сақтайды.








Рефлексия

Табиғат бұрышына барып өсімдіктермен сөйлеседі.

Өз сезімдерін білдіреді.






Күтілетін нәтиже:Бөлме өсімдіктердің қасиеттерін білу,оларды күтіп баптау туралы мағлұмат алу,Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы жайлы,әңгімелеп айта білуді үйренеді.

Күні:

Білім беру саласы:Таным.



Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Анама арналған сыйлық.

Мақсаты:Балалардың анаға деген шексіз махаббатын тәрбиелеу.

Міндеттері:Балаларға адам баласын жарық дүниеге әкеліп,оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру.Үлкендерге деген құрмет сезімерін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,ойын,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен

Көрнекілік:Суреттер

Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Ізденіс ұйымдастыру





Шаттық шеңбері: -Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Қайырлы таң достарым!Қайырлы таң апайлар!
Өлең жолдарын оқу: Мейірімді,сымбатты, Қадірменді,қымбатты, Ең жақын жан балаға, Кім десеңдер?Ол-Ана!

Мақал-мәтел айту:

«Күннің шуғы жылы,ананың құшағы жылы»деген ді қалай түсінесіңдер?
Ойын:

«Ана баласын қалай сүйеді?»Шарты:Сұрақтар қою арқылы балалар өз аналарына деген махаббаттарын жылы сөздермен білдіреді . -Аналрыңа қандай мейірімді сөздер айтасыңдр? -Аналарың жұмыстан шаршап келгенде,қалай қарсы аласыңдар? -Аналарыңа қалай көмектесесіңдер?-Неге? -Балалар аналарыңды жақсы көресіңдер ме?

Сергіту сәті:

«Айгөлек»әуеніне қимылдар жасату.

Ойын: «Анаңның алақаны қандай?»Шарты:Мейірімді,жылы, ыстық-тағы басқа сөздер қолданып,тақтаға ана деген сөзді жазып шығару.



Жылулық шеңберге тұрып,бір-бірімен амандасады.

Тәрбиешімен бірге қайталап отырады.

Жауаптарын айтады.

Ойын барысында өз аналарына деген махабаттарын жылы-жылы сөздермен білдіреді.


Қимылдар орындайды.

Тақтаға кезекпен шығып отырады.










Рефлексия

Балалар,қалай ойлайсыңдар,аналарың неге қуанады,неге ренжиді? Аналарың сендерді неге үйретеді,үйретті,үйретуге тырысады? Сендер аналарыңды ренжітпеуге тырысасыңдар ма?

Балалар аналарын ешқашан ренжітпеуге,әрқашан да сыйлуға,айтқанын бұлжытпай орындап отыруға,аялап жүруге уәде береді.







Күтілетін нәтиже:Анаға деген шексіз махаббат,жылы сөздерін аямай өсуге тәрбиелеу,үлкендерді құрметтеп оларға деген құрмет сезімдерін туғызу.

Күні:


Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Табиғат аясында.

Мақсаты:Көктемгі табиғат көрінісін тамашалай білуге,сезіне білуге тәрбиелеу. Міндеттері:Балалардың көктем және көктем өзгерістері туралы түсініктерін кеңейту.Жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға,көргендері мен аңғарғандарын баяндуға төселдіру.Туған жерінің табиғатын қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Ойын,сұрақ-жауап,өлең оқу.

Ұйымдастыру:топпен

Көрнекілік:сюжетті суреттер.

Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Музыка қою: П.Чайковский «Времена года»атты шығармасын тыңдатады.

-Балалар осы музыкада не туралы айтылған?

-Дұрыс айтасыңдар,бұр музыкада жыл мезгілдері суреттелген.


Балалар әуенді тыңдайды.

Жыл мезгілдері суреттелген.









Ізденіс ұйымдастыру

-Ал,енді,мен сендерге мына жұмбақ өлең жолдарын оқимын,сендер мұқият тыңдап отырыңдар. Ақ қар еріп,су көбейіп, Сай-салаға толады. Ағаш басы бүршік шашып, Гүл,бәйшешек толады. Бөбектерім,айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады
Сұрақ қою:

-Неге көктем деп ойлайсыңдар?

-Көктемде неше ай бар?

-Көктем қай айдан басталады?

-Көктем мезгілінің қыс мезгілінен қандай ерекшелігі бар?
Ойын ойнату: «Ағаштар»Шарты:Әрбір бала бір-бір ағаштың атын иемденеді.Санамақ арқылы таңдап алған бала:-Мен кеше орманға барып,бірнеше ағаштың түрін көрдім,онда тек қайың ғана жоқ екен,-дейді.Қайыңның атын иемденген бала:-Қайың бар,шырша жоқ,-дейді.-Шырша бар,терек жоқ,-дейді келесі бала.Ойын осылай жалғаса береді.
Сергіту сәті:

«Қатып қал»ойыны қимылдар орындату.


«Көктем келді»Б.Серікбаев өлеңін оқу.

-Күн, сен неге күркірейсің?-Көктем келді!

-Жаңбыр,неге сіркірейсің?-Көктем келді!

-Бұлақ неге сылдырайсың?-Көктем келді!

-Құлын,неге құлдырайсың?-Көктем келді!

-Гүлдер, неге жайнайсыңдар?-Көктем келді!

-Құстар ,неге сайрайсыңдар?-Көктем келді!


Көктем мезгілінде болады.

-Көктемде жерде қар ериді.

-Көктемде үш ай бар:наурыз,сәуір,мамыр.

-Наурыз айынан басталады.

-Ағаштар бүршік жарады,құрт-құмырсқа тіріледі.

Ойын ойнауға шеңберге тұрады.


Жаңылған бала ұтылады да,бастаушының айтқан шартын орындайды.(тақпақ,ән,би.)
Қимыл-қозғалыс жасайды.
Өлең авторын айтады.
Көктем туралы шағын әңгіме құрастырады.







Рефлексия

Өлең авторы кім?Өлең ұнады ма?

Көктем туралы не білдіңдер?

Көктем суретін салу ұсынылады.


Жауаптар береді.
Сурет салуға кіріседі.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет