белгiлi бiр пәнге байланысты дайындалған мультимедиалық оқулықтың сол пәннiң типтiк бағдарламасына сәйкес болуы;
оқу материалы тек берiлетiн бiлiмдi ғана емес, сол бiлiм қаралатын ғылыми саланың перспективалары мен даму тенденцияларын қамтуы керек, және жаңа теориялық, практикалық мәлiметтермен толықтырылып тұруы керек. Бiрақ, мультимедиалық оқыту бағдарламасы кәдiмгi оқулықтар мазмұнын қайталамауы керек, яғни, тақырыпқа қатысты ақпарат нақты әрi қысқа берiлуi тиiс;
оқу курсында оқытылатын процестер мен құбылыстар, объектiлер қасиеттерiн, ғылыми негiзделген фактiлер жиынтығын ұсынатын сандық, мәтiндiк, графиктiк, дыбыстық, бейнелiк т.б. ақпараттар мультимедиалық оқыту бағдарламасының негiзгi объектiсi болуы керек.
мультимедиалық оқыту бағдарламасындағы имитациялық, компьютерлiк модельдер оқытылатын құбылыстар мен процестердiң параметрiн, сандық мәндерiн өзгерту мүмкiндiктерiмен жабдықталуы керек.
берiлетiн мәлiмет мазмұны мен формасына байланысты топқа бөлiнiп, бiр-бiрiмен логикалық байланыста болатындай түсiнiктi түрде берiлуi керек; лекция мазмұнын қамтитын негiзгi; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекшi; қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тiзiмдерi бөлiмдерi қамтылуы керек;
әрбiр экрандық кадрдың ауысу жылдамдығын пайдаланушы өзi реттеп отыруы керек. Сонымен қатар, оқу материалы 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиiс. Егер мәтiн көлемi бiрнеше экрандық беттi қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тiк, төменгi көлденең жылжыту сызықтарын пайдаланушының көп қолдануына тура келедi. Мұның өзi пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледi және мәтiндi жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта беру оның шыдамдылығына да әсер етедi;
берiлген бiлiмдi меңгеру мақсатында дайындалған тестiлеу сұрақтарының уақыты студенттiң, оқушының қалауына байланысты болуы керек;
бiр қатардағы мәтiн 62-65 таңбадан аспауы тиiс. Себебi, материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемдi параққа дұрыс түсетiндей болуы керек.
Мультимедиалық оқыту бағдарламасында суггестивтi (ағылшынша suggest-ұсыну, кеңес беру) және керi байланыстың болуы келесi дидактикалық талаптың бiрi болып табылады. Мұнда пайдаланушының әрекетiне байланысты бағдарламаның реакциясы байқалады. Яғни, оқу материалына байланысты пайдаланушыға қосымша анықтама, кеңес беру қамтамасыз етiледi және ол мәлiметтi толық меңгере алмай қалған жағдайда сол мәлiметке қайта оралу мүмкiндiгi қарастырылады.
Ал, әдiстемелiк талап оқу пәнiнiң ерекшелiктерiн, сол пәнге сәйкестi ғылым заңдылықтарын зерттеу әдiстерiнiң ерекшелiктерiн, ақпарат өңдеудiң әдiстерiн ескеру қажеттiлiгiн қамтиды.