Білім беру саласындағы қызметтерге нәтижелі қолжеткізу


Дәріс 4. Қазақстан Республикасындағы ЕББҚББ мемлекеттік қолдау көрсету жүйесі



бет4/7
Дата12.12.2023
өлшемі43,27 Kb.
#196526
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ИББ лекция тезис (3)

Дәріс 4. Қазақстан Республикасындағы ЕББҚББ мемлекеттік қолдау көрсету жүйесі



  1. ҚР инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың құқықтық негіздері. Инклюзивті білім берудің құқықтық компоненттері: инклюзивті білім беру құқығын тану, мектепке анықтама, бейімделген оқу жоспары, бейімделген оқыту, оқу жетістіктерін бейімделген бағалау, бейімделген қол жетімді орта, қолдау, ресурстар және басшылық (Дэвид Митчелл).




  1. Қазақстан Республикасында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды мемлекеттік қолдау.

 Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау – мүмкіндігі шектеулі балаларға тұрмыс-тiршiлiгiндегi шектелудi еңсеру және оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн және оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн ұсынатын бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi;"
1-деңгей-алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының базасында психофизикалық бұзылулардың скринингі (скринингтің 5 түрі).
 "Босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (объектілерінде), медициналық-санитариялық алғашқы көмек және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында "қатер" тобындағы балаларды барынша ерте анықтау үшін скрининг ұйымдастыру және скрининг нәтижелері мен "қатер" тобындағы балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу тәртібін айқындайды"
босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (объектілерінде), медициналық-санитариялық алғашқы көмек және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында скрининг ұйымдастырады;
Скрининг нәтижелерiн және "қатер" тобындағы балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісуімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберудi қамтамасыз етедi
2 – деңгей-психологиялық – медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі-ПМПК) базасында тереңдетілген психологиялық-педагогикалық тексеру. ПМПК қызметінің міндеттері мен негізгі бағыттары.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы болып табылады..
3 – деңгей-психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК) және оңалту орталықтары (ОО) базасында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға уақтылы түзету-педагогикалық көмек көрсету. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері қызметінің міндеттері.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау – қызметтің қандай да бір түрін орындау қабілеттерін қалпына келтіруге немесе оның орнын толтыруға бағытталған көрсетілетін қызметтер мен іс-шаралар кешені
4 – деңгей-мектепке дейінгі және мектепте білімімен қамту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет