Әлемдегі күн сайын өзгеріп отыратын экономикалық өзгерістер қарқынды бәсекеге қабілетті ортаға бейімделу қажеттілігін туындатты. Адам капиталы мен білім беру жүйесіне сапалы түрде өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы, басқа да мемлекеттер секілді, заман ағымына сай өзінің білім беру жүйесін дамыту жолында. Білім беру жүйесін жаңаша басқару мақсатында педагогикалық менеджмент туындады және сәйкесінше басқарушылар даярлануы тиіс болды. Білім менеджерлерін даярлау бүгінгі заман талабы. Өйткені, білім беру мекемелерін басқарып, оның жұмысын нәтижелі бағытта ұйымдастыру тек қана білікті де, білімді менеджерлердің жетекшілігімен жүзеге асады.

Білім беру жүйесіндегі ұлттық моделдің қалыптасуы мен бекітілу процесі белсенді жүруде, оның негізгі идеясы –
ұлттық-мәдени негізде тұлға мен қоғам талабына сай өзін-өзі дамытуға қабілетті білім беру мен тәрбие жүйесін құру.