1.2. Тұлғааралық қарым-қатынас ұғымы. Тұлғааралық қатынаc - практик психологтың психодиагностикалық жұмысының пәні ретінде. Практикалық психологтың тұлғааралық қатынас және қарым-қатынас мәселесін психодиагностикалау жұмысы - кәсіби іс-әрекеттің күрделі саласы. Біріншіден, тұлғааралық қарым-қатынас саласының өзі кең ауқымды, яғни адамның жекеден әлеуметтікке дейінгі аспектілерін қамтиды. Адам жалғыздықта қалғанда да өзгелерге, маңызды бағалауларға сүйенетініне келіспеуге болмайды. Ғылыми зерттеулерде ерекше бөліп қарастырылатын адамның өзге өмір жағдайы мен өзге ортаға түсуінің салдарынан туындайтын кері құбылыстар адам өмірінің өң бойында психологиялық көмек жүйесін құрастыру қажет екенін көрсетеді. Адами ресурстарды басқаруға көшу бір жағынан теориялық және қолданбалы әлеуметтану, екінші жағынан теориялық және қолданбалы психология, сонымен қоса әлеуметтік психология, еңбек психологиясы мен психодиагностикасы тағы басқа өзара байланысатын адам жағдайындағы ғылымдар жүйесіне негізделетін бөліп айтқан жөн. Адами ресурстармен басқаруда үш негізгі аспектіге ықпал етіледі: 1)Индивидтер мен әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайы; 2) Әрекеттің әр саласындағы түлға аралық қатынасы; 3) Субъекттің өзін қоғам мүшесі, профессионал және толыққанды тұлға қалыптастырудағы даму үдерістері. Аталмыш аспектілер алуан түрлі ортада көрініс табады - білім алуда, еңбекте және т.б. Қазіргі кезде жоғарыда аталған практикалық талаптардың шешуге негізделген түрақты ғылыми базаны құру шарт. Олар өз алдына психологиялық теорияның даму бағыттарын анықтайды, зерттеу әдістерін бағалау және т.б.Тәжірибеде пайда болатын мәселеледі жүзеге асырудағы ғылыми базаны құру бүрынғы классикалық қатынастармен қатар, құрылымды өзгертуді талап ете отырып, олар төменгі әрекеттерден тұрады. 1.Субъект өмір үрдісінің анализі, ол адам дамуының үрдісі, қажеттіліктердің пайда болуы мен оларды қанағаттандыру; қарым - қатынастарды қалыптастыру және дамыту; 2.Әлеуметтік үрдістегі және ірі топтардағы жеке субъектілердің өмір жолдарының интеграцияларын зерттеу «жеке» және «қоғамдық» сананың қатынасы, үйымдардағы адамдар әрекеті; 3.Сауда үрдісі деп аталатын ортадағы психологиялық жайттарды зерттеу: жеке меншіктердің өзгеруі және үйым конверсиясы және т.б. Мамандар жүйелеудің көрсеткіштерін психодиагностикалық міндетіне әдістемелердің адекваттылылығын бағалайтын аспектісі ретінде көрсетеді. Әр психодиагностың алдында әрдайым әдістермен жұмыста таңдау мәселесі тұрады. Бұл пәннің мәнін нақты түсінуді, зерттейтін, психологиялық ақиқаттың механизмдеріне түсінуді талап етеді. А.А. Бодалев және В.В. Столин әдістерді таңдауда бастапқы есептеу нүктесін зерттеуді ұйымдастырудың негізі деп санайды, себебі зерттейтін психологиялық деңгей жұмысын құрылымдайды (мысалы, «зерттелетін өзара әрекет - интеракция қатысушыларының жеке мінездемелері - әлеуметтік жағдаяттың субъективті бейнеленуі» сызба бойынша). Осыдан келе міндеттерді шешудегі диагностикалау әдістерін таңдауда көрінеді, ол практикалық психологтың алдында тұрады. Төменде көрсеткіштер негізінде анықталған психодиагностика процесіне және мақсаттық тұрғылардың шартталған топтары көрсетілген. Мамандардың айтуынша тұлғааралық қатынастың субъективті бейнеленуін зерттеу әдістемесінде, тұлғааралық мінез-құлықты түсіну үшін индивидтің мотивациясы мен сыртқы жағдаятты білуі жеткіліксіз. Бұл тұлғаның белсенділігіне байланысты (Джидарьян И.А., 1983; Кон И.С., 1982; МонтьевА.Н., 1975). Сондықтан практикалық психолог психодиагностикалық міндетті шешуде индивидтен тұлғааралық қатынысқа деген субъективті бейнелеуі туралы ақпарат алу керек. Мұнда тематикалық апперцепция әдістемесі жатады. Тұлғааралық қатынасты субъективті бейнелеу тобына жататын әдістемелер практикалық психологтың талабына сай келеді, себебі, адам туралы кең көлемде ақпарат береді, бірақ зерттеу мақсатына көп қолданылмайды, өйткені мәліметтерді интерпретациялауда «көп көлемді» субъективизм басым болады. Практикалық психологияның қазіргі уақыттағы даму деңгейін саяси психологияның, жаппай комуникация мен жарнама психологияның, мәдени кросс және этникалық психологияның интенсивті дамуынан байқайға болады. Егер бұл жағдайды жалпы жұмыстың негізгі тәсілдері деп қарастырсақ, онда келесілерді ескеруіміз керек: Біріншіден - практик психологтың әдістер жүйесі нақты міндеттердің спецификасымен беріледі; Екіншіден бұл жүйеде практикалық психологияның негізгі әдістер тобы қолданылады;Сонымен қатар, психологиялық сараптама әдістемесі, психоболжам және психологиялық жобалау әдісі, психологиялық басқару әдісі және т.б. Ю.М. Забродинаның /1/ пікірі бойынша, практикалық міндеттердің шешімі жүзеге асу фазасына көшкенде, нақты әлеуметтік процесстердің ағымымен басқара бастағанда психодиагностика мен психоболжам өзінің тәуелді, көмекші рөліне ауысады. Бұл сәтте ең маңыздысы бізді қызықтырушы факторлардың әрекет механизмінің теориялық білімі. Жағдайлармен нақты басқару барысында әрекет етуші барлық факторлардың, барлық функциясының жүйесін қарастыру қажет. Психодиагностикалық әдіс - мінез-құлықтармен әрекеттердің ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауға, бағалауға мүмкіндік беретін, зерттеушілерге ықпал ететін ұсыныстар жиынтығы. Психодиагностикалық әдістеме - психодиагностиканы пайдалануды қажет ететін, практикалық талаптардың ерекшеліктерін қолданудағы әдісті нақтылауды айтады.Әдіс және әдістеме ұғымдарының қатынастары арасында төмендегі ерекшелік болады. Мысалы, жалпы психодиагностикалық әдістің тесстерімен қандайда бір тест әдістемесінің құрамы, әңгіме құрудың жалпы мазмұны мен нақты зерттеулер жүргізу барысындағы әңгіме мазмұны арасындағы ерекшеліктер. Осыған ұқсас мысалдарды псиодиагностиканың кез-келген әдісіне келітіруге болады.Зерттеушіге ықпал ету тәсілдері, ұсыныстар, ережелерді қолдану тәртібі, оның іс-әрекеттерінің интерпритациясыпсиходиагностикалық процедура құрып, төмендегі бөлімдерден тұрады: - зерттеушінің мінез-құлқы мен іс-әрекет ерекшеліктерін айқындайтын алғашқы мәліметтерді алу тәсілі; - салыстыруға (сұрақ жауаптары, өзіндік әрекеттер, іс-қимылдар т.б.) және қарым-қатынасқа қажетті жеке мәліметтерді талдау алгоритмі; -психикалық реттеудің заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін нәтижелерді талдау тәсілдерінің анализдері; -мұндай анализдің нәтижелерін интерритациялық мүмкін болатын құсқаларын талдау;