Басқару субьектісі — иерархиялық бағынышты лауазымды тұлғалар.
Басқару этикасы— әкімшілік-шаруашылық функцияларды сапалы орындауға бағытталған теориялық-қолданбалы этикалық білімдер мен практикалық ұсыныстардың жүйесі.
Басқарудың классикалық теориясы – 1930ж. дейін басты орында болған. Классикалық теория бірлескен ісәрекет нәтижелілігінің негізгі шарттары не, қашан, қайда және қалай істеу керектігін анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемісті жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған.