2002 жылы алғаш рет посткеңестік
кеңістікте
Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі
шектеулі
балаларды әлеуметтік
және медициналық-
педагогикалық түзетулік қолдау туралы» Заңы
күшіне енді, онда тек
арнайы білімге ғана емес,
олардың қоғамдағы орнына да
басқа көзқарасты
көрсететін, осы санаттағы балалардың құқығын
қорғауға қағида түрінде жаңа – инклюзивті –
тәсіл
бекітілген.
Заң әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзетулік қолдаудың формалары
мен әдістерін анықтайды, мүмкіндігі шектеулі
балаларға тиімді көмек жүйесін құруға, олардың
тәрбиесіне, оқуына, еңбектік және кәсіптік
дайындығына, бала мүгедектігінің алдын-алуға
байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.