Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады



бет5/6
Дата12.12.2023
өлшемі81,11 Kb.
#196406
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Серік Нұргүл

ұжымдар да, сондай-ақ, қоғамдағы жағымсыз әрекеттерге 
баратын топтар да қалыптасуы мүмкін.
Оқыту үдерісінде топ ұжымын қалыптастыру, тұлғааралық қарым-қатынас орнату – күрделі және жауапты үдеріс. Бұл тұрғыдан, ең бастысы – адамгершілік тәрбие жұмысын дұрыс жолға қою қажет. Адамгершілік адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы арқылы сипатталады, яғни олар: әдептілік, мейірімділік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік құндылықтар шынайы болады, ол адамға тәуелді емес, солай болса да, оқытушы мен студенттің арасында субъективті қатынасты қалыптастырады. Академиялық топ тәлімгерлерінің жұмысындағы негізгі жұмыс бағыты - студенттердің адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. Оқыту үдерісінде студенттердің іс-әрекеті мен қылықтарынан адамгершілік қатынасты байқауға болады. Олай болса, біздің түсінігімізше, оқытушылар мен студенттердің басқа адамға деген қатынасын – гуманизм; өз-өзіне деген қатынасын – қадір-қасиет; еңбекке деген қатынасын – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық; ұжымға деген қатынасын – ұжымшылдық; Отанға деген қатынасын – отансүйгіштік, патриотизм; табиғатқа қатынасын – көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті деп ұйғарамыз.
Оқыту үдерісінде қарым-қатынас стильдерін таңдау жолдары – педагогика және психология ғылымдарының ең күрделі мәселелерінің бірі. Педагогикалық қызметте қарым-қатынас барысында кез келген кедергіні жеңуге қарым-қатынас жасаудың дұрыс тәсілдерін таңдау, дәлірек айтқанда, педагогикалық қарым-қатынастың дұрыс стилін таңдау мол мүмкіндіктер береді. Оқытушының студенттермен қарым-қатынас стилі – әлеуметтік және адамгершілік мазмұнды категория. Ол қоғамның және тәрбиешінің әлеуметтік-этикалық ұстанымдарын сипаттайды. Қарым-қатынас стилі арқылы бірқатар ерекшеліктер бейнеленеді: педагогтың коммуникативтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері, педагог пен студенттер арасында қалыптасқан тұлғааралық қарым-қатынастың сипаты, педагогтың шығармашылық дербестігі және студенттер ұжымының ерекшеліктері. Ал студенттермен қарым-қатынасты ұтымды ұйымдастыруда педагогикалық стильді дұрыс таңдап алу педагогтың жұмыс ерекшелігі болып табылады. Бұл ерекшеліктер арқылы қарым-қатынастың екі түрін ажыратуға болады:
1. Әлеуметтік-бағдарлы қарым-қатынас барысында әлеуметтік маңызы бар міндеттер шешіліп, әлеуметтік өзара әрекеттестік пен қоғамдық қатынастар жүзеге асырылады.
2. Жеке-бағдарлы қарым-қатынас – белгілі бір бірлескен әрекеттерге бағытталған іскерлік қарым-қатынас.
Екінші бөлім «Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың жолдары» деп аталды. Бұл бөлімде оқу топтарында тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың әдістемелік нұсқаулары, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігін дәлелдейтін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың мазмұны, әдістемесі және оның нәтижесі баяндалды.
Аталған мәселелерді зерттеу өз кезегінде өте өзекті және күрделі болып табылады. Мәселенің күрделілігі және оған деген жаңаша көзқарастар зерттеушіден тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының бағдарламасын құруды талап етеді. Осыған орай тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың мақсат-міндеттері мен эмпирикалық болжамдары айқындалды
Тәжірибелік-зерттеу кезеңінің мақсаты: Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, оны жүзеге асырудың қазіргі талаптарға сай әдістемелік негізін жасау және оның ұтымдылығын тәжірибелік-эксперименттік тексеруден өткізу. Зерттеу жұмысында оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау үшін жоғары оқу орындарында тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыруға байланысты элективті курсты енгізудің қажеттігі анықталды. Себебі тұлғааралық қарым-қатынас туралы тақырыпшалар психологиялық, әлеуметтік психологиялық және педагогикалық оқу құралдарында болғанымен, «Тұлғааралық қарым-қатынастар» тақырыбындағы элективті курстың бағдарламасы оқыту үдерісіне енгізілмеген. Сол себепті ғылыми-зерттеу жұмысының барысында «Тұлғааралық қарым-қатынастар» атты элективті курстың бағдарламасы құрылды . Тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың педагогикалық шарттарын біртұтас жүйеге келтіру барысында шарттардың жүйесі, мақсаты және оның формалары анықталды.
Тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру туралы теориялық тұжырымдамалар мен мәселені шешу тұрғысындағы әдістемелік ұсыныстар практикалық сипаттағы дәлелділікті талап етеді.
Жүргізілген зерттеудің нәтижелері оқытушылардың басым көпшілігі (әдетте бұл еңбек өтілі көп тәжірибелі оқытушылар) сабақ барысында белгілі бір қимылдарды пайдалануды алдын ала жоспарлайтынын көрсетті. Көптеген оқытушылардың сабаққа бөгде адамдар қатысқан кезде топпен қарым-қатынас жасауда өздерін сенімсіз сезінетіні, кей кезде өктемдіктің белгілері байқалатыны анықталды. Студенттердің оқуға қарым-қатынасына тәлімгерлердің ықпалын күшейту қажет екендігін түсіндіруге болады. Нәтижесінде кейбір тәлімгерлер өздерінің академиялық топ ұжымын біріктіріп, ұйымдастыру қызметін тиісті дәрежеде атқармайды. Мұның себебі тәлімгерлердің бірқатарының психологиялық-педагогикалық шеберлікті тиісті дәрежеде меңгермеуі болып табылады. Бұл жерде тәлімгерлердің педагогикалық-психологиялық даярлығының теориялық деңгейін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар оларда топта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыратын педагогқа тән практикалық дағдылар мен шеберлігін, болашақ мұғалімдер арасында өзара тығыз байланыс пен ұжымдық қарым-қатынастарды нығайтатын жан-жақты ойластырылған педагогикалық жалпыға міндетті оқу жүйесінің қажеттігі айқын болып отыр. Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру қажеттілігі оқытушының өз пәнін оқыту барысында жеке басының үлгісімен, сонымен қатар пәнді меңгертуде жеке тұлға ретінде өз мүмкіндіктерінің жаңа қырларын танытуға қызықтыру арқылы студенттерге зор ықпал ете алуымен байланысты. Осыған орай, студент оқыту үдерісіндегі басты субъект болғандықтан назардың барлығы оның тұлға ретінде қалыптасып, дамуына аударылады. Осындай сабақтастық қатынасқа қол жеткізу үшін оқытушы мен студенттің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыруымыз қажет.Бұл мәселені ғалымдарымыз да жан-жақты қарастырған. Мысалы, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Ясауи және т.б. ғұлама ойшылдар адамгершілік-имандылық тәрбиесі арқылы адамдар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың біртұтастығын қалыптастыруға болатындығына аса мән берсе, А.С.Макаренко мен Я.А.Коменский тұлғааралық қарым-қатынастың тәрбиелік ықпалына ерекше назар аударған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет