Белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына адами қадір-қасиет, яғни өз ұлтының ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтары.
Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелей оқытуда алдымызға қолжетімді мақсаттар қою дұрыс:
- Өз ұлтын, оның әдебиеті мен мәдениетін мақтаныш тұтатын Қазақстанның ұлтжанды азаматын тәрбиелеу.
- Жалпы адамзаттық негіздер мен құндылықтарды құрайтын саналы көзқарастары мен қағида ұстанымдарын білуге жетелеу.
- Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеудің үлгісіне сәйкес этнопедагогика,этнопсихология, этномәдениет негізінде сабақ үрдісін ұйымдастыру.
- Оқушыларды табысты оқыту іс-әрекетіне бағыттау, олардың шығармашылығы мен үздіксіз білім алу дағдысын жетілдіру,қолдау көрсету.
Білгеннен кейін нені үйренетініңіз,
шынымен маңызды.
Тұлға бойында адамдарға, қоршаған ортаға
деген қайырымдылыққа баулып, әділеттілік, жанашырлық сезімдердін туғызып тәрбиелеуде
ауыз әдебиеті үлгілерінің мәні зор.
- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен оқушы өзара әрекеттесе отырып, әрбір мәселеде өз пікір-көзқарастарын білдіріп отыруы;
- тұлғалық: мұғалімнің әр жеке оқушының танымын,ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік бақылау: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
- шыдамдылық: әркімнің пікірі құнды екенін түсініп, әртүрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлеріндегі ерекшеліктерді табуға ұмтылыс таныту, құрметтеу, қабылдау.