Даму үстіндегі мектеп өзге типтегі басшыны – мектепті тек басқарып қана қоймай, оны сапа тұрғысынан жаңа деңгейге көтеруге қабілетті эффективті менеджерді қажет етеді. Бұған Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы: «Білімді дамыта білмейтін ел XXI ғасырда сәтсіздікке ұшырайды. Біз келешектің ғылыми өндірісі үшін жоғары технологиялы кадрлық қор қалыптастыруымыз керек. Біз заманауи білім беру жүйесі мен кең масштабты, жаңаша ойлайтын менеджерлерсіз инновациялық экономиканы құра алмаймыз»,-деген сөзі дәлел.

Бүгінгі күнге дейін білім беру мекемелерінің басшылары басқарушылық білімді курстық қайта дайындау ұйымдары арқылы тек квалификациясын жоғарылату жүйесінде ғана алған еді. Осыған орай кейбір маман-ғалымдардың пікірінше, заманауи басшы өзінен-өзі «туа біткен дарындылық» болып пайда бола қоймайды, қысқа мерзімдік оқу курстары нәтижесінде қалыптаса салмайды. Осы негізде базалық басқарушылық-педагогикалық білімді студенттік кезеңнен бастап алу қажеттілігі туындаған кез келді.